- •Басқару тізгінін шартқа байланысты ауыстыру командалары
- •Файлды құру функциясын шақырған кезде файл аты қандай форматта беріледі?
- •Tasm, Turbo Debugger дестелері қандай модуль құру үшін қолданылады?
- •Ассемблер тілінде бағдарлама құру кезеңдері?
- •Ассемблер тілінің негізгі мнемокодтарын атаңыз.
- •Деректер сегментіне қандай сегмент жатады?
- •Файлдармен жұмыс үшін қолданылатын dos функциялары.
- •Cd командасының атқаратын қызметі?
- •Қандай шартты ауысу командалары таңбалы сандармен жұмыс кезінд қолданылатын?
- •Қандай шартсыз ауысу командалары кейбір команда топтарын айналып өтеді?
- •Қандай командалар цикл ұйымдастыру кезінде қолданылады?
- •12.Қандай командалар прорграмманы шақыру үзуді өңдеу және одан қайтуды орындайды?
- •13.Қандай командалар процедураны (ішкіпрограмманы) шақыру және одан қайтуды орындайды?
- •14.Адресті алып –орналастыру командалары
- •15.Бас каталог, түпкі каталог, ішкі каталог дегеніміз не?
- •Rd командасының атқаратын қызметі?
- •Файлдармен жұмыс функциялары
- •Жалпы міндетті алып- орналастыру командалары
- •Енгізу –шығару командалары
- •Команданың форматы дегеніміз не және оны қалай жазуға болады?
- •21. RDкомандасының қызметі
- •22. Жүйелік регистрлер
- •23. Файлдық жүйенің ролі
- •24. Операндтарды адресациялау әдістері
- •25. Жалпы міндетті регистрлер
- •26) Каталог дегеніміз
- •27) Логикалық командалар.
- •28) Md командасының атқаратын қызметі.
- •30) .Ехе және .Сом форматтағы программа құрылымдары.
- •32..Ассамблер тілі қандай кодты қабылдайды?
- •33.Ассемблер тіліндегі программаларда қолданылатын есептеу жүйелері
- •34.Copy командасының атқаратын қызметі?-
- •35.Файл дегеніміз не және оның сипаттамасы қандай?
- •36) Ассемблер қандай тілге жатады?
- •42.Өзіңіздің достарыңыз туралы ақпараттарды консолға шығаратын программа құрыңыз
- •44.Санның квадратын есептеу программасын құрып нәтижені консолға шығар?
- •45. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының тізімін консольға шығарыңыз?
- •4.4.5 Создайте структуру папок файловым менеджером far Manager
- •4.4.6 Создайте с клавиатуры файлы lesson.1 и lesson.2 файловым менеджером far Manager
- •4.4.7 Создайте файлы favorite.1 и favorite.2 файловым менеджером far Manager
- •4.4.8 Создайте файлы article1.Txt и article2.Txt файловым менеджером far Manager
- •4.4.9 Просмотрите файл article1.Txt файловым менеджером far Manager
- •4.4.11 Завершение лабораторной работы с файловым менеджером far Manager
Cd командасының атқаратын қызметі?
cd (Cache Dіsable), 30 бит, — кэш – жадыға рұқсат жоқ. Бұл биттің көмегімен қолданылатын ішкі кэш – жадыны қолданылуына (cd = 1) болса рұқсат жоқ немесе (cd = 0) болса рұқсат бар (бірінші деңгейдегі кэш-жады).
Қандай шартты ауысу командалары таңбалы сандармен жұмыс кезінд қолданылатын?
Басқару тізгінін шартқа байланысты ауыстыру командаларының жалпы форматы келесі түрде болады:
Jx ауысу_таңбасы,
мұндағы х - модификатор, ол бір немесе бірнеше әріптерден тұрады, ол келесі мәндерді қабылдауы мүмкін:
E (equal) – тең,
N (not) – немесе,
G (greater) – үлкен,
L (less) – кіші,
A (above) – жоғары,
B (below) – төмен.
E, N модификаторлары кез-келген типтегі операндтар үшін қолданылады, G және L – таңбасыз сандар үшін, A және B – таңбалы сандар үшін.
Қандай шартсыз ауысу командалары кейбір команда топтарын айналып өтеді?
Jmp – шартсыз ауысу командасы. Команда фоматы: jmp [модификатор] ауысу_адресі
Ауысу_адресі ауысу көрсеткіші орналасатын жады аймағын немесе таңба түріндегі адресті көрсетеді. jmp шартсыз ауысу машиналық командаларының бірнеше кодтары кездеседі. Ауысу_адресі ағымдағы сегмент кодының ішінде немесе басқа сегментте орналасуы мүмкін. Бірінші жағдайдағы өту ішкісегменттік, немесе жақын, екінші жағдай — сегментаралық, немесе алыс жағдайлар деп аталады. Ішкісегменттік ауысу кезінде eіp/іp регистрлерінің құрамы ғана ауысады. jmp командасымен қолданылатын үш ішкісегменттік ауысуларды атап кетуге болады: тікелей қысқа; тікелей; жанама.
Модификатор келесі мәндерді қабылдайды:
near ptr — ағымдағы сегемнт кодының ішіндегі таңбаға тікелей ауысу. Тек eіp/іp (use16 немесе use32) регистрі ғана командадағы көрсетілген адрес (таңба) бойынша модификацияланады;
far ptr — басқа сегмент кодынан таңбаға тікелей ауысу. Ауысу адресі 16-биттік селектор және 16/32 биттік ығысудан құралған адрестен (таңбадан) немесе тәуелсіз операндтан тұрады, олар сәйкесінше cs және іp/eіp регистрлеріне жүктемеленеді;
word ptr — ағымдағы сегмент кодынан таңбаға жанама ауысу. Тек eіp/іp модификацияланады. Ығысу өлшемі 16 немесе 32 бит;
dword ptr — басқа сегмент кодынан таңбаға жанама ауысу. cs және eіp/іp регистрлері модификацияланады. Бұл адрестің бірінші сөзі/екілік сөзі ығысуды көрсетеді және іp/eіp жүктемеленеді; екінші/үшінші сөздер cs жүктемеленеді.
CALL – процедураны шақыру. Команда форматы: CALL процедура_аты
RET – процедурадан қайту.
Процедура бұл командалар тізбегі, ол бір рет қана жазыладыда, керектігіне қарай программада кез-келген жерден бірнеше рет қолданылады.
CALL командасы қайту функциясын сақтап қалу және процедураға басқаруды беруді орындайды. Ол CS команда сегментінің адресі, процедура NEAR атрибутымен анықталған болса, қайту адресінің ығысуын стекке орналастырады, және FAR атрибутымен анықталса, онда ығысу адресін стекке орналастырады. NEAR атрибутындағы процедуралар өзі орналасқан сегменттен ғана шақырылады, ал FAR атрибутындағы сегменттер басқа сегменттерден де шақырыла береді.
Қайту адресін сақтағаннан кейін CALL командасы таңбаның сегменттік адресінің ығысуын "процедура_аты" ІP (EІP) команда көрсеткішіне жүктемелейді. Егер процедураның атрибуты FAR болса, онда CALL командасы таңбаның сегменттік адресінің ығысуын "процедура_аты" CS регистріне жүктемелейді.
RET командасы стектен қайту адресін шығарады. Егер процедураның атрибуты NEAR болса, онда RET командасы стектен бір сөзді (екілік сөзді) шығарады және оны ІP (EІP) команда көрсеткішіне жүкткмклейді. Егер процедураның атрибуты FAR болса, онда RET командасы стектен екі (үш) сөзді шығарады: бірінші ІP (EІP) команда көрсеткішіне орналастыру үшін адрестің ығысуын, содан кейін CS регистріне жүктемелеу үшін сегмент адресін шығарады.
