Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audarma_isi_tarikhy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.49 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Аударма теориясының міндеті – шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұжырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі – түпнұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы. Аударманың қоғамдық мәні, және аудармашылық іс-әрекеттің масштабының кеңюі зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Аударманың көп ғасырлық тарихында аудармашы әрекетін теориялық жағынан түсіндіруге, аударма сапасын бағалау критерийлерін жасау, аударма процесінің барысына және нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтауға бірнеше рет талпыныстар жасалынды. Аудармашы өз жұмысында үнемі әртүрлі аударма варианттарын таңдау қиыншылықтарымен кезігіп отырды. Осындай қиындықтарды жеңу туралы өз ойларын түсіндіруге тырысты. Мұндай тұжырымдама аударма принциптері түрінде қалыптасып отырды.Сөйтіп, аударманың бірінші тетретиктері аудармашылардың өздері болды. Кейінірек кейбір аудармашылар «аудармашының нормативті теориясын» жасауға тырысты. Онда «жақсы» аударма дегенге жауап беретін бірнеше талаптар айтылды. Француз гуманисті, ақын, аудармашы Этьени Доле (1509 - 1546) аудармашы аударманың төмендегі 5 негізгі принциптерін басшылыққа алуы тиіс деп санады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Аударма теориясы жалпы аударма теориясы, жеке аударма теориясы, және арнайы аударма теориясы болып бөлінеді. Жалпы аударма теориясы аударманың жалпы лингвистикалық заңдылықтарын зерттейтін бөлім. Жеке аударма теориясы нақты екі тілдің арнайы ерекшеліктерін зерттейтін бөлім. Арнайы аударма теориясы аударма процесі кезінде әртүрлі типтегі және жанрдағы текстердің ерекшеліктерін ашады. Жалпы аударма теориясы теориялық негізде түсіндіріледі және жеке. арнайы аудармалар теориясының негізгі түсініктерін анықтайды.

Курстық жұмыстың міндеттері: Аударманың жалпы лингвистикалық негізін ашып суреттеу. Яғни аударма процессінің негізінде тілдік жүйелердің қандай ерекшеліктері мен заңдылықтары жатқанын көрсету, аударма процесінің мүмкіндігінің шегін анықтау .

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден , екі бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1.Аударма ісінің пайда болу алғышарттарына теориялық сипаттама беру.

    1. Аударма туралы түсінік.

Аударма сөзінің өзі – аударма сөз. Аудару ұғымына байланысты С.Маршак «Аударма» дегенде шығармашылық еңбектен гөрі техникалық тәсіл еске алдымен түсе беретіні бар», деген. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі –аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де келеді. А.В.Федоров өзінің талай рет жарық көрген еңбегінде былай жазады: «Аударма» сөзі жалпыға мәдім және жалпыға түсінікті сөздердің қатарына қосылады, әйткенмен, оның өзі де адам іс-әрекетінің арнаулы түрі және тоның қорытындысының анықтамасы ретінде анықтай түсуді және терминологиялық тұрғыдан айқындауды қажет етеді. Бұл сөз, біріншіден – психикалық акт пішінінде жүзеге асып, мәні бар тілде- түпкі тілде пайда болған сөз шығармасын ( мәтен немесе ауызша айтылған пікір); екіншіден – аударылатын тілде қайда жасалатын үдерісті, үшіншіден, сол үдерістің нәтижесін, яғни аударылған тілде дүниеге келген жаңа сөз шығармасын(мәтін немесе ауызекі пікір) танытады», дейді. Ғалым аударманың үш түрін атап көрсетеді: оның біріншісі – бір тілден екінші тілге аудару; екіншісі – әдеби тілден оның диалектіне, диалектіден әдеби тілге немесе бір тілдің диалектісінен басқа әдеби тілге аударі; үшіншісі – бір тілдің көне үлгісінен бүгінгі халіне келтіріп аудару. Аударманың соңғы түріне, мысалы, көне орыс тілінде қағазға түскен мұраларды бүгінгі әдеби тілге аудару жатады. Аудармаға берілген бірнеше анықтаманы көлденең тартып көрейік: «Аударма деп ең алдымен түпнұсқаға қатысты сөз туындысын. Оның екі тілдің ерекшелігіне және материалдың қандай да бір жанрлық катергорияларға тиістілігіне байланыстылығын айтамыз».Аударма – бір тілдегі мәліметті, ақпаратты басқа тілде сол мағынасын сақтап жеткізу қызметі. Аударма өзінің түсініп қана қоюы жеткіліксіз, өзгелердіңде түсінуі шарт. Аударма екі бөлікке бөлінеді: мағынаны түсіну және оны жеткізу. «Аударма тұпнұсқаның бейнелегенін ғана емес, оның қалай бейнеленгенін де дәл солай бейнелеуге тиіс».Аударма – тілдердің ұштасуы, билингвизм құбылысы.Аударматануды ғылым ретінде қарастыруға қарсы шығатын пікірлер де жетіп артылады.

А.А.Реформатский: «Ондай ғылымының болуы мүмкін емес. Аударма практикасы көптеген ғылымдардың көмегімен пайдалана алады, әйтсе де өз бетінше ғылым бола алмайды» деп кесіп айтады. Л.С.Бархударов: «Өзінің түпкі мәні тұрғысынан алып қарағанда аударма теориясы екі тілдік жүйенің ғылыми негізделген салыстымасы» деген пікір білдірген. Негізінде ана тілінен өзге тілді оқи алатын кез келген адам – аудармашы... Қалайша? Оқып отырып ойша аударып отырғанымызды (өз тілін ана тілі тұтынбайтындарға бұл қағиданың қатысы жоқ, жалпы, ол ағайындар – аномалия) өзіміз де байқай бермеуіміз мүмкін. Бірақ бұл – өзіміз үшін аударі. Аудармашының басты белгісі – өзгелер үшін аударатындығы. Сонау XVII ғасырдың өзінде Джон Дрейден деген ағылшын филологы Горацийдың аудармалары бойынша көркем аударманы мынандай негізгі түрлерге бөлген екен: metaphrase ( дәл аударма немесе аударманың өзі), paraphrase ( баян етуші аударма), imitation ( алмастырма аударма). «Дрейденнің жіктелімін көркем аудармаға бүгінгі көзқарастармен салыстырып қарайтын болсақ, ол бөліп көрсеткен тәржіме түрлері сөзбе сөз, әдеби және еркін аудармалар туралы түсініктер мен сәйкес келеді», дейді Т.Казакова.

Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.

Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді “аударма ғасыры” деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.

“Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес сияқты, өйткені, ең алдымен, бұл екі ұғым (үрдіс пен оның өнімі) әрдайым өзара тығыз қатыста, ажыратуы қиын байланыста болады: үрдісі десек,оның нәтижесі алдын-ала өзінен-өзі ұйға рылып отырады. Егер аудару іс-әрекетінің кезеңдері мен жекелеген сәттері белгілі болса, оның өту барысының сипаты арқылы түпкі нәтиже болатын тілдік туындының белгілі бір ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Не болмаса, керісінше, аударудың нәтижесіндегі өнім мен түпнұсқа мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп, аудару үрдісінің мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп аудару үдерісінің қозғалысы, қалай өткерілгені туралы ұйғарым-тұжырымдар жасауға болады.

А.В. Федоров аударманы түпнұсқасымен қатысты, екі тіл ерекшеліктерімен байланысты, материалдың жанрлық ерекшелігімен байланысты тілдік шығарма ретінде зерттейді.Аудармаға байланысты, басты екі жайт бар: 1.Аударманың мақсаты – бастапқы түпнұсқа тілін білмейтін оқырманды/тыңдарманды өзге тілдегі мәтінмен мүмкіндігінше жақын таныстыру;

2. Аударма дегеннің өзі – басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу.Аударма мынадай тұстарда қолданылады.

- диалектіден оның әдеби тіліне;

- әдеби тілден оның диалектісіне (негізінен, жазбаша түрде емес, ауызша түрде болатын үдеріс);

- бір диалектіден екінші бір әдеби тілге (керісінше болуы мүмкін емес, яғни бір әдеби тілден екінші бір тілдің диалектісіне аудару қажетті жұмыс емес);

- бір тілден екінші бір тілге;

- туыстас тілдер арасында;

- тегі бөлек тілдердің арасында;

- көне дәуір тілінен жаңа дәуір тіліне аударудың адамзат мәдениеті, қоғам дамуы үшін маңызы зор (осы тұста көне түркі жазба жәдігерлерін, аударып жүрген ғылымдардың ұлтымыздың тарихы үшін сіңірген еңбектерінің айрықша екенін атап кету артық емес).

Аудармада да, тіл сияқты, “адамдар қарым-қатынастың аса маңызды құралы”. Осы маңыздылығына байланысты түпнұсқадағы ойды басқа тілде толыққанды, айқын жеткізу қажеттігі туады, аударма тілдің түпнұсқа тілінің қалыптарына сәйкестенуі, ыңғайлануы келіп шығады. Бұл – аударманың түсінікті болуының негізгі шарты.

Аударма-адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржімә халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]