Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Евразийство экз. вопросы 2015-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.19 Кб
Скачать

17. Көне қытай мәдениеті.

Қытайда тарихи кезеңдер ел басқарған әулеттер билік еткен уақытпен бөлінеді. Тарихта аттары қалған әулеттер ретінде: Чжоу, Цинь, Таң және Сұн, Цин белгілі. Чжоу кезеңі- шамамен б.з.б. ХІ-ІІІ ғғ., бұл кезең сауда және экономикалық өркендеумен мәлім. Б.з.б. ҮІІІ ғ. бастап Чжоу әулеті әлсіреп, билікке ұсақ патшалықтар таласа бастаған. Бұдан кейін үлкен мемлекеттер пайда болып, олар өзара билікке таласты 250 жыл бойы жүргізген. Барлығынан билікті Цинь пашалығы жеңіп алады. Император Цинь Шихуанди Қытайды біріктіреді, ол б.з.б. 221-207 жж. дейін билік етті. Елде бұдан соң билікке талас, көтерілістер өтеді.Б.з.б. 202 ж. шаруа Лю Бан өзін император етіп жариялайды. Сөйтіп Хань әулеті пайда болады. Қытайдың нағыз гүлденген уақыты ретінде тарихта ҮІІ ғ. басы мен Х ғ.- Таң және Х-ХІІ ғғ. Сұн әулеттері көрсетіледі.

Ежелгі Қытай тұрғындары әлем екі қарама-қарсы күштердің: Ян (оң-ер адам күші) және Инь (теріс, әйел дам күші) соқтығысынан туындады деп түсінген. Қытайлықтардың дүниетанымы да осы негізде қалыптасқан. Б.з.б. ІІ мыңжылдықта қытайлықтарда табиғатқа табыну: тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел т.б. табиғат құбылыстары иесіне сыйыну үстем болған. Олар сыйынды, құрбандық шалды, өздеріне олардан жақсылық тіледі. Олардың арасындағы «ең жоғары» құдайшылық болды. Ол - барлық рухтар мен өлгендер рухынан биік тұрды.

Кейіннен патша билігін құдайшылықпен теңестіру пайда болды. Патша аспан баласы, яғни құдайдың жердегі өкілі ретінде есептелді. Б.з.б. ХІІІ ғ. бастап патшаларды белгілеу кезінде «жоғары» құдайшылықты көрсеткен иероглифпен берілген.

Б.з.б. І мыңжылдықтың орта шенінен Қытайда үш негізгі идеологиялық бағыт пайда болып, кейіннен олар діни-фәлсәфәлық жүйеге айналды. Олар: даосизм, Конфуций ілімі және буддизм.

Даосизм негізін салған Лао-Цзы данышпан. Ол б.з.б. ІҮ-ІІІ ғғ. өмір сүрген, «Дао және дэ туралы кітап» деген еңбек жазған. Даосизмнің басты фәлсәфәлық катеогриясы-дао-заң, ереже, жол, мән, тәртіп болып табылады. Бұл бағыт бойынша бүкіл әлем бір заңға- даоға бағынышты. Дао барлық тіршіліктің бастауы, оны анықтаушы белгі- табиғилық.

Дао бойынша табиғат-шынайы өмір даоға тәуелді, басқа ешқандай жоғары күшке бағынбайды. Адам заттардың табиғи ретін өзгертуде әлсіз, сондықтан ол оқиғалардың табиғи барысын күтеді. Дао соңына дейін танылмаған болып, тек адам абыройы- дэ арқылы жүзеге асырылады. Даосизм мәңгілік өмір ілімін уағыздады. Олар мәңгілік өмірді тән өмірін шексіз ұзарту арқылы жету деген сенімді негізге алды.

Б.з.б. ҮІ ғ. соңы мен Ү ғ. басы Қытайда маңызды діни-дүниетаным жүйесі- конфуцийлік пайда болған. Оның негізін салған Кун-Фу-Цзы (б.з.б. 551-479 жж.) еуропалық транскипцияда Конфуций. Оның ілімі ережелер жиынтығы, мораль қағидаларына негізделген. Онда жасқа, лауазымға байланысты өзара сыйласу, құрметтеу дәстүрі негіз болып табылады. Қоғамдағы барлық тәртіпсіздік пен тұрақсыздықты адамдар адамгершілігінің төмендеуінен болады деп түсіндірген. Конфуций патша және аруақ рухына табынуды насихаттады. Бұл ағым саясаттанған болды десе де болады. Конфуций ілімі- патша билігі- халық тәуелдігі немесе салт-дәстүрлерді сақтау арқылы халықты басқару.

Жазу. Б.з.б. ХҮ ғ. Қытайда 2000 иероглифтен тұратын иероглифтік жазу қалыптасқаны белгілі. Көне қытай әдеби шығармаларына б.з.б. І мыңжылдық басындағы «Әндер кітабы»- «Ицзин», онда 300-ден астам ән мен өлеңдер енген, және «Өзгерістер кітабы» жатады. Қытайлықтар жібек матаға табиғи бояумен жазған, б.з. қарсаңында тушь пен қағазды ойлап шығарды. Бұл кезде иероглиф саны 3000-ға жетті. Иероглифтердің дамуы б.з. байланысты болды: б.з. ІІ ғ. иероглиф саны 10 000, ІІІ ғ.-18 000-ға жеткен. Қазіргі кезде ортақ жазу-путунхуа (хань) жазуы енгізілген. Осы кезде алғашқы сөздіктер пайда болып, император сарайларында кітапханалар ашылған.

Б.з.б. ІІ ғ. қытайлықтар жылды 12 айға, айды- 4 аптаға бөлді. Б.з.б. Ү ғ. аспан денелерін зерттеп, нәтижесінде 28 жұлдыз бөліп көрсетті. Б.з.б. ІҮ ғ. әлемде алғаш рет 800 жұлдыз аттары енген жұлдыз каталогын жасады. Б.з. б. 28 ж. қытайлықтар Күндегі даққа сипаттама берген. Кейін Чжан Хэн деген астроном – ғалым әлемде алғаш рет аспан денелері глобусы жасалған.