- •5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
- •1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындарды ұйымдастырудың негіздері
- •1.1 Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы
- •1.2. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру жолдары
- •1.3. Ұлттық ойындарды ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліг
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Әбдісаттарова Бибигул Абдуманноповна
Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Педагогикадан курстық жұмыс
5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
Алматы 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік
педагогика кафедрасының меңгерушісі
_____________ Р.К.Бекмагамбетова
«___» __________ 2015 ж.
Педагогикадан курстық жұмыс
Тақырыбы: «Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері»
5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
Орындаған: Әбдісаттарова Б. А
ғылыми жетекші:
п.ғ.м., аға оқытушы Каримова Р.Е
Алматы 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .........................................................................................................3
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы..................................................6
1.2 Ұлттық ойындарды ұйымдастыру жолдары. .......................................11
1.3 Ұлттық ойындарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.. ....................17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ......................................................30
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Оның маңызды жақтарының бірі - мектепалды даярлық балаларының білім беру іс-әрекетіне қолайлы енуіне, оқу қызметін меңгеруіне, белсенділігі мен сенімділігін қалыптастыруға және шығармашылығын танытуына бағыттау.
Елімізде білім беруді дамыту тұжырымдамасында айқындалған негізгі мақсат - мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Осыған орай, мектепалды даярлық балаларының бойында оқу қызметін меңгерту, белсенділігін қалыптастыру, дамытушы ортада баланы ынталандыру басты бағыт болып саналады.
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген «Балапан» бағдарламасында 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен толықтай қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі ретінде айқындалып отыр [1]. Демек, жалпы білім беретін мектептерде, мектеп гимназияларда, шағын орталықтарда мектепалды даярлық сыныптарын ұйымдастыру тиімді жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі анық белгіленген [2].
Тұжырымдамадағы негізгі мақсат-мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Бұл мектепалды даярлық балаларының бойында оқу қызметін меңгерту, олардың белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады. Белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді [3].
Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-қатынастар институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы бала тәрбиесінің, балаларды тәрбиелейтін мекемелердің өзіндік орнын баса көрсетуде.
Ойын - үнемі даму құбылысы. Ойындарды үйрету және оларды оқыту мен тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын, сонымен қатар, тарихи құбылыс болып та табылады. Ойындар – өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден-бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму, жаңару үстінде болады. Сондықтан ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да өте маңызды орын алады. Ойын адамның еңбек әрекетінен туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып қоғамдық-экономикалық формацияның өзгеруіне өз әсерін тигізеді.
Бұл тақырыпқа байланысты зерттеулер ойындардың ұрпақтан-ұрпаққа ұштасып келе жатқан халық естелігі екенін айқын көрсетеді. Сол себепті ойындарға ғылыми талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және тәрбиелік маңызы бар екендігін дәлелдейді.
Ойындар ежелден-ақ этнографтарды, археологтарды, психологтарды, педагогтарды және басқа ғалымдарды қызықтырған. Қазақ халық ойындарының шығу тарихына Э.Маккей, Марко Поло, Рашит–ат-дин, Б.А.Куфтин, Э.Диваев, Э.Марғұлан, Н.Я.Бичурин сынды атақты адамдар өз еңбектерін арнады [4].
Ойын атадан балаға мирас болып, үнемі қайталанып, әрбір ұрпақпен бірге жасап, тоқтаусыз, толассыз жүріп отыратын себебі осында. Мұны зерттеуді, ойындардың мәңгілік мәнін ашуды тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтар, археологтар, психолагтар, педагогтар және басқа да ғылым саласында еңбек етушілер қашаннан бері назардан тыс қалдырмай келе жатыр.
Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар (Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.) өз еңбектерінде айтып кеткен. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелдеген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген[4].
Баланың тәрбиесіндегі мектепке дейінгі ұйымдардың, әсіресе дидактикалық ойындар арқылы баланың қабілеттерін оятудың әсерін Ресей ғалымдары Т.В.Лодкина, А.И.Захаров, В.С.Мухина, А.М.Леушина, Е.И.Щербакова, Е.О.Смирновалар атап көрсеткен.Ойындардың ықпалын баланың сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А.В.Запорожец, А.Д.Кошелева [5] және т.б. белгіленген. Бір нәрсе жасауға тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Балалардың дамуын ойын арқылы педагогикалық басқарудың әдістері мен тәсілдерін З.А.Грачева, Т.Н.Игнатова, А.А.Смоленцева, И.И.Щербининалар зерттесе, ойынды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жайлы қазақстандық ғалымдар Р.М.Қоянбаев, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, М.Сансызбайқызы, Р.Мәженқызы, т.б. әдіскер ғалымдар айналысқан [6]. Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова [7], А.Меңжанова [8], М.С.Сәтімбекова [9], М.Т.Тұрыскелдина [10], Ә.Әмірова [11], А.Е.Манкеш [12], Қ.Меңдаяқова [13], Ф.Н.Жұмабекова [14], Ж.С.Хасанова, Ж.Рысбекова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б., мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева [15], Шолпан Сапарбайқызы т.б., еңбектерінде зерттелінген.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерінің ең басты іс-әрекеті ойын болып табылады. Балалармен міндетті түрде ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінде, серуен кезіндегі шығармашылық, қимыл – қозғалыс, дидактикалық, ермек ойындар сияқты жұмыстарды қалай жүйелеуді білмей, барлық баламен бір мезгілде сабақ өткізе салып, өз жұмыстарын жеңілдетеді де, ал бағдарламалық материалды саналы игертуге, берілетін білім – дағдылардың баланың жасына, даму ерекшелігіне сай болу ұстанымы мәселелері ескерілмейді.
Сондықтан ойындарды қоршаған орта туралы білім беру барысында пайдаланудың ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырып, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіншіліктерін аша түсу – бұл жұмыстың көкейкестілігі болып табылады. Қоршаған орта туралы ойындар жайлы педагогика теориясы мен оны тәжірибеде қолдану, тиімді жолдарын таңдау және оны жүзеге асыру арасында қайшылықтар туындап отыр. «Қоршаған орта туралы дидактикалық ойындар дегеніміз не?», «Балабақшаның қай тобынан бастап, дидактикалық ойындарды қолдануға болады?», «Қоршаған орта туралы дидактикалық ойындардың қандай түрлерін қолдануға болады?», «Дидактикалық ойындарды іріктеу мәселесі қандай деңгейде?» деген сұрақтарға жауап іздеу барысында біз диплом жұмысын «Ойын- қоршаған орта туралы білім беру құралы ретінде» деп алдық.
Зерттеудің объектісі: Балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Балабақшадағі балалар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Баланың қабілетін ояту, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Одан төмендегідей міндеттер туындайды:
1. Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты.
2. Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы.
3. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: зерттеу барісында төмендегідей әдістер қолданылады философиялық педагогикалық этнопедпгогикалық этнопсихологиялық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау жүйлы және салыстырмалы зерделеү бәрысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру және жүйелеу балабақшадағы оқу тәрбіесини бақылау
Зерттеу базасы. Алматы қаласы, «Балдәурен» балабақшасы.
Курстық жұмыстың құрылымы Курстық жұмыс кіріспеден екі бөлымнен қөртындыдан пайдаланылған әдебіеттер тізімынан турады
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, зерттеу нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу базасы қарастырылып сипатталады.
Қорытындыда курстық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
