- •Лекция тезистері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементері
- •Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •2. Жәбірленуші
- •3.Қылмыс жасау тәсілі
- •4.Қылмыс жасау механизмі
- •5.Бастапқы тергеу ситуациясы
- •6. Қылмыс жасау жағдайы
- •7.Қылмыстық қол суғушылықтарының заттары
- •8.Қылмыстың материалдық іздері
- •9.Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10.Қылмыстың салдары
- •11.Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •12.Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруга әсер ететін факторлар
- •13. Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементері және жоспар жасау техникасы.
- •2. Тергеушініңжедел-іздестіру, анықтама және басқада оргындармен байланысы.
- •Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен қарсы қозғалған
- •Тергеушінің жедел-іздecmipy, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңдері.
- •4. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •Ұрлық істері бойынша жүргізетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Тонау және қарақшылық шабулдарының криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау.
- •4. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Кейінгі тергеу әрекеттері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қорқытып алушылық, қылмыстарының криминалистнкалық сипаттамасы.
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі
- •Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сеніп тапсырылган бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •Істі козғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі.
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамшсы.
- •2. Тергеудің типтік ситуациялар болжаулар және жоспарлау.
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Тергеудің типтік ситуациялары, болзкаулар және жоспарлау
- •Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
Жәбірленушіден жауап алу келесідей сұрақтар шеңберінде жүргізіледі: жәбірленуші алаяқпен қайда, қашан, кім арқылы, кандай жағдайда танысты, танысудың мақсаты неде; алаяқ жәбірленушіге қандай уәде берді, жәбірлену-шіден нені талап етгі және одан нені алды, жәбірленушіге не сатты, кездесу қанша рет, қайда, қандай уакытта, қанша уақыт болды; алаяк жалғыз болды ма, әлде топ қүрылымымен жасалынды ма, әрбір алаяқтық қылмысқа қатысушы-лардың рөлдері қандай; алаяқ өзін калай таныстырды, қандай-да бір кұжаттарды көрсетті ме, жәбірленушіге қандай материалдық зиян келтірілді: жәбірленушінің алаяққа берген заттарының немесе ақшаларының белгілері; алаяқтықтың мән-жайын кім дәлелдеп бере алады.
Қылмыскердің жеке басын анықтау барысында: қылмыскердің сыртқы бейне белгілері мен ерекше белгілеріне, әдет-дағдысына, киім кию, сөйлеу мәнеріне ерекше көңіл бөлінуі керек. Алаяқ автокелік қолданған кезде оның маркасына, түріне, нөмеріне, айрықша белгілеріне назар аударылады.
Жәбірленушіден жауап алу кезінде сезіктінің жеке басы, оның ерекше белгілері, оған берілген заттар немесе құндылықтардың тізімі, қылмыстық әрекетті көзімен көрушілердің бар-жоқтығы, алаяқтық қылмысын жасау әдісі және т.б. мәселелер анықталады. Куәдан жауап алудың мақсаты: алаяқтықтың жағдайы; алаяктың белгілері, оның жеке басы, немен шүғылданатындығы, өмір сүру жағдайы, жүріс-тұрысы; әрбір қылмыстық топ мүшелері; жәбірленушінің жеке басы; мэмілеге отырудың, алаяққа берілген мүліктің, заттың сипаты; алаяқтық қылмыстарды жасауга мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен басқа да мән-жайлар туралы мәліметтерді анықтау болып табылады.
Жылжымайтын мүлікке алаяқтықпен жасалған мәміле немесе жеке инвесторлардың қаражаттарды иелену істері бойынша: менеджерлерден, бугхалтерлерден, хатшылардан, кассирлерден, фирма күзетшілерінен; нотариустар мен коммуналды тұрғын-жай шаруашылыгының, көші-қон полициясы және басқа да категориядағы кызметкерлерінен куә ретінде жауап алынады. Алаяқтық қылмыстарын тергеу кезінде оқига болған жерді қарау тергеу әрекеті де жүргізіледі. Бұл категориядагы істер бойынша қарау жүргізудің өзіндік ерекшелігін ескеру қажет. Оқиға болған жерге көптеген жергілікті жерлер мен тұрғын жайлар кіреді: алаяқтың жәбірленушімен танысқан және сеніміне кірген жері, құнды заттарды алған және жасырған жері т.б. осы көрсетілген жерлердің қайсысына қарау әрекетін жүргізу қажеттігі іс жағдайларына байланысты шешіледі. Қарау кезінде тергеуші оқиға болған жерді зерттеп, іске маңызы бар мән-жайларды куәландыратын, сондай-ақ қылмыскерд идентификациялауга немесе оның жеке басы туралы мәліметтерді алуға болатын іздерді іздестіреді. Қылмыскердің қол іздері олардың ұстауы мүмкін заттар мен нәрселерден іздестіріледі. Кейбір жағдайларда алаяқтар қылмыс жасаған кезде кепілдік ретінде ақшалай қаражаттар мен заттарды, сонымен қатар. қолхаттарды қалдырады. Аталған обьектілер мүкият қаралып. қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркеледі. Окиға болған жерді қарауға жәбірленушіні қатыстырған жөн, Бұл қылмыстьщ жағдайын, алаяқтын қойған талаптарын қылмыстың болған жеріне байланысты арызданушының берген көрсетпелерінің растыгын тексеруге, қылмыскермен қалдырылган жекеленген заттар мен іздерді онай табуга; куә болатын адамдар шеңберін анықтауға мүмкіндік береді. Коммерциялық құрылымдарда алаяктық әрекеті арқылы қылмыс жасалған жағдайда, олардың кеңселері мен өндірістік мекемелерінде, кассалары мен бухгалтерлік кұжаттарына карау әрекеті жүргізіледі. Алаяктармен берілген немесе калдырылған заттарга жедел түрде қарау жүргізіледі. Осындай жагдайда алынган мәліметтер алаяқтарды іздестіруге бағыт береді.
Алаяқтық әрекеті жасалып біткен соң жәбірленушіде калған заттар егжеп-тегжейлі каралады. Олар бағалы кағаздар және олардың суррогаттары, жеке меншік жөніндегі куәліктер, келісім-шарттар, мәліметтер, жеке каржылық шоттар мен үй кітапшаларының көшірмелері, анықтамалар мен қолхаттар болуы мүмкін.
Құжаттарды (жалған накладнойларды, жолдама және несие кагаздарды, чектерді т.б.) заттай және акшалай «жалған» заттарды қарау кезінде оларды қолдан жасау әдісін анықтап қана қоймай, сонымен қатар, қатаң есептегі құжат бланктерін алу жолдарын, құжатты толтырған қолжазба мен қрлтаңбаны. мэтін басылған машинка мен принтердің түрін, алаяқ қолының іздерін табу және анықтау қажет.
Оқиға болған жердегі қол іздерін, микробөлшектер мен құжаттардың жалғандық белгілерін табу және бекіту үшін тергеу қарауына криминалист-маман қатыстырылады. Сонымен қатар, карауға зергерлер, товароведтер, бухгалтерлер сияқты баска да мамандар шақырылады.
Алаяқтық қылмыстары бойынша сезіктіні қылмыс үстінде ұстаган тиімді. Бұны анықтама органдары жүргізген жедел-іздестіру шараларының негізінде қылмыстык іс қозғалғанда, алаяққа катысты жәбірленушінің арызы мен көрсетпелері болған кезде, қылмыскер алаяктык қылмысымен жүйелі түрде айналысқан жағдайда жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Қылмыскерді ұстауға дайындық кезінде оган қатысушы топ қүрамын, алаяқ пен оның көмекшілерінің әрекеттерін бейнетаспаға түсіру және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекетінін кезектілігі мен тәртібі шешіледі. Жәбірленушінің мүлкі мен ақшалай қаражаттарын алаяқ иемденгеннен кейін бірден ұстау әрекетін жүргізген дүрыс. Сезіктіден жауап алу кезінде тактикалық жағынан дұрыс позиция ұстап жүргізілген тергеу әрекеті нәтижесінің іс үшін маңызы ерекше.
Жауап алуға дайындық кезінде қылмыстың жасалу механизмі, қылмыскердің жеке басының ерекшелігі, оның қылмыстық эккілігі, жиналған дәлелдемелердің сипаты, қылмыстық топтағы өзара атқаратын рөлдері мен қызметтері анықталады.
Жауап алу барысында егер сезікті алаяқтық қылмысын мойындаса келесідей мәселелер анықталады: алаяқтық қылмысы қашан, қайда және қандай жағдайда жасалғандығы; қылмыскер жәбірленушінің жеке басы туралы қавдай мәліметтерді білетіндігі және онымен қандай жағдайда танысқандығы; қылмысқа қандай дайындық жұмыстары жүргізшіп, алаяқтық қандай әдіспен жасалғандығы және қылмыстың ізін жасыруға қолданылған шаралары; қылмысқа қатысушыларды және олардың қылмыстық ойды жүзеге асырудағы рөддері; жәбірленушіден қандай мүліктер мен бағалы затгардың алынғандығы; сезікті мен қылмыстық топтың басқа да жасаған қылмыстарының бар-жоктығы анықгалады.
Алаяқтар өз кінәсін мойындамаған жағдайда, оны жәбірленуші мен куәға тану үшін көрсету мен беттестіру әрекеттері жүргізіліп, сот сараптамасының қорытындылары қылмыскерге көрсетіледі. Тергеу барысында алаяқтық әрекеттерін жасауға қатысқан кәсіпорындарының шоттарына тоқтам (арест) салу қажеттігі туындауы мүмкін. Тергеуші мұндай жағдайда шаруашылық субьектісіне қатысты негізделінген қаулы шығарып, оны коммерциялық банкке жібереді. Банктік есеп шотына арест салынған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарымен жүргізілетін барлық қаржылық операцияларды банк тоқтата тұруға міндетті.
