- •Темірбетон элементтерінің орын ауыстыру есебі. Созылған бөлігінде жарығы жоқ элементтердің майысуы және қисықтығы.
- •Алдын ала керу шамасын тағайындау.Алдын ала кернеулену шығындары.
- •3. Үймереттерді тұрғызу қарқындылығы және бетондау өнімділігі.
- •1. Арматураны топтау,арматуралық бұйымдар,қолданылуы.
- •2.Бетонның бір реттік қысқа мерзімді жүктелудегі деформативтілігі.
- •3. Құрылысты ұйымдастыруды және жұмыс өндірісін жобалау.
2.Бетонның бір реттік қысқа мерзімді жүктелудегі деформативтілігі.
Бетонның деформативтілігі – бұл оның сыртқы күштер және температуралық-ылғалдық факторлар әсерінен өлшемдері мен пішінін өзгертуге икемділігі.
Бетон конструкциялар екі топты факторлар әсерінен өзгеріске ұшырайды. Бірінші топқа сыртқы күштер әсерінен болатын күштік деформациялар, екінші топқа сыртқы күштер әсерінен, бетондағы физико-химиялық процестер нәтижесінде болатын деформациялар жатады.
Күштік деформацияларды бір реттік қысқа уақытты, ұзақ мерзімді және көп реттік қайталанатын жүктемелер жағдайындағы деп бөлінеді. Бір реттік қысқа мерзімді жүктеме кезіндегі бетондағы деформацияларды бетон призмаларды сығу арқылы анықтайды. Егер призманы сатылы жүктеп және әр сатыдағы деформацияларды екі реттен өлшесе, онда ϭ-ε диаграммасы сатылы түрде болады.(3-а,б сурет)
Жүктеме
жүктелген соң бірден өлшенген
деформациясы – серпімді және кернеуге
тура пропорционал, ал
– жүктеме астында біраз уақыт ұстағаннан
кейінгі-пластикалық болады. Серпімді
деформациялар үлгі жүктелуінің сәттік
жылдамдығына сәйкес келеді. Пластикалық
деф-р жүктелу жылдамдығының азаюымен
және үлгіні жүктеме астында ұстау
уақытының өсуімен өсе түседі, ал ϭ-ε
байланысы көлбеу бола бастайды.
Толық деформациялар серпімді және пластикалық деф-р қосындысынан тұрады:
Толық
деформациялар қисығы 3, б- суретте
көрсетілген. Диаграммадан, аз кернеулерде
бетонды
серпімді материал (0-1 бөлігі) ретінде
қарастыруға болатыны көреміз.
cай,
бетон құрамының нығыздалуына байланысты
серпімді емес деф-р (1-2 бөлігі) п.б. содан
соң, кішігірім жарықтар пайда болумен
пластикалық деформациялар дамуы қарқынды
жүреді (2-3 бөлігі). Ары қарай жүктеменің
өсуіне байланысты, жарықтар бірігіп,
үлгі қирайды(4-нүктесі.)
3. Құрылысты ұйымдастыруды және жұмыс өндірісін жобалау.
Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) техникалық жобаның құрамында жобалық мекемесінде жасалады.
Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) - технологияны, орындау мерзімін және құрылыс-жинақтау жұмыстарын қаржылармен қамтамасыз ету тәртібін анықтайтын және үймереттер мен ғимараттардың бөліктерін тұрғызу бойынша өндірістіқ процестерді үйымдастырудың негізгі жетекші құжат ретінде пайдаланатын жоба және бұған кіретіндер: объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді торлы график; құрылыстық бас жоспар; технологиялық карталар: құрылыс түзілістері, бұйымдары, материалдар және жабдықтардың объектіге түсу графигі; объект бойынша жұмысшы кадрлары және негізгі құрылыс машиналары жылжу графигі; геодезиялық жұмыстар өндірісі, бойынша, шешім: қауіпсіз техника бойынша шешімдер; технологиялық инвентарь және жинақтау жабдықтар тізімі; уақытша жүйелер жасау бойынша шешімдер; техника-экономикалық көрсеткіштер.
ЖӨЖ – де құрылыстық бас жоспардың, құрылыс мерзімінің шешімдерін дәлдейді, құрылыс – жинақтау процестерінің орындау әдістерін, материалдық, энгергетикалық, техникалық және еңбек қаржылары қажеттілігін, еңбек қорғау шарттарын анықтайды.
