Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhekelegen_kylmys_lektsia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
991.23 Кб
Скачать

Тексеру (бақылау) сүрақтары

  • Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері

  • Криминалистикалык сипаттаманың элементтері

Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Криминалистика / Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я.Драпкина. М.,1994.

    2. Криминалистика / Под ред. Н.П.Яблокова, В.Я. Колдина М.,1990.

    3. Криминалистика / Под ред. Н.П.Яблокова.,1995.

    4. Криминалистическая энциклопедия / Сост. А.Ф.Аубакиров, Р.С.Белкин, С.Ф.Бычкова, А.Я.Гинзбург, Алматы, 1995.

    5. Белкин Р.С. Курс Советской криминалистики. Т.1,2,3., 1977-1980.

    6. Белкин Р.С. Криминалистика .Криминалистическая энциклопедия М.,1997.

    7. Жәкішев Е.Г. Криминалистік тактика. Алматы, 1997.

    8. Криминалистика / Жакишев Е. Алматы 2004

    9. Белкин Р.С., Крминалистика ; проблемы, мтенденции, перспективы. М.,1988.

    10. Белкин Р.С., Винберг А.М. Криминалистка.Общетеоретические проблемы . М.,1973.

    11. Васильев А.Н. Яблоков Н.П. Предмет, система и теоретические основы криминалистики.,М.,1984.

    12. Васильев А.Н. Следственная тактика, М.,1976.

    13. Гавло В.П. Теоретические проблемы и практика применения методики расследования отдельныхвидов преступлений. Томск, 1985.

    14. А.Я.Гинзбург, Белкин А. Р. Криминалистическая тактика. Алматы, 1988.

    15. Жәкішев Е.Г. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және методологиялық негіздері. Алматы , 1991.

    16. Л.Я.Драпкин . Основные теории следственных ситуации. Свердловск, 1987.

    17. Тактические основы следственных действии . Алматы, 1977

    18. Е.Қайыржанов. Ардақ Шакенов, Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу ерекшеліктері (оқу құралы) Алматы, 2007.

3-лекция.

Тақырыбы. Криминалистикалық болжаулар және тергеу жоспарының түсінігі және олардың өзара байланысы.

Жоспары:

1. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементері және жоспар жасау техникасы.

2. Тергеушініңжедел-іздестіру, анықтама және басқада оргындармен байланысы.

Лекция мақсаты: студенттерге жалпы теориялық білім беру және «криминалистика» саласында практикалық тәжірибе жинауға баулу.

Лекция мәтіні: Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергсушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудіқ ı белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай : тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.

Сұрақтар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысга болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бр ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу болжауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаңың бір түріне - жұмыс гипотезасына жатады.

Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде мәйіт табылған жағдайда тергеуші осы оқига жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандьны жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан гуындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі қажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сэтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау қате болған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады.

Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарастырсақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі - тергеу болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, Осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]