Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кас жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.94 Кб
Скачать
  1. Орфографиялық норма және орфографиялық принцип түрлері

Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі немесе одан да көп түрде жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің (латын prinzipium - негіз, бастау) негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін өте қажет.

Ғалым Р. Сыздықтың ойынша, көптеген тілдердің орфогрфиясына көбінесе екі-үш түрлі принцип негіз болады. Олар морфологиялық және фонетикалық принциптер. Морфологиялық принцип бойынша, сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады. Фонеткалық принцип бойынша сөз бөлшектері айтылуы, естілуі бойынша жазылады. Орфографияда бұлардан басқа да дәстүрлік немесе тарихи принцип деген де болады. Дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазылу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады. Белгілі бір тілдің орфографиясында бұлардың біреуі негізгі, басым принцип болады. Сонымен қатар,  осы тілді орфографиялық принциптердің қалған түрлері де кездесуі мүмкін. Қазақ орфографиясының негізі морфологиялық принципке сүйенеді. Қазақ тіліндегі сөздердің басым көпшілігі негіз түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мәселен, жұмыс деген түбірге –шы, -шаң қосымшалары жалғанғанда, олардың естілуі жұмышшы, жұмышшаң болады. Бірақ сөздердің түбірі мен қосымшалары әрқайсысы түбір тұлғасын сақтап, жұмыс-шы, жұмыс-шаң  түрінде жазылады. Біріккен сөздер мен қос сөздер де негізінен морфологиялық принцип бойынша жазылады. Қарақұйрық.

Фонематикалық принцип[өңдеу]

Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.

  • Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).

Фонетикалық принцип[өңдеу]

Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.).

Тарихи-дәстүрлі принцип[өңдеу]

Тарихи-дәстүрлі принципжазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуындаәліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады.

  • Мысалы, тарих, халық, хикая, қаһарман, т.б. сөздердің жазылуы осы принципке негізделген.

Айырым принципі[өңдеу]

Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.

  • Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.[1][2][3][4][5][6]

Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі принцип басшалаққа алынады олар:

  1. Морфологиялық принцип-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі.

Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

  1. Фонетикалық пиринцип-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі.

Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б

3 Төменде дауыссыздары бірдей, тек дауыстылар арқылы мағыналары ажыратылатын сөздер берілген. Осы сөздерді «жуан-жіңішке», «еріндік-езулік», «ашық-қысаң» айырым белгілері бойынша жазып шығыңыз.

Көл, ал, төс, бір, бал, күл, жал, жөн, сәл, күң, жең, қар, үн, том, жым,

зікір, күн, көм, жұм, түс, ел, кел, кір, бұр, тіл, көң, он, ел, жұл, қор, кәр, күл, тос, сел, бір, сәл, іл, құл, тым, күң, тіл, жем, өн, қыр, зәкір, сөл, жар, жыл, қын, кір, құр, тас, түс, көн, бүр, сал, жөн, тыл, кем, құр, іл, бұл, жал, ұн, жан, жел, құн, жүн, кіл, кең, қыр, жыр, тыс, жол, жең, зекір.

«жуан-

жіңішке»

«еріндік-

езулік»,

«ашық-

қысаң

ал,

бал

Көл,

төс,

бір

Көл,

төс,

Ал,

Бір

бал

Көл,

ал,

төс,

бал

бір

ОСЫЛАЙ ЖАСАЙСЫНДАР

1) жуан: а, о, ы, ұ, у

2) жіңішке: ә, ө, і, ү, е, э, и, у

1) ашық: а, ә ,о, ө, е, э

2) қысаң: ы, і, и, у, ұ, ү

1) еріндік: о, ө, ұ, ү, у

2) езулік: ә, е, і, а, и, э, ы

4-билет