- •Лекция тезистері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементері
- •Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •2. Жәбірленуші
- •3.Қылмыс жасау тәсілі
- •4.Қылмыс жасау механизмі
- •5.Бастапқы тергеу ситуациясы
- •6. Қылмыс жасау жағдайы
- •7.Қылмыстық қол суғушылықтарының заттары
- •8.Қылмыстың материалдық іздері
- •9.Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10.Қылмыстың салдары
- •11.Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •12.Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруга әсер ететін факторлар
- •13. Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементері және жоспар жасау техникасы.
- •2. Тергеушініңжедел-іздестіру, анықтама және басқада оргындармен байланысы.
- •Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен қарсы қозғалған
- •Тергеушінің жедел-іздecmipy, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңдері.
- •4. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •Ұрлық істері бойынша жүргізетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Тонау және қарақшылық шабулдарының криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау.
- •4. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Кейінгі тергеу әрекеттері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қорқытып алушылық, қылмыстарының криминалистнкалық сипаттамасы.
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі
- •Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сеніп тапсырылган бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •Істі козғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі.
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамшсы.
- •2. Тергеудің типтік ситуациялар болжаулар және жоспарлау.
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Тергеудің типтік ситуациялары, болзкаулар және жоспарлау
- •Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Тексеру (бақылау) сүрақтары
Тонау және қарақшылық жолмен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
Тонау және қарақшылық шабулдарының криминалистік сипаттамасы
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Криминалистика / Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я.Драпкина. М.,1994.
2. Криминалистика / Под ред. Н.П.Яблокова, В.Я. Колдина М.,1990.
3. Криминалистика / Под ред. Н.П.Яблокова.,1995.
4. Криминалистическая энциклопедия / Сост. А.Ф.Аубакиров, Р.С.Белкин, С.Ф.Бычкова, Я.Гинзбург, Алматы, 1995.
18. Е.Қайыржанов. Ардақ Шакенов, Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу ерекшеліктері (оқу құралы) Алматы, 2007.
9-10-лекция
Тақырыбы. Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі.
Жоспары:
1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
2. Алғашқы тергеу кезеңіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы
4. Кейінгі тергеу әрекеттері.
Лекция мақсаты: студенттерге жалпы теориялық білім беру және «криминалистика» саласында практикалық тәжірибе жинауға баулу.
Лекция мәтіні: Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу меншікке бағытталған қылмыстар қатарына жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде алаяқтық қылмысы сирек кездесетін, бірақ кейінгі жылдары оның өсу қарқыны бірден көзге түседі. Алаяқтың қоғамға қауіптілігі күннен-күнге өсуде: Бұл тектес қылмыстық әрекеттер мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, коммерциялық құрылымдарға және азаматгарға үлкен материалдық зиян келтіріп, саяси тұрақсыздандыруға апаратын факторға айналып отыр. Көбінесе алаяқтық әрекетті жүзеге асырғанда қылмыстык қол сұғушылық заты - ақша. Кейбір жағдайларда алаяқтар өндірістік тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды, мүлікті, зергерлік бұйымдарды, өнер тауарларын иемденеді.
Алаяқтық қылмысы әртүрлі тәсілдерімен жасалады. Алдау немесе сенімді пайдалана отырып зиян келтірудің көптен келе жатқан тәсілдеріне мыналар жатады: карта, басқа да әуесқой, құмар ойындарды («рулетка», «сүйек-бөтелке» айналдыру т.б.) ойнағанда әртүрлі айла қолдану; жасанды асыл бұйымдарды сату; жасанды ақша мен заттарды пайдалану; жалған ақша купюраларының эквивалентгі емес түрлерін айырбастау; өздерін бақылау және қүқық қорғау және т.б. оргавдарының қызметкерлері ретінде таныстыру жолымен әрекетгер жасау.
Алаяқтар жоғары кэсіпқойлығымен, техникалық жагынан толық жабдықта-нуымен ерекшеленеді. Карта ойнайтындар ойынға қатысушылардың картасын көру үшін телеқондырғыларды қолданған жағдайлар да кездеседі.
Алаяқтар қоғамда болып жатқан әлеуметгік-экономикалық өзгерістерге жылдам назар аударып, қарапайым тұрғындар мен коммерсанттардың жеткілікті құқықтық білімінің және нарықтық қатынастарға сәйкес тэжірибелерінің жоқтығын ескере отырып, нарықгағы бағалы қағаздармен, шетелмен коммерциялық байланыстарды жүргізуге, жекешелендіруге толық инвестициялармен, несиелік-банктік қызметпен байланысты әртүрлі алдау әдістерін ойластырып тәжірибеде қолдануда. Қазіргі кездегі алаяқтық әрекетінің өзіне тән ерекшелігі, олар занды түлғаның атынан азаматтық-қү-қыктық мәмілелер жасап және қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыруында.
Кейінгі жылдары алаяқтық қылмыстарының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар кұрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, арендаға, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды қолдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, қамтамасыз етілмеген акцияларды және құ-нды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т.б.
Басқа тәсілдерге тоқталатын болсақ: 1) мемлекеттік және қоғамдық материалды қүлдылықты қоймалардан, базалардан және баска да обьектілерден жалған құжаттарды пайдалану арқылы алу; 2) жалған құжаттарды пайдалана отырып мемлекеттегі құжаттарды, мемлекеттік зейнетакыларды немесе әлеуметтік камсыздандыру органдарынан басқа да төлемдерді заңсыз жолмен иелену; 3) мемлекеттік және коммерциялық банктерден әртүрлі жалған чектік құжаттарды қолдану жолымен көп мөлшердегі қаражаттарды иелену; 4) мемлекеттік мүлікті жалған күжат аркылы несиеге алу немесе калган карызды төлеуден жалтару.
Алаяктардың ақшалай қаражаттармен жасаған қылмыстық тәсілдері банктік есеп айырысуда толық құрылымды және күрделі болып келеді. Алаяктар қылмыстық іске кіріспес бүрын, міндетгі түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар алдымен катаң есептегі банк құжаттарын қолға түсіріп, ұрланған цкшаны аударатын ұйымдарды анықтайды және құжаттарды жеткізу (жіберу) әдістерін шешеді. Басқа да қажетті мәліметтер мен банк кодтарын, шифрларын, т.б. аддын ала анықтап біледі. Сонымен қатар, дайындық жұмысына қылмыскердің көздеген тиісті коммерциялық банктердің кызметкерлерімен аддын ала сөз байласып келісулері жатады. Ұрлық қылмыстары құжаттарды белгіленген жерге жіберіп, оның банкке өтуін қадағалау мен есеп бойынша аударылған ұйымнан түскен ақшаны алу жолымен жүзеге асады. Мұндай қылмыстық іс ақша айналымын құрайтын құжаттарды (жалған мәміле, шарт, келісімдер және т.б.) тексеру арқылы ашылады.Азаматтардың жеке мүлкіне қол сұғушылық кезінде алаяктар әр түрлі тәсілдерді қолданады: ақшаны жоғары пайызбен карызға алу және оны қайтармау; сатылатын заттың өзін емес оған ұксас затты беру; сауда жасағанда, ақшаны айырбастағанда, майдалағанда алдау; алтын бұйымдардың орнына мыстан жасалған бұйымдарды сату; жалған ақша беру; көмек көрсетемін деп ақша алу немесе белгілі бір қызмет көрсетуге тауарларды алу; пал ашу, тәуіпші-лік, емшілік жасау арқылы ақша алу; тауарларды және басқа да материалдық құндылықтарды алу мақсатында басқа адамның атын иеленіп жалған шарттар жасау нәтижесінде ақша алу; жалған мэмілелер жасау.
Алаяқтық қылмысын жасау тәсілдерінің кеңінен тараған түрлері: алаяқтар бір бума ақшаға ұқсас жалған ақшаларды жолға тастап, оны бөлген кезде жәбірленушінің шын ақшаларымен ауыстырып алу, сонымен қатар алаяқтардың бөтеннің мүлкін иелену мақсатымен некеге тұру; атакты эншілердің атынан концерттер қою, өнер туындыларын қолдан жасау және сату сияқты тәсілдері жиі кездеседі.
Жәбірленушілерді алдау, олардың тікелей байланысқа түсулері арқылы жүзеге асырылатындықтан, соңғылары барлық уақытта өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің ізін жасыруды ойластырады. Осындай мақсатта картадан ұтылған жәбірленушіге ақшаның жартысын ұтып алуына, жалған құжат жасауына жалған алиби құрастыруына, шетелге қашуына мұмкіндіктер беріп, сырт көзге заңды болып көрінетіндей барлық шараларды қолданады.
Алаяқтық қылмысы қолданылатын тәсілдері мен басқа да жағдайларға байланысты көшеде, жеке пәтерде, дүкен, фирма мемемелерінде жасалады. Алаяқтардың жеке басын зерттеу кезінде олардың жоғары кәсіби деңіейі, құқықтық білімдері, ой-өрісінің жетіктілігі анықталады. Алаяқтардың ішінде рецедивистер көп, соның 30 пайызын әйелдер қүрайды.
Соңғы жылдары қылмыстың жекеленген түрлері бойынша маманданды-рылып ұйымдасқан топтарды құру кеңіңнен таралуда. Бұл топтардың ішінде қылмыскерлер аткаратын рөлдерін өзара бөліседі. Әдетте әртұрлі эуесқой ойындарды өткізген кезде біреулері азаматтарды ойынға тартады, ал баскалары ойын үстінде жәбірленушіге психологиялық әсер етеді, үшіншілері ойынды жүргізеді, төртіншілері операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Топтыц мұндай түрі техникалық жабдықтылығымен, шапшандығымен, басқа том қылмыскерлерімен турақты байланысымен ерекшеленеді. Олардың ішінде кейбіреулері нақты белгіленген, танымал үлттық-аумактык атаққа ие.Жәбірленушілердің ішінде қасақана занды бұзатын адамдар көп кездеседі. Оларды көбінде алаяқтар пайдаланады. Мұндай түлғалар тәртіптен тыс визаіар, шетелдік паспорттарды алуға, банктік несиелерді пайдалануға, шетелдік келісім шарт жасауға, шетел азаматтарынан келіп түскен жүктерді кеденнен еткізуге, өздерінің мүлік-заттарын валютаға сатуға тырысады.
Занды мүлтіксіз орындайтын азаматтардың көбісі алаящардың алдауына ұшырап. қылмыс құ-рбаны болуда. Алаяқтар қылмыстық әрекеттерін көбінесе түрғын үйі бар жалғыз басты қарттар, психикалық аурумен ауыратын адамдар, көп балалы жанүллар, кэмелетке жасы толмағандарға жасайды.
Алаяктық қылмыстарын жасау тәсілдері туралы мәліметтерді олардыц калдырған іздері ғана арқылы ала аламыз. Олардың қатарына: жәбірленушілер мен басқа да адамдардан алаяқ және оның әрекеті жайында мәліметгерді алу; жәбірленушіде қалған қылмыс құралдары (жасанды ақша, қолхат, жалған қү-жаттар мен бағалы қағаздар, жасанды зергерлік бұйымдар, заттар және т.б.); қылмыскерлердің алаяқтық әрекетіне дайындығын нақты көрсететін түпнұс-калық қүлсаттарды (телеграмма, келісім-шарттар) және т.б. жатқызуға болады.
