- •2. Б.Майлин әңгімелеріндегі қарапайым адам бейнесі.
- •3. Мәшһүр Жүсіптің «Ағайын» атты туындысын талдау.
- •6. Нұржан Наушабайұлының «Нұржан мен Бибісара» айтысының тақырыбы.
- •7. Хх ғасыр басындағы әдеби процесінің даму ерекшеліктері.
- •10. Діни ағартушылық бағыттағы ақындар және араб-парсы поэзиясындағы ықпалдастық дәстүр.
- •13. Ағартушы ақындардың шығармашылық ізденістері
- •15. С.Торайғыровтың «Өңім бе, түсім бе?» өлеңінің тақырыбы
- •16. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылығының сыншыл-реалистік дәрежеге көтерілуі.
- •17. Әсет Найманбаев шығармаларындағы шығыстық дәстүр.
- •19. Азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, м.Жұмабаев, ш.Құдайбердіұлы, ә.Бөкейханов т.Б.).
- •22. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жалпы жетістіктері мен өсу белестері.
- •25. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі түрлі сын жанрларының пайда болуы.
- •27. М. Дулатұлының «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі хәлі» деген өлеңін талдаңыз.
- •28. Хх ғасыр басыда тың жанр драматургияның дүниеге келуі.
- •30. Нұржан Наушабаев «назымдары».
- •31. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі тапшыл бағыт.
- •34. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт-азатшыл бағыт.
- •40. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі азатшыл-демократтық бағыт.
- •43. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби-көркемдік ізденістер.
- •45. Ғ.Қараштың «Тіршілік мұраты» өлеңінің идеясы.
- •46. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлық ізденістер.
- •49. Хх ғасыр басындағы әдебиеттің даму ерекшеліктері туралы..
- •52. Хх ғасыр басындағы тарихи әлеуметтік жағдай, баспасөз, «Айқап» журналы.
- •53. А. Байтұрсыновтың шығармашылық өмірбаяны, әдебиеттану ғылымының негізін салушы, теоретик екендігі.
- •55. Хх ғасыр басындағы көлемді жанрлардың пайда болуы.
- •58. Хх ғасыр басындағы қазақ басылымдарында әдеби ой-пікірлер көрінісі.
- •67. Хх ғасыр басындағы шығармалардағы ұлттық мүдде. Х.Досмұхамедов, ғ.Қарашев, б.Күлеев, с.Садуақасов, ә.Бөкейхановтар шығармалары негізінде.
- •70. Нәзирашылдық дәстүр туралы түсінік. Хх ғасыр басындағы әдебиеттен қиссашылдық әдебиеттің алатын орны.
- •71. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы негізгі тақырыптар.
- •73. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ драматургиясының жетістіктері.
- •74. «Айқап» журналының ұлт мәдениетіне қосқан үлесі.
- •75. Ілияс Жансүгіровтың «Исатай Махамбет» пьесасы.
- •76. Хх ғасырдың бірінші жартысындағы сын жанрының дамуы.
- •77. Шәкәрім Құдайбердиев туындыларындағы тақырыптық, идеялық, көркемдік сипаттар.
- •78. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі.
- •79. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы жетістіктер.
- •80. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы.
- •81. Сәбит Дөнентаевтың «Мысал» жанрындағы өлеңдерін талдау.
- •82. Хх ғасырдың басындағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналған зерттеулер.
- •83. Хх ғасыр басында жарық көрген кітаптардың маңызы.
- •85. Хх ғасыр басындағы діни ағартушылық бағыттағы ақындар шығармашылығының ерекшеліктері.
- •86. Бейімбет Майлин әңгіме жанрының шебері.
- •87. Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасындағы өнерпаз тағдыры.
58. Хх ғасыр басындағы қазақ басылымдарында әдеби ой-пікірлер көрінісі.
59. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
60. М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” мен “Бала” әңгімесі, кейіпкер психологиясы, характер ерекшелігі тұрғысынан талдау жасау. Автор «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде шығармашылық еркіндікке жекелеген әйел образы, оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы барды. Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ретіндегі жан сырын ашып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге ұмтылу бар.Жанры жағынан қарастырғанда бұл шығарма-психологиялық әңгіме. Автор адам жанының құпия сырларын шұқшия зерделеп, саралайды. Мағжан Жұмабаевтың көркем мінез жасау жуйесінде күрделі психологизм алдыңғы сапқа шығып, көркем зерттеу нысанына айналған.М.Жұмабаевтың қай шығармасынан болсын жаңашылдық пен өзгешелік көрініп тұрады. Шолпанның өзгеден оқшаулығы-өзінің сүйгеніне, жүрегі қалаған адамға тұрмысқа шыққандығында. Ол кезенде сүйгеніне тұрмысқа шығу- қазақ қыздарының арасында сирек кездесетін жайт.
61. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріне дейінгі кезеңі
62. Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік” романына әдеби талдау жасау. «Қыз көрелік» – әйел теңдігі, ағартушылық тақырыбын заманында ешкімге ұқсатпай, өзіне тән көркемдік ізденіспен өрнектеген шығарма.Туындының негізгі ой қазығы – оқығаны арқасында өз басының теңдігін сақтап, бақытына қол жеткізген әдепті қыз Ғайникамал тәрізді қазақ қызын дәріптеу.Роман өлең үлгісімен жазылған. Әйел теңдігін сол кездегі туындыларда кеңінен айтылғаны мәлім. Осы сәйкессіздікті, жағымсыз өмір салтын сынауда ақын өзгеше логикалық қисын табады. «Кәріні жас құшақтау мін болмаса, кемпірді жас жігіттер неге алмайды?» деген дәлелді сауал тастайды. Ғалым Б. Кенжебаев белгілі монографиясында 20 ғасыр басындағы әдебиеттің дамуында әйел теңдігі тақырыбын жазуда екі концепцияның болғандығын айтады. Бірі – ескілік әдет-ғұрып әлі де күшті, жастардың махаббат еркіндігіне жетуіне мүмкіндік жоқ деп келетін трагедиялық шығармалар жүйесі болса, екіншісі заман өзгеріс үстінде, өз еріктері үшін бел шешіп күресе білген жастар мақсаттарына жетуіне болады деп келетін оптимистік үлігдегі туындылар еді.
63. Ә.Тәңірбергенов «Тәуке – Ұрқия» дастанының тақырыбы Әріп 1913 жжылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды.
64. Абай поэзиясы мен көзқарасының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне ықпалы. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеіндегі Абай дәстүрі және жаңашылдық. Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай халықтың мүддесін, тілек-талаптарын терең түсініп, ез шығармаларына өмір шындығын арқау етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді терең толғап, заман ағымын, ел жайын шебер бейнелеп айтқан қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып-түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан. Абай - қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол - керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл-философ ақын деген мағынада айтамыз. Қай ақын болсын халық даналығынан сусындайды, сөз байлығы, өнерпаздық үлгісінен үйреніп нәрленеді. Абайдың дәстүрлерін сөз етпей тұрып, оның езінен бұрынғы поэзиялық өнеге-үлгілерге табан тірегенін атап айту керек. Абайдың жаңашылдығын айту үшін, оны бұрынғы ақындардан алшақтатып әкету, тіпті, оларға қарама-қарсы қою дұрыс емес. Мұның өзі біздің әдебиеттануымыздағы орын алып келген бұрынғыны жете бағаламаудың, ол аз болса мүлде жоққа шығарудың бір көрінісі еді. Алдында бірнеше ғасыр бойы кеңінен қанат жайып өркендеген жырау, жыршы ақындар поэзиясы болмаса, тамыры тереңде жатқан халық ауыз әдебиеті болмаса, Абай поэзиясы шырқау биікке көтеріле алмас еді. Мәселе Абайдың белгілі бір ақындардың өнерін, шеберлігін қалай бағалауында, қаншалықты мойындағанында емес. Әдебиетте мүлде жаңа өріс іздеп, өзгеше өрнектер табуға ұмтылған жаңашыл ақын алдындағы кейбір атақты сөз зергерлерін сынай сөйлесе, оның жөні бөлек. Абайдың шығармашылық өнерінің арнасы кең, ақын сусындаған бұлақтары мол екені үнемі айтылып келеді. Алайда, атап, анықтап айтатын нәрсе - Абай поэзиясының негізгі тірегі, қайнар көзі, ана сүтіндей нәрлендірген арнасы - халық поэзиясы, қазақтың ақындық енері, Абай поэзиясы қазақ топырағында өсіп-өнді. Шығыс, орыс, Европа әдебиеттерінің ықпалы да мол болғаны талассыз. Абай шығармашылығының қоғамдық, танымдық, көркемдік-эстетикалық мәнін толық түсіну үшін оның әдебиетте орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын арнайы қарастырып, тексеру қажет. Ақын тұлғасы қаншалықты ірі болса, ықпалы да соншалықты зор болатыны, айналасына түсетін жарығы да мол болатыны анық. Абайды ұлы ізашар ақын деп қарағанда оның шығармашылық дәстүрлерін дамытып жалғастырған ізбасар ақындар деп, қазақ поэзиясының бір туар аса көрнекті қайраткерлерінен Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовты алдымен айтамыз. Әрине, бұл топқа басқа бірталай ақындарды қосуға болады. Тікелей шәкірті болған балалары Ақылбай, Мағауия немесе Абайдың айналасында болған, жақын жүрген Әсет, Көкбай ақындар туралы бұрынды-соңды айтылмай жүрген жоқ. Кең мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп, мысалы, Сәкен мен Ілиясты да, ал жеке бір қырларынан келсе, М. Әуезовті де, кейінгі белгілі ақындардың қайсысын болса да алып қарауға мүмкін екені талассыз. Абайдың ақындық дәстүрлерін тікелей жалғастырған осы ірі тұлғалар туралы ғана айтсақ та, ұлы ақын өмір сүрген 19 ғ. мен оның өнерпаздық өнегесін өркендетіп, дамытқан XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін талдап баяндауға толық мүмкіндік туады.
65. Ілияс Жансүгіровтың прозасы. Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы.Ілияс Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді.
66. Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағындағы идеялар. «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып дамытқан өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді. Оның өлеңдерінің тақырып қойылысының, өрнектелуінен, ой жүйелеу мәнерінен Абай, Ыбырай үлгілеріне жақындық, үйлесімділік, үндестік байқалады. Солар сияқты А. Байтұрсынов та айнала қоршаған ортаға айлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды.
