- •2. Б.Майлин әңгімелеріндегі қарапайым адам бейнесі.
- •3. Мәшһүр Жүсіптің «Ағайын» атты туындысын талдау.
- •6. Нұржан Наушабайұлының «Нұржан мен Бибісара» айтысының тақырыбы.
- •7. Хх ғасыр басындағы әдеби процесінің даму ерекшеліктері.
- •10. Діни ағартушылық бағыттағы ақындар және араб-парсы поэзиясындағы ықпалдастық дәстүр.
- •13. Ағартушы ақындардың шығармашылық ізденістері
- •15. С.Торайғыровтың «Өңім бе, түсім бе?» өлеңінің тақырыбы
- •16. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылығының сыншыл-реалистік дәрежеге көтерілуі.
- •17. Әсет Найманбаев шығармаларындағы шығыстық дәстүр.
- •19. Азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар (а.Байтұрсынов, м.Дулатов, м.Жұмабаев, ш.Құдайбердіұлы, ә.Бөкейханов т.Б.).
- •22. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жалпы жетістіктері мен өсу белестері.
- •25. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі түрлі сын жанрларының пайда болуы.
- •27. М. Дулатұлының «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі хәлі» деген өлеңін талдаңыз.
- •28. Хх ғасыр басыда тың жанр драматургияның дүниеге келуі.
- •30. Нұржан Наушабаев «назымдары».
- •31. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі тапшыл бағыт.
- •34. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт-азатшыл бағыт.
- •40. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі азатшыл-демократтық бағыт.
- •43. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби-көркемдік ізденістер.
- •45. Ғ.Қараштың «Тіршілік мұраты» өлеңінің идеясы.
- •46. Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлық ізденістер.
- •49. Хх ғасыр басындағы әдебиеттің даму ерекшеліктері туралы..
- •52. Хх ғасыр басындағы тарихи әлеуметтік жағдай, баспасөз, «Айқап» журналы.
- •53. А. Байтұрсыновтың шығармашылық өмірбаяны, әдебиеттану ғылымының негізін салушы, теоретик екендігі.
- •55. Хх ғасыр басындағы көлемді жанрлардың пайда болуы.
- •58. Хх ғасыр басындағы қазақ басылымдарында әдеби ой-пікірлер көрінісі.
- •67. Хх ғасыр басындағы шығармалардағы ұлттық мүдде. Х.Досмұхамедов, ғ.Қарашев, б.Күлеев, с.Садуақасов, ә.Бөкейхановтар шығармалары негізінде.
- •70. Нәзирашылдық дәстүр туралы түсінік. Хх ғасыр басындағы әдебиеттен қиссашылдық әдебиеттің алатын орны.
- •71. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы негізгі тақырыптар.
- •73. Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ драматургиясының жетістіктері.
- •74. «Айқап» журналының ұлт мәдениетіне қосқан үлесі.
- •75. Ілияс Жансүгіровтың «Исатай Махамбет» пьесасы.
- •76. Хх ғасырдың бірінші жартысындағы сын жанрының дамуы.
- •77. Шәкәрім Құдайбердиев туындыларындағы тақырыптық, идеялық, көркемдік сипаттар.
- •78. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі.
- •79. Хх ғасыр басындағы аударма саласындағы жетістіктер.
- •80. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы.
- •81. Сәбит Дөнентаевтың «Мысал» жанрындағы өлеңдерін талдау.
- •82. Хх ғасырдың басындағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналған зерттеулер.
- •83. Хх ғасыр басында жарық көрген кітаптардың маңызы.
- •85. Хх ғасыр басындағы діни ағартушылық бағыттағы ақындар шығармашылығының ерекшеліктері.
- •86. Бейімбет Майлин әңгіме жанрының шебері.
- •87. Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасындағы өнерпаз тағдыры.
1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ прозасы.20-шы ғасырдағы қазақ прозасының дамуы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі.ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», т.б. Мақыш Қалтайұлы Діни білімдарлығы.Мысал жанрындағы еңбегі. Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары; Шәді Жәңгірұлы, Шығармашылық өмірбаяны, Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық , т.б. мәселелер. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары. /«Атымтай Жомарт»/. Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/.Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы /1882-1939/. Өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын арқау етіп, еңбек, достық, адамгершілікті насихаттауы. Рубаяттары мен аудармасы /«Шахнама»/. Мұсабек Байзақұлы /1849-1932/. Өмірі мен шығарма-шылығы. Өлеңдеріндегі заман суреттері, азаматтық үн, ағартушылық ой-пікірлер /Адам түгіл алдайды періштені», «Ғылымсыз болып қартайсаң», т.б./ Мысал жанрында жазған өлеңдері. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. Шығармашылық өмірбаяны. Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Проза жанрындағы еңбектері. Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрім – тарихшы, философ. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. Лирикасы. б/ «Қамар сұлу» романы. «Кім жазықты» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі. Мұхамеджан Сералыұлы /1871-1929/. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы Публицистикаға қосқан үлесі. Аудармалары. Ақындығы. «Гүлкәшима» дастанындағы махаббат тақырыбы. Ахмет Байтұрсынұлы /1873-1937/. Шығармашылық өмірбаяны Ақындығы. Аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі.Міржақып Дулатұлы (1885 – 1935). Шығармашылық өмірбаяны, ақындық өнері, прозалық шығармалары, «Оян, қазақ» кітабының тарихи маңызы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы. Спандияр Көбейұлы(1878 –1956).Жазушының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласындағы қызметі, «Үлгілі бала» жинағын шығаруы. «Қалың мал» романының проза жанрын дамытуға қосқан үлесі. Образдар жүйесі. «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасы. Сәбит Дөнентаев(1894 – 1933).Ақынныңшығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі. Ғұмар Қарашұлы (1876-1921). Өмірбаяны,оқытушылық қызметі,өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі, стилі, өлең. Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918) Шығармашық өмірбаяны, Абай үлгісінде өлең жазуы. Ақын өлеңдеріндегі отаршылдық саясаттың әшкереленуі, замана шындығының көрініс беруі. Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмір жолы, қоғамдық қызметі. Өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері, Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі. Бернияз Күлеев (1899-1923), шығармашылық өмірбаяны, ақын поэзиясының өзіндік ерекшеліктері, өлеңдеріндегі ұлы Абай поэзиясының ықпалы. Ығылман Шөрекұлы (1876-1931), Тайыр Жомартбайұлы (1884-1937) сияқты қаламгерледің әдеби мұралары. «Исатай -Махамбет» дастаны. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы жайындағы өлең-жырлар және олардың тарихи маңызы, қазақ әдебиетінен алар орны.
2. Б.Майлин әңгімелеріндегі қарапайым адам бейнесі.
3. Мәшһүр Жүсіптің «Ағайын» атты туындысын талдау.
Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,
Алыстамай айналып, жақтайтын да ағайын.
Ауырыңды жеңіл ғып, жоқтайтын да ағайын,
Еркелетіп бетіңнен, қақпайтын да ағайын,
Жаман атақ бойыңа тақпайтын да ағайын,
Тарыққанда рақым ғып сақтайтын да ағайын.
Сабыры қалмай сағынып жүретін де ағайын,
Есіне алып елжірей білетін де ағайын.
Мақтағанда мамыққа бөлейтін де ағайын,
Алаңсыз сұрап алыстан жөнейтін де ағайын.
Сылдыр сөзбен сыбырлап, ерітетін де ағайын,
Ұйықтап жатқан жыланды түртетін де ағайын.
Айтқаныңа қалтқысыз сенетін де ағайын,
Аяқ тайса, алдымен көретін де ағайын.
Маңдайдағы күніңді жоқтайтын да ағайын,
Басыңдағы бағыңа тоқтайтын да ағайын.
Жаяу жүріп аттыға ұқсайтын да ағайын,
Адал айтқан ақылды ұқпайтын да ағайын.
Адасқанда аттарын беретін де ағайын,
Кем- кетікті көл қылып теретін де ағайын.
Туысқансып түрлі істі білетін де ағайын,
Қылға тізіп қимылды күлетін де ағайын.
Жолы болып жортқанда жүретін де ағайын,
Еріксіз ұстап қолыңнан беретін де ағайын.
Жан қысылса, жатырқап, үркетін де ағайын,
Көлгірсініп көз жасын сүртетін де ағайын.
Толып жатыр түрлі сөз, қайсы бірін жазайын,
Әуел баста аңдамай тартып жүрме сазайын!
Түсінсе түйіткіл сөзімді улы тілмен шағайын,
Өскен ордам жамандап, жақсыны қайдан табайын?!
Өкпелерге орын жоқ, қараңғы еді маңайым,
Өлмеген құл көреді-ау өзгерістің талайын. (1929 жыл).
4. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар. ХХ ғ бас кезіндегі әдебиет өкілдерін идеялық ұстанымы, өмірдің өзекті мәселесін көркемдік шындық арқылы көрсете білуі, қоғамдық-әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан 3 бағытқа бөлді. Себебі ХХғ бас кезінде қазақ жазушыларында әдеби мектеп қалыптаса қойған жоқ. Ал әдеби топтардың болғаны анық. Олар көбіне идеялық көзқарас тұрғысынан бірігіп, нақты бағыт ұстанды. Осының негізінде ХХғ басындағы қазақ ақын-жазушыларын идеялық әдеби ағым-бағыттарына қарай мынадай топтарға бөлді: 1) ағартушы ақын-жазушылар, 2) ағартушы демократ ақын-жазушылар, 3) буржуазияшыл-ұлтшыл ақын-жазушылар. Үш бағыттың алғашқысын «діни-ағартушы ағым» деп атаған еңбек те жарық көрді.Бұл бағытқа Шәді Жәңгіров, Шораяқтың Омары, Н.Наушаваев, М.Қалтаев,Ә.Кердері, М.Жүсіп жатады. Екінші бағытты ағартушы –демократтық бағытты бұрыннан солай аталып келеді, түпкілікті дәлелденген нәрсе. Бүған С.Дөнентаев, М.Сералин, С.Торайғыров, Шәкәрім, Тайыр Жомартбаев.Үшінші бағыт туралы әрқилы көзқарастар бар. Бұл бағытты ұлт-азатшыл бағыт деп танды.Бұл бағытқа мысал ретінде А.Байтұрсыновты алуға болады. Жалпы ХХ ғ бас кезіндегі әдебиетке тән басты ерекшелік – ұлт қамы қай бағыт ақын-жазушысының шығармашылығы болмасын ортақ мәселе ретінде көрініс табуы. Олар өз ұлтының өзге өркениетті елдердің қатарынан көруінаңсап,ел тірегінен шығып, әдебиеттіңұлттық рухыншырқау биікке көрерді. Қазақ халқының алдында тұрған асқарлы мақсаттарды әрқайсысы ой-өресінің жеткен қырынан тани отырып, негізгі мәселе ретінде қоя білді. ХХғ басындағы әдбиетке тән тағы бір ерекшелік- әлеуметтік-саяси мәселелерді көп көтеретіндігі. Отаршылдық талқыс езіп-жаншып, жері талан-таражға түскен, халқының тоз-тозы шыққан, бірліктен кетіп, берекесінен айырылған елінің қара түнектегі жағдайы қай бағыт ақын-жазушыларының шығармашылығында болмасын ортақ тақырып ретінде көрініс тапты. Мәселен діни-ағартушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің Байланып қорыққандықтан жүрдә тәләм, Қазағым,қайран жұртым, халқым елім. Мұжық кеп, қара шекпен крестьян, Жеріңді қылмады ма тілім-тілім,- деп қазақ жағдайына жүрегі қарс айырылса, ағартушы-демократ С.Торайғыров: Сұмдар салған жүректе Аз ба біздің жарамыз? Тепкісінде басқаның, Қор боп жүдеп барамыз,- деп, ұлтының қасіретті жағдайының ең негізгісін нақты атай отырып,елін серпілтер ой-идеяны өзіндік өршіл үнмен көтереді. Бұл құбылысты Абайша терең сезіне жырлаған ұлт-азатшыл бағыттағы А.Байтұрсынов: Қазағым,елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып, Талауда малың. Қамауда жаның, Аш көзіңді, оянып,- деп, халықтың мүшкіл халіне себеп болған басты жағдайлардың түп-тамырын даналықпен көре біліп, ұлт санасын «ояту» идеясын алға тартады.
5. Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы. Ол (3.10.1900, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы — 3.9.1946, Алматы) — ақын, әнші-композитор.
Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса” атанады. 1921 жылы Семейдегіжұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында, 1929—1932 жылы Қазақ педагогикалық институтында оқыған.
1926—1929 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек, Серке Қожамқұлов, Елубай, тағы басқа актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Бәйбіше — тоқалында” басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған “Біржан — Сара”қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932—1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.
Көптеген өлеңдеріне өзі өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен. Ақын өлеңдерінде фольклорлық сипат басым. Бұл — оның суырып салмалық талантына байланысты ерекшелігі. Байзақовтың жұрт алдында айтылатын ұзақ толғау алдындағы кіріспе іспетті, өзіндік әні бар желдірмелері халық арасына кең тараған. Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты. “Ұлы құрылыс” (1933), “Алтай аясында” (1934), “Он бір күн, он бір түн” (1938), “Кавказ” (1940), “Ақбөпе” (1941), “Қырмызы — Жанат”, “Қойшының ертегісі”, тағы басқа көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. “Құралай сұлу”, “Алтай аясында” поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды” заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі. Әлеуметтік қайшылықтарға толы “Ақбөпе” поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Ақбөпе — өз бақыты үшін күрескен өр мінезді қазақ қызының бейнесі. Байзақовтың ақындық дарыны Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше танылды. Ақын өзінің отты жырларымен ел ішіндегі насихат жұмысына белсене араласып, еңбектегі ерлікті жырлады. Байзақов 40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармашылығы — қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған.
Байзақовтың өмірі мен шығармашалығын Е. Ысмайылов, М. Хасенов, Р. Бердібаев, тағы басқа зерттеген. Жазушы Н. Ановтың “Ән қанаты” романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%A2%D1%83_%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%96" Т HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%A2%D1%83_%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%96"у орденімен марапатталған (1939). Эпикалық шығармалары: «Құралай сұлу» (1925), «Қойшының ертегісі» (1926), «Алтай аясында» (1939), «Кавказ» (1941), «Қырмызы-Жанай» (1940, аяқталмаған), «Ақбөпе» (1945), «Неге Алатау шаттанды» (1929), «Ұлы құрылыс» (1933), «Он бір күн, он бір түн» (1939).
