Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Belok_Saken_Agay_shpor_docx-1458338658.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.51 Кб
Скачать

1-билет

1.Ақуыздық заттар биотехнологиясы пәні. Ақуыздар — жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі. Оның элементтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және «протеин» (protein – бірінші) деп атауды ұсынған голландия химигі және дәрігері г.я. мульдер (1802-1880) болатын.ақуыздар аминқышқылының тізбегінен тұрады. Ақуыздар тірі ағзаның құрамына кіріп қажетті маңызды функцияны атқарады. Ақуыздарды құрылымы және функционалды атқаратын қызметіне қарай бөлу қиын. Ақуыздарды құмына, қышқылдығына қарай ақуыз емес топтарына қарай бөлген. Демек, ақуыздар жай (протеин) және күрделі (протеид) деп бөлінеді.жай ақуыздар гидролиздегенде тек аминқышқылын түзеді. Жай ақуыздарға альбумин, склеролротеидтер жатады. Күрделі ақуыздарға ақуызбен нуклеин қышқылының комплекстері (нуклеопротеидтер), полисахаридтермен ақуыз комплестері (гликопротеидтер), липидтер (липопротеидтер), бояғыш заттармен (хромопротеидтер), фосфор қышқылының қалдықтарымен (фосфопротеидтер), ауыр мателдардың иондары (металопротеидтер) жатады. Ақуыздар молекуласының формасы бойынша глобулалы және фибрилді деп бөлінеді.

2.Белоктарға тән сапалық реакциялар

Белоктарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады.

А) ксантопротеинреакциясымен (грек. Ксанты — сары) құрамында бензол ядросы бар ақуыздар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.

Ә) биурет реакциясы. Мыс (ii) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен ақуыздарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция ақуызтардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.

Б) құрамында күкірті бар ақуыздарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі. Белоктарды анықтауда бір қатар түрлі – түсті реакциялар бар.Биурет реакциясы. Мыс тұздарымен, жеке сілтілермен белок күлгін түске боялады. Бұл реакция пептидті байланысы бар заттарға тән.Ксантопротеин реакциясы. Азот қышқылымен белоктар сары түске боялады, оған аммиакпен әсер еткенде қызғылт сары түске өтеді. Бұл реакция кезінде ароматты амин қышқылы белоктарда болатын ароматты сақинаны нитрлеу жүреді.Миллон реакциясы. Азот қышқылындағы сынап нитратының ерітіндісімен белоктар қызыл түске боялады. Бұл реакция фенол тобының барлығына байланысты.Сульфгидрилді. Натрий плюмбитімен белокты қыздырғанда, қара түсті қорғасын сульфиді тұнбаға түседі. Бұл реакция сульфгидрилді топтың (-SH) барлығын көрсетеді.Нингидрин реакциясы. α – амин қышқылдары және полипептидтер нингидрин ерітіндісімен қыздырғанда көк түс пайда болады. Бұл қасиетті амин қышқылдарын хроматография әдісімен анықтағанда қолданады.Белоктардың ерітінділерде тұрақтылығы неге неізделген? Тұрақтылық факторлары.Белок молекуласының беткі қабатында заряды және оны қоршап тұратын гидратты қабатының болуына байланысты белоктар ерітінділері тұрақты болады. Оларды тұрақтылық факторлары деп атайды. Егер тұрақтылық факторларының бірін жойса, белок тұнбаға түседі.. Тұнбаға түсу реакциялары. Ерітіндіден белокты қалай тұнбаға түсіруге болады? Тұнбаға түсу реакцияларының медицинадағы маңызы.

3.Ас қорыту жолдарындағы белоктардың шіруі. Ұйқы безінің протеолитикалық ферменттерінің  жепіспеушілігі қорытылмаған белоктардың нәжіспен шығарылуын тудырады. Қорытылмаған белоктар тоқ ішектің  микроорганизмдерінің әсерінен ыдырауға ұшырайды. Бұл процесс-ішекте белоктардың шіруі деп аталады. Белоктардың шіруі кезіндегі аминқышқылдарын ішектің бактериялары энергетикалық материал ретінде пайдаланады, соның әсерінен улы заттар-спирттер, альдегидтер, аминдер, күкіртсутегі, фенол, индол, скатол және крезол түзіледі, олар қанға сіңіріледі, егер де  уақытында  залалсыздандырылмаса, ағзаға зиянды токсикалық әсер етеді. Тоқ ішектің  бактерияларында улы заттардың түзілуі аминқышқылдарының дезаминдену  және декарбоксилдену реакциялары нәтижесінде жүреді. Декарбоксилдену кезінде  өте токсикалық аминдер түзіледі, ал дезаминдену  кезінде токсикалық болатын кетоқышқылдар, спирттер және альдегидтер түзіледі.

Улы заттарды залалсыздандыру өнімдері бауырдан қан ағынымен бүйрекке келіп түседі де, ағзадан зәрмен шығарылады. Бауырдың залалсыздандыру қызметі зақымдалған жағдайда улы заттар ағзанығң ауыр улануын және өлімін тудырады. Бауырдың  детоксикациялық қызметінің  жағдайын бақылау мақсатында квик әдісі   пайдаланылады. Ол үшін  науқасқа зиянсыз бензой қышқылының ерітіндісі ішкізіледі де, бұдан соң тәуліктік  зәрде бензой қышқылы мен гликоколдан түзілетін гиппур қышқылының мөлшері анықталады.  Шығарылған гиппур қышқылының  мөлшері бойынша бауырдың залалсыздандыру  қызметі туралы қорытынды жаслады.  

2 -билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]