- •2. Студент үшін ақпарат:
- •3. Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат:
- •Компетенциялар:
- •Кезеңдердің тізбектелу сызбанұсқасы
- •Кезеңдер бойынша оқте өткізуге арналған жабдықтар тізімі
- •І кезең
- •Іі кезең
- •Ііі кезең
- •Мұнда: с1 – дәрілік зат 1-мен меддициналық қызмет көрсету құны
- •Қадам 2. Қарапайым медициналық қызмет құны:
- •Қадам 1. А және б жағдайларындағы Ирина Ивановнаның жұмысының жалпы тиімділігін қалай бағалайсыз? Сіздің ойыңызша неғұрлым маңызды экономикалық тиімділік көрсеткіштерін атаңыз?
- •Билет 1
- •Билет 2
- •Билет 3
- •Билет 4
- •Билет 5
- •Билет 6
- •Билет 7
- •Билет 8
- •Билет 9
- •Билет 10
- •Бағалау парағы «Денсаулық сақтаудағы экономика және қаржыландыру негіздері» пәні і кезең
- •Іі кезең
- •Ііі кезең
- •Емтихан парағы
- •Емтихан қабылдаушының а.Ж.Т. ___________________________________________________________
- •Емтихан парағы
- •Емтихан қабылдаушының а.Ж.Т. ___________________________________________________________
- •Емтихан парағы
- •Емтихан қабылдаушының а.Ж.Т. ___________________________________________________________
- •Оқте бойынша емтихан тапсырушының аттестациялық қорытынды парағы
- •Оқте нәтижелерін бағалау критерилері
- •Оқте бойынша анкета
- •Оқте бойынша сауалнама
|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК №2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы |
044 -34/10-43 30
беттің
|
«Денсаулық сақтаудағы экономика және қаржыландыру негіздері» пәні бойынша ОҚТЕ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау |
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасы
Объективті құрылымдық тәжірибиелік емтихан
(ОҚТЕ) өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Мамандық: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пән: Денсаулық сақтаудағы экономика және қаржыландыру негіздері
Курс: 3
Шымкент 2015
Әдістемелік нұсқау 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттеріне «Денсаулық сақтаудағы экономика және қаржыландыру негіздері» пәнінен объективті құрылымдық тәжірбиелік емтиханды тапсыруға арналған.
Құрастырғандар: Төлегенова А.А. «Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасының аға оқытушысы.
Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді.
хаттама № «____» __________2015 ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор м.а. А.М.Жақсыбергенов
Әдістемелік кеңесте талқыланып, бекітілді.
хаттама № «____» __________2015 ж.
Кіріспе
«Денсаулық сақтаудағы экономика және қаржыландыру негіздері» пәні 5В110200 –«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалаврларын дайындаудың негізгі пәні болып табылады. Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау саласындағы табысты жұмыс көбінесе басқарушылық шешімдерге, соның ішінде басқарудың қаржылық-экономикалық блогына байланысты.
«Денсаулық сақтаудағы экономика және қаржыландыру негіздері» пәнін оқыту денсаулық сақтаудағы қаржыландыру және экономика жүйесі туралы, оның негізгі түсініктері, категориялары, теорияның тәжірибиемен байланысы туралы толыққанды білім алуға, ленсаулық сақтаудың нарықтық экономикадағы ролі мен орны туралы білімін кеңейтіп ғана қоймай, сонымен қатар экономикалық және басқарушылық ойлаудың дамуына да ықпал етеді.
Тәжірибиелік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалар тізімі 3 кезеңнен тұрады. Ол «Денсаулық сақтаудағы экономика және қаржыландыру негіздері» бойынша барлық негізгі сұрақтарды, соның ішінде стационарлық және емханалық көмек төлемінің әдісін талдау, денсаулық сақтаудауды дамыту приоритеттерін анықтау және саланың шектелген қорларын қолдану тиімділігін жоғарылату үшін экономикалық бағалау әдістерін қолдану, медициналық ұйымды бизнес-жопарлау және ЕПМ-нің жұмысында аутсорсингті қолдану мүмкіндігін талдау бойынша үйренгендері мен дағдыларын қамтиды.
Әрбір тәжірибиелік тапсырма жұмыс орнына негізделген (бекеттер), зал сәйкес тапсырманы орындауға қажетті материалдармен жабдықталған. Емтихан тапсырушы барлық тапсырмаларды 25 минутта орындап шығуы тиіс.
Емтихан нәтижелерін бағалау студенттің барлық кезеңдерінде алынған бағаларының қосындысынан шығарылады. Емтихан тапсырушы барлық бекеттерден өту барысында кемінде 10 балл жинау керек.
2. Студент үшін ақпарат:
ОҚТЕ басталар алдында емтихан тапсырушы емтихан комиссиясының хатшысына сынақ кітапшасын тапсырады, тіркеледі, тізімде белгіленеді және жеке код алады.
Емтиханда студент төрағадан тапсырма, қосымша аттестациялық парақ алады және кезеңдерді өту жоспарына сәйкес тапсырмалардыорындауға кіріседі.
Тапсырманы орындау барысында студент:
Критерилерде белгіленген өз әрекеттерінің тізбегін қадағалау керек;
Тапсырмаларды орындау барысындағы өз әрекеттерін нақты және қысқа түрде сипаттау керек;
Тапсырманы орындауға бөлінген уақытты қадағалауы керек;
1-кезең тапсырмасын орындау барысында студент берілген тапсырмалар бойынша стационарлық және емханалық көмек төлемінің әдісін талдайды;
2-кезең тапсырмасын орындау барысында студент денсаулық сақтаудауды дамыту приоритеттерін анықтау және саланың шектелген қорларын қолдану тиімділігін жоғарылату үшін экономикалық бағалау әдістерін қолданады;
3-кезең тапсырмасын орындау барысында студент медициналық ұйымды бизнес-жопарлау және ЕПМ-нің жұмысында аутсорсингті қолдану мүмкіндігін талдайды.
Емтихан тапсырушы барлық кезеңдер тапсырмаларын орындап болғаннан кейін емтихан комиссиясының хатшысына бағалау парағын тапсырады.
3. Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат:
ОҚТЕ басталар алдында емтихан қабылдаушы «ОҚМФА студентінің оқу жетістіктерін қорытынды бақылаудағы тәжірибиелік дағдыларды және ОҚТЕ технологияларын меңгеруді аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы ережелермен» және берілген әдістемелік нұсқаулармен танысады.
Осы әдістемелік нұсқаудың п.5-дегі талаптарға сәйкес кезеңдердің жабдықталуын тексереді.
Тапсырмаларды орындау барысында емтихан тапсырушының тәжірибиелік дағдыларын меңгеруін бағалауда емтихан қабылдаушыға арналған нұсқауларға сүйенеді.
Емтихан тапсырушының тапсырмаларды орындаудағы қадамдық әрекеттерін бағалау мен балл қоюдағы шынайылыққа жауап береді.
Кезеңді орындаудағы қадамдық әрекеттерді бағалайды және балдарды емтихан парағына (1-қосымша) қояды, кезеңдердің балдарының қосындысын емтихан тапсырушының қосымша аттестациялық парағына (2-қосымша) қойылады, параққа қол қояды және оны студентке береді.
Компетенциялар:
Білім:
денсаулық сақтау экономикасының мәні, негізгі түсініктері және әдістері;
денсаулық сақтау саласының және медициналық ұйымның экономикалық даму перспективалары;
денсаулық сақтаудың қызмет нарығының ерекшеліктері;
денсаулық сақтау саласының және медициналық ұйымның қаржыландыруының негізгі көздері;
медициналық көмек төлемінің әдістері;
денсаулық сақтаудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің индикаторлары;
медициналық сақтандыру негіздері;
бюджеттік және автономдық ұйымдардың қаржылық-шаруашылық жұмысын жоспарлау, денсаулық сақтаудың қазыналық мекемесінің сметасының түсінігі;
медициналық ұйымның бухгалтерлік және басқарушылық есебі негіздері;
бюджеттеу ЕПМ-ні басқарудың замануи құралы ретінде;
медициналық қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау;
бағалық шешімдерді қабылдау негіздері;
медициналық қызметкерлер еңбегі төлемінің ерекшеліктері;
медициналық ұйым жұмысын экономикалық талдау негіздері;
медицинадағы клинико-экономикалық талдау;
аутсорсинг ЕПМ жұмысының тиімділігінің заманауи институты ретінде;
медициналық ұйымның бизнес-жоспарлау негіздері;
медициналық ұйымның салық төлеуі.
Үйрену:
денсаулық сақтау экономикасы сұрақтары бойынша ғылыми және басылымдық әдебиеттерді, нормативтік-құқықтық базаны талдау;
денсаулық сақтаудың және медициналық ұйымның қаржыландырылуының сыртқы және ішкі көздерін талдау;
стационарлық және емханалық медициналық көмек төлемінің әдістерін талдау;
бағалық шешімдер қабылдау;
аутсорсингті ЕПМ жұмысында қолдану мүмкіндігін талдау;
бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерін өңдеу;
Қатынас:
ақпараттық көздер мен ғылыми әдебиеттердегі экономикалық ақпараттарды сыни талдау;
медициналық көмек төлемінің, медициналық ұйымдағы еңбекақының оптимальді әдістерін негіздеу;
медициналық ұйымды бизнес-жоспарлау;
денсаулық сақтаудауды дамыту приоритеттерін анықтау және саланың шектелген қорларын қолдану тиімділігін жоғарылату үшін экономикалық бағалау әдістерін қолдану.
