- •1.Қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту
- •2.Омонимдес аффикстерді меңгертудің тәсілдері
- •3.Төмендегі сөйлемдерден буын түрлерін анықтаңыз:
- •Интонема және оның сөйлемдерді ажыратудағы қызметі
- •Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •Морфонологиялық заңдылықтар: үнем принципі, морфонологиялық дыбыс алмасу
- •Орфографиялық норма және орфографиялық принцип түрлері
- •1 Интонацияның бірліктері мен компоненттері
- •Фонетика мен фонологияның зерттеу объектісі
- •1 Орфографиялық заңдылықтар
- •Педагогикалық біліктілік және шешендік қасиет
- •Төмендегі диалогтан орфоэпиялық норма талаптарын көрсетіп, дұрыс айту заңдылықтарын анықтаңыз.
- •7 Билет
- •1.Қазақ тілін сапалы оқытуда бағалау әдісінің алатын орны
- •2.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Морфонологиялық дыбыс алмасу заңдылықтары
- •9 Билет
- •10Билет
- •1.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2,Ресми стильдің белгілері
- •1.Септік категориясын сыни тұрғыдан оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Білім алушыларға морфологиялық талдау жасауды меңгерту
- •4 Кәсіби білім берудің дидактикалық мақсаты
- •6. Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •11. Педагогикалық біліктілік және интеллектуалдық қасиет
- •12. Сөйлеу кезіндегі дыбыс тіркесіміне тән ерекшеліктер
- •13.Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты
- •21. Жазылым әрекетін қолдануға тиімді лингвистикалық білім көздері
- •19. Қазақ тілі және этностық мәдениет сабақтастығы
- •31. Түсіндірме және қайта жасау (репродуктивті) əдістер, оқу процесіндегі маңызы
- •33. Проблемалық әдіс оның педагогика-психологиялық қырлары
- •40. Кәсіби қазақ тілінен базалық түсінік қалыптастыратын кәсіби терминдер жүйесін анықтау мен қолданудың жолдары
- •41.Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылу жолдары
2.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу түрлерінің бес түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
1) Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы бір жақта және 1-2 жақьарда жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс дүкеннен жүгіріп шықты деген сөйлемде Ілияс пен шықты, бастауыш пен баяндауыш ІІІ жақта қиысып тұр.
2) Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. Осындағы менің әкем , Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матасып тұр.
3) Бағыныңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен басқа септік жалғауларының біреуі жалғану не шылауы арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.
Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. Сөйлемдегі Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр.
4) Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.
Отаным десем ойыма
Айдын шалқар көл түсер...
Осындағы айдын, шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.
5) Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрін жанасу деп атайды.
Биыл ол мектепті бітіреді. Бұл сөйлемдегі биыл (бағыныңқы) сөзі бітіреді (басыңқы) сөзімен арасына сөз салып та, ол мектепті биыл бітіреді болып қатар тұрып та байланысады.
Сөздердің байланысу тәсілдері орыс. способы связи слов – сөйлемнің, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысқа түсу жолдары. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысқа түсуінің екі түрлі жолы бар
Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.
Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);
Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы.
Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсілдермен байланысады.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
3.Төмендегі сөйлемді орфоэпиялық норма бойынша транскрипциялаңыз: Таразы белгісіндегі адамдар өмірден үйлесімділікті тез табады, ұрыс-керісті ұнатпайды, тыныштықты артық көреді.
билет:1.Қазақ тіліндегі жақ категориясы және оны меңгерту
Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. Жатады. Жақ, тіл білімінде — сөйлеуші мен өзгелер арасының қатынасын білдіретін, зат есім мен етістікке тән грамматикалық категория. Қазақ тілінде жақтық мағына жіктік, тәуелдік жалғауларымен беріледі. 1-жақ — сөйлеуші, айтушы жақ, 2-жақ — тыңдаушы жақ, 3-жақ — бөгде жақ деп аталады. Зат есім 3-жақта жіктеледі, тәуелденеді: 1-жақ: “Мен ұстаз-бын”. 2-жақ: “Сен ұстаз-сың”. “Сіз ұстаз-сыз”. 3-жақ: “Ол ұстаз”; 1-жақ: “Менің үйім”. 2-жақ: “Сенің үй-ің”. “Сіздің үй-іңіз”. 3-жақ: “Оның үй-і”; Бірақ зат есімнің бәрі емес, адамға, оның кәсібіне, бейіміне қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. “Мен жақсымын”, “Сен басшысың”, т.б. Етістік те 3 жақта, белгілі бір шақта тұрып жіктеледі. Мысплы, 1-жақ: “Мен айтқан-мын”, “отыр-мын”. 2-жақ: “Сен айтқансың”, “отыр-сың”, “Сіз айтқан-сыз”, “отырсыз”. 3-жақ: “Ол айтқан”, “отыр”.
