- •Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы
- •Алматы қ. 2015 ж.
- •3 Курсы, қ/б, 5 семестрі (күзгі/көктемгі), 3 кредит саны
- •Пәннің құрылымы мен мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Пәннің академиялық саясаты
- •1 Дәріс. Ғылыми зерттеу методологиясы, әдістемесі және әдіс туралы түсінік.
- •2 Дәріс.Эксперименттік зерттеудің даму тарихы. Психофизикалық, психофизиологиялық зерттеулер.
- •3 Дәріс Эксперименттік психологияның қалыптасуының алғышарттары
- •5 Дәріс.Эксперименттік психологиядағы шкалалар және функциялар
- •Сыртқы ауыспалыны анықтау.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы
Келісілген: Факультет деканы ______Масалимова А.Р. Хаттама "____26___"_06__2015 ж..
|
Хаттама № 6_ «27» маусым 2015 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Эксперименттік психология»
Мамандық 5В090500 - «Педагогика психология»
Оқу түрі күндізгі, 4 курс
Алматы қ. 2015 ж.
ПОӘК- ті жалпы және этникалық психология кафедрасының профессоры психология ғылымдарының докторы Н.Қ.Тоқсанбаева дайындаған.
5В050300 - «Педагогика - психология» мамандығының Эксперименттік білім беру бағдарламасы және типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленді.
Жалпы және этникалық психология кафедрасының мәжілісінде
қаралып ұсынылды.
«06» мамыр 2015 ж., хаттама № 42
Кафедра меңгерушісі _________________ Қалымбетова Э.К.
Факультеттің әдістеме (бюро) кеңесінде ұсынылды.
«13» мамыр 2015 ж., хаттама № 10
Төрайымы ________________________ Кабакова М.П.
АЛҒЫ СӨЗ
Эксперименттік психология ғылымы адами іс-әрекеттің кез келген саласынан өзінің мақсаттарымен, құралдарымен, себептерімен және шарттарымен ерекшеленеді, яғни ғылыми жұмыс жүргізіледі. Эксперименттік психология ғылымның мақсаты - ақиқаттың мәнін түсіну, ал ақиқаттың мәнін түсіну тәсілі – ғылыми зерттеу.
Эксперименттік психологияда зерттеудің қоршаған ортаны танып-білудің басқа табиғи түрлерінен айырмашылығы: ол іс-әрекет нормасы – ғылыми әдіске негізделген. Оның жүзеге асырылуы зерттеудің мақсатын ұғыну мен белгілеуін, зерттеу құралдарын (әдіснамасын, тәсілдерін, әдістерін, әдістемесін), зерттеудің нәтиже шығаруға деген бағыт-бағдарын талап етеді.
Мақсаттары: Эксперименттік психологиялық зерттеу жүргізу үшін қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгеруді және психологиялық әдістермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету. Зерттеу мақсаттары мен нәтижелерінің өзара байланысы анықтау. Зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне оның мазмұны мен қорытындысының сәйкес болуы.
Міндеті: Психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу туралы білімдерді беру және оларды оларды іс жүзінде қолдануды үйрету
Методология, теория, әдіс, әдістеме түсініктері арасында байланыстарын ашып көрсету
Эксперименттік психологияның тарихымен таныстыру
Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):
Студент эксперименттік психологиясынан дәрістік немесе семинарлық сабақтарды өткізуге қажетті материалдарды іздестіру және таңдай білу, ғылыми бiлiмдегi ақиқаттылық туралы тапшылықтың анықталуы;
Жоғары мектептегі эксперименттік психологиясы аудиториялық және индивидуалды сабақтар үрдісінде студенттік топпен жұмыстар жасау;
Эксперименттік психология арқылы жоғарғы оқу орнындағы оқыту-тәрбиелік үрдісті басқару.
Бакалавр - студенттер білу керек:
Эксперименттік психологияның дәрістік немесе семинарлық сабақтарды өткізуге қажетті материалдарды іздестіру және таңдай білу;
Эксперименттік психологиясы аудиториялық және индивидуалды сабақтар үрдісінде студенттік топпен жұмыстар жасау;
Бакалавр-студент жасай алу керек;
Психологиялық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру
студенттерді ғылыми зерттеудің әдіснамасы жайлы қажетті теориялық біліммен қамтамасыз ету;
Эксперименттік жұмыс жүргізуге қажетті шеберлікті жетілдіру.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
философиЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы
|
Философия және саясаттану факультеті Ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілді № 42 хаттама «06» мамыр 2015 ж. Факультет деканы _________Масалимова А.Р. |
|
|
Мамандық 5В050300 - Педагогика-психология
СИЛЛАБУС
Пән: «Эксперименттік психология»
