- •Лекция тезистері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементері
- •Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •2. Жәбірленуші
- •3.Қылмыс жасау тәсілі
- •4.Қылмыс жасау механизмі
- •5.Бастапқы тергеу ситуациясы
- •6. Қылмыс жасау жағдайы
- •7.Қылмыстық қол суғушылықтарының заттары
- •8.Қылмыстың материалдық іздері
- •9.Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10.Қылмыстың салдары
- •11.Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •12.Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруга әсер ететін факторлар
- •13. Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементері және жоспар жасау техникасы.
- •2. Тергеушініңжедел-іздестіру, анықтама және басқада оргындармен байланысы.
- •Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен қарсы қозғалған
- •Тергеушінің жедел-іздecmipy, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңдері.
- •4. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •Ұрлық істері бойынша жүргізетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Тонау және қарақшылық шабулдарының криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау.
- •4. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Кейінгі тергеу әрекеттері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қорқытып алушылық, қылмыстарының криминалистнкалық сипаттамасы.
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі
- •Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сеніп тапсырылган бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •Істі козғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі.
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамшсы.
- •2. Тергеудің типтік ситуациялар болжаулар және жоспарлау.
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Тергеудің типтік ситуациялары, болзкаулар және жоспарлау
- •Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Кейінгі тергеу әрекеттері
Алаяқ қылмысын тергеудің кейінгі кезеңінде тергеуші қылмыстық іс бойынша жиналған материялдарды жүйелейді және оған талдау жасайды, жоспар құрьіп, қажетті схемалары мен кестелерін сызып, сот сараптамасын тағайындайды, айыпкерден қосымша жауап алады және олардың қатысуымен беттестіру жүргізеді, куәгерлердің санын көбейтуге шаралар қолданады, тану үшін көрсету әрекеттерін және тергеу эксперименттерін жүргізеді. Осы аталған кезенде тергеуші: алаяқтың кінәлілігі туралы алынған мәліметгерді тексеру; жаңа дәлелдемелерді жинау; бұрын қылмыска қатысқан белгісіз кейіпкерлер мен алаяқтарды анықтау; қашып жүрген қылмыскерді іздестіру; алаяқтық нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттарды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүліктер мен құндылықтарды іздестіру; айыпкердің жеке басын анықтау; алаяқтық қылмысын жасауға себеп болған жағдайларды анықтау әрекеттерін жүргізеді. Тергеудің кейінгі кезеңіндегі тергеушінің жүргізетін тергеу және басқа да әректтерін нақтылап қарастырып өткен жөн.
Қарастырылып отырған қылмыстық істердің категориясы бойынша жүргізілетін сот сараптамасының шеңбері - алаяқтың қолданылған тәсілі мен анықталуға жататын жағдайларға байланысты өте кең.
Алаяқгарды әшкерелеу үшін, олардың қылмыс жасау кезінде қалдырған қол, аяқ іздеріне дактилоскопиялық, трасологиялық сараптама жүргізіледі. Бүтінді бөлшек бойынша анықгау қажеттігі туындаған жағдайда трасологиялық сараптама тағайындалады. Жасанды құнды бұйымдарды сатқан кезде гемологиялық сараптама жүргізеді. Қаржы-шаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған аляқтық әрекеті кезінде сот-бухгалтерлік сараптама жүргізілуі мүмкін.Қолжазба сараптамасына қолжазуды және жекеленген жазбаларды, қосып жазуды, жалпы мэтінді жазған орындаушыны анықтау үшін құжаттар жіберіледі. Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың құрылтай шарттарына (келісімге), мәмілеге, қолхаттарға қойылған қолдары, кіріс және шығыс құжаттарындағы қосып жазу жазбалары зерттеледі.
Машинкамен басылған, баспаналық және басқа да әдістермен басылған құжаттардың қолдан жасалғандығын анықтау үшін құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы тағайындалады.
Құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы құнды қағаздар-дың, лицензиялардың, сертификат сараптамасының, төлем карточкаларының, банктік және қаржылық-бухгалтерлік құжаттардың, поспорттар мен куәліктердің жалғандығын және оларды жинау әдістерін анықтайды. Жалған құжат-тарды жасаған кезде немесе оны пайдаланған жағдайда техникалық құралдарда (ксерокстер, факс-модемдер, принтерлер) зерттеудің обьектісі болуы мүмкін, әртүрлі ақпараттарды жинау, жүйелендіру үшін автоматтандырылған кұралдарды, бухгалтерлік есепті басқару жүйесіне енгізіп ЭЕМ-ді (ЭВМ) қолдану кеңінен таралып отыр. Заңды тұлға атынан жасалатын әрекеттерде ЭЕМ-ді жиі қолданады, сондықтан да алаяқтық қылмысын тергеу үшін акционерлер мен салымшылардың компьютерге енгізген қаржы операциялары мен жиналған ақша қаражаттары женіндегі мәліметтерді тексеру қажетгілігіне байланысты компьютерлік-криминалистік сараптама тағайындалады. Сараптаманың Бұл түрі ЭЕМ қолданушысын және программист анықгауға,ақпараттық өзгерісті қалпына келтіруге, рұқсат етілмеген әдісті қолдана отырып компьютер жүйесіне кіру фактісі мен әдісін аныцтауға мүмкіндік береді.
Айыпкерден қосымша жауап алу тергеудің алғашқы кезінде бүрын белгісіз болған көріністер бойынша берген түсініктемелерін нақтылау және анықтау мақсатында алғашқы ұсынған құжаттары туралы түсініктерді, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындысы бойынша түсініктер алу үшін жүргізіледі.
Айыпкер мен іске қатысқандардың берген жауаптарында қарама-қайшылық туындаған жағдайда беттестіру әрекеті, сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттері жіргізіледі.
Тергеу эксперименті кезінде айыпкердің алаяқтық механизмі қүрамына кіретін әрекеттерді және басқа да операцияларды жасау мүмкіндігі терсеріледі. Оларға: жалған құжаттар мен көмекші техникалық құралдарды дайындау; жәбірленушінің жеке мүлкін иеленуге байланысты жасалған айла әрекетті т.б. әрекеттерді бақылау мүмкіндігі жатады.Келтірілген материалдық шығынның орнын толтыру және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеуші тінту жүргізіп, мүлікке және почта-телеграф жөнелтілімдеріне тоқтам салады, мекемелер мен ұйымдарға сұраулар жіберіледі.Айыпкердің иелігіне жататын тұрғын-жайларды іздестіруші қатарына, тұрғын-жайларды бөлетін және оларды тіркейтін бөлімдер, техникалық инвентаризация бюросы, нотариадды кеңселер, жылжымайтын мүлікті, түрғьш-жайларды жекешелендіру қорының бөлімдері кіреді. Ауылдық жердегі жеке меншік үй, саяжай, коттедж, жер учаскелері жерплікті атқару органдарымен анықталады. Көлік кұралдарын сату, сатып алу. иелену. пайдалану жөнінлегі мәліметтер МАИ арқылы анықталады. Ал транспорт құралдарын шетелден экелу жайлы мәліметтерді кеден комитетінен анықтап білуге болады.
Акционерлік қоғамдар өздері шығаратын акциялар мен олардыд сертифи-каттарын, банктік-чектер мен жинак кітапшаларын, депозитгік сертификаттар мен несиелік карточкаларды, вексельдерді есепке алады.
Салық инспекциясы арқылы айыпкердің жылдық табысы туралы декларациями өткізгендігі және ол қандай мүлікке немесе көлік кұралына байланысты салық төлегені жөніндегі мәліметтер анықталады.
Айыпкердің шетелде жылжымайтын мүліктері және шетелдік фирмалар мен банктерде салынған салымдары бар, не жоқ екендігі туралы мәліметтерді тергеуші Қазақстан Республикасы ІІБ-ң Интерполының Ұлттык орталық бюросы арқылы анықтайды. Айыпкерге тиесілі мүлік анықталған жағдайда сот шешімі шыкқанға дейін. оның сақталуына шаралар қолданады.
Бағалы заттар мен акшалар Ішкі Істер органдарының каржылық-бөлімше-леріне сақтауға беріледі, автокөліктер жол полициясының арнайы тұрақтарына койылады. Тұрғын-жайларындағы жиьаздар мен өзге де заттар, мүлікке тоқтам салу туралы тізімге тіркеледі. Бағалы кағаздар, оларды шығарған эмиттерге міндетті түрде айыпкердін есептік пластикалық карточкасы бойынша тоқтата тұруды хабарлай отырып алынуға тиіс.
Айыпкердің есептік карточкасы бойынша банктік және каржылық ұйымдарға «стоп листі» аркылы төлемдерін тоқтатуын талап етуі мүмкін. Банктік есебінде ақшалай немесе валюталай қаржысы болса, оларга токтам салу туралы қаулы жіберіледі. Сонымен қатар, алаяқтық басқа да заңды және жеке түлғаларға жалға берген мүліктері мен кепілдікке берудің обьектілеріне, яғни заттарға да токтам салынады.
