- •1.Қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту
- •2.Омонимдес аффикстерді меңгертудің тәсілдері
- •3.Төмендегі сөйлемдерден буын түрлерін анықтаңыз:
- •Интонема және оның сөйлемдерді ажыратудағы қызметі
- •Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •Морфонологиялық заңдылықтар: үнем принципі, морфонологиялық дыбыс алмасу
- •Орфографиялық норма және орфографиялық принцип түрлері
- •1 Интонацияның бірліктері мен компоненттері
- •Фонетика мен фонологияның зерттеу объектісі
- •1 Орфографиялық заңдылықтар
- •Педагогикалық біліктілік және шешендік қасиет
- •Төмендегі диалогтан орфоэпиялық норма талаптарын көрсетіп, дұрыс айту заңдылықтарын анықтаңыз.
- •7 Билет
- •1.Қазақ тілін сапалы оқытуда бағалау әдісінің алатын орны
- •2.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Морфонологиялық дыбыс алмасу заңдылықтары
- •9 Билет
- •10Билет
- •1.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2,Ресми стильдің белгілері
- •1.Септік категориясын сыни тұрғыдан оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
- •2. Білім алушыларға морфологиялық талдау жасауды меңгерту
- •4 Кәсіби білім берудің дидактикалық мақсаты
- •6. Дыбыстық еліктеуіш сөздердің қолданылуы
- •11. Педагогикалық біліктілік және интеллектуалдық қасиет
- •12. Сөйлеу кезіндегі дыбыс тіркесіміне тән ерекшеліктер
- •13.Кәсіби қазақ тілі пәнінің мақсаты
- •21. Жазылым әрекетін қолдануға тиімді лингвистикалық білім көздері
- •19. Қазақ тілі және этностық мәдениет сабақтастығы
- •31. Түсіндірме және қайта жасау (репродуктивті) əдістер, оқу процесіндегі маңызы
- •33. Проблемалық әдіс оның педагогика-психологиялық қырлары
- •40. Кәсіби қазақ тілінен базалық түсінік қалыптастыратын кәсіби терминдер жүйесін анықтау мен қолданудың жолдары
- •41.Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылу жолдары
1-билет
1.Қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан оқыту
Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың қайнар көзі - тілдік материалды әдебиетпен сабақтастырып, пәнаралық байланыстың негізінде ғылым мен білімді өзара тоғыстыра отырып, жеке тұлғаның рухани әлемін байыту, баланың өзіне деген көзқарасы мен пікірін қалыптастыру. Ашық әңгіме, ойлы сұхбат, әдебиет қағидаларын қазақ тілі сабағында пайдалана білу, ұнамды образдың әдемі қасиеттерін оқушы бойына сіңіріп, оны өмірмен ұштастыра алу, дүниені, ортаны адамды жан-жақты зерттеп тани білу, тілдік қатынасқа түсу т.б. – барлығы оқыту жүйесін жаңаландырып, білім беру үрдісін тереңдете түседі. Қазақ тілі сабағында сөз бен сөйлемді, тұрақты тіркес пен мәтінді меңгерту үшін оқушыға ой салу, ойланту, өз пайымын тіл арқылы дәл, нақты, шешен жеткізе білуге жетелеу ұстаз тарапынан көп ізденісті қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде ұстаз Қанипа Бітібаеваның «Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану-шәкірт тарапынан, шешімге келу-оқушы тарапынан болу керек» деген пікірінің психологиялық жағынан дұрыс тұжырым екендігін атай кеткен жөн. Өйткені таным үдерісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді. Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту төмендегідей мәселелерді қамтиды. 1.Қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тілдік қағидаларды басшылыққа ала отырып, жалпы адамзатқа тән қасиеттермен сабақтастыра білу сабақтың білімдік мақсатымен қоса танымдық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді.(қабылдау, ойлау, сезіну, өзіндік пікір түю т.б.). 2.Сабақ барысында жеке тұлғаның психологиялық жай-күйін ескере отырып, оның есте сақтау қабілетін, жадысын, кез келген ақпаратты қабылдау дағдысын, шешімді пікір, дәлелді мысал келтіре алу қабілетін жетілдіру, берілген тақырып ішіндегі ең қажетті, ең пайдалы мәселені сұрыптап, таңдай білу оқушының ойлау қабілетін ұштап, соған сай әрекет етуге жетелейді. Ойды сыртқа шығару кезінде сөйлемді дұрыс құрастыру, логикалық қорытындылар жасау, таныс мәліметтерден жаңа деректер жинақтау, оларды жоспарлау мен жүзеге асыру жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін аңғартатын үрдіс. 3.Тілдік және қатысымдық бірліктердің мағыналық ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіріп, әр сөздің мағыналық реңкін тіркес пен сөйлем құрамында қолдана отырып ойды түрлендіруге болатын мүмкіндіктер жасау, сөзді әр түрлі жағдаятқа сәйкес бейнелі жеткізе үйрету оқушының танымдық қабілетін жаттықтырады. Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту берілген білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық-әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп, болашақ ұрпақтың дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді, сабақ - білім естерінде сақталады, танымдық белсенділігі артады, бір-бірінің қателіктерін айтып, жақсы қасиеттерін үйренеді.
2.Омонимдес аффикстерді меңгертудің тәсілдері
Омонимдер сөздердің түбіріне (негізіне) омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады. Түбір сөздерден жасалған омонимдер туынды омонимдер деп аталады. Қазақ тілінде омонимдер тудыратын аффикстер мыналар:
а) есімдіктердің –с (-ыс,-іс) аффиксі мен етістіктердің (орт. етістіктердің) –с (-ыс, -іс) аффиксі. Бұл омонимдес аффикстердің бір ғана түбір сөзге жалғануынан омонимдес, туынды екі сөз- зат( есім мен етістік (орт. етіс) жасалады. Мысалы: айт-ыс, 1 (з.е) «Садақ пен баланың айтысы» дейтін арқаға мәлім айтыс. (М. Әуезов). Айт-ыс 2 (етістік) Біздің Сәдекеңмен айтысар шамамыз қайсы. Әншейін бір жалғыз ауыз сөздердің тұсында болымсыз тосқауын айтқаным ғой. Айтысты жеңді дейтін сөз емес. (М. Әуезов)
ә) есімдіктердің –қ (-к, -ық,-ік) аффиксі мен етістіктердің –қ (-к, ық, -ік) аффиксі. Бұл омонимдес аффикстердің бір ғана түбірге жалғануынан әр басқа екі сөз, яғни туынды омонимдер жасалады. Мысалы; қыз деген түбір етістікке аталған омонимдес аффикстердің жалғануынан әрі сын есім сөз . Мысалы: Осы жайында өзі таңырқай түсіп, қызығып та қарайды (М. Әуезов ) Бір ған жап деген түбір етістік омонимдес 3 сөздің жасалуына ұйытқы болған: жабық 1 (з.е), 2 (сын есім), 3 (етістік) Жылқыны үйір үшеуі де түбір мен омонимдес аффикстердің қосындысынан жасалған.
Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағнан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Мұндайда әдетте, кірме сөз дыбыстық өзгерістерге ұшырап, қабылдаушы тілдегі төл сөзбен дыбысталуы жағынан бірдей келеді. Мысалы: орыс тілінен енген гирь деген сөз қазақша айтылуында кір болып өзгеріп, лас деген мағынаны білдіреді. Кір деген төл сөзбен бір омонимдік қатар құрайды. Орыс тілінің волость деген сөзі қазақша болыс болып өзгеріп, «көмктес» деген мағынадағы болыс деген сөзбен дыбысталуы жағынан сәйкес келсе, «ат айдаушы» деген мағынадағы кучер деген сөзі көшір түрінде айтылып, 1 Бір жерден екінші жерге ауыстыру 2. «Жазылғанды қайталап жазу» деген мағынадағы көшір деген төл сөзбен дыбысталу жағынан сәйкес келіп, омонимдер жасалған.
