Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ex.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.75 Кб
Скачать
  1. Экскурсиядағы дедуктивті әдістер

Әңгіме экскурсияның ажыратылмас бөлігі.  Әңгіме,ой жалқыдан жалпыға қарай,байқаудан қорытынды жасауға қарай ауысып отыратын индуктивті немесе ой жалпыдан жалқыға қарай ауысып отыратын дедуктивті әдіс негізінде құралады. Әңгімелеу түрлерімен байланысты болатын тәсілдер және экскурсия әңгімесінің әдістемелері. Тәсіл әңгіме мазмұнын жеткізу, оған анықтама, репортаж, цитата келтіруді жатқызуға болады. Әңгімелеудегі сипаттама тәсіліне келетін болсақ:

Сипаттама(Түсінік) беру тәсілі: бұл экскурсия объектісі жөнінде негізгі деректерді келтіру,оның мәнді сапасы мен қасиеттерін жүйелі түрде айтып беру немесе объектіге байланысты болған оқиғалар жөнінде қысқаша хабарлама жасау. Экскурсияда экскурсанттардың зерделеуі,сонымен қатар экскурсиядағы түрдің іс әрекетіне,экскурсовод объектілерге қысқаша сипаттама береді. Суреттеу тәсіліне қарағанда сипаттама беру тәсілі экскурсанттарға берілген объектіні жақсы түсініп оның өзіндік ерекшеліктерін белгілейді. Осыған байланысты обънект басқалардың қасынан өзінің орнын табады. Сипаттама беру тәсілі объектілердің сапалы жақтарына баға беруі мүмкін.

  1. Экскурсиялық қызмет көрсету бағдарламасы және оның құрылымы

49.Экскурсиялық қызмет көрсету бағдарламасы және оның құрылымы

Экскурсияны дайындау – жұмысшылар ұжымының белсенді қатысуын қажет ететін, күрделі процесс. Болашақ экскурсияның мазмұны, оның танымдық құндылығы әдіскерлер мен экскурсоводтардың білімі, олардың педагогика мен психологияны тәжірибе жүзінде меңгеру деңгейіне, аудиторияға әсер етудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай алуына тәуелді.

Экскурсия – екі маңызды процесстердің нәтижесі: экскурсияны дайындау және жүргізу. Олар өзара байланысты.

Жаңа экскурсияны дайындау барысында екі негізгі бағытты ерекшелеуге болады:

  • Жаңа экскурсияның тақырыбын құрастыру (жаңа немесе белгілі бір экскурсиялық мекеме үшін жаңа)

  • Экскурсовод үшін жаңа, бірақ экскурсиондық мекемеде бұрыннан құрастырылып және қолданылған экскурсияны дайындау.

Бірінші бағыт – экскурсиондық мекеме үшін жаңа экскурсияны қалыптастыру процесі.

  • Қорытынды саты – экскурсияны маршрут бойынша қабылдау; мекеменің басшылығымен жаңа экскурсия бекітілуі, маршрутпен жұмысқа дейінгі өз тақырыбын қорғаған экскурсоводтардың рұқсаты.

Қарапайым түрде барлық экскурсиялар тақырыбына , түріне және жүргізілу формасына тәуелсіз бірдей: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.

Кіріспе екі бөлімнен тұрады:

  • Ұйымдастыру (қауiсiздiк ережелерімен экскурсиялық топты таныстыру және экскурсанттарға жолда және маршруттағы инструктаж)

  • Ақпараттық (экскурсияның тақырыбы, маршруттың ұзақтығы, жүру уақыты және келу уақыты, санитарлық тоқтаулар және экскурсияның аяқталатын орыны туралы мәлімет беретінқысқа хабарлама) 

Негiзгi бөлiм нақты экскурсиялық объекттер, көрсетілім және әңгімелеуден құралады. Оның мазмұны объекттерде талқыланатын жіне бір тақырыппен байланысқан бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Экскурсияның тақырыпшалардың саны әдетте 5пен 12мен аралығында болады. Экскурсияны дайындағанда оның объектілері тақырыпты толық ашу қажет.

Қорытынды бөлім, кіріспе сияқты, экскурсиялық объекттермен байланыспаған. Ол әр уақытта 5-7 минутты алады және екі бөлімнен тұрады. Бірінші – экскурсияның негізгі мазмұнына қорытынды жасау, экскурсия мақсатының нәтижесі. Екiншi - осы тақырыпты кеңейтiп тереңдете алатын басқа экскурсиялар туралы мәлiмет. Қорытынды бөлім де кіріспе және негізгі бөлім сияқты маңызды.

  1. Экскурсиялық қызмет көрсетудің заңнамалық қамтылуы

  1. Экскурсиялық қызмет көрсетудің заңнамалық қамтылуы

Экскурсиялық қызмет көрсетудің заңнамалық қамтылуы

  1. Заңнамалық түсініктерге сипаттама

  2. ҚР туризмнің мемлекаеттік реттелуі

Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

      1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

      2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;

      3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;

      4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.

  1. Қазақстандағы экскурсиялық маршруттар

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етед. 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.

52.Еліміздегі туристiк қызметтiң мемлекеттiк реттелуі

2-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      8-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң               принциптерi

      Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

      1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

      2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;

      3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;

      4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.

      9-бап. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң               мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi

      1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:

      1) азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;

      2) қоршаған ортаны қорғау;

      3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;

      4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту;

      5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;

      6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.

      2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң басым бағыттары:

      1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;

      2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;

      3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;

      4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

      5) ішкі, келу, әлеуметтік және өз бетінше туризмді қолдау және дамыту;

      6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.

      3. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу:

      1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөнiндегi саясатты айқындау;

      2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;

      3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау;

      РҚАО-ның ескертпесі!       3-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).       3-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес туристік қызмет саласындағы стандарттау;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;

      7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу;

      8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.        Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.21. N 307, 2008.07.05.  N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013№ 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

      1) туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады; 

      2) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 

      3) туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады; 

      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6) уәкілетті органның ұсынуы бойынша туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені бекітеді

      7) шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады; 

      8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);       РҚАО-ның ескертпесі!       10-бапты 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).       11) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.       Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:        1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;       3) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;       4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;       5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);       6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;       7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;       8) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;       9) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       10) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;       11) туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді;       12) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;       13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;       14) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;       15) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;       16) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       17) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       18) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       19) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       20) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       20-1) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;       20-2) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;       20-3) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;       20-4) туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;       20-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;       20-6) турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекітеді;       21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.       Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар                қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық                маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы                органдарының (әкімдіктерінің) құзыреті

      Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:       1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;       2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;       7) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;       8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;       9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;       10) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;       11) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;       12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;       13) туристік ақпарат орталығын құрады;       13-1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;       13-2) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;       13-3) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;       13-4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;       14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.       2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:       1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;       2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;       3) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;       4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;       5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;       6) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;       6-1) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;       7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.       Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Туризм жөнiндегi кеңес

      1. Туризм жөнiндегi кеңес консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан құрылады. 

      2. Туризм жөніндегі кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      3. Туризм жөнiндегi кеңес:

      1) Туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шетелге шығуы үшiн жағдайлар жасау, республиканың туристiк имиджін қалыптастыру, туристік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;

      2) туристiк қызмет көрсетудi тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзi бекiткен тәртiп бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың рейтингін жүргізеді.

      4. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Туристік ақпарат орталығы

      Туристік ақпарат орталығы Үкімет және (немесе) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі құратын, Қазақстан мен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ұсыну үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.        Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  1. Экскурсиядағы педагогикалық әдіс.

Экскурсияны жүргізудің әдістемесі экскурсанттардың экурсияның мазмұнын оңай түсінуіне бағытталған. Әдістеме тәсілдерінің негізгі мақсаты- экскурсанттрға ақпараттарды дұрыс әрі түсінікті қылып жеткізу. Экскурсияның жоғарғы деңгейде өтуі әдістемелік тәсілдерге байланысты болады. Белгілі бір әдістемелік тәсілді таңдау экскурсияның алға қойылған мақсаттары мен объектінің ақпараттық толыққандығына байланысты таңдап алынады. Бұл кезеңдегі шығармашылық топтың жұмысы бірнеше бөліктен тұрады:

  • Экскурсияның жүргізілу уақытына, экскурсиялық аудиторияның құрамына байланысты ең тиімді әдістемелік тәсілді таңдап алу.

  • Экскурсанттардың көңілін аулап, зейінін сақтаудың тәсілдерін анықтау;

  • Экскурсоводтың сөйлеу мәнерінде қолданылатын мәнерлі сөздерді ұсыну.

  • Экскурсияны жүргізудің техникасын таңдау.

Көру тәсілдері – бұл тәсіл туристерге объектілерді қоршаған ортадан бөліп, дұрыс көрсетудің тәсілдері(алдын ала көру, панарамдық тәсіл) болып табылады. Экскурсанттар қазіргі уақытқа дейін сақталмай, бұзылған қаланы немесе Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жойылған, жанып кеткен ауылды т.б көре алмайды. Ал кейде сипатталып жатқан ғимараттың орналасқан жерінің бірінші кейпін экскурсантқа елестету қажеттіліг туындайды. Осы мақсатта ауылдың немесе елді мекеннің суреттер, кәсіпорынның құрылысының панорамасы көрсетіледі. Таныстырылып жатқан жердің болашақтағы келбетін көрсетудің қажеттілігі туындаса, экскурсанттарға ғимараттың немесе ескеркіштің болашақтағы жобасы көрсетіледі. Кейбір экскурсияларды белгілі - бір көрсетіліп жатқан объектілерге немесе болған оқиғаға қатысты адамдардың суреттерін көрсетудің қажеттілігі туындайды. Экскурсияда баяндалатын мәліметтердің, кейде құжаттардың, қолжазбалардың, шығармашылық жұмыстардың көшірмелерін көрсету экскурсанттардың көіліне қонымдырақ болады.

Осы көрнекіліктердің тағы да бір міндеті – экскурсиялардағы объектілерді экскурсанттардың көз алдына елестте алдыруы.

Алдын ала көру тәсілі – экскурсанттар объектінің алдына келгенде қолданылады. Бұл объектті бақылаудың бірінші сатысы. Тәсілді қолданудың екі нұсқасы бар. Біріншісі, экскурсоводтың сөзінен басталады, яғни ол объектпен жалпы танстырады. Екіншісі экскурсоводтың қысқаша кіріспесімен басталады, ол не нәрсеге жіті назар аудару керектігіекендігі туралы, ерекшелігі туралы баяндайды.

Панарамдық көру тәсілі – жергілікті жерді бақылауға мүмкіндік береді, әдетте мұнара, биік нүктелер қолданылады.

54. Экскурсовод этикасы

Тіл байлығы. Экскурсовод  сөйлегенде мын қызметтерді атқарады:

– информатор

– комментатор

– әңгімелесуші

2. Тіл тазалығы. Сөйлегенде артық сөз, паразит сөз, өте жиі қайталанатын сөз болмау керек.

3. Анық және түсінікті болуы. Ол үшін жалпы категорияларды нақты мысалдармен түсіндірген жақсы. Терминдер, шетел сөздер, диалектизмдер, жаргонизмдер, профессионалдық сөздер, историзмдер, архаизмдер, неологизмдер сияқты тіл құрамының қырларын дұрыс қолдану керек. Осындай сирек қолданылатын сөздерді тек қана қажет болса пайдалану керек.

4. Дәл. Айтқан сөз дәл, орнықты, дәлелді, сәйкес болуы керек. Егер сөздің дәл мағынасын білмесең, оның мәнін алдын ала анықтау керек, болмаса қолданбау қажет.

5. Дұрыс. Сөздеріңіз дұрыс, сауатты болуы қажет.

6. Көркем, жарқынды, бейне туғызатын. Экскурсия сезім мен қатар елестетуге де әсер қылуы қажет. Ол үшін тіл байлығының арнайы құралдары бар, мысалы, троп (эпитет, салыстырма, метонимия, синекдоха, метафора, гипербола, литота, перифраза т.б.).  Экскурсияны  көрсетуде   қолданылатын мимика мен ым-ишараның 7 түрі бар:

Бағыттаушы

Кеңістік

Көлемді

Иллюстрациялық

Реконстуктивті

Түрткі болушы әдістер. Экскурсовод осыларды да  қолдану керек.

55.Экскурсовод жұмысына бақылау жасау.

Экскурсияны өткізу сапасына бақылау жасау жоспарлы сипат алады. Әрбір экскурсиялық мекемелерде маршрутта экскурсоводтарды бақылау графигі әр тоқсан сайын құрастырылады. Жаңа бастап жатқан экскурсовод негізінен жылына 3-4 рет бақыланады, ал қалғандары 1 рет. Квалификацияланған және тәжірибиелі экскурсовод, қажеті болмаған жағдайда, жыл бойына бақылаудан өту шарт емес.

Экскурсоводтарды бақылаудағы негізгі жұмысты әдістемелік бюро жұмысшылары және тұрақты жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар өткізеді. Экскурсиялық мекемелерде әдіскерлердің қатысу ережелері белгіленеді, әдетте ол айына  2-3 рет болады.  Экскурсоводтардың бақылауы тоқсан бойына бір экскурсиядан аз болмауы қажет. Экскурсоводтың экскурсияда  қатысуы тек бақылау ғана емес, сонымен қатар жолдастық көмек көрсету түрінде де болуы мүмкін.

Әдіскерлер  мен экскурсоводтардан басқа бақылауға музейдің, көрменің, ғылыми-зерттеу мекемелердің, жоғарғы оқу орындардың мамандары  шақырылады.

Экскурсоводтарды бақылау мұқияттылықпен дайындалуы қажет. Бюрода экскурсияны өткізу сапасы жөнінде және  тындау әдістемесі бойынша жұмысшылардың толық нұсқауы өткізіледі, осы сұрақтарды шешу туралы тәжірибемен алмасу ұйымдастырылады, қызметкерлер үшін жаднамалар жасалып, олар сол өткізілген экскурсиялар саралауына қатысады.

Бақылаудың тоқсандық графигін экскурсиялық мекеменің басшысы бұйрығымен бекітіледі. Егер қызметкер графиктегі жоспарды қабылдамаса, онда оның қызметтік тәртіпті сақтамағандығы ретінде саналады.

Бақылаудың қорытындысын шығаруда түрлі формалар қолданылады: әдістемелік секциялардағы  сабақтарда, жиналыстарда әдіскер мен экскурсоводтардың қатысуымен бақылау карточкаларға шолу, әдіскердің экскурсовод тобымен сұхбаттасу, жеке әңгімелесу, мұнда бақыланған экскурсиялардың кемшіліктерін және оңды жақтарын шығарып көрсету туралы айтылады.

Кейбір бюроларда тоқсанына, жарты жылдыққа немесе жылына бір рет экскурсиялардың /экскурсовод/ бақылау карточкалары жасалынады. Мұнда бағалаудың толық анализі беріледі, экскурсияның құрамы және деңгейі, экскурсоводтардың әдістемелік шеберлігі мінезделеді. Бюро экскурсоводтарының барлығы  толықтай осы шолумен  танысу міндет. Бұл экскурсия сапасын береді және әдістемелік амалдарды қолданудағы қателіктерге ұшырамауға көтеруге мүмкіндік.

Сапар желісінде экскурсияны өткізуді бақылаудан басқа  бақылаудың басқа түрлері бар, мысалы, әдістемелік бөлімдер  басшылардың және әдіскерлердің экскурсоводтармен сұхбаты. Бұл сұхбат барысында экскурсоводтардың белгілі бір экскурсия тақырыптарға, маршрут туралы, экскурсиялық объектілер бойынша, көрсету және айтудың әдістемелік амалдары  жөнінде білімі  тексеріледі.

Экскурсовод жұмысының іс-әрекеттік  формасы әдістемелік бөлім басшысы мен әдіскерінің жеке мәтін түп-нұсқасымен танысу, оның құрамын қорытындылау, сонымен қатар сыналық экскурсияны өткізу және оның өткізудің сапасына баға беру болып табылады.

Көптеген  экскурсиялық фирмаларда жеке мәтіндерге жазба түрінде пікірлер жасауға тәжірибеленеді. Мұндай рецензиялаумамандар шақырылады. Мысалы, өндірістік экскурсиялардың мәтіндеріне пікірлерді инженерлік-техникалық өнеркісіп жұмысшылары жасайды, ал табиғаттану экскурсияларына – жоғарғы және орта оқу орындарының оқытушылары. Рецензия  бақылау карточкасына қарағанда экскурсия құрамына анағұрлым тоқталуға мүмкіндік береді.

Экскурсияны өткізу мен дайындау сапасын бақылауды ұйымдастыру экскурсиялық мекеменің басшысының және әдістемелік жұмыскерлердің үнемі назарын қажет етеді. Бақылау неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, экскурсиялық қызмет көрсетуде туристердің және тұрғылықты халықтың шағымдары соғұрлым жоқ болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]