Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кас жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.94 Кб
Скачать

4 Кәсіби білім берудің дидактикалық мақсаты

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.  Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.

7. Интонема және оның қызметі

Сондай-ақ сегментті бөлшектерді – фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды – интонология зерттейді. Интонологияның өзіне тән зерттеу объектісі мен әдістері бар. Тіл жүйесінде дербес бір құбылыс ретінде интонацияның өзіндік мағынаға ие болатын бірліктері бар, олар интонема деп аталады. Қай тілде де интонемалардың саны белгілі бір мөлшерден аспайды. Сегментті бөлшектерді – фонемаларды фонология зерттейтін болса, сингемаларды – сингармонология, ал суперсегментті бөлшектерді – интонемаларды - интонология зерттейді. Қазіргі уақытта қазақ тілінің интонемалары және олардың варианттары анықталып, экспериментті түрде сипатталған. Сөйлемнің барлық түрлерінде де интонеманың өзіндік орны, атқаратын қызметі анықталды. Қазақ тіліндегі анықталған интонемалар тұңғыш рет сөйлемді ажырататын ең кіші функциялық бірлік ретінде қарастырылды. Сөйлемнің қай – қайсысы да интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсысының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемнің сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруы үшін интонеманың мәні ерекше. Қай тілде де сөйлеушінің жадында сол тілдің негізгі интонемалары сақталады және бұл интонемалар сөйлесудің эталоны болып табылады. Интонемалар фонемалар сияқты өзінің просодикалық өлшемдерімен және ерекшеліктерімен варианттарында көрініс табады. Ал ол варианттардың қайсысын қолдану-қолданбау сөйлеушінің мақсаты мен еркіне байланысты. Интонеманың да фонема сияқты дифференциялау қасиеті болғандықтан, негізгі қызметі сөйлемдерді ажырату болып табылады.