Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ассемблер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.37 Кб
Скачать
  • Басқару тізгінін шартсыз ауыстыру командалары;

  • Басқару тізгінін шартқа байланысты ауыстыру командалары.

  • 12.Қандай командалар прорграмманы шақыру үзуді өңдеу және одан қайтуды орындайды?

  • Бұл процедураны шақыру операциясымен бірдей, үзу микропроцессорды қайта қайту үшін стекте ақпаратты сақтауға мәжбүрлейді, одан кейін үзуді өңдеу прогаммасын орындайды.

  • Үзу барлық өз программасын өңдеу кезінде жанама өтуді үзу векторының 32-биттік адресін алу үшін пайдаланады. Стекте үзу адресін және белгілерді сақтайды. Үзілер жүйенің сыртқы құылғысынан немесе арнайы программада колданылатын үзулерден пайда болуы мүмкін. Үзу командаларының үш түрі кездеседі – екі шақыру командасы және бір қайту командасы.

  • INT – Үзу командасы.

  • Команда форматы: INT үзу_типі

  • Үзу типі бұл нөмір, жадыда орналасқан 256 әртүрлі векторларды өңдейді.

  • INT командасын орындаған кезде микропроцессор келесі әрекеттерді орындайды:

  • 1. Белгілер регистрінің мәнін стекке орналастырады;

  • 2. OF трассировка белгісін және IF үзуді өшіру/қосу белгісін нөлдейді;

  • 3.CS регистрінің мәнін стекке орналастырады;

  • 4. Үзу векторының адресін, үзу типін 4 көбейту арқылы анықтайды;

  • 5. Үзу векторының екінші сөзін CS регистріне жүктемелейді;

  • 6. IP команда көрсеткіші регистрінің мәнін стекке орналастырады;

  • 7. IP команда көрсеткіші регистріне үзу векторының бірінші сөзін жүктемелейді

  • INT командасы орындалғаннан кейін IP белгісінің және CS регистрінің мәндері стекте болады. TF жүйелік үзу белгісі және IF үзуі 0-ге тең болады. CS және IP регистрлер тобы үзуді өңдеу программасының бастапқы адресін көрсетеді. Одан кейін микропроцессор ол программаны орындауды жүргізеді.

  • INTO – асатолу болған кездегі үзу командасы. Ол шартты үзу командасы. Бұл команда үзуді тек OF асатолу белгісі 1-ге тең болған кезде орындайды.

  • IRET – үзуден кейін қайту командасы. Бұл команданың да жұмыс принципі RET процедурадан қайту командасына ұқсас. Сондықтан ол микропроцессороммен үзуді өңдеу программасы орындалып болғаннан кейін қолданылады. IRET командасы стектен 16-биттік үш мәнді шығарады және оларды IP команда көрсеткіші регистріне, CS регистріне және белгілер регистріне орналастырады.

  • 13.Қандай командалар процедураны (ішкіпрограмманы) шақыру және одан қайтуды орындайды?

  • Ішкіпрограммасы бар модул параметрі жоқ END аяқтау директивасымен бітеді – көпмодулдік программалық кешендерде бастапқы процедура орналасқан модул ғана бастапқы процедураның кіріс нүктесі көрсетілген END аяқтау директивасымен бітеді.

  • LІNK/ CO MAІN. OBJ, PROG.EXE, PROG. MAP, MYOBJ. LІB

  • Келтірілген мысалда MAІN. OBJ – негізгі прогрммасы бар объектілік файл, PROG. EXE – орындалатын нәтижесі бар модул, PROG.MAP – орындалатын модул картасы, ал MYOBJ. LІB – керекті ішкіпрограммалар орналасқан объектілік кітапхана. Жоғарыдағы мысалдарда келтірілгендей мұндағы да кеңейтулерді тастап кетуге болады, олар даүнсіздікпен алынады. Орындалатын модул картасы әдетте қолданылмайды (онда керекті ақпараттар аз), ал жүктемеленетін модул аты үнсіздікпен обьектілік модул атына сәйкес (кеңейтулері әртүрлі болған жағдайда). Сондықтан келтірілген команданы жеңілдетуге болады:

  • LІNK MAІN, PROG,, MYOBJ. LІB

  • Бұл команданың орындалу нәтижесінде құрастырушы PROG. EXE орындалатын модулін құрады. Егер негізгі программа және ішкіпрограмманың қосылған өлшемі (машиналық кодта) 64Кбайттан асса, онда жүктемелегіш модул көпсегменттік болуы мүмкін. Мұндай программалық кешеннің құрылымы келесі түрде болады:

  • ;MAІN. ASM – негізгі процедура орналасқан файл

  • text1 segment ` code `

  • extern sub:proc

  • text1 ends

  • text segment ` code `

  • mymaіn proc

  • call far ptr sub

  • mymaіn ends

  • text ends

  • end mymaіn

  • ;MYSUB.ASM – ішкіпрограмма орналасқан файл

  • text1 segment ` code `

  • publіc sub

  • sub proc far

  • sub endp

  • text1 ends

  • end

  • text (негізгі программа орналасқан) және text1 (негізгі ішкіпрограмма орналасқан) сегменттерінің аттары әртүрлі болғандықтан, оларды құрастырушы бір сегментке біріктірмейді. Ол ішкіпрограмманы шақыру орналасқан, орындалатын модулде EXTRN директивасымен көрсетіліп кетуі керек. Бірақ бұл түсініктеме біратты ішкіпрограмма сегментімен сегментте орналасуы керек. Сондықтан MAІN. ASM модуліне әзірше бос, тек бір ғана EXTRN. SUB: PROC процедураны шақыру хабарламасы жолынан тұратын text1 атты сегмент орналасқан. Әрі қарай негізгі программа орналасқан text командасының негізгі сегменті орналасқан. Онда тікелей алыс шақыруы бар өз кезегіндегі алыс екендігін көрсететін FAR атрибуты бар процедура-ішкіпрограмма қолданылған. Трансляция және жөндеу көпмодулдік бірсегменттік программалардағыдай орындалады.

  • 14.Адресті алып –орналастыру командалары

  • «Адрестік кеңістік» және «оперативті жады» деген ұғымдарды эквивалент деп қарастыруға болмайды. Адрестік кеңістік – процессорды тұрғыза алатын адрестер жиынтығы. Дербес компьютердің модификациясына және оның перефериялық құрылғысының құрамына қарай адрестік кеңістікті тарату ерекшеленуі мүмкін. Сонда да жүйенің негізгі компоненттерін орналастыру қатал унификацияланған. Алғашқы 640 Кбайт  адрестік кеңістік  00000h-ден 9FFFF11-ке дейін адрестері бар негізгі оперативті жадыға арнеалады, оны тағы стандартты деп атайды (conventional). Оператиті жадының алғашқы килобайты үзілу векторларымен бос емес, олар компьютердің үзілу жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді және әрқайсысы 4 байттық 256 вектордан тұрады. Үзілу векторынан кейін 40һ сегменттік адресінен бастап 256 байтты алатын BIOS деректер аймағы орналасады. BIOS ( Basic In-Out System, базалық енгізу-шығару жүйесі) тұрақты есте сақтау құрылғысында сақталатын операциялық жүйенің бөлігі болып табылады. Бұл есте сақтау құрылғысы (ПЗУ BIOS) компьютердің жүйелік платасында орналасады және қоса салынған немесе «қорғаныс» бағдарламалық қамтама мысалы болады. BIOS функциясына компьютердің қосылу кезінде оның тестіленуі, оперативті жадыға  магниттік дискілерде сақталатын MS-DOS операциялық жүйесінің жүктелуі,сондай-ақ компьютерді штаттық аппаратурасын басқару – клавиатураны, экранды, дискіні және басқаларды басқару жатады. BIOS деректер аймағында хранятся разнообразные данные, используемые программами BIOS бағдарламаларымен жұмыс кезінде қолданылатын түрлі деректер сақталады. Бұл жерде орналасады:

  • - пернетақтаның кіріс буфері, мұнда қолданушының басқан пернелерінің кодтары түседі;

  • - видеоадаптер адресі, сонымен қатар тізбекті және параллель порттар;

  • - видеожүйенің ағымдық жағдайын сипаттайтын деректер (курсор формасы және оның экрандағы ағымдық орны, видеорежим,қолданылатын видеобет және т.б.);

  • - ағымдық уақытты есептеуге арналған ұяшықтар және т.б. BIOS деректер аймағы компьютердің бастапқы жүктелу процессі кезінде ақпаратпен толтырылады, одан кейін керегі бойынша жүйемен динамикалық модификацияланады.

  • 15.Бас каталог, түпкі каталог, ішкі каталог дегеніміз не?

  • Компьютер дискісіндегі ортақ қасиеттеріне байланысты бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығына қойылған атау. Файлдарды каталогтарға біріктіру оларды реттеп орналастырып, дер кезінде жылдам тауып алуға мүмкіндік береді. Каталогқа енгізілген файлдардың параметрлері (сипаттамалары) автоматты түрде жазылып отырады, мысалы, файл аттары, олардың типтері (бағдарламалық, мәтіндік, графиктік, тағы басқа), файлдың байтпен берілген көлемі, оның жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі, уақыты, файлдың маңыздылығын білдіретін оның қорғаныс түрі (қарапайым, архивтік, тек оқылатын, жасырын, жүйелік). Егер каталогта файл аты жазылса, онда файл осы каталогта сақталады деп айтылады. Каталогта файлдардан басқа ішкі каталогтар да сақталады. Әрбір дискіде негізгі немесе түпкі каталог болады, оған ат қойылмайды (оның аты дискінің атымен бірдей болып саналады). Түпкі каталогқа бірінші деңгейдегі файлдар мен ішкі каталогтар кіреді. Бірінші деңгейдегі каталогқа екінші деңгейдегі файлдар мен каталогтар кіреді, тағы сондай сондай. Дискілерде осындай тәртіппен көп деңгейлі бұтақ тәріздес файлдар жүйесі құрылады. Каталогтарды ағылшынша қосалқы атына сәйкес “директория” деп те айта береді. Жаңа компьютерлерде каталогтарды олардың қағаз құжаттарға сәйкестігіне байланысты “бума” (папка) деп айту қалыптасқан. Дискілерде, мысалы, “бағдарламалар”, “хаттар”, “құжаттар” атты бумалар болуы мүмкін. Аттарына сәйкес, біріншісінде – бағдарламалық файлдар сақталса, екіншісінде – сырттан келген хаттар тұрады, үшіншісінде құжаттар жазылған, тағы сондай сондай.

  1. Rd командасының атқаратын қызметі?

RD (Remove directory – каталогты жою) – каталогтi жадыдан өшiру командасы. Мысалы, RDV STUD – STUD атты каталогты жадыдан өшiру. Алғашқыда бос болатын KURS сияқты каталогты түрлі файлдармен толтыра беру мүмкін қажет болмаса, бос каталогты RD командасы арқылы алып тастауға да болады. (Remove Directory- каталогты алып тастау). Жоғарыдағы мысалдағы бос KURS каталогын алып тастау үшін

С:\> RD KURS

RD командасы бойынша бос емес каталогты алып тастау үшін алдын ала атаулары осы каталогта тиеулі файлдарды толық өшіріп алу керек. (түбірлік және ағымдық каталогтарды өшіру мүмкін емес).

MSDOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қызмет ететін COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар – тез орындалатын жиі қолданылатын қарапайым командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.  Транзитті (сыртқы, шақырылып іске қосылатын) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б.

  1. Файлдармен жұмыс функциялары

Ашық файлға қатынау (файл түрін өзгерту жазу, оқу және т.б.) оған меншіктелген дескриптордың көмегімен орындалады; ашыдмаған файлдың дескрипторы болмайды және жүйе онымен жұмыс жасамайды. Соңында, файл жабылған кезде ол файлдың түсінік блогымен қоса оның дескриторын босатады.

Файлдармен жүргізілетін операциялар декрипторларды қолданады (файлдық индекстер, файлдық түсініктер).

Файлға қатынау процедурасы жалпы жағдайда келесі операциялармен орындалады:

Көсетілген каталогтан берілген аты бойынша файл құру немесе егер ол бұрын құрылған болса файлды ашу;

Файлдың барлық құрамын немесе бір бөлігін файлға жазу немесе оқу;

Файлды жабу.

Ашылған файлға қатынау (жазу, оқу, файл мазмұнын өзгерту және т.б.) оған меншіктелгн дескриптор арқылы жүзеге асады; ал әлі ашылмаған файлдың дескрипторы болмайды және жүйе онымен жұмыс жасамайды. Сонымен файлды жабу кезінде оған бөлінген файлдың түсінік блогы дескрипторымен бірге босатылады.

DOS файлдық функцияларын дескриптор арқылы оқуға және жазуға болатын болғандықтан, оларды компьютердің стандартты құрылғылары арқылы енгізу және шығаруға да қолдануға болады.