Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Евразийство экз. вопросы 2015-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.19 Кб
Скачать

78. Н.Ә.Назарбавтың «Тарих толқынында» еңбегі

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі 1999 жарык корді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың “Тарих толқынында” кітабы моң­ғол тіліне аударылып, оқыр­ман­дарға таратылды. Қазақ хал­қының, жалпы Қазақстанның өт­кені мен бүгіні, болашағы, жалпы саяси-әлеуметтік жағдайлары ту­ра­лы айтылатын аталған еңбекті қа­зақ тілінен моңғол тіліне тікелей аударған

Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.

Мазмұны

  • Ұлттық келбетті ұлықтайық

  • Қазақ даласы – ұлттық түркі елінің қара шаңырығы

  • Мәдениет келешегі

  • Алаш мұрасы және осы заман

  • Ұлттық бірегейлік туралы

  • Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар

  • Орталық Азияның тәуелсіз мемлекетері және тарих тағылымдары

  • Таритың шеңберлері және ұлттық зерде

Шығарма Омар hайямның

“Жүректін түріп құлағын,

Ойланып тағы қарашы.

Кімсің сен, қайда тұрағын,

Енді қайда барасын”

деген сөздерінен басталады.

79. Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» еңбегі

Ықпалдастық проблемаларын жинақтап, қорытуда Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың қаңтарында жазылып біткен «Ғасырлар тоғысында» атты кітабының маңызы зор. Онда ТМД елдерінің қарым-қатынастары неғұрлым шиеленісті «ықпалдастық және ыдыраушылық» үрдістерімен айқындалған. Бірақ, «ықпалдастықтағы жаңа импульстың өзектілігі мен мүмкіндігін бұл жоққа шығара ма?» – деп Қазақстан Президенті сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Сенімдімін, олай емес». Бірақта жаңа болмыс, өзгерген ахуал жобаға түзету енгізуді, «ықпалдастықтың жаңа стратегиясын» құруды талап етеді.

Мазмұны

I Күні кешегіні көзге елестесек...

  • Режиссерсіз сценарий немесе сценарийсіз режиссерлер

  • Стратегиялық мешеулік кезеңі

  • Бір кезде Вавилон киген кепті біздер қалай кимей қалдық

  • Заман дидары

  • Тайталастық құлық құрсауынан – татуластық құлық құшағына

  • Іс орнынан қозғалғанда

  • Ахиреттің ақыры

  • Евразия: ықпалдастық пен ыдыраушылық

II Жол айрығыда

  • Мемлекет дегеніміз – біз боламыз

  • Өктемшілдік пе, әлде демократия ма?

  • Саяси жүйедегі жаңарыс: қағида мен қарекет

  • Парламент дағдарысынан – жаңа Ата заңға

III Мағұрып пен Машұрық арасында

  • Алғашқы адым

  • Түркі елі бойлығында

  • Ұлы көрші

  • Европаның есігін ашу

  • Атырау аймаластырған ағайын

  • Шие гүлдеген ай

  • Көк мұхиттан әрі асып

  • Өрениеттер қауышуы

80. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі

Елбасының «2007» жарық көрген «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ» кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

I. Тәуелсіздік стратегиясы

II. 1995 жылғы Конституция

III. Каспий үшін күрес және мұнай дүмпуі

IV. Теңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз

V. Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке

VI. Ұлттық қаржы жүйесі

VII. Жер мәселесінің эволюциясы

VIII. Жұлдыздарға жол салған Қазақстан

IX. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы

Адаптация, пассионарлық импульс түсініктері. Л. Гумилевтің этногенз теориясындағы ең басты идея- пассионарлық ұғымын- еуразияшылдар біле алмады және солай болуға тиіс те еді, өйткені еуразиялық доктрина- тарих, география, геосаясат ғылымдарының синтезінен (қосындысынан) туған болатын. Ал Л. Гумилев ілімі еуразияшылдардың көптеген тұжырымды ойларына иек арта отырып, тарих, география және жаратылыстану ғылымының нәтижелеріне сүйенді.

Л. Н. Гумилев көзқарасы бойынша, пассионарлық «дүмпудің» ықпалы әсерінен Еуразиялық дамудың ырғағы мен тарихтың әр дәуіріндегі нақты бір күштердің басымдылығы және Еуразия сияқты біртұтас құрылымды қалыптастырудың күрделі процесі анықталады екен. Бұл біртұтастық «өзге әлемге» қарама-қарсы қойылмайды, керісінше полицентризм- еуразияшылдықтың жалпы әдістемелік принципі қызметін атқарады.

Пассионар тұлға дегеніміз қорша­ған орта мен өзін-өзі өзгертуге қабілетті адамдар. Сонымен бірге, ол адамның алда тұрған кедергілерді де еңсере алу қабілеті. Латын тілінен аударғанда «passio» деген сөз «құмарлық», «әуесқойлық» «ынтықтық» деген мағына береді.

Л.Н.Гумилев пассионар­лық тұлғаларды қоршаған ортаны өзгертуге қажетті күш-қуаты бар адамдар деп атаған.

Адамзат тарихындағы өз ортасын өзгертіп, оны жаңа белеске көтеру үшін мақсатты түрде іс-қимыл ұйымдастыра алған тарихи тұлғалар­дың бәрі де пассионарлық тұлғалар делінеді. Олардың бойындағы қасиеттерінің ең үлкені «белсенділік» және «іс-қимыл жасауға ынтық­тық» дейді ғалым. Пассионарлық тұлға кейде көздеген мақсатына жету жолында өзін-өзі құрбандыққа да шалуы мүмкін екен. Пассионар тұлғаның осы қасиеті іс-қимылдың барлық бағыттарында да көрініс табады. Бұл қасиет тіпті адамның бала жасында-ақ көрініс беретін көрінеді. Л.Н.Гумилев оны адамның психика­сына қанмен берілген қасиет деп те атайды. Олардың ерік-жігері орасан бола­ды, сонымен бірге, олар іс-қимыл бары­сында өз­дерінің ашуы мен ақылын тежеп ұстауға қажетті қуатпен қамтамасыз етілген. Л.Н.Гумилев пассионар тұлға­лар қатарына Жанна Д.Аркты, Александр Македонскийді, На­полеон Бонапартты жатқы­зады.

Л.Н.Гумилевтің ӛзі пассионарлық ұғымына тӛмендегідей анықтама береді: «пассионарность-

эта характерологическая доминанта, необходимое внутреннее стремление (осознание или, чаще,

неосознанное) к деятельности, направленной на осуществление какой-либо цели (часто

иллюзорной)» (Л.Н.Гумилев.Конец и вновь начало. М.,1997. с.71). Бұл жерде автор

пассионарлықты жеке тұлғамен байланыстырғанымен негізгі әңгіме ауаны жеке этносты немесе

этностардың үлкен қауымдастықтарын белгілі бір қозғалыстарға итермелейтін күш туралы болып

отыр. Күш деген сӛзді біз тарихтың даму заңдылықтары деп те түснуімізге болады. Л.Н.Гумилев

ӛзінің естеліктерінде пассионарлық теориясының түрме камерасында ғайыптан, шығармашылық

шабыт нұры сияқты келгені туралы айтады. Шын мәнінде бұл ғалымның адамзат тарихының

заңдылықтарын түсінуге ұмтылған ізденістерінің нәтижесі. Тарих ғылымының жоғары деңгейіне 2

жататын бұл бағытты Батыс Гегель мен Гердер заманында бастап және игеріп те қойған болатын

және оны «историософия» немесе «тарих философиясы» деп те атайды. Егер Л.Н.Гумилевтің

ондаған жылдарын түрмелер жеп қоймаса, егер ол түрмеден шыққаннан кейін тоталитарлық

идеологияның қатаң цензурасында ӛмір сүрмесе оның пасионарлық териясы тарих философиясы

атымен аталар еді және тарих философиясындағы кӛптеген гипотезалардың бірі ретінде ғана

қарастырылар еді.

Пассионарлық сөзінің латын тіліндегі “пассио” түбірі “шабыт”, “құлшыныс” (страсть) деген мағына береді. Лев Николаевич Гумилев еңбектерінің бәрін дерлік көктей өтіп жататын идеялардың бірі – пассионарлық. Әйгілі ғалымның ой-тұжырымы бойынша, адам әрекеті планеталық күш-қуат болып табылады. Сол күш-қуат жердің геологиялық жаңғыруына пара-пар. Яғни, адам (ұлт, халық) қозғалысы­ның күші тектоникалық қозғалыстармен теңдес келеді. Бұл ретте адамның планеталық ауқымдағы әрекеті жанды биосфераның биохимиялық қуатынан бастау алады. Мұнан әрі адамның планеталық ақыл-ойы биосферадан ноосфераға ұласады. Былайша айтқанда, өсімдігі бар, жан-жануарлары бар, адамзаты бар – тіршілік атаулының болмысы планетаның жоғары қабатына айналады. Мұның өзін биология деуге де, социология деуге де болмай­ды. Сірә, географиялық-геологиялық құбылыс десе жобасы келіп қалар. Биосферадағы жанды заттардың биохимиялық қуаты болып табылатын осы құбылысқа космос кеңістігінен құйылатын тегеурінді қуат (сверхэнергия) әсер еткенде Жер бетінде айрықша жаңғыру үрдісі басталады. Адамдарды қозғалысқа келтіріп, олардың ішінен қайрат-жігері тасыған тұлғаларды тарих сахнасына шығартып, одан әрі этникалық жаралымға ұйытқы болатын себеп осы. Яғни, пассионарлық дегеніміз – адамдарды шабыт тұғырына қондыратын биохимиялық қуат.

Этникалық жүйе, этногенез, этникалық тарих. Л. Гумилев этносты-ұлтты анықтайтын бұрынғы белгілердің қате екендігін дәлелдеп, этногенезді – этностың пайда болуы мен дамуын – жаратылыстық ғылым тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Яғни этностың қалыптасуы адам қызметінің нәтижесінде емес, Жердің биосферасындағы процестер арқылы жүзеге асады деген тұжырым жасады. Бұл бір қарағанда жаңалық емес сияқты, өйткені географиялық фактордың адам қызметі мен шаруашылығына, мемлекеттердің сипатына ықпал ететіндігі туралы пікірлерді араб ғалымдарынан бастап, еуропалық гуманистер, ағартушылар айтқан болатын. Л. Гумилев еңбегінде бұл идея теория түрінде ғылыми негізделді.

Л. Гумилев этногенез процесінің энергетикалық табиғатына назар аударды. Тарихтағы қызметтің қайнар көзі, Гумилевтің айтуынша, биосферадағы тірі заттардың биохимиялық энергиясы. Биосфераның биохимиялық энергиясын кезінде В.И. Вернадский ашқан болатын.

Этнос – бір-біріне ынталылығы мен мәдени деңгейлері жағынан ұқсамайтын әртүрлі адамдардан құралады. Адамдар қоршаған ортадан тұрақты түрде қабылдайтын биохимиялық энергиясы деңгейімен ерекшеленеді. Кейбір адамдарға қоршаған ортаға бейімделу үшін және қайшылықсыз өмір сүру үшін энергия қажеттілігі жеткілікті болады, біз мұндай адамдарды «гармониялық» адамдар дейміз. Кейбіреулерінің қабылдаған энергиясы тұрмыстық қажеттілігіне жетпейді, сондықтан олар өмірдің қызығына тоймайтын, өзгелер арқылы күн көретін, болашағын ойламайтын «субпассионарларға» айналады. Ал тарихты, адамзат қоғамын қозғайтын күш – пассионар адамдар, олар биохимиялық энергиясын өмірді өзгертуге, қоғамды қайта құруға арнайды.

Уақыт өте келе, бір этностың ішіндегі адамдардың 3 пассионарлық түрі өзгеріске ұшырайды. Субпассионарий адамдары көп этнос бірте-бірте әлсірейді. Пассионарлары көп этнос немесе халық күшейеді. Ол ұлы империялар мен мәдениетті қалыптастырған халықтардың (гундар, түркілер, моңғолдар, еуропалықтар т.б.) тарихи аренаға шығуын түсіндіреді.

Ұлттың қалыптасуының шешуші факторы – «пассионарлық» –биохимиялық энергияның сапалық көрінісі. Осы пассионарлық энергия Жердегі биосферадағы әртүрлі этникалық жүйелердің пайда болуы мен өмір сүруіне әсер етеді. Осындай фактормен біріккен адамдар ұжымдарының ортақ мінез-құлқы болады, сонысымен өздерін өзгелерден ажыратады.

41-сұрақЭтногенез және Пассионарлық терминдеріне анықтама.

Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Қазақ халқының Этногенез үрдісі әр түрлі миграц. жолмен, яғни басқа жерден қоныс аударып келгендердің бір-біріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасты деген ғалымдардың (Н.МасановБ.Ермұханов, т.б.) ізденістері кездеседі. Бұған қарсы тұжырымдама жасаған зерттеушілер (Ә.МарғұланМ.ҚозыбаевК.АқышевО.Смағұлов,Б.Көмеков, т.б.) қазақ халқының тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтитындығын дәлелдейді. Олар Этногенез үрдісін әрдайым кешенді түрде қалыптасатын күрделі үрдіс ретінде қарастырды, әрі өз зерттеулерінде бірнеше ғылымдардың (археология, антропология, лингвистика, этнология, тарих, деректану, т.б.) дерек көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының Этногенез жайында салиқалы қорытындылар, дәйекті тұжырымдар жасаған.

Ал Л. Гумилев этногенезді – этностың пайда болуы мен дамуын – жаратылыстық ғылым тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Яғни этностың қалыптасуы адам қызметінің нәтижесінде емес, Жердің биосферасындағы процестер арқылы жүзеге асады деген тұжырым жасады.