Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ж.ж.е.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.9 Кб
Скачать

Жолда жүру ережесі

Қараша. Күні:

Сабақтың тақырыбы: Реттелмейтін көше қиылыстары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету; өз ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру; оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, үйрету, көрініс

Көрнекілік: жол белгілеріне байланысты сөздер, нақыл сөздер,

Сабақтың барысы:

Кіріспе.

Қала көшелерінің қауіп қатерге толы екені белгілі, себебі қазіргі кезде көшеде көлік өте көп. Сондықтан әрбір жаяу жүргінші, әрбір жолаушы жолда жүру ережелерін жақсы білу керек.

Бүгінгі сабағымыз «Сауатты жүргінші» байқауы деп аталады. Ол үшін мен сұрақтар қоямын, кім көтергіш белгісін бірінші болып көтереді сол оқушы жауап беру құқығына ие болады.Сұрақтарға ойланып, түсінікті етіп жауап беру керек. Сабақ соңында кімнің жол ережелерін жақсы білетіндігі анықталады.

1. Реттелген жол қиылыстары деген не?

Реттелген жол қиылыстары деп бағдаршаммен реттелген жол қиылыстарын айтамыз.

2. Реттелмеген жол қиылыстары деген не?

Реттелмеген жол қиылыстары дегеніміз-бағдаршаммен реттелмеген жол қиылыстары.

3. Бағдаршамның түстері қалай орналасқан?

Бағдаршамның түстері тігінен 1.қызыл, 2. сары, 3. жасыл болып орналасқан. Бұдан басқа да бағдаршамның түрлері бар.

4. Қандай сигналдарда кім өалай жүреді?

Жасыл сигналда барлық көлік жүреді. Алайды трамвайдың басқа көлік түрлерінеқарағанда ерекшелігі бар. Трамвайды бірінші өткізіп жіберу керек. Егер ортада тұрып қалған жүргінші болса, жүргіншіні бірінші өткізіп жіберу керек.

Сары сигнал «назар аударыңыз» дегенді білдіреді. Егер сары сигналдың ішінде стрелка орналасқан болса, сол стрелканың бағытымен ғана машиналар жүреді.

Қызыл сигнал барлық көлік түрлерінің және жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салады.

5. Жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуге болатын жерлерін атаңыз.

- Жол асты өтпесі

- Реттелген жол қиылыстарында

- Зебра (жолақ) яғни «жаяу жүргінші өтпесі» арқылы.

- Егер жақын маңда не белгі не зебра жоқ болса, жолды тек қана қиылыстардан кесіп өту керек. Себебі басқа жерлерде көлік қатты жылдамдықпен келе жатады, ал қиылыстарға жақындағанда жылдамдықтарын азайтып, жаяу жүргіншілерді өткізеді.

6. Реттелмеген жол қиылыстарында көшеден өткіңіз келсе не істейсіз?

Реттелмеген жол қиылыстарында көшеден өткіңіз келсе, келе жатқан машиналардың жылдамдығын азайтып, өзіңді өткізіп жіберетініне көзің жеткенде ғана жүргенің дұрыс.

Қорытынды.

«Сауатты жүргінші» атағына лайық оқушыны анықтау.

Жолда жүру ережесі

Желтоқсан Күні:

Сабақтың тақырыбы: Реттелмейтін көше қиылыстары. Бағдаршам

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету; өз ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру; оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, үйрету, көрініс

Көрнекілік: жол белгілеріне байланысты сөздер, нақыл сөздер,

Сабақтың барысы:

Кіріспе.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар? Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ жол көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі біздің көрсеткелі отырған бастамамыз-жол қауіпсіздігі ережелерін оқушылардан сұрай отырып көлік түрлерін дұрыс атауды, жолдың ортасындағы ақжолақ, тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталады сәлемменен.

Сұрақ-жауап кезеңі.

- Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүре береміз бе?

- Жолдардан да өтеміз.

- Жолдардан қалай өтеміз?

- Бағдаршам арқылы өтеміз.

Бағдаршам:

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жол сілтер өзіңе.

Кідірме абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Көшеде ортадан өткен соң,

Мойныңды бұр сол жақтан оң жаққа.

- Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін алатын орны қандай?

Бағдаршам-механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.

Ал енді ортамызға келе жатқан бағдаршамды қарсы алайық

Бағдаршам: Менің атым Бағдаршам мекен- жайым тұрақты,

Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін сұрақтан.

Жол сілтеймін, белгі біткен бөлінеді бес топқа,

Адастырмай ап барады жақын етіп жырақты.

(Осы кезде жол белгілері бес топқа бөлініп, сап түзеп қаз- қатар тұра қалады.)

Ескерту белгісі:

Өзі қызыл үшбұрышты ескертуің мен болам,

«Қауіптен сақ бол» деп сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі:

Қызылмен боялған шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.

Анықтама белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Төрт топтан құралған белгілер туыстай,

Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.

Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,

Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай.

Қорытынды:

Біздің қаламызда сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады.

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]