Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20 ғасыр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.35 Кб
Скачать

10. Діни ағартушылық бағыттағы ақындар және араб-парсы поэзиясындағы ықпалдастық дәстүр.

11. С.Дөнентаев шығармашылығы. Сәбит Дөнентаев - ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы - демократ ақындарының бірі. Ол - өзінің шығармаларында еңбекші халықтың өмірін және совет дәуірінің шындығын социалистік реализм әдісімен жырлаған талантты ақын.

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы қазіргі Павлодар облысының, Ақсу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен ескіше хат танып, кейіннен Павлодар медресесінде оқиды. Мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады.

1913 жылы «Айқап» журналында ақынның «Қиялым» деген өлеңі жарияланды. Бұл - ақынның таспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселесінің бәріне үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады.

1916 жылы патша үкіметінің қазақтарды тылдағы қара жұмыстарға алу жөніндегі жарлығы бойынша Екібастұз шахтасында, кейін Рига маңындағы майдан шебінде окоп жұмыс қазу жұмысында болған.

Туған еліне қайта оралғаннан кейін Семей қаласындағы мұғалімдер даярлайтын курста оқыды. 1919-1922 жылдар арасында қазақ ауылдарында мұғалім, халық соты қызметтерін атқарды.

1928 жылдан бастап С. Дөнентаев «Қазақ тілі» газетінің редакциясында жұмыс істеп, барлық күш жігерін қазақ әдебиетін дамытуға жұмсайды.

С. Дөнентаевтың «Қиялым» деген тұңғыш өлеңі 1913 жылы «Айқап» журналында басылып шықты. 1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен шыққан өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді. Ал, 1957 жылы шығармаларының академиялық жинағы шықты.

С. Дөнентаевтың ақындық қызметі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі - 1912-1918 жылдар арасы, екінші кезең - кеңес дәуіріндегі шығармашылығы, яғни 1918-1928 жылдар арасы. Ақынның «Заман кімдікі», «Досқа», «Замандастарға», «Балалық» және т.б. өлеңдері халықтың азаттыққа ұмтылу арманын суреттейтін реалистік шығармалар болды.

С. Дөнентаевтың кеңес дәуіріндегі өлең-жырларында өмір шындығы жан-жақты, кеңінен қамтылған. Ақын шығармалары тақырып, жанр, көркемдігі жағынан да әр алуан болып келеді.

С. Дөнентаев өз дәуірінің қоғамдық шындығын кең жырлаған, қазақ әдебиетінің өткір сатиралық стильді қалыптастырған ірі суреткер ақын.

12. Т. Ізтілеуовтің «Жер жүзін жеті қабат зұлмат басты» өлеңінің мазмұны. Тұрмағамбеттің революциядан бұрын жазғандары ұлы революцияға дейінгі ескі өмірдің кейбір көріністерін сыншыл- дықпен көзге елестетеді; халықтың қараңғылығы, бай мен кедей арасындағы элеуметтік теңсіздік, бай, би, қожа, молда- лардың ұсқынсыз қылықтары оның бірсыпыра шығармала- рында-ақ сыналады. «Қара. қоңыз» (1896), «Мәгес молдаға» (1905), «Бар мен жоқ, ал мен бер» (1906), «Жер жүзін жеті қабат зұлмат басты» (1916) т. б. өлеңдерінде Тұрмағамбет үстем тап адамдарының өрескел міндерін беттеріне басады.

13. Ағартушы ақындардың шығармашылық ізденістері

14. С.Көбеев әдеби мұрасының ерекшелігі. СпСпандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.

Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.

1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

 Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған