Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс Айнр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465.2 Кб
Скачать

ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

СТОМАТОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ПРОФЕССОРА РУЗУДДИНОВА

«ФАРМАЦИЯ» БӨЛІМІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кремний

Орындаған: Айтбай Айнұр

Тексерген: Жантелиева Ляйла

Жоспары:

  1. Кремний туралы анықтама.................................3

  1. Кремнийдің алынуы...........................................4

  2. Электрондық формуласы...................................7

  3. Химиялық қасиеті..............................................15

  4. Физикалық қасиеті.............................................21

  5. Табиғатта кездесуі.Қолданылуы......................23

  6. Пайдаланылған әдебиеттер..............................27

Төртінші негізгі топтың көміртектен соңғы келесі элементі кремний.Кремний, жаратылыста таралуы жағынан салмақ проценті бойынша оттектен кейін екінші орын алады. Көміртек органикалық заттардың құрамындағы негізгі элемент болатын болса , кремний жер қыртысын түзетін минрералдық заттардың құрамындағы негізгі элемент . Кремний жаратылыста қосылыстар түрінеде ғана болады; ол қосылыстары: кремний диоксиді SiO (кварц,құм) , жер қыртысының негізгі массасы силикатты жыныстар (далалық шпат , слюда , каолин т.б). Кремнийдің тұрақты үш изотопы бар: 28 Si (92,27%) 29 Si(4.68%), 30 Si (3.05%) .

Кремнийді алғаш рет  1811 жылы  Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар  ашқан. 1824 – 1825 жылдары швед химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калиймен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп жеке бөліп алған.

Кремний

Бос түріндегі кремнийді бірінші болып 1823 жылы швед химигі Я.Берцелиус бөліп алады да оны силиций деп атайды. Оның кремний аталуын 1834 жылы Г.И.Гесс латынның ляпис креманс – от беретін тас немесе кремень , деген сөзінің негізінде ұсынған.

Кремний жерде ең көп тараған элемнттердің бірі , және де оның оксиді SiO2 жер қыртысының 50% көбін құрайды . Өте таза кристалдық SiO2 кварц ретінде (негізінен құм және кремний түрінде) және таулы хрусталь ретінде белгілі. Табиғаттағы кремний тек қосылыс – силикаттық жыныс түрінде кездеседі. Мысалы , слюда (қабаттас) K2O.Al2O3.6SiO2.H2O, ақ саз Al2O3.2SiO2.H2O6 дала шпаты K2O.Al2O3.6SiO2 және тағы басқа. Таза түріндегі көптеген табиғи силикаттар асыл да қымбат тастар болып келеді Кремнийді алудың белгілі әдістері, олар: -кокспен таза құмды тотықсыздандыру:

АЛЫНУЫ

Кремнийді алудың белгілі әдістері, 

олар:

-кокспен таза құмды тотықсыздандыру:

Бұл процесті өнеркәсіпте кеңінен пайдаланады, ол жоғары температура кезінде элекрлік пеште жүреді;

-балқыған кремнийфторлы натрийді  электролиздеп;

— магниймен немесе аллюминиймен тотықсыздындандыру (зертханалық әдіс):

Cутекпен немесе мырышпен кремний тетрахлоридін тотықсыздындадыру (барынша таза кремний түзіледі):

Тұзынан күшті қышқылмен бөліп алуға болады.

Na2Si03 + H2S04 (конц.) = H2Si03 ↓+ Na2S04

H2Si03 - екі негізді, әлсіз, тұрақсыз қышқыл.

Екі сатыда диссоциацияланады; тұздары силикаттар деп аталады.

NaHSiO3- натрий гидросиликаты

Na2Si03 - натрий силикаты

Na2Si03 + H20 + 2C02 = 2NaHC03 + H2Si03 ↓ ақ тұнба

Осыған қарағанда кремний қышқылы көмір қышқылынан да әлсіз қышкыл.

Н2Si03 оңай айырылады.

H2Si03 = Н20 + Si02

Na2Si03, K2Si03 - ерімтал тұздар, оларды сұйық шыны деп атайды, желім ретінде қолданылады.

Шыны алуда мына реакдиялар жүреді:

Na2C03 + Si02 = Na2Si03 + C02

CaC03 + Si02 = CaSi03 + C02

Кәдімгі шынының құрамын былай өрнектеуге болады:

Na20 • СаО • 6Si02

Химиялық шынының құрамы:

К20 • СаО • 6Si02.

Ол қиын балқиды.

Лағыл (рубин) шыныда Сr3+ ионы болады.

Таза құмнан кварц шыны өндіріледі, ол медицинада (ультракүлгін сәулелерді өткізетіндіктен), химиялық ыдыстар жасауда қолданылады.

Цемент ендірісінің негізінде мына реакциялар жатыр:

Аl203 • 2Si02 • 2Н20 = Аl203 • 2Si02+ 2H20

СаС03 = СаО + С02

СаО + Si02 = CaSi03

Цемент, бетон, темір-бетон, қожбетон - құрылыс материалдары.

Техникалық өнімнің тазалығы 93 – 99 %. Аса таза кремний алу үшін техникалық кремнийді ұшқыш туындыларына айналдырады, оларды айдау, ректификациялау, әбден суыту арқылы тазалайды. Кремнийдің ондай қосылыстары – тетрахлорид SiCl4 , трихлорсилан SiHCl және моносилан SiH4 . Екінші сатысында кремнийдің тазаланған қосылыстарын сутекпен тотықсыздандырады немесе қыздыру арқылы ыдыратады:

Жоғарыда келтірілген реакциялардың ақырғы өнімі поликристалды кремний. Кремнийдің монокристалдарын алу және әрі қарай тазарту үшін контейнерсіз зоналап балқыту қолданылады. Нәтижесінде кремнийдің жетілгенмонокристалдары алынады, олардағы қоспалардың жиынтық мөлшері 10-7 – 10-8 мас.үлес, % - тен аспайды.

Кремний алғаш рет кремнеземді металлотермиялық әдіспен тотықсыздандырып алынады: