- •9.Қозғалыс түріне байланысты, өткізу формасына байланысты экскурсиялар.
- •23. Экскурсияның технологиялық картасын құрастыру. Экскурсияның негізгі әдістемелік құжаты - технологиялық картаның құрылымы және өңделуі
- •24. Экскурсия мәтінін құрастыру. Экскурсияның бақылау және жекеленген мәтініне қойылатын талаптар.
- •33. Экскурсиялық қызмет көрсетудегі дифференциалды әрекет ету. Дифференциялық қызмет көрсетудің мәні.
- •Экскурсиялық қызмет көрсету бағдарламасы және оның құрылымы
- •Экскурсиялық теорияның даму кезеңдері
- •Экскурсиядағы дедуктивті әдістер
- •56. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: тарихи, табиғаттау тақырыбындағы экскурсиялар.
- •57. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: әдеби, архитектуралық тақырыптардағы экскурсиялар.
- •58. Тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері: өндірістік-экономикалық, діни экскурсиялар.
- •Аудитория назарын аударуды ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- •Экскурсовод жеке тұлға ретінде. Экскурсоводтың жеке қасиеттері.
- •Экскурсиядағы психология элементтері.
- •Экскурсияның тақырыбы, атауы және мазмұны.
- •Экскурсиядағы логика.
- •Экскурсияның идеялық-тәрбиелік және білім беру функциялары.
- •Экскурсияны өткізуде және даярлаудағы әртүрлі пәндері қолдану.
- •Экскурсияны өткізу әдістемеі. Экскурсияны өткізу әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.
- •71.Экскурсияның ақпараттық ұйымдастырушылық бөлімін құрастыру.
1.Э\ның функциялалары мен белгілері
А)ғылыми насихаттау функциясы: экскурсиялар, саяси, философиялық, ғылыми көркем және т.б көзқарастар мен идеялардың таралуына әсер етеді. Әр экскурсияның бағыттылығы болуы қажет.
Б)ақпараттық функциясы әрбір экскурсия өз тақырыбына сәйкес белгілі бір бөлім бөлігіне байланысты ақпараттарға ие. Ақпараттардың көп бөлігі көрнекілігі арқылы беріледі. Алайда экскурсия бөлігін мәтінен ауыспауы қажет.
В) бос уақыт өткізу функциясы.
Г) Көз қарасты жинау функциясы – саяхат мақсаты аудитория білімін жариялау нақты сана бойынша білім туралы адамның қызығушылығын білдіру.Кенейту – саяхат мүшелері алған білімдерін тарих, өнер сәулет, әдебиет, экономика облысында кенейту мүмкіндігі болды.
Д) адамның мәдени техникалық тактикасын кеңейту функциясы.
Ж) адам қызығушылығын қалыптастыру функциясы. Экскурсия тапсырмасы адамдардың білімінің белгілі бір саласы ретінде қалыптастыру.
Экскурсияның белгілері Э\ның 8 белгісі:
1. Э\ның ұзақтығы. Э\я 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. Уақыт академиялық сағат бойынша есептеледі. Ең аз уақыт алатын э\лар — музей және көрме экскурсиялары. Ең ұзағы – қала сыртына жасалған экскурсиялар.2. Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттар саны негізінде 1 адамнан 50 адамға дейін болады. Кей кездері 70 адамға жетеді.3. Жоғары маманды экскурсоводтың болуы.4. Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.5. Экскурсанттардың алдын ала жоспарланған маршрутпен жүруі.6. Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаты.7. Экскурсиялық құжаттар:1) Экскурсиялық маршруттың сызбасы;2) Э\я мәліметтері;3) Экскурсоводтың портфелі.8. Экскурсанттардың белсенділігі.
2.Э\ның мазмұнын сипаттайалатын, экскурсияның негізгі белгілері.
Э\ның ерекше белгілері:
- Автобустағы экскурсияларда автобустан міндетті түрде шығу;
- Музейлік экскурсия студенттерде орналасқан материалмен таныстыру;
- Өндірістік экскурсияның жұмыс жасап тұрған объектілерде демонстрация жасау;
3.Э\ның қызметі экскурсанттарға тәрбие және білім беру.
Э\я қызметінің балалармен мектептен тыс жұмысындағы орнын сипаттай отырып, экскурсионист Л. Барханс былай деп есептеді, яғни экскурсия - бұл алдын – ала жасалған тақырып бойыша белгілі бір объектілерге (мұражай, зауыт, колхоз және т.б.) арнайы жетекшімен бару жолымен белгілі бір білім, тәрбие алудың көрнекілік әдісі. Сол сияқты соңғы уақытта жарияланған тағы бір анықтаманы мысалға келтірейік: «Э\я - бұл табиғи жағдайларда (зауыт, колхоз, тарих және мәдениет ескерткіштері, ескерткіш жерлер, табиғат және т.б.) немесе арнайы құрылған коллекцияларды сақтайтын жерлерде (мұражай, көрме) «бақыланатын шындық құбылыстарын зерттеу процесінде оларға экскурсияға қатысушылар мектеп оқушыларына жетекшілік ететін және экскурсия жетекшісі - мұғалімдердің бірлескен қызметі жүзеге асырылатын оқу және оқудан тыс жұмыстың ерекше формасы. Экскурсиялық әдістеме бірнеше бөлімнен құралады: берілген бюро үшін жаңа тақырыпты құрастыру әдістемесі (берілген бюрода құрастырылып болған), маршрутта экскурсияны өткізу әдістемесі, экскурсия біткеннен кейін экскурсияға қатысушылармен жұмыс әдістемелері. Экскурсияны жүргізу өте терең құрастырылған. Ол екі бөлімнен құралады: көрсету әдістемесі - өте күрделі және көлемі бойынша үлкен, кейінгісі әңгіме әдістемесі – ішкі және бағынушылық мінезді алып жүреді. Көрсету әдістемесі күрделі, өйткені ол оригиналды және өзінің әдістерінің толықтылығына басқа тәрбиелік жұмыс формаларында қолданылмайды. Экскурсины өткізу әдістері осы фирма ішінде ғана пайда болып, жетілдіріледі. Экскурсиялық жұмыстың жауапты бөлігі әдістемелік әдістерді іріктеу болып табылады. Бұнымен аудитория құралып, оның ерекшелігі және қызығушылығы ескеріледі. Н.К. Крупская айтатын: «Әдістеме әсер ету объекті білімімен органикалық байланыста болады » Экскурсиялық мекемелердің тәжірибесі көрсеткендей көрсету әдістемесі тек объектіні көрсетуге ған көздестірілмеу керек. Дыбыстық көрнекіліктерді кеңейту керек, мысалға, орман, сарқырама шуы, құстардың ән салуы, теңіздің шуы. Мұндай элементтер экскурсоводтың әңгімесін шындыққа жақындатады. Сонымен бірге экскурсовод музыкалық әндерді, күн бату бояуларын, су бетінде ғимараттардың бейнесін қолдануы мүмкін. Экскурсиялық әдістеме талаптары экскурсанттардың әдісті көрмеу үшін кез елген әдістемені әдістердің экскурсияда еркін қолдануымен құрылады.
4.Э\я құрылымы.Э\я кіріспесі, ұйымдастырушылық және ақ\тық бөлімі.
Экскурсияның құрылымы: Экскурсияға кіріспе, оның қүрылымы,ұйымдастырулық және ақпараттық бөлімдері. Экскурсияның негізгі бөлімі: тақырыпшалар және қүрастырушы сұрақтар.
Экскурсияның қорытындысы, оның мазмұны.
1. Кіріспе. 3-15 минут созылу керек.
2. Негізгі бөлім. Экскурсияның басты ақпараттары айтылады.
3. Қорытынды. 3-5 минут.
5.Экскурсияның негізгі бөлімі: тақырыпшалар және олардан құралған сұрақтар. Экскурсияның қорытындысы және мазмұны. Экскурсияның негізгі бөлімі: тақырыпшалар және олардан құралған сұрақтар. Экскурсияның қорытындысы және мазмұны.
Негізгі бөлім
- Ұйымдастырушылық ( экскурсиялық топпен танысу және де экскурсанттарды жолдағы қауіпсіздік, өзін ұстау ережелерімен және маршрут кезінде таныстыру). Осы бөлімде экскурсовод хабардар етеді:
• Өзінің аты-жөнін, қай турфирмада істейтінін;
• Транспортты жүргізушінің аты-жөні;
• Экскурсия тақырыбы, оның атауы;
• Маршрут, уақыт және экскурсияның аяқталу орнын;
• Экскурсиядағы тәртіп ережелерін;
• Қауіпсіздік ережелерін.
- Ақпараттық ( тақырып жөнінде қысқаша мәлімет, маршруттың ұзақтығы, бару және қайту уақыты, санитарлық аялдамалар және де экскурсияның аяқталу орны). Негізгі білім нақты экскурсиялық объектілер негізінде көрсету мен баяндаудың бірлігінен құрылады. Оның мазмұны бірнеше тақырыпшалардан тұрады, олар объектілерде және тақырыппен байланысты болуы қажет. Ондай тақырыпшалардың саны 5-12- дейін болады. Сонымен қоса, экскурсия құрудағы маңызды мәселе болып, объектілерді таңдау, яғни тақырыптың мазмұнын ашатындарды ғана таңдап алу және де олар тақырыпшаларға байланысты болуы керек.
Қорытынды
Ол уақыт бойынша 5-7 минутты алу керек және 2 бөлімнен тұру керек.
1-сі – экскурсияның негізгі мазмұнының қорытындысы, тақырып бойынша қорытынды, экскурсияның мақсатын жүзеге асыру.
2-сі- басқа экскурсиялар жөнінде мағлұмат, яғни олар берілген тақырыпты кеңейте және тереңдете алуы керек. Қорытынды негізгі бөлім, кіріспе сияқты өте маңызды.
Экскурсияның қызықты болуы өте маңызды. Дегенмен де, ол туристерге қажетсіз мағлұматпен толықпауы қажет, материалды ұсыну әдісі де қиын блмауы керек, оны керісінше оңай әрі түсінікті игерілетіндей дәрежеде жасалуы керек. Осыған байланысты экскурсия тақырыптары тек қана белгілі бір экскурсанттар тобына сай болу керек. Мұндайды экскурсиондық қызмер көрсетуге дифференциалдық әдісті қолдану деп атайды. Ол тұтынушының қызығушылықтарын ғана емес, олардың мақсаттарын ескеруі тиіс.
6.Экскурсиялардың классификациялары.
Экскурсияларды былай бөледі: -қатысушылар құрамына қарай; -өткізілетін орынына қарай; -жылжымалы бойынша; Мазмұны бойынша экскурсияның екі түрі бар: Шолу экскурсиясы және тақырыптық .Экскурсия обьектілеріне тарихи-мәдени ескерткіштер, әйгілі оқиғаларға қатысы бар ескерткіштер мен жерлер, көшелер мен алаңдар, құрылыс кешендері, табиғи орындар, мәдени ағарту мекемелері. Шолу экскурсиялары қала және аймақтық жерлер мен осынды тұратын әйгілі адамдарға, немесе тұрғындарға арналады. Көп жағдайда мұндай экскурсияларда қаланың пайда болған күнінен бастап, жоспар жасалады. Тақырыптардың бірі жетекші болып, мазмұнды ашуға ықпал етіп отырады. Кей қалаларда шолу экскурсияларын тақырпшалар құрайды. Қолданылған бұйым, әшекей, еңбек құралдары да обьекті ретінде қарастырылады. Мысалы Самарқандтағы экскурсия бюролары осы қаланың солтүстігінде орналасқан қазба жұмыстары кезінде табылған мешіттер, бекіністер, сарайлар орындарына арнап маршруттар жасап қойған. Қатысушылар құрамы бойынша экскурсиялар былай бөлінеді: жастар мен балаларға, қариялар, орта жастағылар, жергілікті халық пен келуші туристер, ұйымдастырылған топ және жеке экскурсанттар, қала мен ауыл тұрғындары. Өткізілу орыны бойынша : қалалық, қала сырты, өндірістік және мұражайлық. Қалалық экскурсия бүкіл қалаға немесе бір бөлігіне арналады. (әкімшілік аудандар, басқармаларға) Қала сыртындағы экскурсиялар көбіне басқа нүктеге жол жүріп бара жатқанда ұйымдастырылады. Тасымалдау амалы бойынша экскурсиялар жаяу жүру немесе транспорт түрін қолдану болып бөлінеді. Көбіне автобусты қолданады. Сондай ақ трамвай, өзен теңіз теплоходтары, электропоездар қолдану таралған. Өткізілу формасы бойынша көпшілік (массовка) экскурсия, серуендеу экскурсиясы, экскурсия сабақ, пікірталас экскурсиясы, экскурсия концерт,экскурсия кинофльмдерді көрсету экскурсия , оқу экскурсиясы , дайындық экскурсиясы болып бөлінеді.
7.Мазмұны бойынша шолу, тақырыптық экскурсияларға сипаттама.
Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:
1. Шолу экскурсиялар. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді – тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар ме нқұрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады. Шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияның ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.
2.Тақырыптық экскурсия. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тақырыптық экскурсия бірнеше топтарға бөлінеді:
1) Тарихи экскурсия – мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:
а) тарихи-өлкетану;
ә) археологиялық;
б) этнографиялық;
в) тарихи-өмірбаяндық;
г) тарихи мұражайларға бару;
ғ) тарихи шайқастар болған жерге бару.
Тақырыптық экскурсиялар бір тақырыпқа ғана арналады. Мысалы тарихи экскурсия болса оның негізіне бір-екі оқиғаны алуға болады. Тақырыптық экскурсиялардың өзі бір неше топқа бөлінеді: тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихтық, өндірістік, жаратылыстанушылық (табиғаттық), өнертанушылық, әдеби, архитектура-градоқұрылыстық. Осы топтардың әр қайсысы өзіндік тақырыпшаларға бөлінеді.
8.Қатысушылардың санымен құрамына байланысты, өткізілу орнына байланысты экскурсиялар.
Қатысушылардың құрамы бойынша экскурсия келесі топтарға бөлінеді: үлкен азаматтар үшін; әр түрлі жастағы балалар үшін; қаланың тұрғындары үшін; шеткі қаланың тұрғындары үшін; шетелдіктер үшін. Экскурсия классификациясында қатысушылардың құрамы бойынша негізінен есепке алғанда, экскурсияда экскурсиялық топтарды ерекшелеп көрсеткен. Қатысушылардың құрамына тәуелді маршрут экскурсиясы, таңдалған объектілерді көрсету, мәтіннің мазмұны, көңіл – күйі негізігі өзгерістерге кіреді. Кәсіпқой топтардың қалауы, мысалы, шолу экскурсиясын қала тақырыбын алу, сондай-ақ профисионалды сұрақтар яғни елді-мекен, аудан, аймақ көрсеткіштеріне мінездеме беретін еді. Экскурсияда шеткі аймақтан келгендерден қосымша объектілерден көптеген сұрақтар туындауы мүмкін, және экскурсовод оған әрқашан дайын болу керек.
9.Қозғалыс түріне байланысты, өткізу формасына байланысты экскурсиялар.
Өткізілу формасы бойынша көпшілік (массовка) экскурсия, серуендеу экскурсиясы, экскурсия сабақ, пікірталас экскурсиясы, экскурсия концерт,экскурсия кинофльмдерді көрсету экскурсия , оқу экскурсиясы , дайындық экскурсиясы болып бөлінеді. Көпшілік (массовка) экскурсиясы деп бір мезетте 10-20 автобустағы адамдар қатысатын іс-шараны атайды. серуендеу экскурсиясы, орман, қала парктері, табиғи орталарда өткізіледі. Оқу экскурсиясы қатысушыларды арнайы шеберліктерге, біліммен таныстыруға арналады. Дайындық экскурсиясы жаңадан дайындалған экскурсияны өткізіп көруге арналады. Бұл экскурсияда жетіспейтін материалдар мен тәжірибе толықтырылады.
Қозғалыс түріне байланысты: жаяу тауларға, көл жағасы, орманға бару т.б(на фантазию)
Өткізу орнына байланысты: қалалық, қала сыртындағы, өндірістік(фантазия қажет емес)
10.Экскурсиялық объектілер және олардың сипаттамасы, экскурсиялық қызметтің тұтынушылық сұранысы. Экскурсанттардың тиянақты назары таңдалып алынған объектінің оптималды санымен қамтамассыз етіледі. Егер экскурсанттар аз объектілерді бақыласа, онда олардың назары тереңірек және жинақталған болады. Көрсету әдістемесінің қиындығы мынады болады: тақырыпқа байланысты объектінің жанында тақырыпқа байланысы жоқ, алайда сыртқы келбетімен анағұрлым тартымдырақ болған объекті орналасса. Әрине, ол көзге тез түседі. Әдістемелік жағынан бұл сұрақ екі жолмен шешілуі мүмкін: бірден басқа объект жайлы қысқаша мәлімет беріледі (мысалы, ғимараттың архитектуралық бағалығы немесе оның мәні жайлы айтылады) немесе топты керекті объектіге солайша алып барады, не басқа объектілер экскурсантқа кейінірек көрінетіндей етіп және содан кейін оған қысқа мәлімет береді. Әдістеме түрлі назарды активизация құралдарын қоданады - әңгіме реттілігі, экскурсоводтың топқа деген үндеуі, кенеттен туған сұрақ, деталдардың шығуы немесе егжей-тегжейі. Кейде экскурсовод өз күш-жігерін объектілер арасындағы назарды бөліп беруге бағыттайды. Мысалы, тұрғылықты массивті көрсеткен кезде. Экскурсиялық әдістемеге деген басты талабы мынада – барлық негізгі объектілер және олардың көмегімен ашылуға көмектесетін тақырыпшалардың бір бүтін болуынан құралады. Маршрутта объектілерді «орналастырумен» қатар тақырыпшалар арасында логикалық байланыстардың, яғни ойланылған логикалық ауыстырулардың терімінің болуы қажет. Әдістеме объектілер арасында ауыстырулар кезінде паузаларды логикалық ауыстыруларды немесе жолдық экскурсиялық ақпараттармен толтыру арқылы қалай дұрыс қолдану керектігін анықтайды. Объектілерді экскурсияның тақырыбына сай таңдаймыз. Табиғаттану объектілеріне табиғаттың ерекше құбылыстары бар жерлер, үңгір, тау шатқалы, сарқырама, бұлақтар, ерекше мүсінді тау-тастар, жануарлардың түрлері, өсімдіктер түрлерін таңдайды. Тарихи экскурсияларға тарихи оқиға куәсі болған жерлер, тарихи тұлғалар өмір сүрген жерлер, т.б. Сонымен қатар кей қалаларда шолу экскурсияларын тақырпшалар құрайды. Қолданылған бұйым, әшекей, еңбек құралдары да обьекті ретінде қарастырылады. Мысалы Самарқандтағы экскурсия бюролары осы қаланың солтүстігінде орналасқан қазба жұмыстары кезінде табылған мешіттер, бекіністер, сарайлар орындарына арнап маршруттар жасап қойған. Объектілерді қосымша және негізгі деп те бөлеміз, қосымша объектілерге тақырып бойынша маршрут бойында кездесетін объектілерден бөлек нысандар немесе тақырыпты ашуға көмектесетін заттарды, ал негізгі объектілер тікелей тақырыпқа байланысты тарихы бар, мағынасы объектілер. Қалалық экскурсия шолу және тематикалық болады және барлық қалаларды қарсатырады, сонымен қатар оның бөліктерін көрсетеді.
11.Экскурсиядағы көрсетілім. Экскурсиядағы көрсетілім көрнекілік принципінің жүзеге асырылуы ретінде. Көрсету әдістемесінің қиындығы мынады болады: тақырыпқа байланысты объектінің жанында тақырыпқа байланысы жоқ, алайда сыртқы келбетімен анағұрлым тартымдырақ болған объекті орналасса. Әрине, ол көзге тез түседі. Әдістемелік жағынан бұл сұрақ екі жолмен шешілуі мүмкін: бірден басқа объект жайлы қысқаша мәлімет беріледі (мысалы, ғимараттың архитектуралық бағалығы немесе оның мәні жайлы айтылады) немесе топты керекті объектіге солайша алып барады, не басқа объектілер экскурсантқа кейінірек көрінетіндей етіп және содан кейін оған қысқа мәлімет береді. Әдістеме түрлі назарды активизация құралдарын қоданады - әңгіме реттілігі, экскурсоводтың топқа деген үндеуі, кенеттен туған сұрақ, деталдардың шығуы немесе егжей-тегжейі. Кейде экскурсовод өз күш-жігерін объектілер арасындағы назарды бөліп беруге бағыттайды. Мысалы, тұрғылықты массивті көрсеткен кезде. Экскурсиялық әдістемеге деген басты талабы мынада – барлық негізгі объектілер және олардың көмегімен ашылуға көмектесетін тақырыпшалардың бір бүтін болуынан құралады. Маршрутта объектілерді «орналастырумен» қатар тақырыпшалар арасында логикалық байланыстардың, яғни ойланылған логикалық ауыстырулардың терімінің болуы қажет. Әдістеме объектілер арасында ауыстырулар кезінде паузаларды логикалық ауыстыруларды немесе жолдық экскурсиялық ақпараттармен толтыру арқылы қалай дұрыс қолдану керектігін анықтайды.
12.Экскурсиядағы көрсетілім мақсаты, көрсету шарттары, көрсетілім түрлері.
Экскурсиядағы көрсетілім мақсаты, көрсету шарттары, көрсетілім түрлері.
Демонстрациялау экскурсиясы – топтарды өндіріс процестерімен, табиғи құбылыстарымен таныстыру түрі. Объектіні көрсетуде 2 маңызды бөлім бар:
1)Қысқа ғана сөзбен бейнелеп экскурсанттардың көңілін аудару көрсетуге болады көрсету барысында ғимараттың қолдың қимылымен оң жақта сол жақта орналасқанын айтып өту.
2)Ғимараттың сыртқы тұрғысына сипаттама беру (ғимарат биіктігі, түсі, ғимарат этажын, ғимарат қабырғасындағы жазулар) арқылы қысқаша шолу жүргізу.
Автобуста қозғалу барысында объектілерді түсіндіру. Қазіргі уақытта экскурсияның ең кең тараған түрі автобуста қозғалу үстінде объектілерді қысқаша түсіндіріп өту. Автобуста түсіндіруде экскурсаводқа бірнеше сикунттар беріледі, сол бірнеше сикунттарда объектілерді толық түсіндіре білу керек. Объекіні жақыннан айнала қозғалу. Бұл методикалық тәсілді архитектуралық ғимарат, құрылысты қарастыруда кең таралған. Бұл тәсіл экскурсанттарға жақыннан көпір, ұсақ бөліктерін оңғары толық қамтуға мүмкіндік береді. Объектіні толық қамту үшін бір орыннан тамашалау аз болады, сол үшін объектіні айналып көру тиіс. Қозғалу барысында экскурсавод объектіге қатысты әңгіме, мәтіндер айтып, түсіндіре білуі тиіс.
13.Экскурсиядағы әңгімелеу. Әңгімелеуге қойылатын талаптар және оның міндеттері.Экскурсия өз кезегінде заттық және бейнелеуші құралдардың сәйкестігі мен оған қосымша сипаттама беретін бірегей маңыздылық мәні бар – сөз сәйкестігінің қосылуынан тұрады. Экскурсияны өткізу барысында адамның объектті өзіндік бақылауынан және экскурсоводттың айтуынан алатын мәліметтерді есіне сақтап қалу өте маңызды. Әңгімелеу дегеніміз – экскурсиялық қызметте шартты түрде берілетін экскурсияның ауызша бөлігі, яғни экскурсоводтың топқа көрсеткен объектілеріне ауызша түрдегі анықтамасы мен түсініктемесі. Бұл ескерткіштер, тарихи жағдайлар мен тарихи тұлғалардың қызметіне образды түрде ақпарат беру. Экскурсионист ғалымдардың айтуы бойынша экскурсиядағы әңгімелеу – көру материалы көрсетіліміне қосымша болып табылады және ол дәріске айналмай, баршаға түсінікті, әрі қызықты болуы тиіс.
Экскурсиядағы әңгімелеу толығымен алдын ала дайындалады. Экскурсоводтың әңгімелеуін шығарма немесе туындыға жатқызуға болмайды, ол өз кезегінде жеке бір монолог ретінде танылады. Экскурсовод өз әңгімелеуіне өлең жолдарын, мақалдарды немесе үзінділерді қоса алады, яғни экскурсия тақырыбына сай текст дайындайды. Мысалы, экскурсиялық топ педогогтерден құралса экскурсовод өз әңгімелеуіне ақын-жазушылардың өлеңдерін немесе тарихи тұлғалардың өмірінен үзінді айтып кете алады.
Әңгімелеуге қойылатын негізгі талаптар: тақырыпқа сай болуы; нақтылық; қысқалығы; ойға қонымдылығы; көрсетіліммен байланыстылығы; ғылымилық.
Әңгімелеудің ерекшелігіне оның монолог сипатында болуы жатады. Сонымен қатар кейбір жағдайларда экскурсанттардың сұрақтар қоюы мен экскурсоводтардың сұраққа жауап беруі нәтижесінде диологқа да айналуы мүмкін. Экскурсавод пен экскурсант арасындағы диолог барысында берілген материалды тез ұғыну белсенділігі жоғарылайды. Экскурсанттың қыстырма сөзі (репликасы) – экскурсанттың өзіндік ой мен көзқарасын білдіруі. Экскурсия барысында экскурсанттың ойын білдіріп, өз көзқарасын айтуы көптеп кездесетін жағдай, сондықтан да одан жалтарып, оған жауап бермеу қателік болады. Экскурсаводтың кыстырма сөздермен жұмыс істеуінің белгілі бір методикасы бар. Репликаға берілетін жауап экскурсиядағы әңгімелеудің жүйесіне қосылғанда әңгімелеудің негізгі мазмұнын бұзбау керек. Бұл түсініктер не айту керек, қалай және қандай мақсатпен айтамыз деген сұрақтармен байланысты. Егер экскурсоводтың әңгімелеуін толық алсақ, онда оның алдына мынадай міндеттер қойылады:
• Экскурсанттарға берілген объектті түсініп, бағалауға көмектесу;
• Көргені және естігені бойынша өзіндік қорытынды жасау.
Экскурсавод өзінің әңгімелеуі барысында аудиторияға объектіден көруге болмайтын немесе көзге көрінбейтін қасиеттері туралы айту керек. Әңгімелеудің бір бөлігі – объектілерді белгілейді, екіншісі – анықтайды, үшіншісі – сипаттайды, төртіншісі – ойша сол объект туралы елес береді, ал бесіншісі – оқиғаның суретін салады.
Әңгімелеудің көру кескініне айналуы. «Трансформация» термині айналу, ауысу деген мағынаны білдіреді. Экскурсовод пен методисттерге жаңа экскурсиялық тақырыпты құру барысында трансформация сияқты шарттарға назар аударып, ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін ескерген жөн.
Ақпараттың бір түрінен (сөйлеу) екіншісіне ауысуы (зрительные образы, көру елесі) кезінде белгілі бір шарттар жасалу керек. Бұндай ауысу әңгімелеудің мазмұны, ақпаратты жеткізу тәсілі мен экскурсоводтың шеберлігіне байланысты.
Экскурсияда әңгімелеудің екі формасы қолданылады:
Хабарлы әңгімелеу, ол экскурсанттарға белгілі бір оқиғаның қай жерде, қай уақытта, қалай болғандығы туралы нақты ақпарат береді.
Реконструктивті әңгімелеу, оның мақсаты экскурсанттардың берілген объект туралы ақпарат алмас бұрын ойша шолу жасау.
Экскурсоводтың сөйлеуі мынадай критерилерге сай болу керек: Түсініктілік критерийі – әңгімелеудің аудиторияға түсінікті болуы; Нақтылық критерийі – әңгімелеу мазмұны эксурсоводтың ойы мен тақырыптың мақсатына сай болуы; Сөйлеу тазалығының критерийі – көркемдеуіш құралдардың қолданылып, ойдың бөлінбей жеткізілуі.
14.Экскурсия барысындағы әңгімелеудің ерекшелігі, көрсетуге тәуелділік.
Практикада әңгімелеудің алты ерекшелігі қолданылады.
1. Әңгімелеудің топтың орын ауыстыру жылдамдығына байланыстылығы. Мысалы, арнайы бір тақырыпқа арналған автобустық маршрутта қолданылатын әңгімелеу жаяу экскурсиядағы әңгімелеуге сәйкес келмейді.
2. Әңгімелеудің көрсетіліммен байланыстылығы. Экскурсоводтың әңгімелеуі экскурсиялық көрсетілімнен бөлек болмауы тиіс. Әңгімелеу әрқашан көрсетіліммен бірге жүргізіліп, экскурсанттар көрген объектілерді сипаттап, толықтырып және нақтылап тұрады.
3. Әңгімелеу барысында көру дәлелдерінің қолданылуы. Әңгімелеудің ерекшелігі ауызша дәлелдердің болмауымен сипатталады, сондықтан олардың рөлін көру дәлелдері толықтырады. Көру дәлелдерімен байланысы жоқ әңгімелеу дәрістік сипатта болады.
4. Әңгімелеудің бағытталуы. Экскурсовод әңгімелеу кезінде нақты бір объектілерге байланысты экскурсия жүргізеді, яғни басты назар тақырыпқа сай келетін нақты объектілерге бағытталу керек. Мысалы, ескерткіш, ғимарат, архитектуралық ансамбль және т.б. Бұл әдістің ерекшелігі экскурсанттарға не нәрсеге назар аудару керек, нені мұқият тыңдап, нені қарау керек екенінде. Осы сұрақтарға жауапты экскурсовод әңгімелеу кезінде беретін нақты нұсқаулардан көре аламыз.
5. Экскурсиялық әңгімелеудің нақтылығы. Нақтылық – бұл тақырыптың дұрыс құрылуы ғана емес, сонымен қатар келтірілетін фактілер мен олардың талдануы. Экскурсиядағы нақтылық тақырыпты толықтай ашуға мүмкіндік беретін ақпараттардың жиынтығын талап етеді.
6. Әнгімелеудің бекітілген сипаттамасы. Тарихи оқиға немесе басқа бір объект туралы айтып жатқанда экскурсовод максималды түрде оқиғаның тап сол жерде, тап солай болғандығын сендіре айту керек.
Әңгімелеу барысында экскурсовод тақырыпша (подтекст) сияқты жағдайларға назар аудару керек. Тақырыпша – әңгімелеу кезінде болуы мүмкін қосымша ой түрі. Тақырыпшаны экскурсоводтың әңгімелеу кезіндегі эцоциялы сөйлеуінен мен интонациясынан, мимикасы мен қозғалысынан білуге болады.
15.Экскурсоводтың тілдік мәдениеті обьектіні көрсетуге байланысты. Бұл әдіс қосымша обьектілерді көруге арналған, яғни автобустан түсіп терең танысуға көзделмеген обьектілерді көру. Экскурсиялық анықтамада обьектінің нақты белгілері болады: құрылған күні, проект авторлары, көлемі және т.б. Обьектіні сипаттау. Бұл әдіс аялдамаға түскенде немесе автобустың терезесінен қарағанда қолданылады. Обьектіні сипаттауға 2-3 минут кетеді. Түсіндіру әдісі. Бұл әдісте обьекті жайлы толық әңгімелер, дәлелдеуші фактілер болуы керек. Ереже бойынша алдымен обьектіге қатысты әңгімелерді содан кейін оның себептерін айтады. Түсіндіру әдісі экскурсияның барлық түрлерінде қолданылады. өндірістік-экономикалық және табиғи экскурсияларда, мысалға осы арқылы ішкі процестердің байланысын түсіндіреді. Комментариялау әдісі. Бөлек экскурсияларда қолданылады. Егер обьект қозғалыс кезінде немесе уақытқа қарай өзгеру үстінде болса, бұл әдіс эффективті өтеді. Мысалыға, көп этажды үйлердің құрылуы, станокта жұмыс істеп жатқан токаршы, қозғалыстағы конвейер және т.б. Дәйексөздеу (цитирование) әдісі. Экскурсиялық тексте әртүрлі дәйексөздер қолданылады: көркем әдебиет шығармаларынан үзінділер (проза, өлеңдер), соғыс кезіндегі үкімдер және т.б. Экскурсовод әңгімесінде сонымен қатар тарихи құжаттардан дәйексөздер қолданылады. Мұндай дәйексөздердің мақсаты – болған оқиғаның барлығын ауызша жеткізу. Бұл түрдегі дәйексөз сирек қолданылады. Әдебиеттік монтаждау әдісі. Әңгіме белгілі бір әдеби шығарма үзінділерінен, еске алулардан, басылымдардан құрылады. әдебиеттік монтаждау әдісі болған оқиғаның суретін қайта қалыптастыруға, бөліктерден мағынасы бар бір бүтін жасауға көмектеседі. Әдебиеттік монтаждау және дәйексөздерге экскурсанттарға айтылып жатқан әңгімелерді көз алдына елестете алатындай әсердегі үзінділер болуы керек. Экскурсия кезінде экскурсовод сол жердің тарихы немесе белгілі бір обьектіні талдаудан басталады.
16.Экскурсияны дайындау әдістемесі. Экскурсиятану – педагогика және психология ақпараттарына сүйенетін ғылым, бірақ жалпы білім беру мектептеріндегі оқыту әдістерінің көшірмесі болып табылмайды. Экскурсиялық әдістеме теориясы оқыту мен тәрбие берудің байланысы, біртектілік, жүйелілік, материалдардың түсінікті болуы сияқты педагогика принциптеріне сүйенеді. Экскурсиялық әдістемені игеру ғылым негіздері мен әдістерін ұғып қана қоймай, шығармашылық қолдануды талап етеді. Дайын шешімдер мен қалыпты (шаблондарды) қаламайды. Экскурсия жетекшісі таныту процесінде сезіну, қабылдау, елестету табиғатын, ойлау заңдылығын, қолайлы және қолайсыз эмоциялардың мәні мен ролін білу қажет. Экскурсиялар демалысты ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады. Сондықтан оның қызықты және тартымды болуы үшін барлық күш-жігер мен біліктілікті салу қажет.
17.Экскурсияны дайындаудың негізгі кезеңдері олардың бірізділігі және өзара байланысы- Жалпы экскурсиялық әдіс екі басты бөлімнен тұрады: а) экскурсияны дайындау; б) экскурсияны жүргізу;
Жаңа тақырыптарды дайындау реті:
Экскурсияның мақсаты мен тақырыбын анықтау. Әр экскурсияның тақырыбына сәйкес белгілі-бір бағыты болуы қажет. Экскурсия тақырыбының қоғам немесе табиғаттағы белгілі бір ғылым саласымен байланысын сипаттайды. Экскурсия мәдени-ағарту жұмыстарының ажырамас бөлігі, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу құралы болып табылады. Тұлғаның жан - жақты дамуына әсер етеді, эстетикалық және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді, дүниетануын қалыптастырады.
18.Экскурсия бойынша алдын-ала және тікелей жұмыстарды ұйымдастыру
алдын-ала жұмыс – бұл кезеңде экскурсия бойынша толық мәліметтерді жинайды және оларды зерттейді, экскурсияның тақырыбын, мақсатын және міндеттерін анықтайды, экскурсияның маршрутында көрсетілетін объектілерді таңдап алады. Экскурсияны ұйымдастыру – бұл кезеңде келесі іс-шаралар қарастырылады. Экскурсиондық маршрутты құрастыру, нақты мәліметтерді зерттеу, контрольді тексті жазу. Маршрут бойынша технологиялық картаны дайындау . Индивидуалды тексті дайындау. Соңғы кезең – бұл кезеңде жол ақпаратты қорғайды және комиссия мүшелері қарастырған соң бекітіледі.
19.Экскурсияның мақсатын, тақырыбын және тақырыпшаларын анықтау- Экскурсияның негізгі мақсаты – туристерді археологиялық , архитектуралық , тарихи, мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Бірақ әрбір экскурсиялық ұйымның экономикалық мақсаттары бар, ол табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымдық , ақпаратты және табысты болуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді атқару керек:- Экскурсанттарды туған аумуқтық табиғатымен, тарихымен, қаланың архитектурасымен таныстыру қажет; Жаңа экскурсиялың негізгі міндеттері экскурсияның мақсатына жету және экскурсияның тақырыбын ашып, жеткізу.
Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдау. Қазіргі кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі пункттерге байланысты: а) потенциялдық сұраныс, б) нақты тапсырма. Тақырып – бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді: бір экскурсиялық объектіні таныстырған кезде тек қана тақырыпқа байланысты мәліметтерді беру керек. Экскурсиялың аты тақырыпқа байланысты болады. Экскурсияның атының мақсаты – экскурсанттарды қызықтыру.
20.Экскурсия тақырыптары бойынша мәліметтерді танып білу және жинақтау. Экскурсиялық объектілерді оқып білу, экскурсиялық объектілердің карточкасын құрастыру. Қазіргі кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі талаптардан тұрады: 1) потенциалдық сұраныс; 2) нақты экскурсия
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Мысалы:бір экскурсиялық объекті таныстырғанда, сол мәліметтерін тақырыпқа байланыстыру керек. Экскурсияның аты тақырыпқа байланысты болу керек. Экскурсия атының мақсаты экскурсанттарды қызықтыру. Экскурсияға қажетті ақпараттарды таңдап алу. Экскурсияға қажетті ақпараттар 2 түрге бөлінеді: 1) негізгі 2) қосымша. Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет- журналдардан, интернеттен және архивтерден алуға болады. Музей ғылыми зерттеуші және ағарту мекемесі. Музейде мәдениет және табиғи ескерткіштерді зерттеу және сақтау мақсатымен ұйымдастырылады. Экскурсиялық объектілерді таңдау. Экскурсиондық объектілар келесі түрлерге бөлінеді: 1) тарихи; 2) табиғи 3) археологиялық 4) архитектуралық5) мәдени 6) құжаттық
Қалалық экскурсияларға экскурсиондық объектілердің саны 15- тен аспау керек.
Сақталу дәрежесі бойынша. Экскурсиондық объектілер сақталу дәрежесі бойынша: толық сақталған; б.з.д. өзгерістерге ұшыраған; жоғалтылған объектілер
Экскурсиондық объектілерді таңдап алу принциптері:
1) объект атақты, даңқты және көрнекті болуы; 2) танымды болуы;3) мәнерлі болуы;4) сақталу дәрежесі бойынша;5) объектің ерекше және экзотикалық болуы; 6)орналасу орны бойынша; 7) уақыты бойынша.
Объект таңдауы соларға карточка (паспорт) жасалуымен аяқталады. Экскурсия объектілерін тандау кезінде әрбір объектіге жеке-жеке карточкалар толтырылады. Бұнда объектілер жөнінде деректер беріледі. Жазылған мәліметтер неғұрлым толық болса, кейіннен экскурсия мәтінін құрастыру , оның маршрутын белгілеу соғұрлым оңайга түседі. Объект карточкаларына келесі мәліметтер кіреді:
1) объекттің аты 2) осы объектпен байланысты тарихи оқиға 3) объекттің орналасу жері, оның мекен-жайы 4) сипаттамасы 5) ескерткіш туралы мәліметтер көздері 6) сақталуы, реставрация жасалған уақытысы 7) қорғалуы кімге жүктелген 8) қандай экскурсияларда пайдаланады 9) карточка жасалған уақтысы, экскурсоводттың аты – жөні. Карточкаға объекттің суреті тіркеледі.
21. Экскурсия маршрутын құрастыру. Маршрутты айналып өту (аралап шығу).
Экскурсиондық маршрутты құрастырудың 3 түрі бар:1) хронологиялық2) тақырыпты
3) хронологиялық – тақырыптық
Маршрутты құрастыруда бірнеше мәселелерді қарастыру керек: логикалық, топологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ( қалалық экскурсияларда экскурсанттар жолдан өтпеуі кажет)
Маршрутты айналып өту. Экскурсияны құрастырған кезде хронометраж анықталады. Хронометраж – экскурсиондық объектіге бөлінген уақытты есептейді. Хронометраж – бір объектіден екінші объектіге дейін болған уақытты есептеп, экскурсияның соңында толық уақытты есептеп шығарады.
Маршрут объектілердің орналастыру принциптері:
маршрут қайталанбауы керек;
туристік объектінің қасында туристерге арналған орандар болу керек;
бір объектіден екінші объектіге дейін уақыт 10 минуттан аспау керек;
қалалық экскурсияның маршруты шеңберлі болу керек;
маршруттардың қосымша нұсқаулары болу керек;
қала шетіндегі экскурсияда санитарлық остановкалар қарастырылуы керек;
маршрут жол полиция қызметкерлерімен келісілген болу керек.
22. Экскурсовод портфелін жинақтау.
Экскурсиялық құжаттар:1) Экскурсияның маршрутының схемасы.
2) Экскурсияның мәліметтері.
3) Эксурсоводтың портфелі.
Экскурсоводтың портфелі – оның ішінде экскурсия тақырыбына байланысты суреттер, құжаттар, кестелер, схемалар, карталар және т.б.
“Экскурсовод портфелінің” негізгі мақсаты көрсетудің жетіспейтін тізбесін көз алдына келтіру. Экскурсияда барлық қажетті объектілер толық сақталынбайды, сондықтан алғашқы қалпы қандай болғанын анықтау үшін суретін көрсетеді немесе келешекте бұл жерде не болатынын көрсеті үшін болашақ құрылыстың проектісін демонстрациялайды.
Объектке қатысы бар жеке адамдардың суреттері, құжаттардың, колжазбалардың түпнұсқасының көшірмелері жинақталады. Портфелге сонымен қатар географиялық карталар, сұлбалар (схема), сызбалар кіреді.
Портфель жиынтығы әр тақырыпқа арналады. Оларды пайдаланған кезде ыңғайлы болуы үшін қалың қағазға жапсырып, көлемі тиімді, автобустың артынан көреалатындай болу керек. Саны да көп болмау керек, әр қайсысына түсінік парағы қыстырылады. Оларды пайдалану методикасы маршрут аралаған кезде тексеріледі. Осы материалдарды жинауға көп көмекті мұражайлар, архивтер, көрмелер береді.
