Қыркүйек. Сауат ашу Күні:
Сабақтың тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, оқушылардың жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге үйрету, көшеде дұрыс жүруін ескерту.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету.
Көрнекілік: бағдаршам, жол белгілері, жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
-Балалар, біздің жолда жүру ережелеріне арналған сабағымызға Шипагүл апай қатысып отыр.
Кішіге, үлкенге, жасыңа, кәріңе,
Жан сая қиналған жандардаң бәріне.
Шипагүл апайды біз жақсы білеміз,
Өйткені ол үлкен Дәрігер.
- Апай қараңыз мына сұмдыққа, Маймаққа не болған, кім оны жаралаған?
Шипагүл:
Маймағым не болды, жасырмай айтшы өзің,
Неліктен көкпеңбек ісінген бас-көзің?
Маймақ аю:
Айтайын жасырмай шынымды,
Сақтаңыз шыбындай жанымды.
Жармасып, бал тасыр машина қадаққа
Домалап түстім де, тап болдым азапқа.
Шипагүл:
Бір сәттік қарының тоятын күн үшін,
Жол жүру ережесін де бұзыпсың.
Маймақ:
Шипагүл апай, енді ұрлық та жасамаспын,
Жол жүру ережесін де бұзбаспын.
(Қоян құлағын ұстап, түлкі шойнаңдай ақсап келе жатады)
Түлкі: Жүгіріп екеуіміз ойнадық қуыспақ.
Қоян: Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап.
Түлкі: Ал, қоян көшеге зып беріп жөнелді
Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді.
Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным
Құйрықты әрең деп сақтадым.
Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде,
Құлақты бір темір зақымдап кеткені.
Шипагүл: Құлақ пен құйрыққа жағатын дәрі бар
Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар. (Ем көрсетеді)
Шипагүл: Мыналарды тез ауруханаға жеткізейік, балалар! Көрдіңдер ме, ойнағанның кесірін? Жол жүру ережелерін бұзбауын естеріңде қалатындай сабақ өткізуді тапсырамын.
Ал қанекей, үйренейік біз де жүру тәртібін,
Ережесін жақсы білер бар кімің?
Кім айтады, жол белгісі неше түрден тұрады?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.
Бағдаршам:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Сақтандыру белгісі.
Т
ыйым
салу белгісі.
Н
ұсқау
белгісі.
Міндеттеу белгісі.
Ойын: Бағдаршамның қызыл түсін көрсе, балалар тыныш тұра қалады, сары түсін көрсетсе, оң аяқтарын көтереді, ал жасыл түсін көрсеткенде аяқтарын топ-топ басады. Ойын бірнеше рет қайталанады.
Қыркүйек. Бейнелеу өнері Күні:
Сабақтың тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы.
Сабақтың мақсаты: ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой өрісін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыс ұстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету.
Көрнекілік: бағдаршам, жол белгілері, еденге арнайы салынған жол,үнтаспа.
Сабақтың барысы:
Кіріспе.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар? Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ жол көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі біздің көрсеткелі отырған бастамамыз-жол қауіпсіздігі ережелерін оқушылардан сұрай отырып көлік түрлерін дұрыс атауды, жолдың ортасындағы ақжолақ, тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталады сәлемменен.
Сұрақ-жауап кезеңі.
- Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүре береміз бе?
- Жолдардан да өтеміз.
- Жолдардан қалай өтеміз?
- Бағдаршам арқылы өтеміз.
Бағдаршам:
Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жол сілтер өзіңе.
Кідірме абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
Көшеде ортаға жеткенше
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Көшеде ортадан өткен соң,
Мойныңды бұр сол жақтан оң жаққа.
Балалар, біз жол бойынан бетонға қалдырылған дөңгелек, шеңер, үшбұрыш және басқа белгілерді көреміз, олар қандай белгілер деп ойлайсыңдар?
Ескерту белгісі-қызыл жолақпен көмкерілген тең қабырғалы үшбұрыш
Тыйым салу белгісі- қызыл жолақпен көмкерілген, сары түске боялған дөңгелек.
Анықтама белгісі- көк түсті дөңгелек.
Нұсқау белгісі- көк түсті төртбұрыш.
- Сонымен белгілер неше топтан тұрады екен?
- Жол белгілері төрт топтан тұрады екен. Ендеше осы белгілерге байланысты өлеңдерді еске түсірейік.
Ескерту белгісі:
Қып-қызыл үшбұрыш.
Ескерту белгісі мен болам,
«Қауіптен сақ бол» деп сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді жаяу да көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберңм аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.
Анықтама белгісі:
Белгімін көрсетер жылдасдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды міндетті орында!
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де о болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,
Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай.
Қорытынды:
Біздің қаламызда сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындауы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады.
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!
Жолда жүру ережесі
Қазан. Күні:
Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету; жол белгілері, оларды оқу, тану дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Әдісі: сұрақ-жауап, үйрету, көрініс
Көрнекілік: жол белгілеріне байланысты сөздер, нақыл сөздер,көрініс кейіпкерлер
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Балалар біз жол жүру ережесімен танысып, үйреніп жүргенімізге де біраз біраз уақыт болыпты. Міне, бүгін соны көрсететін кез де келген сияқты.
-Иә апай.
-Апай қашан барамыз?
-Алматы қаласына ма?
-Барамыз балалар. Біз бүгін тек елестету арқылы барамыз. Оқушылар Алматы қаласына сипаттама
береді. (Оқушылар айтады, мұғалім ақ параққа фломастермен шетінен жазады)
-Ұлттық салт-дәстүр саласы: ұлттық ойындар. Ұлттық ойындарды топтау стратегиясы бойынша топтаймыз.:
А) «Көрші-көрші»
Ә) «Сақина салмақ»
Б) «Асық ату»
Жоғарғы оқу орындары бар Зауыт-фабрикалар
Техника көп Әсем қала
Зәулім үйлер
В) «Орамал тастамақ»
Қазір біз «Орамал тастау» ойынын сұрақ-жауап әдісі арқылы ойнап көрейік. Мен орамалды тастап сұрақ қоямын. Орамалда алған оқушы жауап береді.
Алматы қаласы қандай?
Алматыда болдың ба?
Қандай жақсы жерлерін білесің?
Көшеде қандай белгілер көрдің?
Жұмбақтың шешуін тап.
Жұмбақ шешкен оқушы жүргізуші болып, бізді Алматы қаласына апарады.
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүр» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді. (Бағдаршам)
-Ал Мансұр, қандай көлік жүргізесің?
-Автобус.
-Неге?
-Біз бәріміз бірге баруымыз керек.
-Бәріміз көлікке отырып, жолға даярланайық. Ал балалар, көрдіңдер ме, Мансұр көпшіл бала екен. Ешқайсымызды да тастамай апармақшы. Бұл жақсы қасиет. Кім көпшілдік туралы жақсы сөз біледі?
Кекшіл болма, көпшіл бол!
Көлікке отырдық. Енді жолды қысқарту үшін бәріміз ән айтайық.
Ән «Жолың болсын, жолаушы»
-Балалар, қала үлкен, адамдар да, көлік те көп. Жүрісті реттеп тұратын не?
-Бағдаршам.
-Дұрыс.
-Көше тәртібін реттеуші кім?
-Сақшы.
Жолдың арғы шетінде сақшы тұр. Жан-жағына қарап, жолдан асығыс өтпекші болып тұрған жолаушыны сақшы тоқтатады да:
Сақшы.
Гүлнар жеңгей, аман ба?
Асықпаңыз әманда.
Көше сырын біліңіз,
Тәртібімен жүріңіз.
Анасы:
Қызым келді ауылдан,
Ойнап қайтпақ қалада.
Жүрген жоқпыз жөнсізге,
Баламын ба мен сізге?
Масқара ғой мұныңыз,
Кес-кестемей тұрыңыз.
Сақшы:
Оу жеңеше, байқаңыз,
Аңғарар деп айтамыз.
Қызыл сәуле жанып тұр,
Жолда күтіп халық тұр.
Анасы:
Айтарың сол ма?!
Менің де көзім бар,
Менде де сезім бар.
Жібер, қайным тезірек,
Қызыма алар сыйым бар.
Сақшы:
Алдымен оңға,
Содан соң солға
Қараңыз жолға,
Кенеттен көлік
Келмесін төніп.
Өтіңіз сонда.
(Жол жиегінде тұрған сақшы ағайға амандасады) Балалар, сақшы ағайларың бізге таныс емес сөздерге түсінік береді.
Сақшы: Сәлеметсіңдер ме, балақандар? Енді маған қараңдар.
Жол дегеніміз- көлік түрлері мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтитын қалалар мен елді-мекендер, көшелер мен бұрылыстар және олардан тыс жерлер. Көлікке және жаяу жүргіншіге арналған жолдар бар.
Жол тәртібін білесіңдер ме?
Оқушы: Жолдан тек жаяу адамдарға арналған «ақ жолақ» арқылы өту.
Оқушы: Транспорттың артына жабысу қауіпті.
Оқушы: Бағдаршамның жасыл көзі жанған кезде өту керек.
Оқушы: Көшеде ойнауға болмайды.
Сақшы: Жақсы, өздерің бәрін біледі екенсіңдер ғой.
Оқушылар хормен: Бізге апай үйреткен.
Қорытынды:
-Балалар, жалқаулық қандай қасиет?
-Жаман.
-Ондай қасиет бойымызда бар ма?
-Жоқ.
Ән «Жалқаубек»
