Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursavoy_BIBIGUL.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.26 Кб
Скачать

1.2. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру жолдары

Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі арта түседі. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, баланың ойынға қызығушылығын, белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Бала өзара ынтымақтастық жағдайында ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуы аса маңызды. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

Ойын арқылы бала білімді – қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиясын жетілдіріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін дамытады, дүниетанымы кеңейіп, мектептегі оқу процесіне қызығушылықпен қарай бастайды. Ойындар рөлдік-мазмұндық, шығармашылық, дидактикалық қимыл-қозғалыстық болып бөлінеді.Әрине, мұндай ойындарды дұрыс таңдай білу ұстаздық біліктілік пен шеберлікті қажет етеді.Ойындарды мазмұнына қарай әр пәнде тиімді қолдануға болады. Мысалы, қазақ тілі сабағында «Сөз ойла,тез ойла», «Бос орынды толтыр» , «Ізде,тап!», «Бұл қалай өзгерген?» т.б. ойындарды жүргізе отыра, оқушылардың шығармашылығы мен грамматикалық сауатын дамытуға болады. Математика сабағында «Математикалық домино», «Басқыш», дене шынықтыру пәнінде «Қақпан», «Ақсерек, көксерек» т.б. ойындар арқылы оқушылардың мұғалімнің өзіне тән психологиясына сай бейімделіп, құрбыларын тану, олармен жағымды қарым-қатынаста бола отыра, кез-келген іс-әрекетті бірігіп орындай алу қабілетін дамытады, белгілі бір тәртіпке бағыну, бірін-бірі құрметтеу, ұжымдық ортақ іске талпыну және жеңіске жету сапаларын дамытады. Сондай-ақ, бала өзінің бойындағы жасқану, ұялу сезімдерін жойып, кластағы ортақ іс-әрекетке ден қойып,оқу процесін өз құрбыларымен жарыса талдап,меңгереді. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Ойын сабағының қабылдануы тез және есте сақталуы ұзақ. Сабақаралық үзілістерде де баланың дұрыс тынығуын қамтамасыз ету мақсатында қысқа, әрі мазмұнды қызықты ойындар таңдалуы керек.

Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.Әр ойын өзіне тиісті үш мақсатта, яғни білімділік, тәрбиелік, дамытушылық бағытында болады. Мұғалім жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологиясын пайдаланады.сабақ үстінде баланың көңіл-күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, танымдылығын дамыту үшін пікір алысу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, баланың бойында оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асыруда, балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық педагогиканың алатын орны зор, оның ішінде ойынның орны ерекше.Балардың ойын арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуді қалыптастыру жүйесінің жеткіліксіздігі бірнеше қайшылықтар туындатады. Бұл қайшылықтарды шешімін табу мақсатында ойын арқылы тәрбиелеу мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру жолдарын анықтау менің зерттеу проблемамды айқындауға және тақырыпты «Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдалану» деп таңдап алуыма негіз болады.

Іс-тәжиірибенің нысаны «Қарлығаш» орта тобы

Іс-тәжиірибенің мақсаты Балаларды ұлттық ойындар негізінде тәрбиелей отырып , жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Іс-тәжірибенің міндеті

1)балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындармен байланысты әдебиеттермен таныстыру.

2)балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық ойындарды жинақтау.

3)белсененділік орталықтарында ұлттық ойындарды қолдану әдіс-тәсілдерін нақтылау.

Іс-тәжірибенің әдіс-тәсілдері

-Жаңа технологияның негізінде дамытушы орталықтарында ұлттық ойындарды қолдану.

-Ұлттық ойындардың қасиеттерін тәрбиелеу жұмысының мориторингісі.

-Іс-тәжірибенің.нәтижесі: -балаларға ұлттық ойындарды пайдалана отырып , қоршаған орта туралы білім алумен қатар, күнделікті балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарында алған білімдері ұлттық ойын арқылы толықтырылып отырады. -тәрбиелілік құзіреттілік - өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастырады - ұлттық ойындардың шарттарын біледі, қиындықтарды жеңуді үйренеді -оқу іс-әрекетінде ұлттық ойындарды кең түрде қолдану тиімді екндігі анықталады Іс тәжірбиенің болжамы егер ұлттық ойындар балалардың жас ерекшелігіне сәйкес жүйеленсе, ойындардың мазмұны жинақталса , әдістемелік көмекші құралдар дайындалса ,онда ұлттық ойындарды қолдана отырып мәні ашыла түседі

Бала бойында жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның

айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени-рухани мұрасының салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік ,қонақжайлық, мейірімділік,т.б.сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктерге бағытталған. Жас ұрпақ өз халқының асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды оқу іс-әрекетінде қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге,өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,кейінгі ұрпаққа жетізе білу құралы.Ең алдымен , халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен

өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші рөл атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл – ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекеттеріне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі корген жағдайларды отбасыық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Орамал тастамақ», «Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Күрес», «Ханталапай», «Қыз қуу», «Тоғыз құмалақ», «Тенге алу», «Сақина салу», «Асық», «Күн мен түн», «Кім күшті», «Қазан»,«Үкі»,«Дауыста, атыңды айтам», «Тапқыр», «Итеріспек» т.б. балалардың еңбекке деген қарым – қатынас мен қабілеттерін арттырады.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану оқу іс-әрекеті тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Бала ойынының үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Тәрбиеші әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеріктікке, білгірлікке баулиды.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көз қарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы түсіндіру пән тақырыбтарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өдері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеруғ жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекще мағыналары болған», - деп тегіннен- тегін айтпаса керек.

Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар.

Халқымыздың ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар.

Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші, өсе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезеңде үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану қажет. Кейінгі кезде ұлт ойындарында көңіл бөлу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тай, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек- көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар,қыз қуу, асық, хан талапай, теңге алу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балдарды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Ойындардың үйретуші мүмкіндіктері туралы бұрыннан белгілі. Көптен белгілі педагогтар оқыту процесінде ойындарды қолдану тиімділігіне баса назар аударған. Ойында адамның, әсіресе баланың қасиеттері ерекше толық және кейде күтпеген ждерден пайда болады. Ойын – эмоциялық және ақыл-күштерінің қысымын талап ететін, ерекше ұйымдастырылған жұмыс. Ойын әрқашан шешім қабылдауды болжайды – не істеу, не айту керек, қалай жеңу керек? Бұл сұрақтарды шешу тілегі ойнайтындардың ойша қызметін шиелінестіре түседі. Балалар үшін ойын ең алдымен – қызықты ермек. Ойында бәрі тең. Ол тіпті әлсіз балалардың да қолынан келеді. Бала ойыны – кең түсінік. Сабақтағы ойындардың орны және ойынға берілетін уақыт бірқатар факторларға байланысты: балалардың дайындығына, оқытылатын материалға, нақты мақсаттар мен сабақ шарттарына және т.б. Егер ойын бірінші бекіту кезінде жаттықтыратын жаттығу ретінде қолданылатын болса, онда оған сабақтың 20-25 минутын беруге болады. Көптеген ойын құралдары қандай да бір белгілі тақырыппен байланысты емес, сондықтан, әрине, оларда балаларға таныс емес лексиканың біраз пайызы бар. Біз оны ойын шарттарын түсіндіру процесінде енгізуді ұстанамыз. Ұлттық қимылды ойындар балалардың Қозғалу белсенділігінің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай жасайды, қандай да бір оқу-тәрбиелеу тапсырмаларын шешуге жәрдемдеседі. Қимылдық ойындар белгілі ережелер бойынша ұйымдастырылады, балалар оларға сәйкес әрекет етеді, қарым-қатынас жасайды. Мен ұлттық ойындарды балаларға, серуендерде, сабақ арасындағы уақыттарда, сондай-ақ қандай да бір оқу тапсырмаларын орындау кезінде сабақтарда немесе бой сергіту кезінде ұсынамын. Ұлттық ойындар: Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын өргіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады, әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі сүйікті істер болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет. Тербиеші ойын ойнауға жағдай туғызып, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Балалардың өзара ынтымақтық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуыаса маңызды. Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Әр бір ойын-сабақтарды қызықты, өзекті ететін тәсілдердің бірі.

Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жаскезеңінде өтеді. Қазіргі таңда біздің балабақша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында көрсетілгендей, балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға орай жаңа технологиямен жұмыс істеп жатқандықтан, сабақтар ойын белсенді орталықтары арқылы өту керек. Ұлттық ойындарды ойнатудағы мақсат, бала өз халқының ұлттық мәдениетімен танысады, өз халқының болмысын танып біледі, адамгершілік-патриоттық рухы өз бойына сіңіріп өседі. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Баланың өмірін қозғалыссыз елестете алмайсың. Сондықтан ұлттық ойындар балалардың қозғалу белсенділігің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай жасайды, қандай да бир оқу-тәрбиелеу тапсырмаларын шешуге, соның ішіндегі ойын үйрету бойынша тапсырмаларды шешуге жәрдемдеседі.Ұлттық ойындар белгілі ережелер бойынша ұйымдастырылады,балалар оларға сәйкес әрекететеді, қарым-қатынас жасайды. Сондықтан ойын-баланың өмірінің нәрі деп білеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]