Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Евразийство экз. вопросы 2015-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.19 Кб
Скачать

«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі:

Еуразия жағрапиясы. Еуразия – Жер шарындағы халық ең көп тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың ¾ -і ). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 шақырым² жерге 1000-1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ.

Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан Ұлы Дала көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрылықта орналасқан.

2.Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты.

Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының жаңашылдығын айта отырып, оның интеллектуалдық алғышарттарын да көрсетуіміз қажет. Біріншіден, қазіргі еуразиялықтың интеллектуалдық алғышарттары 1920-шы жылдардан басталып, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялықтардың идеялары кеңестік болмыстың талаптарына сай болу үшін өзгеруге тиіс еді.

Еуразиялық идея еуропоцентризмді, отарлау мен империализмді теріске шығарады. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда тарихқа мәдени-өркениеттік көзқарасты ұстанғандар қатарына Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби секілді ойшылдарды жатқызамыз. Мәдениеттану тұрғысынан еуразиялық идея әлемнің өркениетті көпқырлылығын, яғни «өркениеттер қақтығысын» емес, сұхбат, ынтымақтастық қырынан көрсетеді. Қазіргі заманғы тарихшы Р.А. Медведев Шығыс пен Батыс «ешуақытта қосылмайды» деген Д.Р. Киплингтің сөзін бәрі біледі, бірақ та өзінің Еуразиялық жобасымен «Нұрсұлтан Назарбаев бұл тезистің қате екендігін көрсетті» деген.

1993 жылы мамырда Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде: Қазақстанға әлемнің назары ауып отырғандығындығы тілге тиек етіп, еліміздің географиялық жағдайын, этнодемографиялық және басқа дамуын ескере отырып, көп қырлы бағдар ұстану аса маңыздылығын тұжырымдаған еді. Сонымен бірге елбасы ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастық қарым – қатынасқа бірінші кезекте көңіл аударатындығын мәлімдеді. Кеңестік билік жүйесі ыдыраған кейін күрделі жағдай қалыптасты. Қазақстан қоғамына бірігу қажет болды. Еуразиялық идея сыртқы саяси, аймақтық бағытына қарамастан Қазақстан халқының іштей бірігуіне мүмкіндік туғызды. 1990-шы жылдың басындағы тарихи оқиғалар саяси ойлардың дамуына түрткі болды. Жаңа еуразиялық бастама заманға сай егеменді мемлекеттердің нығаюына, ынтымақтастықты қалыптастастыруға себеп болды.

Еуразияшылық идея: қалыптасуы, мән-маңызы, интеллектуалдық алғышарттары. Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты.

Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ,

одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын. 20-30 жж. олардың бастамасымен бірқатар баспа орындары қызмет жасады. Олар жинақтар, альманах, журнал мен газеттер, сондай-ақ, бағдарламалық шығармалар жеке кітапшалар болып жарыққа шықты. Мәселен, еуразияшылдық баспаханаларынан  Савицкий, Трубецкой, Алексеев, Толь, Полковников, Бромбергтердің еңбектері жарияланды. Сонымен бірге Ұлыбритания, АҚШ, Еуропаның жетекші қалаларында тұрған еуразияшылдықтың көшбасшылары хат жазысып отырған. Мұндай хаттар Мәскеу, Прага, Париж, Берлин, София және т.б. қалалардағы мұрағаттарда сақталған.

Еуразияшылдық тобының қалыптасуыН. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» атты еңбегінің шығуымен байланысты болды. Бұл еңбектен соң еуразияшылдық үйірмесі құрылған болатын.

-1922 жылы Берлинде «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» деген келесі жинақ жарық көрді.

-1923 жылы«Россия и латинство. Сборник статей» деген жинақ шығады.

-1923 жылдан бастап еуразияшылдықтың баспа органы  — «Евразийский временник» шыққан.

-1927 жылға дейін 3 нөмірі жарық көрген. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында еуразияшылдық топ арасындажікке бөліну басталғанда тағы екі жинақ жарық көрген.

-Парижден 1931жылы «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая»атты келесі кітап шыққан. Сондай-ақ, жинақтармен қатар мерзімді басылымдар да жарияланған.

-1925 жылдан 1935 жылдар аралығында «Евразийские хроники» (барлығы 12) шыққан. Бұлар негізінен еуразияшылдықты насихаттауға мақсатталды

Еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен эволюциясы. Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Ерекше географиялық дүние іспетті Еуразия тұрғындары не батыс еуропалықтарға, не қиыр немесе оңтүстік-шығыс азиаттарына ұқсамайды. Еуразиялық халықтарда славяндардың және тұрандықтардың ерекшеліктері аралас болады. Осыдан барып «Шығыс-Батыс» жүйесінде Қазақстан мен Ресейдің орны жөніндегі мәселе шешілуі керек. Қазақстан мен Ресей – Батыс та және Шығыс та емес. Олар Еуразияға жатады және біртұтас славяндық-тұрандық айырмашылықты білдіреді. Батыс (орыс) мәдениетінде Шығыс әуендері, керісінше, Шығыс мәдениетінде Батыс әуендері мен элементтері кездеседі. Бұл орыс және басқа еуразиялық мәдениеттің ұқсастығымен, олардың тарихи астасуымен, тіпті орыстардың түріктермен, угро-финдермен, моңғолдармен тарихи достастық байланыстарымен дәлелденеді.Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты. Хандық дәуірде де, патшалық, одан қалды кеңестік Ресейдің отарында болған кезеңдерде де Қазақстанның Еуразия кеңістігінде алатын орны ерекше болды. Біздің еліміз геосаяси және өркениетті тұрғыда қарағанда Қытай, Орталық Азия мен Ресейдің арасында «кіндік ортадағы» жағдайды иеленеді. Еуразияшылдық идеясы 1920-шы жылдардан бастап, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялық идея еуропоцентризмді, отарлау мен империализмді теріске шығарады. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда тарихқа мәдени-өркениеттік көзқарасты ұстанғандар қатарына Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби секілді ойшылдарды жатқызамыз. Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ, одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын.

Еуразияшылдық «көп халықты ұлт» (немесе Л.Н.Гумилевтің кейінгі «еуразиялық суперэтнос» атауын пайдалансақ) біртұтас үйлесімділік құрамындағы әрбір халықтың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл мұраттың негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі «материалдық база» немесе «мемлекет алдында бас июшілік» емес, ең алдымен руханият және рухтың биіктігі болуы керек деп түсінді. Еуразиялық идея еуропоцентризмді, отарлау мен империализмді теріске шығарады. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда тарихқа мәдени-өркениеттік көзқарасты ұстанғандар қатарына Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби секілді ойшылдарды жатқызамыз.

Еуразия этностары: этногенезі және мәдениеті. Еділ бойы халықтарына жататын этностар

. Финтілдес халықтарға Орал тауларынан Балтық теңізіне дейін таралған эстон, корел, лопар, вепс, комизыряне, коми-пермяк, удмурд, марийц және мордва халықтары жатады. Келесі топты түркі халықтары- чуваштар,еділ бойы татарлары, башқұрттар Орталық Еділ бойы және Орал маңында Еділ бойы татарлары мен башқұрттар, Молдавиядағы гагауздар Украинаның аралас аудандарында тұрады. Мұнда үндіеуропа халықтарынан летто-литовтар, оған жататын литовтар және латыштар сонымен қатар Батыс Монғолиядан XVII ғ. қоныс аударған монғолтілдес қалмақтар өмір сүреді.

Шығыс Еуропаның славян емес халықтарының түп-тамыры еуропоидтық нәсілге жатады. Орталық Еділдің, Орал маңының халықтарында монғолоидтық нәсілдің аралас белгілері байқалады. Бұл ерте кезден бастап еуропеоидтар мен Сібірден келген монғолдардың арасында қатынастың болғанымен түсіндіріледі.

Финтілді халықтардың байланыстары Орал маңы мен Прикамьем олардың б.з.б. II м.ж ата-бабаларының Орталық Еділ бойы мен Батысқа жылжуы, б.з.б I м.ж. олар Балтық теңізі мен Кольск түбегіне жетпегінен басталады. Ұзақ орналасу процесінде жекелеген және араласқан түпкі халықпен қосылып финтілді халық тобы қалыптасты, олардың алғашқысы перм халықтарын құрайды, екіншісі- поволждік финдер және үшіншісі- солтүстік-батыс финдер. Марий тілі перм және мордов тілі арасынан орташа дәрежені құрайды. Мардов тілі балтық маңы финдерінің тілдеріне жақын.

Еділ бойы және Орал маңы бойындағы түркі халықтарының этногенезі қүрделі тарихи жағдайлармен Еділ бойына ұлы халықтардың қоныс аудару кезеңіндегі қиындықтармен байланысты. Ежелгі түріктер Орталық Еділ бойында б.з. бірінші ғасырында пайда болды.

Кейін түрік халықтарының үздіксіз қоныстануы Алтын Орданың құлауына дейін жалғасты. VII-VIII ғғ. Солтүстік Кавказдан жылжып келген бұлғарлар Еділ бойын, оңтүстікте Кама сағасына дейін қоныстанды. Мұнда XIII ғ. татар-монғолдар күйреткен Волж Бұлғар мемлекеті қалыптасты (X ғ). Бұлғарлар Еділ бойындағы түркі халықтарының шығу тарихына үлкен із қалдырды. Чуваш халқының негізін кейін Бұлғар мемлекетінің құрамына кірген ежелгі түріктер, суварлар, суваздар қалады. Бұлғария құлағаннан кейін олар жергілікті марий халқын ығыстыра отырып, қазіргі Еділ бойына қоныс аударды.

Чуваштардың тілі түрік тіл тобының бұлғар-хазар тармағына жатады. Қазан татарларының шығу тегіне бұлғарлармен қатар XV ғ. Қазан хандығының негізін қалаған ноғаймен тайпалары да үлес қосты. Башқұрлардың қалыптасуына түркі тайпаларымен қатар қыпшақтар да үлкен із қалдырды, осылайша, башқұр тілі түркі тіл тобының қыпшақ тармағына жатады. Башқұрлардың ата-бабалары Алдыңғы Орал халқының түркіленген угор тобы деуге негіз бар. Қазақ фольклорында башқұрлар «естек» этнонимімен аталады бұл олардың шығу тегінің угро-фин екенін көрсетеді.

Летто-литов тайпаларының қалыптасуы көршілес ежелгі славяндардың қоныстану үрдісімен қатар жүрді. Летто-литов тілі басқа үндіеуропа тілдерімен салыстырғанда славян тіл тобына жақын. Латыш және литов халықтарының негізін летто-литов тайпалары құрады.

Молдав халқының негізінде Рим патшалығы кезінде романданған дак-фракий тайпалары жатыр. Соңғы уақытта молдавандар мәдениет және тіл жағынан ерекшеленген шығыс славян халықтарының ықпалын сезінді.

13.Кавказ халықтары. Сыртқы физикалық келбетіне қарай еуропоидтық нәсілге жатады. Қазіргі кезде Кавказда қолданылып жүрген, Кавказ халықтарының көбісі- грузиндер, абхаздар, абазиндер, адыгейлер, черкесстер, кабардиндер, шешендер, ингуштар және Дағыстанның кумыктардан басқа халықтары сөйлейтін тіл-кавказ немесе яфет тілдері. Бұл тілдер бір-бірінен өзгеше және бөлшектенген. Соңғы уақытта кавказ тілдері бір тіл тобына жатпаған деген пікір айтылып жүр.

Келесі тіл тобын иран тармағына жататын үндіеуропалық тілдер құрайды. Кавказдың иран тілдес халықтарының қалыптасу жолы әртүрлі. Солтүстьік Кавказда б.з.б. I м. ж. бастап иран тілдес халықтар көшіп жүрген. Халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде тауға ығысқан аландар кавказ тілдес халықтармен араласып, осетиндердің қалыпатасуына ықпал еткен.

Армян халқының қалыптасуы Кавказ бойымен байланысты. Армян халқының шығу тегіне б.з.б II м. ж. Балқан жарты аралынан келген үндіеуропа тайпалары ықпал еткен. Шығыста олар армян және халдармен араласа түсті.

Кавказ халықтарының үшінші тіл тобын әзірбайжан, Дағыстандағы кумыктар, балкарлар, қарашайлар және Солтүстік Кавказдағы ноғайлар сөйлейтін түрік тілі құрайды. Бұл халықтардың шығу тарихы түріктердің Солтүстік Кавказға және Кавказдың арғы жағына қоныстануына байланысты. Солтүстік Кавказда әр уақытта келген ғұн, болгар, хазар, қыпшақ тайпалары жергілікті кавказ тілдес халықпен қатынасқа түсті және олардың біраз бөлігі түркіленді. Осылайша тілдері қыпшақ тармағына жататын кумыктар қалыптасты. Қыпшақтар тіл жағынан бір-біріне жақын балкар және қарашайлардың шығу тарихында маңызды орын алады.