Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ассемблер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.37 Кб
Скачать
  1. Ассемблер тілінің негізгі мнемокодтарын атаңыз.

Программа жазу үшін, ассемблер тілінің керекті және негізгі элементтерін беру. Соның ішінде айнымалылар мен тұрақтылар, арифметика, есептеу тізбегін басқару, қарапайым енгізу – шығару функциялары.

Компьютердегі ақпараттың ең аз өлшем бірлігі - бит болып табылады. Бит 0 немесе 1 мәнін қабылдайды.

  1. Деректер сегментіне қандай сегмент жатады?

Микропроцессор SI (ESI) таратқыш индекс регистрін деректер сегментінде адрестеу үшін және DI (EDI) қабылдағыш индекс регистрін қосымша сегментте дарестеу үшін қолданады.

Әдетте SI (ESI) регистрі деректер сегментіне адрестеледі, бірақ сегментті ауыстуру префиксінің көмегімен таратқыш_операнды ретінде басқа сегментті қолдануға болады. Мысалы:

LEA SI, ES: таратқыш_жол ; таратқыш_жолды көшіреді

LEA DI, ES: қабылдағыш_жол ; қабылдағыш_жолға

Екі жолда қосымша сегментте орналасқан. Егер екі жолда деректер сегментінде орналасқан болса, онда келесі командаларды пайдалану керек:

PUSH DS

POP ES

  1. Файлдармен жұмыс үшін қолданылатын dos функциялары.

DOS файлдық функцияларын дескриптор арқылы оқуға және жазуға болатын болғандықтан, оларды компьютердің стандартты құрылғылары арқылы енгізу және шығаруға да қолдануға болады. Ол стандартты құрылғылармен жұмыс жасау үшін DOS алдан ала анықталған бес дескрипторды ұсынады:

0 – стандартты енгізу (CON);

1 – стандартты шығару (CON);

2 – стандартты қате (CON);

3 – стандартты көмекші порт ( AUX);

4 - стандартты принтер (PRN).

0 дескрипторын біз пернетақтадан енгізуге қолдануымызға болады, ал 1 немесе 2 дескрипторларын экранға шығару үшін қолдануға болады.

DOS функцияларының ішінде белгілі бір бағытта жұмыс жасау үшін, келесі файлдармен, каталогтармен және дискілермен операцияларды бөліп айтуға болады:.

1. Файлды құру, ашу және жабу.

3CH - файлды құру

5AH - уақытша файлды құру

5BH - жаңа файлды құру

3DH - файлды ашу

3EH - файлды жабу

68H - файлды дискіге жазып кету

41H - файлды жою

2. Деректерді жазу және оқу.

42H - нұсқағышты орнату

3FH - файлды оқу немесе құрылғыдан енгізу

40H - файлды жазу немесе құрылғыға шығару

3. Файлдың сипаттамасын өзгерту.

43H - файлдың атрибутын алу және орнату

56H - файлға басқа ат беру

57H - файлдан құрылған уақыт пен күнін алу немесе орнату.

4.Файлды іздеу:

1Ah – деректерді беру аймағының адресін орнату (DTA);

2Fh - деректерді беру аймағының адресін алу (DTA);

4Eh – бірінші файлды табу;

4Fh – келесі файлды табу.

5.Операции над каталогами:

39h – каталог құру;

3Ah – каталогты жою;

3Bh – ағымдағы каталогты ауыстыру;

47h – ағымдағы каталогты алу;

6.Операции над дисками:

19h – ағымдағы дискті алу;

0Eh – ағымдағы дискті өзгерту;

36h - диск жайында ақпарат алу.

3CH пен 5BH функциясы файлды берілген спецификациямен құруға мүмкіндік береді. Файл спецификациясы, яғни файлдың аты мен оның кеңейтілуі символдық жол түрінде көрсетіледі және екілік нөлмен аяқталады ("ASCIIZ жолдар"). Бұл жолдар адресі DS:DX регистріне орнатылады. СХ регистрінде құрылатын файл атрибутының коды беріледі: 0 – атрибуты жоқ, 1 – тек оқу үшін, 2 - жасырын, 4 - жүйелік, 8 – том таңбасы, 20h – архив атрибуты. Сонымен бұл функциялардың көмегімен "шын" файл, том таңбасын (дискінің түпкі каталогынан) және т.б. құруға болады. АХ регистріне құрылған файл дескрипторы қайтарылады, оны сосын жазу не оқу үшін қолдануға болады. Бұл функциялардың айырмашылығы: 3CH функциясы бар файлды жояды да және осы атпен жаңа файл құрады, ал 5BH функциясы - егер осындай аты бар файл болса, онда CF=1 болып бітеді.