- •Лекция тезистері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементері
- •Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •2. Жәбірленуші
- •3.Қылмыс жасау тәсілі
- •4.Қылмыс жасау механизмі
- •5.Бастапқы тергеу ситуациясы
- •6. Қылмыс жасау жағдайы
- •7.Қылмыстық қол суғушылықтарының заттары
- •8.Қылмыстың материалдық іздері
- •9.Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10.Қылмыстың салдары
- •11.Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •12.Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруга әсер ететін факторлар
- •13. Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементері және жоспар жасау техникасы.
- •2. Тергеушініңжедел-іздестіру, анықтама және басқада оргындармен байланысы.
- •Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен қарсы қозғалған
- •Тергеушінің жедел-іздecmipy, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңдері.
- •4. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •Ұрлық істері бойынша жүргізетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Тонау және қарақшылық шабулдарының криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау.
- •4. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Кейінгі тергеу әрекеттері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Қорқытып алушылық, қылмыстарының криминалистнкалық сипаттамасы.
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі
- •Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сеніп тапсырылган бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •Істі козғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі.
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамшсы.
- •2. Тергеудің типтік ситуациялар болжаулар және жоспарлау.
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •Тергеудің типтік ситуациялары, болзкаулар және жоспарлау
- •Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тексеру (бақылау) сүрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Тексеру (бақылау) сүрақтары
Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
Адам өлтіру қылмысының криминалистикалык сипаттамасы
Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
Күш колдану белгілері бар мэйіт табылған жағдайларда жұргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (максаты)
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Криминалистика / Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я.Драпкина. М.,1994.
Криминалистика / Под ред. Н.П.Яблокова, В.Я. Колдина М.,1990.
Криминалистика / Под ред. Н.П.Яблокова.,1995.
Криминалистическая энциклопедия / Сост. А.Ф.Аубакиров, Р.С.Белкин, С.Ф.Бычкова, А.Я.Гинзбург, Алматы, 1995.
Белкин Р.С. Курс Советской криминалистики. Т.1,2,3., 1977-1980.
Белкин Р.С. Криминалистика .Криминалистическая энциклопедия М.,1997.
Жәкішев Е.Г. Криминалистік тактика. Алматы, 1997.
Криминалистика / Жакишев Е. Алматы 2004
Белкин Р.С., Крминалистика ; проблемы, мтенденции, перспективы. М.,1988.
Белкин Р.С., Винберг А.М. Криминалистка.Общетеоретические проблемы . М.,1973.
Васильев А.Н. Яблоков Н.П. Предмет, система и теоретические основы криминалистики.,М.,1984.
Васильев А.Н. Следственная тактика, М.,1976.
Гавло В.П. Теоретические проблемы и практика применения методики расследования отдельныхвидов преступлений. Томск, 1985.
А.Я.Гинзбург, Белкин А. Р. Криминалистическая тактика. Алматы, 1988.
Жәкішев Е.Г. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және методологиялық негіздері. Алматы , 1991.
Л.Я.Драпкин . Основные теории следственных ситуации. Свердловск, 1987.
Тактические основы следственных действии . Алматы, 1977
Е.Қайыржанов. Ардақ Шакенов, Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу ерекшеліктері (оқу құралы) Алматы, 2007.
6-лекция.
Тақырыбы. Ұрлықтың қылмыстарын тергеу әдістемесі.
Жоспары:
1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы.
2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңдері.
4. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы.
Лекция мақсаты: студенттерге жалпы теориялық білім беру және «криминалистика» саласында практикалық тәжірибе жинауға баулу.
Лекция мәтіні: Ұрлық дегеніміз - бөтеннің мүлкін жасырын түрде алу болып табылады. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасын келесідей жағдайлар құрайды:
ұрлық қылмыстардың ең кең тараған түрі;
ұрлық құпия түрде жасалынады, қылмыскер көп жағдайларда белгісіз болып табылады;
осы қылмыстың сипатты белгісі болып тікелей қасақаналықтың болуы танылады, ұрлық қасақана кейде алдын ала дайындықтан кейін жасалынады;
ұрлық жасау тәсілі әртүрлі;
ұрлықтың заты болып кез-келген мүлік танылады (ақша, заттар, өзге де материалдық құндылықтыр).
Ұрлықтың кең таралуына қарай осы қылмысты тергеудің жеке әдістерінің көптүрлілігін көруге болады. Оларға әртүрлі криминалистикалық сипаттамалар сәйкес келеді. ¥рлықты тергеу әдістемесін салалық белгілер бойынша қарастырған дұрыс. Әдістеменің бірінші тобына - сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде, кәсіпорындарда және мекемелерде, көлік және ауылшаруашылық объектілерінде жасалынатын қылмыстар жатады. Екіншісіне - азаматтардың жеке үйлері мен пәтерлерінен, сондай-ақ калтадан ұрлау қылмыстары жатады. Ұрлықтың қауіптілігі меншік иесінің экономикалық тәуелсіздігіне қол сұғатындығынан көрінеді және оны ашу мен тергеу кезінде айтарлықтай қиындықтар туындайды. Осы қылмыстық іс-әрекеттердің кепшілігін тәжірибелі қылмыскерлердің материалдық кундылықтарды тауып, оларга кірудің және іздерді жасырудың тиімді тәсілін қолдануларымен жасайтындығын тәжірибе көрсетеді. Шамамен қылмыстардың әрбір бесіншісі рецидивистермен және бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған адамдармен жасалады.
Ұрлықтың жасалу жолдары мен тәсілдерін білу ұрлықты ашуда жетістіктерге әкелуі тиіс. Қылмыскердің ұрлық жасау кезінде қолданған тәсілдерін анықтап, оларды криминалистикалық тіркеуден іздестіріп тексеруге болады. Жеке мүлікті ұрлау көбінесе күндізгі уақытта, куә болмаған кезде, иелері жұмыста болатын кездерде жасалынады. Қарастырылып отырған қылмыстар жаңадан салынған ықшамаудандарда жиі кездеседі. Бұл тұрғындардың алғашқы уақытта подъезд және этаж көршілерінің бір-бірін танымауымен түсіндіріледі. Қылмыскерлер үй тұрғындары ретінде кедергісіз пэтерлерге кіріп. үрлаған заттарын оңай алып шығуына мүмкіндіктері бар.
Пэтерден және материалдық құндылықтарды сақтайтын басқа да жерлерден ұрлау: есік құлыптарын ашқыштардың көмегімен, ригельді қысу, ілмелі құлып имегін кесу арқылы, форточка арқылы кіру, есіктер мен терезелерді сындыру, торларды автогенді аппаратпен кесу, қабырғаны немесе төбені тесу, шатырды көтеру, түтін жүретін құбырларды ашу арқылы, қоймаларды бұрғылау немесе шабу жолымен ашу, сейфтерді және басқа да шағын көлемді бұйымдар сақтай-тын нәрселерді ұрлау, тауарларды сатып алу кезінде ұрлау жолымен жасалынады. Қылмыскерлер ұрлықты ашу мен тергеуді қиындату мақсатында қылмыстьің іздерін жасыруға ұмтылады. Ұрлықтың жасалғандығы туралы жәбірленушіде күмән тугызуға тырысады. Үйге ұрлыққа түсу кезінде бөгетті бұзбай кіріп, көзге түскен заттардың барлығын емес, тек қана ақша мен заттардың бір бөлігін ғана алады.
Қалтадан ұрлықтар жасау үшін қылмыскерлер адамдардың көп жиналған (шоғырланған) жерлерін таңцайды. Бұл қылмыстар, әдетте, ұрлықшылар тобымен олардың релдерді өзара бөлісуі арқылы: біреулері жәбірленушілерді қыспаққа алады, екіншілері ұрлайды, ал үшіншілері ұрланған заттарды тығады. Бұңдай ұрлықтарды азайту әдістемесі осы қылмыстардың басқа түрлерінен ерекшеленеді, ал оларды тергеу айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені қылмыскер жасырын және қысқа уақытта әрекет етеді, ал жәбірленуші тіпті ұрлықшыны білмек түгелі кейде қай жерде, қай уақытта ұрланғанын да білмей қалады.
Ұрлық жасайтын қылмыскерлердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін қарас-тыратын болсақ, оларды екі негізгі топка бөле аламыз. Бірінші топқа ер адам және әйел адамдар ішінде жұмыс жасағысы келмейтін бұрын сотталган, алдын ала өз әрекеттерін егжей-тегжейлі ойластыратын, қылмыс жасау дағдысы, тәжірбиесі бар адамдарды жатқызамыз. Екінші топтағы адамдар қатарына - жұмыссыз қалғандар, тұрақты мекен-жайлары, жанұялары жоқтар жатады. Олар үшін ұрлық қалыпты жағдайда аяқ астынан пайда болған ниет бойынша жасалынады немесе қылмыс жасау жағдайы алдын ала еш дайындыкты талап етпейді.
Көбінде олар сотталып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу кезінде қылмысқа дағдыланады.Ұрлық қылмыстарымен күресу үшін жедел-іздестіру қызметі мен ішкі істер органдарының тергеу жұмыстарын жетілдіруге байланысты шаралар қабыл-данады. Олардың қатарына, мысалы, республиканың бірқатар қалаларында «Пәтер» атты жедел-іздестіру шараларының жоспарын кұрып, қолдану, сонымен қатар, ұрлықты ашу жөнінде жедел-тергеу топтарын кұру жатқызылуы мүмкін.
