- •1.Қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту
- •2.Омонимдес аффикстерді меңгертудің тәсілдері
- •3.Төмендегі сөйлемдерден буын түрлерін анықтаңыз:
- •Интонема және оның сөйлемдерді ажыратудағы қызметі
- •Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •Морфонологиялық заңдылықтар: үнем принципі, морфонологиялық дыбыс алмасу
- •Орфографиялық норма және орфографиялық принцип түрлері
- •1 Интонацияның бірліктері мен компоненттері
- •Фонетика мен фонологияның зерттеу объектісі
- •1 Орфографиялық заңдылықтар
- •Педагогикалық біліктілік және шешендік қасиет
- •Төмендегі диалогтан орфоэпиялық норма талаптарын көрсетіп, дұрыс айту заңдылықтарын анықтаңыз.
- •7 Билет
- •1.Қазақ тілін сапалы оқытуда бағалау әдісінің алатын орны
- •2.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Морфонологиялық дыбыс алмасу заңдылықтары
- •9 Билет
- •10Билет
- •1.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2,Ресми стильдің белгілері
- •1.Септік категориясын сыни тұрғыдан оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Білім алушыларға морфологиялық талдау жасауды меңгерту
- •4 Кәсіби білім берудің дидактикалық мақсаты
- •6. Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •11. Педагогикалық біліктілік және интеллектуалдық қасиет
- •12. Сөйлеу кезіндегі дыбыс тіркесіміне тән ерекшеліктер
- •13.Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты
- •21. Жазылым әрекетін қолдануға тиімді лингвистикалық білім көздері
- •19. Қазақ тілі және этностық мәдениет сабақтастығы
- •31. Түсіндірме және қайта жасау (репродуктивті) əдістер, оқу процесіндегі маңызы
- •33. Проблемалық әдіс оның педагогика-психологиялық қырлары
- •40. Кәсіби қазақ тілінен базалық түсінік қалыптастыратын кәсіби терминдер жүйесін анықтау мен қолданудың жолдары
- •41.Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылу жолдары
2. Білім алушыларға морфологиялық талдау жасауды меңгерту
Морфологиялық талдау – грамматикалық талдаудың ішіндегі ең көлемді саласы. Ол екіге бөлінеді: сөз тұлғаларына (құрамына) қарай талдау, сөз таптарына қарай талдау.
Мектепте бұл екеуі бірінен-бірін ажырату үшін ғана бөлек талдау деп есептелініп жүргенмен, талдау материалдары екеуіне бірдей ортақ болып келетін жерлері бар. Әсіресе талдау тәсілі мен талдау материлдары, ондағы кейбір грамматикалық белгілерді танытатын көрсеткіштер екеуіне бірдей ортақ болып отырады. Мәселен, түбір, қос сөз, біріккен сөз, қосымша, қосымшаның жалғау, жұрнағы сөз тұлғасына қарай да, сөз табына байлнысты да қайталанады. Сол себепті бідің тәжірибелі мұғалімдеріміз сөз тұлғасы мен сөз табын бөлек талдау етіп жүргізбей-ақ, екеуін қосып морфологиялық талдау деп атап, бірге жүргізеді. Бірақ екеуінің сөз тұлғасы жағынан да, сөз табы жағынан да өздеріне тән грамматикалық белгісі, материалдық көлемі бар. Соған байланысты талдауды да бөлек жүргзіп тыруға болады. Морфологиялық талдаудың ішінде сөз тұлғасы мен сөз табына қарай талдаудың өзіне тән айырмасы бар.
Сөз тұлғасына қарай талдау. Мұғалім сөз тұлғаларын даралап өткенде не тұлғаларына қарай талдау жүргізгенде, сөз тұлғаларын түгел өтіп болғаннан ейін, сөз құрамдарының өзіне ғана арнап талдау жасатып отырады. Сөздің тұлғаларына қарай талдағанда сөздің құрылысына, оның бөлшектеріне және сөз бөлшектерінің белгілі бір мағынасы мен қызметінің әр түрлі болатынына қарай талдау жасалады.Егер мұғалім сөздердің түбірі мен қосымшасына қарай талдататын болса, талданатын сөздің бірнеше бөліктен тұратынын тапқызады, болмаса сол бөлшектерді талдап ажыраттырады.Мысалы: мал-шы-дан деген сөздің үш бөлшектен тұратынын, мұндағы әр бөлшектің сөз құраудағы қызметін, сөздерге қосылудағы мағыналық ерекшеліктерін, сөйлем құраудағы грамматикалық заңдылықтарын байқайды.
Оның үлілері: а) мұғалім алдымен: Мал бағасы малшыдан деген сөйлемді оқушыға оқытады. Одан кейін түсінгенін айтқызып, ішінде қанша сөз бар екенін таптырады. Сөйлемдегі сөздердің қосымшасы бар түрлерінің астын сызғызады. Бұдан кейін сол сөйлемдегі сөздердің қосымшасын түсіріп тастап, өздеріне оқытып көреді. Сонда: мал баға мал болып шығады. Мұғалім осы мысалды пайдалана отырып, сөйлем ішіндегі сөздердің грамматикалық заңдылықтары арқылы байланыстрып, тиянақты ойды білдіретінін аңғартады, соған ұштастыра, сөздердің негізгі түбірі мен қосымшаларын оқушының өздеріне таптырады.
ә) мал – айыруға келмейтін сөздердің түбір бөлшегі.
б) –шы – мал деген сөзге жалғанып, сол сөздің мағынасын өзгертіп тұрған жұрнақ, бұл мал деген сөзге қосылу арқылы туынды түбір жасап тұр.
в) –дан – малшы деген сөздің мағынасын өзгертпей, тек соны түрлендіріп тұр. Соның нәтижесінде малшы деген сөз –дан қосымшасы арқылы өзінен кейінгі сөздерге байланысады.
Сөз таптарына қарай талдау. Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына қарай талдатқанда, оқушылардың өткен материалдарын қайталап, жаңа тақырыптарға жаттығу негізінде жүргізіліп отырылады. Мұғалім бұл тлдауды жиі-жиі өткізіп отыруы тиіс, бұл оқушылардың сөз табынан өтілген материалдарын қаншалықты меңгергендігін тексеру мен ондағы кемістіктерді есепке алып отыруға көмектеседі.
Бұл жерде мұғалімнің мақсаты: біріншіден, грамматиканы саналы меңгерту болса, екіншіден қушыларды сөз табына қарай талдауға дағдыландыру, үшіншіден, оқушылардың алған білімінің қй жерде кемістік бар екендігін, қай жері толықтыруды керек ететінін білу; соған байланысты қайталау сабақтарын, талдау жұмыстарын ұйымдастыру.
Сөз табына қарай жүргізілетін талдау жұмысы барлық сөз табының ерекшелігін түгел айтқызу мақсатында жүргізіле бермейді, ол белгілі бір өтілген тақырыптарға байланысты да жүргізіліп отырылады.
Мысалы, оқушылардың өткені септік жалғауы болса, белгілі бір текст беріп, сол текстің ішінен септік жалғаулы сөздерді талдатуға болады. Онда септік жалғаудың қандай түрі екендігін, қандай сұрауға жауап болатынын, ның түрлері мен өзгерістерін, грамматикалық қызметін, мағынасын, емлелік ерекшеліктерін айтқыза отырып талдаттырады. Септік жалғауына байланысты оқушылардың ауызша да, жазбаша да талдауды байланыстыра жүргізуі оқушылардың білім алуларына жол ашады.
Сөз табына қарай талдағанда таблицалар, схемалар, плакаттар қолданып, ондағы мысалдарды оқушылардың өздеріне талдатып отыру ларды көрнекі және нақтылы білім алуға баулиды.
Морфологиялық талдау оқушыларды синтаксистік талдауға үйретудің дайындығы болып табылады. Өйткені оқушылар морфологиялық талдауды жақсы түсініп, морфологиялық белгілерді саналы меңгерсе, оның бір-бірінен айырмашылығын дұрыс ажырата білсе, морфологиялық талдаудың кейбір белгілерін синтаксистік талдау жасауға пайдаланып отырады.
3. Төмендегі сөздерге мына үлгі бойынша талдау жасаңыз:
дыбыс саны–
әріп саны –
буын түрлері –
екпін түсіп тұрған буын –
тасымалға бөлу –
транскрипциясын жазу –
Өлең, дифтонг, жұмыс, клуб, рахмет, ажырат, мерей, қолғап, кітап, инелік
билет:
1,Синтаксисті оқытудағы мұғалімнің кәсіби және пәндік құзыреттіліктері
Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады [1, 264]. Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді [1, 287]. «Ауызбен сөйлесу» және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.
Сөз тіркесін оқыту
Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.
2,Қазақ тілін кәсіби тұрғыда оқытудың әдістемесі
Кәсіби бағдар бере отырып оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы болып табылады. Кәсіби бағдарлық дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды игерту. Мамандардың пікірінше, кәсіби бағытты ескере отырып оқыту студенттердің таңдаған мамандықтарына қажетті білімді толық игерген, кәсіби мүмкіндігі мол маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. Студенттерді мамандықтарына қатысты оқыту болашақ мамандардың кәсіби даярлығы мен дағдыларын қалыптастыруда атқаратын рөлі ерекше. Өзінің мамандығы бойынша білім ала отырып, студент кәсіби – жеке тұлғаға тән ерекшеліктерді сезініп, моральдық-психологиялық ахуалды түсіне бастайды. Өзінің болашақ мамандығына тән барлық аспектілермен жете танысып, игерген теориялық білімдерін тиянақтап, мамандығына деген өз көзқарастары қалыптасады. Кәсіби іскерліктерді жетілдіру жұмыстары кәсіби қызығудың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал кәсіби қызығушылық дегеніміз – студенттердің болашақ мамандықтарына жетелейтін, олардың іс-әрекеттерін белсендіретін қызмет. Сондықтан қазақ тілін кәсіби бағытта меңгертуде студент қажеттілігін өтейтін тиімді әдістер қолдану көзделеді. Қазіргі таңда тілді оқытудың ең басты бағыты – қатысымдық бағыт. Тілді қатысымдық тұрғыдан меңгертуге тілшілер де, әдіскер-ғалымдар да, ұстаздар да ерекше назар аударып отыр. Себебі, қатысымдық бағыт бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған заман талабына жауап бере алады. Қатысымдық оқытудың нәтижесі – тілдік қатынас. Тілдік қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі, тіл арқылы тілдік қатынас жасауы деген сөз. Осы тілдік қатынас бойынша зерттеу жүргізіп, оның тілдерді оқытудағы тиімділігін көрсеткен, тілдік қатынастың тұжырымын жасаған ғалым Ф. Оразбаеваның сөзімен алсақ, тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді [1,8]. Берілген анықтамадан көріп отырғанымыздай, тілдік қатынас – тек сөйлеу тілі арқылы тілдесу ғана емес, сондай-ақ, ол жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет ететін, оны қоғамның өзі тудырған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі құбылыс. Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі – қатысымдық қызмет. Қатысымдық қызмет бойынша хабар таратушы мен хабар қабылдаушылар тілдік қарым-қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне асыра отырып, хабар арқылы бір-бірімен қарым-қатынастық қызмет атқарады. Сондықтан да тілді қатысымдық тұрғыдан меңгертудің алатын орны ерекше. Қ а т ы с ы м ды қ ә д і с і н з е р т т еу ш і ле р В . Т . К ос т о м о р о в п ен О.Д. Митрофановалардың “қатысым әдісінсіз жаңа әдістеменің болуы мүмкін емес” деген тұжырымдары өте орынды айтылған [2,7]. Себебі, тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгертуге, оны кәсіби ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес. Қатысымдық әдіс туралы А.Р. Артюнов: “қатысым әдісі дегеніміз – ерекше ұйымдастырылған тілдік әрекет, оның мәні тіл үйренушілердің
өзара түсінісіп, әрекет етулері үшін ақпаратпен алмасуларынан тұрады”,- деген пікір айтады [3,23]. Бұл айтылғандардан, қатысым әдісі оқу үрдісін қатысымдық үрдіске айналдырумен теңестіріледі деген қорытынды жасауға болады. Себебі, оқыту үрдісі қатысым үрдісінің моделі болған жағдайда қатысым әдісінің негізі қаланады. Қатысымдық тілдерді оқытып үйретудегі негізгі бағыт болып табылады. Өйткені, тілдерді сапалы меңгертуде қойылатын негізгі талаптардың бірі – үйренетін тілде қарым-қатынас жасай білу. Егер студенттерді үйренетін тілде, яғни қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйреткіміз келсе, онда бүкіл сабақ барысы тікелей қарым-қатынасқа сай құрылуы тиіс. Сондықтан оқытудың барлық үрдісі тек тілдік қарым-қатынасты іске асыратындай құрылып, ұйымдастырылуы керек. Қатысымдық әдістің мәні де осында. Сонымен бірге тілдік қарым-қатынас студенттің қажеттілігін өтейтіндей болуы тиіс. Әрине, бұл жердегі қажеттілік дегеніміз қарым-қатынастың мамандыққа сай құрылуы керек екендігі түсінікті. Сонда тілдік қарым-қатынас қажеттілікті қанағаттандыратын құрал да бола алады. Профессор Ф.Ш. Оразбаева қатысым әдісін жеке қарастырған әдіскер Е.И. Пассовтың қатысымдық әдістің негізгі мәні оның ұстанымдарын айқындаумен байланысты деген тұжырымын талдай келе, қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысым әдісінің алты түрлі ұстанымының ішіндегі ең басты ұстанымы – тіке байланыс ұстанымы деп көрсетеді. Тіке байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды деген қорытынды жасайды. Қатысымның өзі адамдардың біріккен әрекетінің бір қыры, яғни адамдардың үйренетін тіл арқылы өзара бірігіп әрекет жасауы болып табылады. Қатысымдық әдіс – ақпарат алмасу үрдісі, тіл үйренушілердің алға қойған мақсатқа жетуіне бағытталған белсенді тілдік қатынас үрдісі. Белсенді тілдік қатынастың өзі – тіке байланыс арқылы жүзеге асатын үрдіс. Тіке байланыс – тек қатысымдық әдіске ғана тән ерекшелік. Тіке байланыс арқылы студенттер бір-біріне өз ойларын жеткізеді, өз көзқарастарын білдіреді. Бір- бірінен алған мәліметтерді, ақпараттарды қабылдайды. Сол арқылы жаңа хабарлар мен ұғымдарды меңгереді, ой қорытындылайды. Тіке байланыс арқылы студенттердің өз беттерімен жұмыс істеулеріне жол ашылады. Тілдік қатынастың ары қарай өрбуі үшін әрекет етіп, өзіндік жұмыс атқарады. Бұл қатысымдық әдістің бір ерекшелігі болып табылады. Сонымен бірге, оқыту үрдісіне қойылатын жаңа талапты – студенттердің өз беттерімен білім алуға жағдай тудыру керек деген талапты – ескерсек, қатысымдық әдістің осы талапты іс жүзіне асыратын бірден-бір әдіс екендігіне дау жоқ. Сондай-ақ, қазіргі заман талабына сай студент объект емес, субъект болуы тиіс деген қағида ұсталады. Аталған қағиданы іске асыруда да қатысымдық әдістің орны ерекше. Өйткені қатысымдық әдіс – субъект-субъектінің бірлескен әрекеті.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, тілді қатысымдық тұрғыдан меңгертудің негізгі ерекшеліктері мынандай болады. Біріншіден, қатысымдық оқыту үнемі тілдік қатынастың кәсіби бағытта жүргізілуін қамтамасыз етеді. Яғни, сабақтың барлық кезеңінде, тәжірибе жүзінде, студенттердің бір-бірімен тілдесе отырып, тілдік материалды меңгерулері болып табылады. Екіншіден, әр студенттің жеке бас қасиеті ескеріледі. Топтағы кез келген адамдар бір-бірінен өздерінің сөйлеу, ойлау қабілеті, қызығушылығы т.б. қасиеттері арқылы ажыратылады. Қатысымдық тұрғыдан оқыту осы жеке қасиеттердің барлығын ескере отырып, әр студенттің танымына, қызығушылығына, қабілетіне сай ұйымдастырылады. Үшіншіден, қатысымдық тұрғыдан тілді меңгертуде оқытудың проблемалық түрі басты орын алады. Студенттер алдына мамандықтарына сай мәселе қойылады. Ол мәселелерді шешуді студенттердің өздері іске асырады. Берілген мәселені шешу барысында студенттер өз пікірлерін білдіреді, көзқарастарын, ойларын жеткізеді. Сол арқылы кәсіби тілдік қор молаяды. Төртіншіден, қатысымдық тұрғыдан тілді меңгертудің басты ерекшелігі– оқу үрдісінің үнемі өзгеріп отырылуы, яғни, жаңашылдығы
3,Төменнен есімдер тобына жататын сөздерге жалғанатын қосымшаларды тауып, олардың есім сөздердің қай тобына жалғанатынын мысалдар арқылы көрсетіп, функционалдық қызметін анықтаңыз: -ар, -ер, -лау, -леу, -ып, -іп, -ған, -ген, -шық, -шік, -ау, -еу, -са, -се, -атын,-етін, -ыншы, -інші.
19-билет
1. Синтаксис – сөздердің тіркесін, сөйлем заңдылықтарын жүйелеп, сол жөнінде анықтамалар жасайды.
Синтаксисті өту арқылы оқушы жазу тілі мен ауызекі сөйлеу тілінің маңызын игере түседі. Оқушыға сөйлемдегі сөздердің бәрі грамматикалық байланысқа түсе бермейтінін, сөйлемді талдағанда оқшау сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтынын жете түсіндірген жөн. Синтаксистік талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді саналарында берік қалыптастыруға күш салу қажет.
Синтаксис - / грекше syntaxis / - грамматикалық , морфология сияқты, өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттейді; синтаксис сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: С ө з т і р к е с і н і ң с и н т а к с и с і. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі , тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр- түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы ситаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз – оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналық заңдылықтары, бір-біріне бағына байланысу заңдылығы т.б.) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-тәсілдердің жиынтығы. Сөз тіркесін тарауындағы күрделі тақырыптарының бірі – күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер. Сөз тіркесін таптастыру тақырыбын өткенде басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалып тұрғандығы айтылады, ал бағыныңқы сыңарының қай сөйлем мүшесі екендігіне қарап-ақ, оның қандай қатынаста тұрғандығын білдіреді.
Сөз тіркесін көптеген ғалымдар сөз таптары негізінде топтаса, кейде сөйлем мүшелері аясында да топтайды.
Жалпы алғанда, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай көбінесе сөз таптары негізінде топтау басым. Бірақ осы ұстанымды көптеген ғалымдар қолданғанымен түрколог ғалымдар арасында бірізділік жоқ.
Виноградов сөз тіркесінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті, үстеулі деп бөлсе, Шведова етістікті, субстантивті, обьективті, немесе үстеулі деп бөледі.
Сөз тіркестерінің байланысу формалары мен қатар олардың басыңқы сыңарларының қызметі ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болып кез-келген сөз тіркесі қолданыла бермейді. Мұндайда барлық сөз табына ұйытқы болатын бір ғана сөз табы қатысады.
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары көбінесе есімді, етістікті делінсе, ал сөйлемдегі тиянақтаушы баяндауыштарды есімді, етістікті және құрама деп үшке бөліп қарастырамыз. Осындай құрылымдардың сөз тіркесінің аясына келгенде бір ғана байланысу формасы қарастырылады. Профессор Балақаев «О комбинированном управления прямого дополнения» деген мақаласында арнайы сөйлем мүшесі туралы сөз қозғай келіп, сөз тіркесі мәселесіне ауысады.
2 Сұрак Құзыреттілік» және «құзырет» түсініктері ХХ ғасырдың 90-жылдары отандық педагогика лексиконына кіріктіре басталды да, ағылшын тілінен аударғанда түрлі мағына береді. Мамандардың зерттеуі бойынша құзыреттілік жүйесінде 112 қасиет түрі бар. Ал білім жүйесінде сапа және нәтижеге көзделген құзыреттің жеті қасиетін алуға болады. Осыдан, біз құзыретті оқыту барысында білім алудың білім, біліктілік және шеберліктердің маңызды кешені деп есептеймін. Құзыреттілік бұл тұлға бойындағы барлық қасиеттердің жинағы, оның құзырлығының негізінде пайда болған шеберлігі, бір жұмысты орындаудағы епшілдігі. «Құзыреттілік» түсінігі оқыту үрдісінің нәтижесін бейнелеуде қолданылады; «құзырет» түсінігі алдынғы педагогикада талап етілетін «қалай екенін білем» бағытынан, «қалай қолдануды білем» бағытына негізделеді. Оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогика-психологиялық технологияларда негізделген кәсіби құзырлықтарға ие болу:
.
Латын тілінен аударғанда « құзірет» дегеніміз - өз ісін жетік білу,танымы мол тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, негізгі ой тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы құзіреттілікті меңгерген деп есептеуге болады.
Еліміздегі білім беру бағытының дамуы үшін құзіреттілік тәсілдің қажеттігі « Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі қағидаларында белгіленген.
«Құзыр-кімнің болмаса да ,жақсы хабардар болған сұрақтар төңірегі;
қандай да біреулердің билігі,құқы;
Құзырлылық-бір сұрақтар төңірегінде жинақтаушы;
бір нәрселерді шешу құқы бар.(С.И.Ожегов )[4 ]
«Құзірет» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы.
«Құзіреттілік» -адамның өзінің іс-әрекет саласына сай құзіреттерді меңгеруі.3
Оқушы құзіреті , оның компоненттерін өмірде қолдануды мектеп бітіргеннен соң ғана іске асыра алады, сондықтан да мектепте білім алу кезеңінде бұл құзіреттербілім сапасы түрінде көрінеді.
Әлемдік зерттеушілер құзіреттің 3-тен 37-ге дейінгі түрлерін анықтап, оқып , зерттеп қана қоймай, оқытуды да қарастырған. Бұл жағдайда құзіреттердің білім беру процесінің соңғы нәтижесі ретінде қарастырылғанын атап көрсетті. (Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова,Н.А. Завалко және басқалар.( Әртүрлі іс-әрекеттер болуы мүмкін деген пікірді де зерттеушілер жоққа шығармайды.2
Танымдық құзіреттілік- оқушының оқу қызметін арттыра отырып, өзіндік танымын логикалық, әдістемелік жағынан жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы. Оқушының танымдық құзіреттілігін дамыту үшін:
танымдық үрдісте күнделікті сабақты жоспарлау,оны анализдеумен қатар оқушылардың білім , білік , дағдыларын жан-жақты қалыптастыру қажет.
оқушы қабылдайтын сабақ белгілі бір стандартпен емес, сол сабақтағы өзекті мәселені эвристикалық әдіспен меңгере алатындай дәрежеде жеткізу керек.
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруда топтық оқыту процесін жетілдіру негізделген.
Танымдыққызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан , танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауды да дамытады. 5
Танымдық белсенділіктің негізгі бөліктерін мынадай белгі-шарттар
мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
3 – Сұрагы Көптік жалғауы Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар. Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар,-лер, -дар, -дер, -тар, -тер Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты. 20-билет
1.19- билеттин бириншиси
2. Кәсіби қазақ тіліне тән лингвистикалық терминдер накты ештемее таппадыым
3. Болымды болымсыз магынаны ажырату тусинбедим
21-билет
1.Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) — тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағыэлементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.[1]
Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретінграмматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:
Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект — предикат", "субъект — объект", "жанды — жансыз", "белгілі — белгісіз", "іс-әрекет—жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.
Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдіңморфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.
Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде эр түрде сипатталады.
Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқтылексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.
Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.
Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген сондами бастады. Бұл еңбектерде Семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі — онда мәдениетке кен эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл Семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды. Семантиканың салыстырмалы-тарихи деп аталатын 2-кезеніңде ол "семасиология" деген атпен тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Бұл кезенде нақты тарихи салыстырмалы зерттеу принциптері негізінде Семантиканың тарихи зандылықтары қалыптаса бастады, салыстырмалы-тарихи көзқарас этимологиялық зерттеулерде айқын көрінді. (Э. Бенвенист, В. И. Абаев, Э. В. Севортянт. Семантиканың З-кезені 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталады. Оған тән сипат — Семантиканың логика мен философияғажақындасып, синтаксиске бағыт алуы. Сол себепті бұл кезенді синтаксистік-семантикалық немесе логикалық-семантикалық кезен деп атауға болады. Оған тән негізгі теориялык тұжырымдар:
Шындық өмір заттардың жиынтығынан емес, онда болатын окиғалар мен фактілердің жиынтығынан тұрады деп қарау. Соған байланысты Семантиканың негізгі бөлігі заттардың атын білдіретін сөз емес, фактілер туралы айтылатын сейлем болып табылады деп қарау;
Тілдегі кейбір сөздер тілден тыс болмыспен тікелей байланысты, олар заттарды білдіретін терминдер арқылы анықталады деп қарау;
Баска мағыналарға негіз болатын бастапқы мағынаны сипаттау Семантиканың басты міндеті деп есептеу. Бұл сияқты пікірлер тілге жалпы методологиялықкөзқарастан туган.
20 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Кеңес тіл білімінде дистрибуциялық талдау сынға ұшырап, Семантикалық құбылыстар жан-жақты зерттеле бастады. Сөздің болмыстағы және тілден тыс байланыстары зерттеліп, Семантиканың шындық өмірдегі көріністерін ашуға мән берілді. Мұның өзінде негізгі бағыт абстракты немесе жекелеген сөйлемдерді емес, тілдің прагматикасын ескере отырып, сөйлеу кезіндегі, диалогтегі, мәтіндегі нақты сейлемді талдауға арналды.
2. жооок таппадым
3. Ешқандай морфемаға бөлінбейтін, тұтас түбір күйінде қолданылатын сөздер де аталған буын үлгісіне сай келгендіктен редукциялануы әбден мүмкін. Мысалы: мағына-мағна, қазына-қазна, мөңіре-мөңре, маңыра-маңра, шаңырақ-шаңрақ, мәміле-мімле, есіне-есне, ыбырай-ыбрай, тымырай-тымрай т.б. ЖН: құжына - құжна; ЗН: азына - азна; ТН: шатына -шатна СН: баласына - баласна; ҒЛ: ағылып - ағлып; ҒН: жағынып - жағнып; ГЛ: егіліп - егліп; ҒР: ағырақ - ағрақ; ГМ: Ағыман - Ағман;
Демек Арырақ ,жоғарыда деген сөздер болуы керек. Точно билмейм тусингеним осыыы.
22-билет
1.
Бағдарламалық мақсаттар |
білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру; педагог мамандығының беделін көтеру; білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру; білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу; қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу; еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу; өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру |
Міндеттері |
сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу; білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту; білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру; білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру; оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету; 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру; шағын жинақталған мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ) проблемаларын шешу; мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру; экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту; экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту; ТжКБ-да оқудың беделін арттыру; еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету; жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету; білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагог кадрларды даярлау; өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау; жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру |
Іске асыру мерзімдері (кезеңдері) |
2011 – 2020 жылдар Бағдарлама екі кезеңде іске асырылатын болады: бірінші кезең: 2011 – 2015 жылдар; екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар. |
2. Қандай тіл болмасын, оның интонациялық жүйесі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Тілдің интонациясы - көп функциялы құбылыс. Әлем лингвистикасындағы басты мәселелердің бірі интонацияның сол тілдегі ерекшелігін, басты белгілерін, маңыздылығын анықтау болып табылады. Қандай сөйлем болса да, оның интонациясы, айтылу әуені болады. Сондықтан да Н.С.Трубецкой интонацияның фонемалардан ерекшелігі, оның өзіндік белгілері болатындығына назар аударған еді [1.254]. Суперсегменттік фонетика тілдің интонациялық жүйесін қарастырады. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілде (мәтінде) де оқылады. Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасында тығыз байланыс бар. Себебі мәтіннің интонациясын өзгертіп оқитын болсақ, оның стилистикалық реңкі де, грамматикалық мағынасы да өзгеруі мүмкін. Интонацияның тіл жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтайтын саласы жалпы тіл білімінде интонология деп аталады. Интонологияның суперсегменттік бөлшектерін интонемалар деп атайды. Сөйлемде интонеманың атқаратын қызметі, өзіндік орны болады. Сондықтан интонема әрқашан синтагмада көрініс табады. Интонацияның негізгі қызметі 1) сөйлемнің түрлерін анықтау; 2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату; 3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату; 4) мәтіндегі ерекшеліктерін көрсету; 5) әр түрлі эмоцияларда ажырату болып табылады. Интонацияның басты компоненттері әуен, негізгі тон жиілігі, интервалы, диапозон, ұзақтылық, қарқын, пауза, интенсивтілік, тембр тілдегі просодикалық әсілдер ретінде әр тілдің өзіндік интонациялық ерекшелігіне байланысты қолданысқа түседі. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деген көзқарас бар. Сонда да фонемаға қарағанда интонеманы зерттеу кейіндеу қолға алынды.
Қазақ тіл білімінің кейінгі кезеңде әлемдік ғылым жетістіктеріне сай озық әдістемелер негізінде зерттеле бастауы жаңа ғылыми салалардың пайда болып, тың теориялық идеялардың туындауына жол ашты. Қазақ тілі дыбыс жүйесі саласындағы теориялық мәселелердің дамуы және зерттелу барысына ой жіберетін болсақ, тіліміздегі фонемалардың санын, олардың түрлі фонетикалық ерекшеліктерін зерттеуге алғашқы кезекте назар аударылды да, ал тілдің суперсегменттік деңгейін зерттеу, әсіресе, тіл жүйесіндегі интонация мәселерін зерттеу жұмыстары, кейіндеу қолға алынды.
Қазақ тіл білімінде интонация мәселелері алғаш рет Н.У. Түркбенбаевтың қазақ тіліндегі сұраулы жай сөйлемдер интонациясы туралы, қазақ және орыс тілдері фонетикасын салғастыра зерттеген еңбегінде қарастырылды. Ғалым интонациясыз сөйлем болмайтынын, сондықтан интонацияның сұраулы жай сөйлемді танытатын белгілерін көрсетеді [2]. Ә.Н. Нұрмаханованың қазақ, өзбек, қарақалпақ тілдеріндегі жай сөйлемге байланысты еңбегінде интонация мәселесіне ерекше назар аударылды [3]. Ол интонация құрамындағы болатын физикалық элементтерді (әуен, ырғақ, қарқын, іркіліс) көрсетіп, түрлі жай сөйлемдерің өзіне тән интонациясы болатынын айтады. Ғалым интонацияның негізгі бірліктері мен компоненттері, интонацияның сөйлемдегі қызметі туралы мәселелерді жай сөйлемдер грамматикалық ерекшеліктерімен байланыста қарастырған. Ж.М. Утесбаев қазақ мәтінінің интонациялық құрылымдарын көркем шығарма желісі бойынша зерттеп, мәтін лингвистикасындағы интонацияның маңызын көрсетеді. Қазақ тілінде интонация мәселелері жөніндегі алғашқы пікірлер ұшқыны А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінде де кездеседі. А. Байтұрсынов « Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер және екпін буыны бірыңғай келмейтін» деп, интонацияға қатысы бар мәселе ретінде орыс, француз, қазақ тілі ерекшеліктерін екпінмен байланыста сөз етсе, Қ. Жұбанов интонацияны « дауыс сазы» деген атаумен атап, әр сөздің әні болатынын айтқан еді. Интонация мәселелері қазіргі қазақ тілінің синтаксисіне қатысты зерттеулерде М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р.Әміров т.б. ғалымдар еңбектерінде де сөз болады. Ғалым Р. Сыздықова қазақ тіліндегі сөздердің айтылуына ерекше мән беру қажеттігін айта келіп: «қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер дауыс ырғағы жағынан әрқайсы бөлек- бөлек айтала бермейді, көбінесе, екі- екіден немесе екі-үштен бір ырғақты топ құрап, бір екпінмен, бір деммен үндесіп, үйлесіп айтылды», - дейді [ 4.54].
Қазақ тіл білімінде интонацияны зерттеу ісін жоғары деңгейге көтеріп, өзінің мектебін қалыптастырып, шәкірттерімен бірге осы саланың берік қалыптасуына ерекше ықпал етіп жүрген ғалым З.М. Базарбаева деп білеміз. Интонация мәселелері ғалым З.М. Базарбаева тарапынан жан- жақты қарастырылып, осы саладағы зерттеулерге оң ықпал етті. Соның нәтижесінде тілімізді зерттеу аясы кеңейе түсіп, шешімін күткен кейбір мәселелерді тар шеңберде ғана қарастырмай, бір саланы екінші саламен ұштастыра зерттеуге мүмкіндік болды. Ғалым қазақ тілі интонациялық жүйесін жан- жақты, жүйелі зерттеуі нәтижесінде осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізді. Интонация теориясының негізгі мәселелері ретінде оның бірліктері, басты компоненттері, интонацияның қызметі туралы баяндап, олардың өзіндік ерекшеліктері мен ішкі заңдылықтарын көрсетіп, тіліміздегі интонацияның табиғаты мен қолданылу сипаты жөнінде жүйелі зерттеу жүргізген. Интонацияның өзіне ғана тән негізгі бірлігі (единицасы) «интонема» деп көрсетіп, «Сөйлемнің қай-қайсысы болса да, интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемдердің қай түрінің болса да, сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруында интонацияның мәні ерекше»,- дейді [5.19]. Интонема мен фонема ерекшеліктері туралы кезінде Н.С.Трубецкой «интонеманың фонемадан ерекшелігі сол, фонема үшін ештеңе білдірмейтін тыныс белгісінің мәні жоқ, ал интонема үшін мағына білдіретін арнайы белгілер қажет» деген еді [1.54]. З.М.Базарбаева қазақ тіліндегі интонация мәселелері жөнінде айтылған пікірлерге сын көзімен қарай отырып, зерттеушілер интонацияның бірліктерін белгілеуде оның сөйлемдегі қызметін негізге алатынын, екпіннің қай жерде тұратындығын, пауза арқылы бөлінетін ерекшелігін алға тартатындығын айтады. Интонацияның компоненттері (әуен, пауза, интенсивтілігі, ұзақтылық, қарқын, тембр) туралы талдау жасай келіп, өзге зертеушілер «қазақ тіліндегі ең маңызды просодикалық компоненттер деп ұзақтылықпен қатар әуенді де атайды»,- дейді [5. 47]. «Интонацияның компоненттері тілдің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Олар әуен, ұзақтылығы, интенсивтілік»,- дейді [5. 43]. Ғалым ритмикалық топтар арасымен олардың ішіндегі пауза туралы айтылған пікірлерге назар аударады. Интенсивтілікке әсер етуші факторлардың бірі дауысты дыбыстардың синтаксистік сегменттегі орны дейді. Тембр сөйлемнің сезімдік (эмотивтік) мазмұнын беруге қатысады, ал акустикалық деңгейде спектрге сәйкес деп біледі. Интонацияның басты функциясы сөйлемнің жалпы мағынасы мен түрлері, жеке коммуникативті дифференциялау (тема және рема), семантикалық дифференциялау, эмоциялық дифференциялау деп көрсетеді. Зерттеуші қазақ тілі сөйлемдерінің және поэзия тіліндегі интонацияның сипатын жан-жақты талдап көрсетті.
Ғалым З.М.Базарбаеваның шәкірттері қазақ тілінің функционалды стильдерін суперсегменттік фонетика тұрғысынан қарастыра бастады. Бұл зерттеулер қазақ тілі фонетикасының суперсегменттік деңгейдегі танымдық маңызын арттырып отыр. Осы орайда, қазақ тіліндегі қосқұранды құрмалас сөйлем интонациясының ерекшеліктерін, фонетика мен сөйлем арасындағы өзара сәйкестігін тауып, эксперименттік фонетикалық зерттеу жолымен жүргізілген А.М.Фазылжанованың зерттеу жұмысының маңызы зор [6]. Ал Т.Ы.Кеншинбай «Фонетика-синтаксистік бірліктер аралығының фонетикалық сипаты мен таныс белгілері» атты зерттеуінде бұған дейін тек тыныс белгілер деңгейінде ғана бір жақты сөз болып келген мәселелерді оның басты белгісі болып табылатын интонациялық рәсімделуімен байланыста қарастырып, сөйлем деңгейіндегі таныс белгілері мен синтаксистік бірліктер шегарасын анықтаудың фонетикалық қисындары мен жолдарын анықтаған. Қатар тұрған екі сөздің бір ритмикалық топ құрамындағы фонетикалық көрінісі олардың екі ритмикалық топ құрамындағы фонетикалық белгілерімен салыстырған. Ғалым сөйлемнің фонетикалық, интонациялық ерекшеліктерін айтып, оның сазын келтіріп айту мен тыныс белгілерінің бір-бірімен байланысты жақтарына назар аударады. Қазақ тілінде сөйлеудің фонетика-синтаксистік бірліктер арасындағы жағдайы бірнеше параметрде қарастырылған. Ғалым дауыс кідірісінің ұзақтығы, құрмалас сөйлемнің әр сыңырындағы сөйлеу қарқынын, сөйлеу әуенін, әр синтагмалық топтағы күшті дыбысты, күшті буынды және оның айтылу ұзақтығын т.б. мәселелерді техникалық құралдар арқылы тәжірибеде сынаған. Зерттеуде « Ақыл бітпес дәулетке, дәулет бітпес келбетке» деген сөйлемдегі «дәулетке», «келбетке» сөздерін салыстырып, қорытындысында синтагма шегарасы туралы ақпаратты ырғақты екпін түскен соңғы буын алады да, одан кейін пауза болады, ал сөйлем соңы біртіндеп айтылым күшінің әлсіреуімен сипатталады дейді [7.15]. Құрмалас сөйлемдерде синтагма арасында дыбыстардың көмескі айтылуы, түсіп қалуы сияқты фонетикалық жағдайлар болуы мүмкін екендігін айтады. «Қолы батпайды, сипап тұрғандай ғана білінеді» деген сөйлемді мысалға келтіріп, « екі синтагмада да сөз соңындағы қысаң «ы», «і» дауыстылары түсіп, ал олардың алдындағы ұяң «д» дыбысы солғынданады, ал «Көп бастар шұлғасып, көп сақалдар шошаңдасып қалды» деген сөйлемдегі «шұлғысып», «шошандалып» сөздері соңындағы «сып» буындағы «ы» қысаң дауыстысы «алғашқы синтагмада ол анық айтылса, ал екінші синтагмда күшті көмескі тартады. Бұл алғашқыда екпінсіз болады, екі синтагма арасындағы пауза ұзақтығы 250 мс»,- дейді [7.15]. Ритмикалық топқа енген « фонетикалық атаулар» деген тіркесте қатаң «қ» дыбысы ұяң «ғ» дыбысымен алмасатынын көрсетеді. Сөйлеу кезінде « ғ» мен «а» дыбысы, « несмотря на фонетическую слитность», екі буынға бөлініп, « ғ» дауыссызы күштібас дыбыс, ретінде алдындағы «а» дыбысына емес, өзінің артындағы «ы» дыбысына қабысатын болса, күшті соңғы дыбыс ретінде «ғ» дыбысынан дыбысынан бөлініп, өз алдына буын құрайды екен [7.22]. Бұл зерттеуде қазақ тіліндегі пунктуация мәселесі фонетикамен байланыста қарастырылып, оның делимитациялық, семантика-синтаксистік және интонацияның мағыналық бөлінуі, күрделі сөйлем құрамындағы фразалар қиылысындағы фонетикалық құбылыстар, тыныс белгілердің сөйлем аралық кездесер тұстары просодиялық және сегменттік деңгейде анықталған.
Қазіргі кезде суперсегменттік бірліктердің стильдік қызметін тануға мән беріліп отыр. Ә.Ж.Берікболова зерттеуінде просодикалық тәсілдердің стильжасау сипаты, функционалды стиль мәтіндерін түзудегі интонацияның қызметі, дыбысталған мәтінді жіктеудің жүйесі анықталған [8]. Ә.Ж.Берікболова еңбегінде интонация мәселелері функционалды стильдік жағынан зерттелді. Бұған дейін функционалды стильдің интонациялық құрылымы туралы сөз болмаған еді. Қазақ тіліндегі просодикалық тәсілдердің стильжасау сипаты, фоностилистика мен интонология байланысы, стиль түзудегі интонация функциялары, суперсегменттік бірліктердің стильдік қызметін таныту т.б. мәселелер қарастырылды .Зерттеуші әр стильдегі мәтіндердің өзіндік айтылу сарынын, дыбысталуындағы, интонациялық ұйымдасуындағы өзіндік ерекшеліктерін анықтауға болатынын дәлелдейді. Ғалым әр стильдің өзіне тән интонациялық сипатын көрсете келіп, “Тыңдау арқылы мәтіннің стильдік сипатын ажыратуға болатынын” дәлелдейді [9.23]. Зерттеуде интонеманың позициясы, қарқынның стиль түзудегі қызметі, әуен мен үдемеліктің ерекшеліктері анықталып, қазақ тілі функционалды стиль мәтіндеріндегі просодикалық тәсілдердің қолданылу көрінісі жан-жақты көрсетілді.
Тіл - қоғамдық құбылыс. Қоғам дамыған сайын тілдің де коммуникативтік қызметі артып, таным көкжиегінің кеңеюіне алып келсе, ғылым да, оны зерттеу мәселесі де жаңа ортаға бет бұрып, дамып келеді. Қазіргі тілтанымның негізгі бағыттарының бірі тілдік құбылысты тек белгілі тар шеңберде қамап ұстамай, әлеуметтік ортада қолданылатын қарым- қатынас құралы ретінде басқа салалармен байланыстыра зерттеуге назар аудара бастады. Соңғы кезеңде қазақ тіл білімінде дыбыстық деңгейдегі сегментті бірліктердің функционалдық-стильдік жұмсалымын, олардың сөйлеу стиліндегі қызметі мен дыбыстардың модификациялануының көркем мәтіндегі қызметін зерттеу барысында фонология мен стилистиканы байланыстыратын фоностилистика саласы қалыптаса бастады. Ж.А.Исаева «Қазіргі қазақ тіліндегі сегментті бірліктердің фоностилистикасы» атты зерттеуінде сөз құрамындағы дыбыстардың өзгерісін стилистикамен байланыста қарастырып, фоностилистика, фоника, фоностилистикалық қабат, лобиализация, гиперлингвализация, дыбыстардың созылыңқылығы т.б. мәселелерді тіл дыбыстарының көркем мәтінде, ауызекі сөйлеуде т.б. стильдік қабаттардағы қолданысын теориялық жағынан жүйелі талдады [9]. Әлемдік линвистикада фоностилистика дыбыстық деңгейдегі тілдік құралдарды функционалдық ыңғайта қарау нәтижесінде ғылыми сала ретінде қалыптаса бастаған болса, бұл жаңа бағыттағы зерттеу Ж.А. Исаева еңбегінде қазақ тілі материалы негізінде қарастырылды. Орыс тіл білімінде фоностилистика мәселелері Л.В. Щерба, Р.М. Аванесов, М.В. Панов, М.А. Соколова т.б. еңбектерінде сөз болған болса, қазақ тілтанымында М. Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейсов, Б. Манасбаев сияқты ғалымдардың бірлескен «Стилистикасында» алғашқы пікір айтылды. «Фонетика тілдегі дыбыстардың жасалуын, жүйеленуін зерттесе, стилистика дыбыстарды, оларға тән белгі, интонация, қайталау, дыбыс үйлесімділігі сияқты фонетикалық ерекшеліктерді белгілі мақсатқа икемдеп, қайткенде мәнерлі құрал ретінде пайдалану жағын көздейді»,- деген анықтама берілген [10.8]. Қарым - қатынас жасау аясы мен ситуация ауызша сөйлеудің функционалды түрлерін ажырататын негізгі параметрлер болса, қазіргі қазақ әдеби тіліндегі сөйлеу түрлері әдеби сөйлеу тілі, ауызекі сөйлеу тілі деп қарастырылып жүр. Осы сөйлеу стильдерінде орфоэпиялық талаптың орындалуы, сөз шегіндегі, сөз ішіндегі дыбыстардың жағдайы т.б. мәселелер фоностилистика нысаны болып табылады. Ғалым салтанатты сөйлеу стилі, тиянақты сөйлеу стилі, ресми сөйлеу стилі, сөйлеу стилінің бейресми түрі, ресми сипаты басым ауызекі сөйлеу стильдері туралы баяндап, әр стильге тән фонетикалық ерекшеліктерді көрсетеді. Көркем шығарма тілінде дыбыстардың стилистикалық қызметі 1) айтылған жайға, суреттелген құбылыс немесе сипатталушы кейіпкерге қатысты авторлық қолданыстағы түрленімі; 2) әлеуметтік және индивуалдық сипаттағы кейіпкер тілі, оның ерекше сөйлеу машығы; 3) дыбыстардың шығарма тіліндегі поэтикалық қызметі деп үш топқа бөліп қарастырған [10.20]. Фонетиканың мәтіндік шеңбердегі дыбыстық құрылымдардың стильдік тезге түскен қалпын зерттейтінін айтып, зерттеуші дыбыстардың созылыққылығы, өлең мәтінінің фонетикасы, дыбыстық қайталау, фонетикалық қабат т.б. мәселелер жөнінде нақты талдау жасаған. Мысалы, дыбыс созылыққылығы арқылы жазушы кейіпкердің болған жайға қатынасын көрсете отырып, оның характерін ашуға талаптанатынын, адамның психологиялық жағдайына байланыста белгілі бір сөзді немесе дыбысты созып айту сөйлеу тілінде болып отыратын құбылыс екендігін айтып, осы жағдайды көркем мәтіннен алынған мысалдар арқылы дәлелдейді. Автор «тілдің функционалды- стилистикалық мүмкіндіктерін фонетика деңгейінде тексеретін ғылым фоностилистика деп аталады» деп анықтама беріп, осы саланың қазақ тіл білімінде зерттелуі кенже қалып келгендігін айтады. Сөйтіп, ғалым фоностилистиканың әлемдік лингвистикада, орыс және түркі тіл біліміндегі зерттелу тарихы мен қазіргі қарастырылу жайына шолу жасай отырып, негізгі теориялық және әдістемелік ұстанымдарды, қазақ тіл біліміндегі фоностилистика қарастыратын басты нысандарды, сөйлеу стиліндегі сегментті бірліктердің қолданасын т.б. мәселерді баяндаған.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда қазақ тіл білімінде суперсегментті фонетика саласындағы ғылыми жетістіктеріміз қазақ тілін одан әрі заман талабына сай зерттеуге ерекше үлес қосып отыр.
3. Төмендегі сөйлемді функционалды грамматикалық тұрғыдан талдаңыз: сөйлемі берілмей каптыыы жоооок сөйлемі
23-билет
1.Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Белгілі халықтың сөйлеу мүшелерінің дыбыс шығарудағы атқаратын қызметінің қалыптасқан дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы деп атайды. Тіл дыбыстары тәуелсіз үш: артикуляциялық (физиологиялық), акустикалық (физикалық) және функционалдық (лингвистикалық) тапқа бөлініп, жасалым, айтылым, естілім және қолданылым тұрғыларында қарастырылады. Кез келген тіл дыбыстарының нышандарын анықтайтын мынадай шарттар бар: - бірмәнділік - тіл дыбыстарының бірмәнді анықталатындығын талап етеді; - тұлғалылық – артикуляциялық орында пайда болу сапасының табиғи тұрақтылығын, әрі баламасыз жеке даралығын байқатады; - тіркесімділік – тіл дыбыстарының тіркесе алатындығын, әрі тіркесе келе үздікті тізбек құрайтындығын көрсетеді; - ықпалдылық - туынды мәннің пайда болу ықтималдығын қамтамасыз етеді; - түрлендірімділік – туынды мәннің пайда болуы сөз тұлғасын түрлендіруге ықпал ететіндігін көрсетеді; - сапалылық – тіл дыбыстарының лингвистикалық қолданбалылығын көрсетеді. Тіл дыбыстары дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге бөлінеді.
2.19 билеттін бириншиси
3. Төменнен есімдер тобына жататын сөздерге жалғанатын қосымшаларды табыңыз. Оларды есім сөздердің қай тобына жалғанатынын мысалдар арқылы көрсетіп, функционалдық қызметін анықтаңыз.
- ар, ер, - лау, -леу, -ып,-іп, -ған-ген, -шық, - шік,- ау,-еу, -са, -се,- атын – етін, - –ыншы, -інші. Бари биледи деп ойлайымм
24-билет
1. қазақ тіл білімінде алғаш рет грамматикалық категориялардың концептуалдау және категориялау үдерістерінің нәтижесінде түзілетіні, яғни әр грамматикалық категорияның негізінде когнитивті концепт жататыны анықталды, грамматикалық категорияларға негіз болған ұғымдар математикадағы, философиядағы және психологиядағы т.с.с. түсініктермен, таным үдерісімен салыстырылып, оның тілдік категориядағы орны айқындалды;
— алғаш рет предикативті сипаттағы грамматикалық категориялардың (жақ, рай, шақ) антропоөзектілік көрінісі айқындалып, жақ категориясына –персоналдылық, рай категориясына – модальділік, шақ категориясына – уақыт концептілері негіз болатыны анықталды;
— қазақ тілінде алғаш рет қатынас мәнінің антропоөзектілігі етіс, септік категориялары арқылы берілетіні көрсетілді;
— алғаш рет жекелік-көптік, шырай категорияларының сан-мөлшер мәнінің антропоөзектілік сипатын берудегі қызметі айқындалды;
— қазақ тіліндегі әмбебап сипаттағы негізгі концептілер анықталып, олардың ұғымдық, бейнелі-ассоциативтік, құндылық мәндері болатыны көрсетіліп, бейнелі-ассоциативтік, құндылық мәндері сипатталды;
— қазақ тіл білімінде алғаш рет предикативті негізді, қатынас, сан-мөлшер мәнді морфологиялық категориялардың концептуалды мазмұндары өзара салыстырылып, ұлттық діл ерекшеліктеріне байланысты антропоөзектіліктің көріну сипаты анықталды;
— көркем әдебиет, киноаударма, ғылыми әдебиет пен публицистикалық мәтіндердегі грамматикалық категориялардың қолданысы талданып, қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың синтагмалық және парадигмалық мәндері көрсетілді;
— етіс категориясының тілдік санадағы көрінісі мен етіс категориясы туралы түсініктерді пайымдау мақсатымен түрлі эксперименттер жүргізілді;
— элитарлық тілдік тұлға ұғымы нақтыланып, тіл білімінің дамуында өзіндік орны бар ғалымдар элитарлық тілдік тұлға ретінде сипатталып, ғалымдардың тұжырымдары талданып, етіс категориясына (әсіресе өзгелік етіс), жақ категориясына қатысты (әсіресе анайы, сыпайы түрге жіктеуде) қазақ тіл білімінде әлі де басы ашыла қоймаған талас мәселелер (кез келген етістіктен өзгелік етіс жасала бермейтіні, өзгелік етіс тұлғалары сабақты етіске жалғанғанда ғана өзгелік етіс жасалатыны, салт етістікке жалғанса, ол сабақты етіс тудыратыны; бірінші жақ жіктеу есімдіктерінің көпше түрі болмайтыны (мен – мендер); көптік жалғауды жұрнақтар қатарында тану т.с.с.) анықталды;
— ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде еңбек еткен А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов т.с.с. ғалымдардың ұстанымдары мен бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктері, грамматикалық категорияларды танудағы түрлі көзқарастар сарапталып, грамматикалық категорияларды танудағы сабақтастық көрсетілді, болашақ зерттеулердің болжамы көрсетілді.
2. Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс. Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан[2,177]. ... Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: «...аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің...», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, үнді заңында «қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік[3,41-43]. Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал енді сөйлеу әдебі дегеніміз не? Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады[1,214]. Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі[5,7]. «Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын көрсетеді»[6,25]. Сыпайылық ағыл. politeness – әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мыс., Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады[1,230]. Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталады. Оған дәлел ретінде бірнеше мысал келтірейін. Бірсыпыра замандастарымыздың (қала тұрғындары) ауызекі сөйлеу тілінде қазір «Мен Байзақовада тұрамын», «Мақатаевадан трамвайға мінемін» деген орысша-қазақшасы араласқан қойыртпақ тіркестер пайда болды. Мұның қалай? – десең, «әдет қой» дейді[4,10]. Сонда, біз білетін Иса, Мұқағали әйел болғаны ма?! Неге олай ойланбастан сөйлейміз? Мемлекеттік тілді үйренуші өзге ұлт өкілдері осындай қойыртпақ қолданыстарды естіп не дейді? Енді бірде студенттер мен мұғалімдердің тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер (жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі т.б.) көп кездеседі. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады. Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.
3. мынаны да логическии билемиз. Төменде берілген мәтіндер бойынша идеялар матрицасын жасаңыз. Сөйлемдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз
Менің жасым елу бесте. Менің бауырым ауырып, ауруханаға түстім. Мені тексерген дәрігер менің өтімде тас болуына байланысты маған ота жасау керектігін айтты. Мен келісімімді беріп, ота жасаттым.
Мен елу бестемін. Бауырым ауырғандықтан ауруханаға түсіп қалдым. Мені дәрігер тексерді. Менің өтімде тас бар екен. Маған ота жасату қажет екен. Мен оған келістім.
1Интерактивті әдістерді қолдануға қажетті субъективті факторлар
5. Интерактивтік оқу технологиясына тән ережелер
Интерактивті технологияның концепциясы
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:1) пассивті – оқушы оқытудың «бъектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)3) интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
Оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:
- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;
- шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);
- сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
- пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.
Оқытудың интерактивті әдістері
Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұ-ғалiмдер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысу-ынсыз берiлген тапсырмаларды оқушылардың есте сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы кө-термелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайда-лана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң "бiз қолы мызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi естимiз.Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Оқыту концепциясы мен технологии
Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) жәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады. Осы жақтардың әрқайсысына бірқатар концепция сәйкес келеді.
Мазмұндық жағына - мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын кұрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б.
Процесуалдық жағына – программалау концепциясы, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.
Мотивациялық – оқуы барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру – гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық еңбектестік концепциясы, оқу пәніне «шому» (М. П. Щетини), орталықтандырылған (концентрированные) оқыту д.р.
Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, прблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұқбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмаларлық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік, проблемалы-модулдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.
Интерактитік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады.
Атауыш сөздер және олардың жұмсалымдық қызметі
Атауыш сөздер — өзіне тән толық лексикалық мағынасы, тұрақты дыбыстық құрамы, морфологиялық белгісі, дербес синтаксистік қызметі бар негізгі сөздер тобы. Айналада ұшырасатын, өмірде қолданылатын дербес ұғымдардың атаулары Атауыш сөздер тобына жатады (аз, ар, ат, бас, жол, ұн, із, оқы, кел). Атауыш сөздердің түбірі өзгермейді. Олар жеке тұрып та, өзге сөзбен тіркесіп те сөйлемде дара не күрделі мүше бола алады (үйде — үй ішінде, айтты — айта береді). Атауыш сөздер тілдегі барлық сөзге ұйтқы саналады. Атауыш сөздерден жаңа сөздер жасалады. Атауыш сөздер есімдер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік) және етістіктер болып үлкен екі салаға бөлінеді.[1]
