Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДСК оэсп каз кдс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465.41 Кб
Скачать

Билет 5

Қадам 1. Денсаулық сақтау мекемесінің бизнес-жоспарын құрастырудың мақсаты қандай?

Қадам 2. Жалпы тәжірибиелі дәрігер кабинетінің бизнес-жоспарына енгізу үшін бәсекелестерді бағалау және бәсекелестік стратегиясын таңдауды жазыңыз.

Қадам 3. Медициналық орталық жұмысында аутсорсингті қолдану мүмкіндігін ұсыныңыз.

Жауап:

Қадам 1. Денсаулық сақтау мекемесінің бизнес-жоспарын өңдеудің негізгі мақсаты тұрғындар қажеттілігі мен қажет қорларды алу мүмкіндігіне сәйкес жақын және алыс кезеңдерге оның жұмысын жоспарлау.

Қадам 2. Бәсекелестерді бағалау және бәсекелестік стратегиясын таңдау.

Қазметкерлер штатын жабдықтау нормативтеріне сәйкес ОАА дәрігерлерінің саны 50000 адамдық тұрғындар контингентіне жеткіліксіз(медициналық қызмет көрсетуге кезекке тұру көп). Сондықтан, ауданда менің жалпы тәжірибиелік дәрігерлік кабинетім ұсынатын уақтылы және білікті медициналық көмеккесұраныс бар.

Тұрғындардың жастық-жыныстық құрылымында еңбекке қабілетті жастағылар басым болғандықтан, медициналық көмекке жүгінуі бойынша жалпы аурушаңдық 700 ‰ құрайтындықтан, кабинеттегі бір дәрігерге 20 қаралу болады.

Кабинетте тыныс алу мүшелері мен АІЖ ауруларының профилактикасы мен еміне, темекі шегумен жіне артериалдық гипертензия, ЖИА, атеросклероз дамуының қауіп факторларымен күреске көңіл бөлінетін болады.

Қадам 3. 1.Ақпараттық қамтамсыздандыру және жарнама.

  1. Құқықтық қамтамсыздандыру.

  2. Тұрмыстық қызметтер(төсек бұйымдарын, сүлгі және осы сияқты заттарды жуу).

  3. Ғимараттарға техникалық қызмет көрсету (ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылуизоляция, жылуды жөндеу, сантехникалық қызметтер).

  4. Басқа ұйымдардың автокөлігін қолдану және қызметкерлерді-жүргізушілерді қолдану.

  5. Мезгілдік жұмыстар үшін уақытша қызметкерлер(жапырақтарды, қарды тазалау, гардероб қызметкерлерін жалдау).

  6. Лабораторлық зерттеулерді жүргізу.

Билет 6

Қадам 1. ЕПМ жетекшісінің жұмысындағы бизнес-жоспардың негізгі міндеттерін атаңыз.

Қадам 2. Жалпы тәжірибиелі дәрігер кабинетінің бизнес-жоспарына енгізу үшін саладағы іс жағдайының талдамасын жазыңыз.

Қадам 3. Медициналық орталық жұмысында аутсорсингті қолдану мүмкіндігін ұсыныңыз.

Жауап:

Қадам 1. ЕПМ жетекшісіне бизнес-жоспар келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:

•мекеменің ұзақ мерзімді және қысқамерзімді мақсаттарын, оларға жету стратегиясы мен тактикасын құрастыру;

•мекеме жұмысының жақын және алыс кезеңдеріне нақты бағыттарын анықтау;

•қойылған мақсаттарға жету үшін ЕПМ-нің кадрлық қамтамасыздандырылуының, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен мотивацияның сәйкестілігін анықтау;

•медициналық қызмет нарығын зерттеу, жарнама, баға түзеу және т.б. бойынша маркетингтік шаралардың мазмұнын анықтау;

•фирманың қаржылық жағдайын және қолда бар қаржылық және материалдық қорлардың ЕПМ дамуының қойылған мақсаттарға жетуіне сәйкестігін бағалау;

•берілген ЕПМ қызығушылық танытқан, өзіндік капиталы немесе технологиялары бар потенциалды серіктестер мен қаржылық құралдарды тартуға ықпал ету.

Қадам 2. Саладағы іс жағдайын талдау.

Берілген елді мекенде 50000 тұрғын тұрады, орталық аудандық ауруханада 10 жалпы тәжірибиелі дәрігер, 3 дәрігер-терапевт және 5 педиатр қабылдау жүргізеді, біріншілікті медико-санитарлық көмек көрсетуге кезек көп. Тұрғындардың жастық-жыныстық құрамында еңбекке қабілетті тұрғындар басым. Медициналық көмекке жүгінуі бойынша жалпы аурушаңдық 700 ‰ құрайды. Аурушаңдық құырылымында тыныс алу, асқазан-ішек, жүрек-қантамыр және жүйке жүйесі аурулары басым. Жоғардағыларды талдай келе тұрғындардың біріншілікті медико-санитарлық көмекке қажеттілігі анықталды.

Қадам 3. Құқықтық қамтамсыздандыру.

  1. Тұрмыстық қызметтер(төсек бұйымдарын, сүлгі және осы сияқты заттарды жуу).

  2. Ғимараттарға техникалық қызмет көрсету (ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылуизоляция, жылуды жөндеу, сантехникалық қызметтер).

  3. Басқа ұйымдардың автокөлігін қолдану және қызметкерлерді-жүргізушілерді қолдану.

  4. Мезгілдік жұмыстар үшін уақытша қызметкерлер(жапырақтарды, қарды тазалау, гардероб қызметкерлерін жалдау).

  5. Лабораторлық зерттеулерді жүргізу.