- •9.Қозғалыс түріне байланысты, өткізу формасына байланысты экскурсиялар.
- •23. Экскурсияның технологиялық картасын құрастыру. Экскурсияның негізгі әдістемелік құжаты - технологиялық картаның құрылымы және өңделуі
- •24. Экскурсия мәтінін құрастыру. Экскурсияның бақылау және жекеленген мәтініне қойылатын талаптар.
- •33. Экскурсиялық қызмет көрсетудегі дифференциалды әрекет ету. Дифференциялық қызмет көрсетудің мәні.
- •Экскурсиялық қызмет көрсету бағдарламасы және оның құрылымы
- •Экскурсиялық теорияның даму кезеңдері
- •Экскурсиядағы дедуктивті әдістер
- •56. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: тарихи, табиғаттау тақырыбындағы экскурсиялар.
- •57. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: әдеби, архитектуралық тақырыптардағы экскурсиялар.
- •58. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: өндірістік-экономикалық, діни экскурсиялар.
- •Аудитория назарын аударуды ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- •Экскурсовод жеке тұлға ретінде. Экскурсоводтың жеке қасиеттері.
- •Экскурсиядағы психология элементтері.
- •Экскурсияның тақырыбы, атауы және мазмұны.
- •Экскурсиядағы логика.
- •Экскурсияның идеялық-тәрбиелік және білім беру функциялары.
- •Экскурсияны өткізуде және даярлаудағы әртүрлі пәндері қолдану.
- •Экскурсияны өткізу әдістемеі. Экскурсияны өткізу әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.
- •71.Экскурсияның ақпараттық ұйымдастырушылық бөлімін құрастыру.
71.Экскурсияның ақпараттық ұйымдастырушылық бөлімін құрастыру.
Ұйымдастырушылық бөлім (экскурсиялық топпен танысу және де экскурсанттарды жолдағы қауіпсіздік, өзін ұстау ережелерімен және маршрут кезінде таныстыру). Осы бөлімде экскурсовод хабардар етеді: Өзінің аты-жөнін, қай турфирмада істейтінін; Транспортты жүргізушінің аты-жөні; Экскурсия тақырыбы, оның атауы; Маршрут, уақыт және экскурсияның аяқталу орнын; Экскурсиядағы тәртіп ережелерін; Қауіпсіздік ережелерін.
Ақпараттық бөлім ( тақырып жөнінде қысқаша мәлімет, маршруттың ұзақтығы, бару және қайту уақыты, санитарлық аялдамалар және де экскурсияның аяқталу орны). Негізгі білім нақты экскурсиялық объектілер негізінде көрсету мен баяндаудың бірлігінен құрылады. Оның мазмұны бірнеше тақырыпшалардан тұрады, олар объектілерде және тақырыппен байланысты болуы қажет. Ондай тақырыпшалардың саны 5-12- дейін болады. Сонымен қоса, экскурсия құрудағы маңызды мәселе болып, объектілерді таңдау, яғни тақырыптың мазмұнын ашатындарды ғана таңдап алу және де олар тақырыпшаларға байланысты болуы керек.
72.Экскурсияның объектілердің паспортын құрастыру.
Экскурсиялық объектілердің паспортына кіретін мәліметтер: Объект атауы; Тарихи оқиғалар; Объектінің орналасу орны; Ескерткіштің сипаттамасы; Ақпараттың қайнар көзі; Ескерткіштің сақталуы; Ескерткіштің қорғалуы; Пайдалану деңгейі; Паспорттың жасалу уақыты мен құраушының мәліметтері.
73.Экскурсиялық бюро жұмысына сипаттама жасау.
Экскурсиялық бюроның ішкі құрылымы:
Экскурсиялық әдістемелік бөлім ұйымның жұмыс атқаруында маңызды роль атқарады, оның құрамына кіреді: Аға әдіскер немесе менеджер; Әдіскерлер; Экскурсоводтың әдістемелік секциялары; Қоғамдық кеңесу органы әдістемелік кеңес және әдістемелік кабинет.
Секциялардың жұмысы бекітілген жылдық жоспарға байланысты іске асырылады. Экскурсиялық ұйымның жұмысы-семинарлар, лекциялар, конференциялар, әдістемелік кеңестің отырыстарын өткізу, т.б.
74.Дүниежүзіндегі экскурсиялық қызметтің даму ерекшеліктері.
Ұлы Отан соғысы жылдарында туристтік- экскурсиялық іс-әрекет түгелімен тоқтатылды. Соғыс аяқталғаннан кейін күйреген халық шаруашылығымен қатар, туристтік-экскурсиялық мекемелер жүйесі де қалпына келтіріле бастады.1965 жылы барлық одақтың республикаларында және көптеген автономдық республикаларда, өлкелер мен облыстарды туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестер ұйымждастырылып, жаңа туристтік маршруттар құрастырылып, игерілді. 20 ғасырдың 60-шы жылдары кәсіподақтардың туристтік-экскурсиялық ұйымдары 13 мыңнан астам сызықтық, шеңберлік, радиалдық маршруттар құрастырды. Бүкілодақтық және жергілікті маршруттар бүкіл елді қамтып, Кеңес Одағынаның ең қызықты қалалары мен жерлерімен танысуға мүмкіншілік берді. Олардың ішінде бірегей қиын барылатын жерлер – Камчатка, Курилдық аралдар, Франц Иосиф жері және т.б.80-шы жылдары туризм жүйесінің кемелденуі жалғасады. 80-ші жылдардың 1-ші жартысында кеңестік кәсіподақтар туристтік-экскурсиялық істің сәтті перспективалық дамуы үшін көп еңбек сіңірді. Оның 1990 жылға дейін кемелденуінің басты сызбасының негізі жасалды. Бұл әрине, материалдық — техникалық базаның қайта жаңартылуын да қарастырды және туристтік-экскурсиялық мекемелер торының ары қарай құрылымдық кеңеюі мен кадрларды дайындау, сонымен қатар туризм мен экскурсиялардың нәтижелілігін арттыру да маңызды мәселенің біріне айналды.60-70 жылдардың шегінде КСРО-дағы туризм халыққа қызмет көрсетудің ірі саласына айналып, халық шаруашылығының әртүрлі салаларымен тығыз байланыста болды.Туризм шынымен де бұқаралық испатқа ие болды. 80-90жж. Шегінде КСРО-ның территориясында 800 туристтік клубтар, 40 мыңнан астам қоғамдық комиссия іс-әрекет етіп, олардың жұмысына 700 мыңдай туристер қатысты. 75.Қазақстандағы экскурсиялық қызметтің даму ерекшеліктері.
Экскурсиялық істің қалыптасуы, дамуы мен өрлеуі музейлердің тарихымен тікелей астасып жатыр. Экскурсияның шығуына себепшілік танытқан өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі десе де болады. Бұл бірінші кезекте біркатар қалаларда музейлердің ашылуынан да байқалады, Қазақстан аумағында тұңғыш рет музейдің ашылуын 1831 жылдан бастаған жөн. Себебі осы жылы Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінде Орынбор өлкесінің музейі (қазіргі ҚР Орталық Мемлекетгік музейі) ашылған еді. Оның алдында, яғни 1827 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханнын «Қару-жарақ бөлмесі» ұйымдастырылған-ды. 1883 жылы Семейде музейдің ашылуы, еліміздің шығыс аумағындағы елеулі оқиғаға айналды. Сондай-ақ 1906 жылы ағайынды Белослюдовтар Семейде жекеменшік музей ашқан-ды. 1915 жылы Өскеменде де музей жұмыс істеп, халыкты қабылдай бастады. Негізінен алғанда, патшалық Ресей тұсында музейлердің ашылуына, қазақ тарихына қатысты көптеген көрмелердің ұйымдастырылуына Орыс географиялық қоғамының, Орынбор мұрағат комиссиясының белсенді мүшелері (әскери шенеуніктер, орыс зиялылары, Қазақстанға жер аударылған саяси қайраткерлер, т.б.) атсалысты. Мұражайлардың ашылуы экскурсия жүргізу ісін біртіндеп жолға қоя бастады. Сонымен қатар өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу үдерісінің интерактивті түрі деп санаған. Сондықтан экскурсияға шығу алғашында мектептерде кең қанат жайды. Тарихи орындарға бару, табиғат аясына шығу, коршаған ортаны тану секілді іс-шаралардың маңызы зор екендігін озық ойлы мұғалімдер нақты білгендіктен, көпшілігі оқудың осындай белсенді түрін таңдап алып жатты. Жалпы айтканда, экскурсиялар мемлекеттін түрлі кезеңдерінде өз миссиясын тиянақты түрде атқарып келген. Экскурсиятанудың пон ретінде дамуына Кеңес Одағы тұсында мамандар көп еңбек етті. Оның дамуы педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Республиканың нақты шекаралары межеленген 1925 жылдарға дейін Кеңес үкіметі Қазақстанда тағы бірнеше музейлер ұйымдастырып, музей ісін дамытуды жолға койды.
