- •9.Қозғалыс түріне байланысты, өткізу формасына байланысты экскурсиялар.
- •23. Экскурсияның технологиялық картасын құрастыру. Экскурсияның негізгі әдістемелік құжаты - технологиялық картаның құрылымы және өңделуі
- •24. Экскурсия мәтінін құрастыру. Экскурсияның бақылау және жекеленген мәтініне қойылатын талаптар.
- •33. Экскурсиялық қызмет көрсетудегі дифференциалды әрекет ету. Дифференциялық қызмет көрсетудің мәні.
- •Экскурсиялық қызмет көрсету бағдарламасы және оның құрылымы
- •Экскурсиялық теорияның даму кезеңдері
- •Экскурсиядағы дедуктивті әдістер
- •56. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: тарихи, табиғаттау тақырыбындағы экскурсиялар.
- •57. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: әдеби, архитектуралық тақырыптардағы экскурсиялар.
- •58. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: өндірістік-экономикалық, діни экскурсиялар.
- •Аудитория назарын аударуды ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- •Экскурсовод жеке тұлға ретінде. Экскурсоводтың жеке қасиеттері.
- •Экскурсиядағы психология элементтері.
- •Экскурсияның тақырыбы, атауы және мазмұны.
- •Экскурсиядағы логика.
- •Экскурсияның идеялық-тәрбиелік және білім беру функциялары.
- •Экскурсияны өткізуде және даярлаудағы әртүрлі пәндері қолдану.
- •Экскурсияны өткізу әдістемеі. Экскурсияны өткізу әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.
- •71.Экскурсияның ақпараттық ұйымдастырушылық бөлімін құрастыру.
23. Экскурсияның технологиялық картасын құрастыру. Экскурсияның негізгі әдістемелік құжаты - технологиялық картаның құрылымы және өңделуі
Технологиялық картаның бірінші парағында экскурсияны дайындаған адамның аты – жөні, экскурсияның аты және түрі, экскурсияның ұзақтығы, экскурсанттардың құрамы және экскурсия жүргізуші туралы толық мәліметтер қолданылады. Техналогиялық картаның екінші парағында экскурсияның міндеттері қарастырылады. Үшінші парағында экскурсияны ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Экскурсовод экскурсияның алдында 15 минут бұрын келуі керек. Экскурсияның кіріспесіне 7 минут беріледі. Экскурсияны бастаған кезде экскурсовод өзінің аты – жөнін, турфирманың атын айтады, содан кейін жүргізушінің атын айтады және қауінсіздік ережелерін айтып таныстырады.
Технологиялық карта экскурсия жүргізетін мекеменің негізгі құжаты ол болған жағдайда экскурсияны жүргізуге және ақы төлеуге құқық беріледі. Ол жеті бөлімнен тұрады :
Экскурсия маршруты бұл графадаэкскурсиялық топ жүріп өтетін көшелер алаңдар көрсетіледі және кесінділер көрсетіп тұратын пунктер аталады.
Аялдамалар топтың объектілерді көру үшін тоқтайтын орындарын белгілейді.
Көрсету объектілері белгілі бір аялдамада көрсетілетін объектілер аталады. Бұл жерде ескерткіштер немесе ғимараттар ғана айтылып коймайды сондай-ақ үлкен объектілер ормандар теңіз көше және т.б.
Экскурсия ұзақтылығы мұнда белгілі бір аялдамада объектілер көрсетуге және келесі объектіге баруға кететін уақыты көрсетіледі.
Тақырыпшалар немесе негізгі мәселелер тізімі аялдамада объектінің көрсету кезінде сыры ашылатын объектілер және экскурсавод баяндайтын мәселелер жазылады.
Ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар графасында топтың жүріп тұруы қауіпсіздік туралы шаралар экскурсия объектісіндегі тәртіптер көрсетіледі.
Методикалық нұсқаулар объектілерді қай тұстан және қай кезде көрсету. Әңгіменің методикалық тәсілдері және көрнекі құралдарды пайдалану жөнінде кеңестер беріледі.
24. Экскурсия мәтінін құрастыру. Экскурсияның бақылау және жекеленген мәтініне қойылатын талаптар.
Экскурсовод әңгімесінің негізі жеке текст болып табылады. Ол ойдың толықтығын, жүйелілігін, ретілігін анықтап экскурсаводқа өз әңгімесін логикалық тұрғыдан құруға мүмкіндік береді. Бұндай тексті экскурсовод өз бетімен құрастырады. Барлық жеке текстің мазмұнында әртүрлі сөздер, әңгімелеудің әртүрлі реттілігін және де әртүрлі фактілер яғни бір нәрсені дәлелдейтін жағдайлар болуы мүмкін. Экскурсоводтың жаңа тақырыпты дайындау бойынша алдын ала жұмыс біткеннен кейін оны бақылау текстімен танысуға жіберледі. Бұл әңгімелеуге қажетті материалды таңдауға қанша мысал келтіру керектігін және экскурсия тақырыпшылары бойынша дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жеке текісті құрастыра отырып, автор әңгімелеудегі логиканы сөз бен көріністің экскурсант сезіміне синхронды әсер ететінін ескеруі қажет. Экскурсияны дайындауда ерекше рөлді аңыз жөніндегі сұрақтар алуы мүмкін. Кей жағдайларда экскурсияда тек аңыздар ғана қолданылуы мүмкін.
Маршрут бекітілгеннен кейін, экскурсияның тексті құрылады. Шығармашылық топпен жасалған текст бюро (фирма) тексті немесебақылау тексті деп аталады.
Бақылау текстінде материал экскурсиясының мақсатымен, тақырыбына қарай баяндалады, хронология сақталады. Бақылау текстінде әдебиеттен үзінділер, статистикалық мәліметтер, оларды алған деректер және экскурсияның кіріспесі, мазмұны, қортындысы, қисынды ауысулары толық жазылады. Бақылау текстке маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді, олар осы экскурсияның басқа варианттарын жасауға қажет болады.
Мазмұны бойынша бақылау тексті және жеке текст бір біріне сәйкес келеді. Егер бақылау тексті дұрыс құрылса осы тақырыпты меңгерген барлық экскурсоводтың экскурсиялары стандартты болады. Себебі бақылау текст эталлон ретінде алынады. Бірақ та, бақылау текстің жеке текістен айырмашылықтары бар. Ең басты айырмашылықтары экскурсияның барлық методикалық әдістерін қамтымайды және экскурсияның құрлымын көрсетуге негізделмеген.
Бақылау текстің көлемі 3-сағаттық автобус экскурсиясына 40-50 басылым бет, ал жаяу экскурсияларына 25-30 беттен кем болмау керек. Әр топ мүшесімен жасалатын өзіндік, жеке текстке қойылатын талап осы бақылау текстімен сәйкес болуы, бұл жерде бақылау тексті эталлон болып саналады.
25. Экскурсия объектісі мен тақырыпшалары арқылы экскурсия тақырыбын ашу. Экскусия тақырыпшаларының логикалық өзара байланысы.
Қазіргі кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі талаптардан
тұрады: 1) потенциалдық сұраныс
2) нақты экскурсия
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Мысалы:бір экскурсиялық
объекті таныстырғанда, сол мәліметтерін тақырыпқа байланыстыру
керек. Экскурсияның аты тақырыпқа байланысты болу керек.
Экскурсия атының мақсаты экскурсанттарды қызықтыру.
26. Экскурсияның технологиялық картасы мен мәтініне қорытынды жасау.
Контрольді текст. Контрольді тексте экскурсия бойынша жиналған
барлық мәліметтер зерттеледі және жиналған мәліметтер әдеби тілмен
жазылады. Экскурсия тақырыпшаларға бөлінеді
Технологиялық картаға және текстке лицензия алу. Туризм саласында
мамандар комиссиясы жаңа экскурсияны қарастырады және жазбаша
түрде қорытынды шығарады. Мамандар комиссиясы экскурсияның
контрольдік және индивидуалдық бөлімдерін тексереді. Сонымен бірге
технологиялық картада объектілердің дұрыс таңдап алуын тексереді
және жаңа экскурсияның дұрыс құрастыруын тексереді. Жаңа
экскурсияны мамандар комиссиясы тексеріп болған соң, байқау
экскурсиясы өткізіледі. Байқау экскурсиясын өткізу алдында алдын-ала
экскурсияның уақытын қай күнде өткізілетіні және қандай көлікпен
өткізілетінің анықтау керек. Байқау экскурсиясын өткізген соң, жаңа
экскурсияны өткізуге рұқсат алады. Жаңа экскурсияны талқылау
кезінде комиссия мүшелері экскурсия карточкасын толтырады. Бұл
карточкада келесі мәселелер қарастырылады:
экскурсовод туралы толық мәліметтер;
экскурсия өткізілетін күні және уақыты;
экскурсия тақырыбы және аталуы;
экскурсияның түрі;
экскурсанттардың құрамы және саны;
экскурсоводтың айту және көрсету жолдарының сапасы;
экскурсоводтың тіл шеберлігі;
экскурсияны жүргізу әдісі.
Комиссия шығаратын қорытынды бойынша кемшіліктерді дұрыстаған соң, жаңа экскурсия бекітіледі.
27. Экскурсияны қабылдау және бекіту кезеңі.
Ең алғашы «экскурсия дайындау кезеңдері» деген түсінік 1976 жылы енгізілген. Сол кезде негізгі 15 кезең аталған:
1. Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау
2. Тақырып таңдау
3. Әдебиеттерді реттеу және библиография жасау
4. Экскурсиялық материалдардың деректерін анықтау. Тақырып бойынша мұражай экспозициясы мен және фондылары мен танысу
5. Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу
6. Экскурсияның маршрутын жасау
7. Маршрутты аралап шығу
8. Бақылау текстін жасау
9. «Экскурсовод портфелін» іріктеп жинақтау
10. Экскурсияны жүргізу методикалық тәсілдерін анықтау
11. Экскурсияны жүргізу техникасын анықтау
12. Методикалық құралды жасау
13. Өзіндік жеке тексті құру
14. Экскурсияны жасау (қабылдау)
15. Экскурсияны бекіту
Экскурсияны қабылдау мекеме басшылары мен осы экскурсияны жасаған творчестволық топпен жүзеге асады.
Турфирма басшысы, менеджерлер, экскурсовод сол жасалған экскурсия бойынша өтіп шығып, оның кемшіліктері мен артықшылықтары аталады. Сосын экскурсия мекемемен қабылданады. Сол кезде мекеме мөрі мен басшылардың қолжазбалары қойылады.
Экскурсияны бекіткенде оған деген көптеген методикалық кабинетте жиналған материалдар қажет болады:
1) тақырып бойынша әдебиеттер көзі тізімі: барлық кітап, брошюра, осы экскурсияда қолданылған материалдар жазылады;
2) объект карточкалары: экскусиялық объектті сипаттайтын мәліметтер;
3) бақылау тексті: әдебиет көзі бойынша дайындалған, іріктелген, тақырыпты ашатын негізгі сұрақтар;
4) жеке тексті: нақты ғана жазылған материал, онда объекттерге испаттама беріледі;
5) маршрут схемасы: бөлек парақта топтың жүру реті көрстіледі;
6) экскурсовод портфелі: сурет, схема, сызба, т.б папкасы;
7) тақырыпта өолданатын методикалар: экскурсия жүргізу бойынша нұсқаулар, көресту мен әңгімелеу тәсілдері;
8) экскурсия материалдары: рефераттар, таблицалар, цитаты, т.б.
9) тақырып
Жүргізген экскурсовод есімі.
28. Экскурсияны көретудің негізгі әдістемелік тәсілдері. Алдын-ала қарап шығу және оның сипаттамасы.
Көрсету – көрнекілік принципін іске асыру процессі, экскурсиялық объекттермен көру арқылы танысу (мысалы, архитектура ескерткіші мен). Экскурсияда көрсету – объекттерден көру ақпаратын сыртқа шығаратын көп планды процесс. “Көрсету” арнайы термин ретінде экскурсионист ғалымдармен енгізілген. Экскурсиялық методикалық әдебиетте кең пайдаланады. “Көрсету” және “демонстрациялау” бір мағынаны білдіреді.Объектті көрсету сюжетті, және сюжетсіз болады. Сюжеттікке бейнелеуөнер туындысының тарихи және тұрмыс жанрлары жатады. Ал пейзаж, натюрморт, портреттердің сюжеті болмайды. Экскурсовод сюжеттік туындылары мен таныстырғанда, бейнеленген оқиғаның кезендерін көрсетебілуі, көрермендерге өткенді елестету арқылы оқиғаны кайта кұруға көмекбереді, эмоция туғызады. Әр бір сюжетті көрсетуде өзінің қатысушы адамдары болады. Оларға өзіне тән әрекеттері бар. Сюжетті көрсету экскурсияны жандандырады, экскурсанттар ол ескерткіштерді есіне ұзағынан сақтайды.
Алдын-ала көрсету тәсілі 1,5-2 минутқа созылады, басында экскурсовод әңгімесімен қошталмайды. Экскурсанттар өз бетінше объектімен танысады. Осыдан кейін экскурсовод экскурсанттардың назарын объекттің тарихына, оны қоршаған ортасына сипаттама береді. Бұл тәсілді пайдаланудың екінші варианты болады – экскурсовод басында объектті бақылау кезінде нені көру керегіндігіне, оның қандай сапалық және нақты ерекшеліктеріне көңіл аудару керектігіне бағыттайды.
Панорамалық көрсету,Экскурсиялық анализ,Көрермен реконструкция ,Локализация тәсілі ,Салыстыру тәсілінің міндеті ,Мемориалды тақтаны көрсету , Жылжу методикалық тәсілі , Объектілерді жүріп бара жатқан автобустан көрсету.
29. Көрсету, көзбен салыстыру, оқиғалы локолизациялау тәсілдері туралы түсінік
Объектілерді жүріп бара жатқан автобустан көрсету. Объектілер жайлы оны көрмей тұрып алдын – ала жалпы сипаттама береді, объект көрінгенде экскурсанттардың назарын оған аударады.
Көрсету экскурсияда үш элементтің қосындысы болып ерекшеленеді:
1)Назар аударарлық орындармен экскурсанттардың өз бетінше танысу
2)Экскурсанттарды экскурсоводтың портфелімен таныстыру
3)Экскурсоводттың басшылығымен түрлі әдістерді қолдана отырып көру (мысалы, тарихи экскурсияда көрсету объекттеріне өткен ғасырлардың ғимараттары жатады).
Көрсетудің ерекшелігі – бір қарағанда, заттың көрінбейтін, білінбейтін қасиетін ашу. Экскурсияда адам дұрыс көруді, зерттеуді, бақылауды үйренеді. Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан оьъекттерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында паузалар (үзілістер) болуы тиіс. Экскурсия жасаған кезде үзілістерді жоспарлайды, ол маршрутқа байланысты. Қала сыртына жасалған экскурсияда үзілістер ұзақтау болады. Үзілісті де дұрыс пайдалана білу керек. Үзілісте пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес, өйткені кейіннен аудиторияның қызығушылығы төмендейді. Экскурсияда объекттерді дұрыс орналастыру, ең қызықтысын, ең әсер беретінін кейінге, қалдырып бірте-бірте көрсету. Бір объекттен екінші объектке көшкен кезде барлық анықтамаларды тақырыппен байланыстыру қажет.
Көрермен реконструкция тәсілі (қайта құру) сыртқы бейнесі өзгертілген объекттерді көрсеткенде пайдаланады. Бұрынғы түрін экскурсоводтың әңгімесінің көмегімен ойша қайта құру арқылы қалпына келтіру. Бұл тәсіл ұмытылмас орындарды, әскери шайқас, халық көтерілісі, ереуіл (забастовка) орындарды көрсеткенде пайдаланады. Тәсілдің міндеті экскурсанттарға ұмытылмас орындарды, ғимараттарды, құрылыстарды ойша алғашқы қалпына келтіріп көруге мүмкіндігін береді.
Локализация тәсілі қоршаған ортадан көруге қажетті объектке экскурсанттардың көңілдерін тарту үшін пайдаланады. Болған оқиғаларды нақты бір жермен ұштастыру. Материалды бергенде бұл тәсіл жалпыдан жекеге ауысуын қарастырады. Мысалы “Осы цехта алғашқы трактор жасалған”.
30. Экскурсиядағы әңгімелеудің әдістемелік тәсілдері: сипаттама жасау, түсіндіру, комментарий жасау, репортаж, экскурсиялық анықтама.
Экскурсияда айтып жеткізу тәсілі экскурсанттарға экскурсияның мазмұнын жеткізу үшін қолданылады.
Айтып жеткізу тәсілдері 2-ге бөлінеді:
Бірінші бөлімде айтып жеткізудің келесі түрлері кіреді: мінездеме, индукция және дедукция тәсілдері кіреді.
Екінші бөлімде айтып жеткізудің келесі түрлері кіреді: анықтама, сипаттама, цитата және репортаж тәсілдері.
1.Анықтама тәсілі – экскурсовод туристік объектінің толық анықтамасын береді: қашан ашылғанын, жобаның авторы және қандай қызмет көрсетеді.
Тофтология – бір мағынаның екі рет қайталануы.
2.Экскурсиондық объектіге сипаттама беру – бұл тәсілде объектіге және оның сыртқы көрінісіне сипаттама береді. Сипаттама тәсілі ескерткіштерді және тарихи оқиғаларды айтып жеткізгенде қолданылады.
3.Экскурсиондық объектіге мінездеме беру. Бұл тәсілде экскурсиондық объектінің ерекше тәсілдерін және объектінің сапасы қарастырылады. Мінездеме беру тәсілінен айырмашылығы мінездеме тәсілінде – объектінің танымдылығына ерекшелене сақталуына баға беріледі.
4.Түсіндіру тәсілін қолданған кезде тарихи оқиғаларды экскурсанттарға қандай себептер әсер етті соны қарастырады.
5.Коментарий тәсілі – экскурсовод бұл тәсілді қолданған кезде әртүрлі көріністерге, оқиғаларға, дәлелдерге коментарий беріледі.
6.Репортаж және цитата тәсілдері. Экскурсовод бұл тәсілді қолданған кезде көріністерге, оқиғаларға қысқаша мәлімет немесе цитата беріледі.
31. Экскурсиядағы әдеби монтаждау әдісі.
Монтаж тәсілі. Бұл тәсіл реконструция тәсіліне ұқсас келеді. Монтаждық тәсілдің көмегімен экскурсовод бір объектті көрсеткенде басқа бір объектпен немесе бірнеше объектілерді мысалға келтіреді. Монтаж тәсілін қолданған кезде экскурсовод экскусанттарға сол объект туралы толық ақпарат береді
Әдеби монтаж әдісі – экскурсия жүргізген кезде, біріншіден, әдеби шығармалардың үзінділері қолданылады, сонымен қатар арнайы әдістеме ретінде іске асырылады. Мысалы, алдын ала экскурсанттарға өлең, тақпақ т.б. текст таратып, экскурсия кезінде кезекпен оны айтып беру тапсырмасы беріледі.
32. Экскурсанттардың танымдық іс-әрекеттерін белсендендірудің әдістемелік тәсілдері: әңгімелесу, тапсырма беру, зерттеу элементтері.
Әңгіме – ол экскурсоводтың ауыз екі тілге қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып дыбысталған жеке текстін айтады.
Экскурсияда әңгіме шартты түрде қабылданған экскусияның ауызша айтылған бөлігі немесе экскурсовод топқа беретін мәліметтер. Экскурсияда әңгімені лекцияға айналдыруға болмайды. Экскурсовод әңгімесі келесідей міндеттерді атқарады:
Түсінік береді,
Көргенді толықтырады
Реконструкция арқылы экскурсант дәл қазір көре алмайтын нысандарды ойша елестету арқылы қалпына келеді
Әңгімеге қойылатын талаптар
Тақырыптылық
Нақтылық
Қисындық
Байланыстылық
Қысқалылық
Сенімділік
Көрсетумен байланыстылық
Тапсырмалар әдісінің мақсаты – экскурсантты ойлануға, қызықтыруға арналған. Мысалы, экскурсия жүргізуші мынадай сұрақ қояды: «Ойланыңыздар, мына ескерткіш неге осы жерде орнатылған, неге осылай аталады?» немесе «Мына ғимарат (жартас, үңгір т.б. неменеге ұқсайды?» т.б.
