- •Журналистиканың қоғамдық қызметтің түрі ретінде пайда болуы
- •Журналистика теориясының ақпаратты таратудағы әдістері, міндеттері, принциптері
- •Журналистика білімінің қазіргі жай-күйі, құрылымы, проблемалары
- •Журналистика туралы түсінік
- •Публицистика туралы
- •Бақ мазмұны
- •Ақпарат туралы жалпы түсінік
- •Ақпараттың түрлері
- •Бұқаралық ақпараттың мәні мен ерекшеліктері
- •Қр бақ туралы заңдары
- •Журналистика және журналистің құқықтық мәртебесі
- •Журналистика және халықаралық құқық
- •Шет елдердің құқықтық нормалары
- •Журналистикадағы авторлық құқық
- •Бақ заңы журналистің құқықтары мен міндеттері туралы
- •Функция
- •Әлеуметтік функция
- •Журналистиканың функциялары
- •Тікелей ұйымдастырушылық және мәдени функциялар
- •Қоғамдық пікірді қалыптастыру – журналистиканың маңызды функциясы
- •Анықтамалық және жарнамалық функциялар
- •Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме
- •Қоғамдық пікір функциялары
- •Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері
- •Принциптер – журналистік қызметтің теориялық-методологиялық негізі
- •Шыншылдық пен обьективтілік – баспасөзге қойылатын жаңа талаптар
- •Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер
- •Журналистика қызметі бостандығының проблемалары
- •Баспасөз бостандығы, оның мәні
- •Баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары
- •Қажеттілік
- •Жауапкершілік
- •Бостандық
- •Баспасөз бостандығы
- •Ресми баспасөз
- •Тәуелсіз баспасөз
- •Журналистиканың жоғары нәтижелілігі
- •Журналистиканың тиімділігі
- •Журналистиканың пәрменділігі
- •Нәтижелілік өлшемдері
- •Нәтижеліліктің екі түрі
- •Журналистиканың қызмет ету проблемалары
- •Бақ аудиториясы
- •Аудиторияны зерттеу
- •Оқырмандармен байланыс
- •Бақ аудиториясының талап-тілектері
- •Бақ процестерінің әлеуметтік-психологиялық проблемалары
- •Бақ аудиториясының қажеттіліктері
- •Аудиториямен баспасөз конференциясын өткізу
- •Қоғамдық пікірді қалыптастыру
- •Журналистика тиімділігін арттырудың факторы
- •Бақ жіктелісі
- •Қазақстандағы бақ жүйесі
- •Тәуелсіз, ресми, коммерциялық басылымдар мен телерадиолар
- •Баспасөз
- •Газет-журналдар
- •Кітап баспалары
- •Баспасөз қызметі
- •Баспасөз орталықтары
- •Ақпарат агенттігі
- •Электронды ақпарат технологиясы
- •Электронды газеттер
- •Электронды журналдар
- •Радиохабар
- •Кабельдік және сандық теледидар
- •Интернет, компьютерлік технология
- •Журналистік қызметтің түрлері
- •Тілші, диктор, оператор
- •Режиссер, сценарист
- •Редактор
- •Менеджер
- •Продюсер, модератор
- •Публицист – қоғам мүддесін көздеуші
- •Публицистік материалдар
- •Публицистика
- •Очерк, есеп
- •Мақала, шолу
- •Журналистік қызметтегі обьективтілік және субьективтілік факторлар
- •Шығармашыл ұжым
- •Редакциядағы еңбек бөлінісі
- •Публицистика, оның түрлері
- •Мерзімді басылымдардағы публицистика
- •Қазіргі публицистика
- •Ғылыми стиль
- •Әдеби стиль
- •Журналистік шеберлік
Журналистиканың қоғамдық қызметтің түрі ретінде пайда болуы
Журналистика теориясының ақпаратты таратудағы әдістері, міндеттері, принциптері
Журналистика білімінің қазіргі жай-күйі, құрылымы, проблемалары
Журналистика қазіргі қоғамда 4-ші билік болып есептеледі. Демократиялық қоғамда билік жүйесі 3 тармаққа бөлінеді:
Президенттік билік.
Өкіметтік билік.
Сот билігі.
Журналистика қоғамдық пікірді қалыптастырады. Қоғам экономикасында, рухани салада болып жатқан жаңалақтарды өз аудиториясындағы оқырманға ұсынады.
БАҚ – бүгінгі таңда өз аудиториясы үшін күреседі. Себебі, бұның өзі нарық заңы, ал нарық талаптары қатал. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газеті – Президент бағытындағы газет, яғни оның бетіндегі материалдар ресми сипат алады.
Президент, Парламент қабылдаған жарғы, заңдар міндетті түрде осы газетте ғана жарияланады. Ал өзге басылымдар, мәселен, құрылтайшылары ЖШС, фирма немесе коммерциялық түзілімдер болған жағдайда бұндай БАҚ-тар тәуелсіз БАҚ болып есептеледі.
Журналист бүгінгі таңда республикамызда өзіндік мектебі, дәстүрі бар салаға айналды. Әлеуметтік-экономикалық, халықаралық, рухани және т.б. салалар бойынша шебер журналистер мектебі қалыптасты.
Қазіргі таңда журналистикасыз өмірді елестету мүмкін емес. Кешегі күндері бұқаралық ақпарат құралдарына газет және журналдар енсе, бүгінгі таңда теледидар, радио, коммуникация жүйелері қосылды. Ал интернет осылардың барлығын бір өзіне жинаған.
ҚР журналистикасының әлемде өзіндік орны бар. Біздің елімізде соңғы жылдары қатарынан 6 рет әлемдік медиафорум өтті. Бұған әлемнің түкпір-түкпірінен айтулы басылымдардың өкілдері қатысты. Телерадио құрал жабдықтары заман талабына жауап береді. Сондықтан техникалық жақтан әлемдік стандарттарға толық сай келеді.
Журналистика - әлеуметтік басқару құралы
Журналистика туралы түсінік
Публицистика туралы
Бақ мазмұны
Журналистика ең алдымен ақпарат туралы мәліметтер берумен ерекшеленеді. Журналистикадағы оның ең шағын түрі - мақала. Мақала қысқа жазылатын деректер негізінде дайындалады. Берілген мақаланың өн бойындағы көтерген мәселенің тақырыбы - басты кейіпкерлері, кәсіптері, мекен-жайы нақты беріледі. Бұндай өлшем мақалаға тән әрі маңызды талаптардың бірі. Тілі қысқа әрі нұсқа болады. Бас мақала өлшеміндегі сөздердің орнына берілген бүгінгі журналистикалық мақала сонымен бірге жан-жақты баяндалумен ерекшеленеді. Сондықтан мақаланың шағын түрін кейде хабар деп те атайды.
Мақаланың ең қысқа түрі «жүгіртпе» жол. Ол теледидарда көбірек пайдаланылады. Аталып кеткен жүгіртпе жол көп жағдайда бір ғана сөйлемнен құралады. Жан-жақты жазылған мақала өзінің кең ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мақалалар кейде мұндай жағдайда мерзімді баспасөзде тұтас бір бетті алуы мүмкін.
2. Очерк. Очерк журналистикаға және әдебиетке де тән жанр. Очерк көркемділігімен ерекшеленеді. Очеркте белгілі бір сюжет, оқиға, әдебиетке тән диалогтар сияқты элементтер кездеседі. Сондай-ақ, очерктің басты ерекшелігінің бірі - оқиға нақты деректерге құрылады. Мысалы, Ыбырай Жақаев жөнінде жазылған «Өмір сыры» қазақ әдебиетіндегі роман жанрында жазылған очерк типтес көркем туынды болып есептеледі.
3. Публицистика (көсем сөз) жоғары леппен, өршіл рухпен жазылады. Публицистика тілі нақты әрі қысқа, әрі нұсқа болуымен ерекшеленеді. Мақаланың өн бойында айтылар ой мен пікір, қайрат пен жігерге толы болады. Публицистиканы кешегі кеңестік дәуірдегі коммунистік идеология үлкен шеберлікпен пайдаланды. Мысалы, Н. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?».
Журналистика – қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы
