Рефераты на Stud24.ru |
|
Список предметовСоциология
Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театры
Дата добавления: 16 Сентября 2012 в 15:19 Автор: D********@mail.ru Тип работы: реферат
Скачать полностью (1.52 Мб)
Работа содержит 1 файл
Скачать Открыть
кітапхана білім ордасы.doc
— 1.73 Мб
Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театры
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел, 1917 жылы Мұхтар Әуезовтың басшылығымен “Ойқұдық” жайлауында қойылған “Еңлік-Кебек” пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Бұл тарихи айғақталып, кезінде толық құпталған айтулы оқиға. Сол Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді. 1920 жылдары құрамына әйгілі Әміре, Иса, Жұмат, Қалибек сынды майталман өнер иелерін топтастырған “Ес-Аймақ” театры, тек 1934 жылы ғана ресми түрде бекітілді. Әрісі 94, берісі 77 жыл халыққа өнер көрсетіп, өнер тілі арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беріп келе жатқан театр, үлкен өнер -өмір, өмір - өнер жолынан өтті. Театр 77 жыл ішінде 300-ден астам спектакль қойып, жалпы саны 80 миллионға тарта көрермендерді қамтып, халыққа тәрбие беруде зор роль атқарды. 1934 жылы Ілияс Жансүгіровтың “Кек” пьесасымен шымылдығын ашқан театр, ондаған алыс-жақын шетел классиктерімен қатар, әлемдік драматургия дәрежесіндегі М.Әуезовтың, Ғ.Мүсіреповтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мұстафиннің, Р.Ғамзатовтың, Ш.Айтматовтың шығармаларын сахнаға шығарды. “Еңлік - Кебек”, “Қаракөз”, “Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу”, “Айман - Шолпан”, “Бөлтірік бөрік астында” пьесалары театр репертуарының алтын қорына айналды. Осы жылдар ішінде театр қабырғасынан өнерге қанаттанған артистер бүкіл республика көлеміндегі барлық дерлік театрларда жемісті еңбек етті, әлі де еңбек етіп келеді. Өнер ордасының, аға буын актерлер мен режиссерлардың озық дәстүрлерін бүгінде талантты артистер одан әрі жалғастыруда. Театрда үш Қазақстанның халық артисі: Күләш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов; Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Шайзат Бахтинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, 13 Мәдениет қайраткері, барлығы 60 адам еңбек етіп келеді. Симфония оркестрі және балет артистері тобы бар. Театр классикалық шығармаларды музыкамен көркемдеп, балетпен ұштастыруға зор еңбек сіңіруде. Сондай-ақ театр жанында актерлар даярлайтын “Театр студиясы” жұмыс істейді. Аз уақыт ішінде студия жүздеген жас сахна шеберлерін тәрбиелеп, үлкен өнерге жолдама берді.
Театр Каирде өткен Халықаралық және Республикалық фестивальдердің лауреаты. Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының 2011 жылғы қойған қойылымдары мен бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері.
Жыл басында театр тарландарының тырнақ алды туындысы ретінде көзі қарақты көрермен қауымға жол тартқан алғашқы қойылым ол Ядролық полигонның жабылуына 20 жыл толуына орай арнайы қойылған Роза Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” драмасы болатын. Қоюшы-режиссері Алматы қаласынан шақырылған Нұрлан Жұманиязов болғандықтан болар бұл қойылым әсерлі де, әдемі шықты. Оның үстіне қара халықтың қанша жылғы қайғы қасіретінің тамырын дөп басып, әртістер де, көрермен көзайымына айналды. Тағы бір тамаша туынды қарулы қаламгер М.Сәрсекенің сәтті шыққан шығармасы “Тендірге түскен әйел” – деп аталады. Қоюшы-режиссері Қ.Рахметов. Отбасындағы от анасының тәлкеге түскен тағдыры және қазіргі қоғамның дерті әйел затының әлсіздігі, замананың запыран төккен ащы шындығын көрсеткен “Тендірге түскен әйел” талайға таңдай қақтырып тамаша бағаға ие болды. Сондай-ақ, ұлылар мекеніндегі біздің театрымыз қазақ театрларының ішінде болып шет елдің қандастарымызға да, қойылым қойып қуанттып қайтты. Атап айтсақ, Монғол Республикасының Ұлан-Батыр қаласында болып Әлімбек Оразбековтың “Бір түп алма ағашы” драмасымен өзге елде жүрген өзіміздің қаракөз қазақ бауырларымызбен қоса моңғолдардың да мақтанышына айналып, елшілік тарапынан құрмет грамотасына ие болды. Сондай-ақ ҚХР-ның Үрімжі қаласында да ірі творчестволық сапарда болып, Ұйғыр автономиясының аймақтық үлкен газетінің алғашқы парағына жазылып алғыс алып қайтты. Және мемлекетіміздің мерейлі мерекесі тұғырлы тәуелсіздігіміздің 20-жылдығы қарсаңында арнайы облыс әкімінің шақыртуымен Өскемен, Риддер қалаларында іссапарда болып, шырайлы шығыстың көрерменге шабыт силап қайттық. Сондай-ақ біздің театр ұжымы бал тілді балдырған көрермендерімізді де, ұмыт қалдырмай, тәтті ұйқыдан тұрған әр-түрлі жастағы балаларды ерекше ертегімен қарсы алып жатты. Сондай бір еркетайларға арналған ерекше ертегілердің бірі “Керқұла атты Кендебай” халық ертегісінің желісі бойынша жазылған А.Сапышевтың ертегісі болатын. Тұнып жатқан тарихқа толы ертегі кейіпкерін көрген кез келген қазақ баласының Кендебай болғысы келіп кеткені айдан анық және бұл ертегінің режиссері А.Нұрғамыс екенін де, айта кеткен жөн. Жалпы, өнер ордасы үшін қоян жылы қаншама қойылымдар өмірге келіп, тамаша жаңаша туындылардың тұсауы кесілді. Ендеше ұйымшыл ұжыммен бірге келер жылдан да, күтеріміз көп. Азаматов Адай Зейнолдаевич – театр директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Театрдың шығармашылық құрамы: 1. Тезекбаев Сагнай - бас дирижер 2. Муравьева Ольга Александровна - бас суретші 3. Камбаров Жумабек Адильгазиевич - әдеби бөлімінің меңгерушісі, ҚР журналистер одағының мүшесі 4. Согумбаев Олжас Адильгазиевич - әдеби бөлімінің меңгерушісі 5. Чинкебаева Нурбагила - труппа меңгерушісі ҚР Мәдениет қайраткері 6. Иманбекова Рыстыгайша Сагимбаевна – балетмейстер, ҚР Мәдениет қайраткері 7. Обухова Елена Валерьевна – концертмейстер 8. Оспанова Кымбат Толеугазиевна – аудармашы-суфлер 9. Баядилова Салтанат Амангельдыевна – кадрлар инспекторы Театр артистері: 1. Сакиева Куляш Срымбетовна – ҚР халық артисі 2. Жанбырбаев Абылкасым – ҚР халық артисі 3. Имаханов Бекен – ҚР халық артисі 4. Бахтинова Шайзат Сапаргажиевна – ҚР еңбек сіңірген артисі 5. Ногайбаев Болат Даретбаевич ҚР еңбек сіңірген қайраткері 6. Абдилденова Куляш Калымовна – ҚР Мәдениет қайраткері 7. Сыдыков Мырзахан Демесинович – ҚР Мәдениет қайраткері 8. Манекина Айжан Базартаевна – ҚР Мәдениет қайраткері 9. Тоймбаева Бакыт Ахметжановна – ҚР Мәдениет қайраткері 10. Баирова Асем Баймурзиновна – ҚР Мәдениет қайраткері 11. Ашимбеков Сапарбек – ҚР Мәдениет қайраткері 12. Тулеков Бауыржан Халыкович – ҚР Мәдениет қайраткері 13. Муханбетова Шолпан Аскаровна– ҚР Мәдениет қайраткері 14. Идрисова Даметкен – ҚР Мәдениет қайраткері 15. Толеуханова Рыспубе Ахметкалиевна 16. Дарменбаева Галия Казизовна 17. Бекбаева Сандибала Орткалиевна 18. Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы 19. Ахметов Ерен Саменулы 20. Тулекова Слушаш Нукеновна 21. Ташимбетов Айтбек Тазабекович 22. Божанов Кайрат Тойгазинович 23. Муратханова Назым Муратхановна 24. Омашев Бекзат Кайркешович 25. Тураисов Тлекжан Калымжанович 26. Бакимбаев Думан Есембаевич 27. Бектенов Ергали Сакенович 28. Токтаубаев Ерик Серикович 29. Кабышева Динара Серикказыевна 30. Нурланова Асель Талгатовна 31. Айтжанова Альмира Еркеновна 32. Альбеков Мейржан Канатбекович Оркестр артистері: 1. Омаров Муратбек Курманович 2. Ташкенбаев Нурбек Адамович 3. Жидебаева Умыт Жакуповна - ҚР Мәдениет қайраткері 4. Данильченко Леонид Павлович 5. Гурьев Виктор Валентинович 6. Рахимжанов Нариман Адылгазинович 7. Костина Елена Сергеевна 8. Толеубаев Талгат Ануарович 9. Пухов Борис Борисович 10. Тайменов Нурлан Мухаметжанович 11. Нурканова Айгерим Бекеновна Балет артистері: 1. Айдарханова Альмира Муталлаповна 2. Иманбекова Рыстыгайша Сагимбаевна ҚР Мәдениет қайраткері 3. Умбетжанова Жанат Маратовна 4. Егизбаева Римма Ерсаиновна 5. Байсаева Луиза Имрановна 6. Жунусбекова Зарина Каирмухамедовна
Шығыс Қазақстан өнер мұражайы 1 шілде 1990 жылы ашылған. Мұражай ХIХ ғасырдың соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. 18.02.1991 жылғы ҚазСРО мәдениет жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің шешімімен облыстық этнографиялық мұражайдан берілген 90-нан астам кескіндеме және графикалық жұмыстар өнер мұражайының ашылуына негіздеме болды. Кейін, 1991 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшесі, шығысқазақстандық суретші Агейкин Леонид Евтихиевичтің жанұясы 1000 кескіндеме және графикалық жұмыстарын мұражайға сыйға тартты. Мұражай қызметінің бағыттары – Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасын пластикалық өнер, әдебиет және музыка бағыттары бойынша зерттеу және көпшілікке тарату. Қызмет түрлері: - Жинақтау - Сақтау - Көрме - Ғылыми зерттеу - Ғылыми-әдістемелік - Ғылыми-ағарту - Экспедициялық Мұражай жиынтығы 8358 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде, негізгі қорда - 5238 жәдігер; ғылыми –қосымша қорда – 3120 сақтау бірлігі. Негізгі қордағы пластикалық өнер - 2788 жәдігер, әдебиет -1213 жәдігер, музыка – 510 жәдігер құрайды. Мұражайда балалар шығармашылық қоры құрылған, онда 499 кесіндеме және графикалық жұмыстар сақталуда. Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен белсенді түрде толықтырылуда, мәселен, 2011ж. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Татиев Талғат Әбікенұлының «Көктем. Қалыңдық», ҚазСРО-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әжиев Үке Әжиұлының «Байқоңыр даласында» көркем туындылары, ҚР Суретшілер одағының мүшесі және «Мәдениет қайраткері», профессор Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлынан қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: домбыра, дауылпаз, дабыл, сыбызғы, жетіген, қылқобыз, сазген сатып алынды. Жүйелі түрде ШҚ Өнер Мұражайынан тыс жерде мұражай қорынан жылжымалы көрмелер өткізіледі. Мәселен, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада ШҚ Өнер Мұражайының «Графика» қорынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» көрмесі өтуде. Көрмеге Ғ.Г. Мерқасымовтың, Л.Е. Агейкиннің, В.Т. Титовтың, Э.В. Чубуктың, Ә.Т. Шоқановтың жұмыстары қойылған. Ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту қызметі жылдарында мұражайда шығармашылық дәстүрлер қалыптасты: Он үш жыл бойы бөлім - Шығыс Қазақстанның көркемөнер дарынды балалары қатысатын балалар шығармашылығының облыстық байқау-көрмелерін өткізеді. Бұл іс-шаралардың мақсаты – шығармашыл балалар мен жастарды қолдау, жаңа жас суретшілер мен шеберлердің есімдерін ашу, өңірлік балалардың көркем шығармашылығын зерттеу. Мұражай аясында, екі жылда бір рет «Сыр саздары» атты сазгерлердің облыстық байқауы өтеді; Алты жыл бойы атаулы күндерге арналған «Свободной музы приношенье…» атты облыстық поэзия байқауы өтуде. 2010 жылдан бастап мұражайда дәстүрлі «Менің Қазақстаным» атты дәстүрлі өнер көрме-байқауы өтуде. Байқауға облыстың кәсіби суретшілері қатысады. Өнер мұражайы байқауға дайындық аясында, Шығыс Қазақстанның әсем жерлерінде пленэр өткізеді. Біздің байқау Шығыс Қазақстанның суретшілеріне кәсіби жетістіктерін астанамен салыстыруға, республикамыздың үздік өнертанушыларының ой-пікірлерін естуге мүмкіндік береді. Әуел бастан біздің байқауды Қазақстанның кәсіби бірлестігі – ҚР Суретшілер одағы өз қанатына алды. Екінші жыл кәсіби қазылар алқасын Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Б.Е.Уморбеков басқарады. Өнер мұражайы облысымыздың 15 ауданында экспедициялық зерттеулер өткізуде. Экспедицияның мақсаты: шығысқазақстандық суретшілердің, халық шеберлерінің, ақындардың, жазушылардың, композиторлардың туындыларымен мұражай қорын толтыру үшін жаңа есімдерді ашу, шығармашылық, өмірбаян, библиографиялық және басқа ақпараттық материалдар жинау. 2000 жылдан бастап мұражайда 10 сәуір күні Кёнигсберг қамалының шабуылына қатысушылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу өтеді. Пластикалық өнердің үздік туындылары «Қазақстан суретшілері» атты тұрақты әрекеттегі көрме экспозициясында бар. Мұнда өте бағалы кескіндемелік және графикалық туындылар ұсынылған: Еркін Мергеновтің мүсін жұмысы; Гүлфайруз Исмаилова, Амандос Ақанаев, Шаймерден Сариев, Абдрашид Сыдыханов, Сахи Романовтардың кескіндеме жұмыстары; Евгений Сидоркин, Фатима Молдабаева, Эдуард Чубуктардың графикалық жұмыстары. Отандық кескіндеме шеберлерінің шоқжұлдызында лайықты орын алған Шығыс Қазақстанның суретшілері: Виктор Титов, Марат Жүнісов, Леонид Агейкин, Валерий Рапопорт, Николай Аштема, Габдулмади Меркасимов, Қайсан Қадырбеков, Марат Смаилов, Булат Исин, Виктор Шмидт. Әдеби-музыка салонында қазақ халық музыка аспаптарының «Жер жаңғырығы» атты тұрақты әрекеттегі көрмесі жұмыс істейді. Көрменің мақсаты – Шығыс Қазақстан музыка аспаптарының пайда болуын, қалыптасуын және дамуын көрсету, келушілерді біздің өңіріміздің музыка аспаптарының өзіндік дамуымен таныстыру. Экскурсия қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Билет бағасы: автобуссыз – 110 теңге, автобуспен – 150 теңге. Біздің мұражайдың қызметтері Мұражайда «Көркемсурет салонының» көрме залы жұмыс істейді, онда қала тұрғындары мен қонақтары өңірлік суретшілер мен сәнді-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығымен танысып ғана қоймай, олардың туындыларын да сатып ала алады. Мұражай педагогикасы бөлімі бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балаларға «Өнер әлеміне ен» мұражай-педагогикалық, мәдени-білім беру авторлық бағдарламасы бойынша мұражай сабақтарын өткізеді. Мұражай сабақтары - әдебиет, музыка, бейнефильмдер, иллюстрациялар, дидактикалық материалдарды қолданумен, кескіндеме, графика, мүсін, сәнді - қолданбалы өнер туындыларын зерттей отырып, әртүрлі интерактивті формада өткізіледі. Сабақтардың тақырыптары Шығыс Қазақстан өнер мұражайы қорындағы туындылар негізінде әзірленіп жасалған. Отандық және әлемдік көркемөнер мәдениеті аясында өңірлік бейнелеу өнерін терең ұғынуға арналған. Қала мен облыстың оқу мекемелерінде бөлім қызметтерінің бағыттары бойынша: жылжымалы көрмелер, мұражай сабақтары, дәріс-концерттер, дәрістер, авторлармен кездесулер (жазушылармен, ақындармен, суретшілермен) - мұражай күндері өтеді. Апта сайын әр дүйсенбіде сағат 18.00-ден бастап «Евразия» жастар клубы жұмыс істейді. Клуб облыс орталығының жас ақындары мен бардтарын біріктіреді. «Евразия» жастар клубының жетекшісі- бард, ақын Ермек Тютенов. Клуб мүшелері: Роман Лагутин, Ирина Суворова, Мария Дармадехина, Иван Пивоваров, Дмитрий Шмаков және басқалар. Кіру тегін. ШҚӨМ қор материалдары негізінде (бейнелеу өнері, әдебиет, музыка) өңірлік компоненті бойынша дәрістер, дәріс-концерттер. Көрмелерді ұйымдастырып өткізу бойынша кеңестік-әдістемелік көмек. Қала ұйымдарындағы жылжымалы көрмелер: - балалар шығармашылығы; - фото; - танымал суретшілер
Өнер бөлімі
Бөлім жетекшісі: Рақышева Ақмарал Болатқызы
Байланыс тел: +7-727-261-28-67 e-mail: art@nlrk.kz 050013, Алматы қ., Абай даңғ., 14. Байланысқа жауапты – Молдақұлова Эльмира Төлеуқызы
Негізгі бағыттары: - оқырмандардың ҚР Ұлттық кітапханасы қорында жинақталған ұлттық және әлемдік ноталы-музыкалық мұраға еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; - ҚР Ұлттық кітапханасындағы ноталы-музыкалық жинақтар негізінде әуен өнерін тарату және аталмыш жинақтарды сақтау мәселесін шешу.
Негізгі міндеттері: - қосалқы және кітап сақтау қорындағы өнер саласындағы әдебиеттер арқылы оқырмандарға қызмет көрсету; - өнер жайындағы әдебиеттердің қосалқы қорын, электрондық, аудиовизуалды басылымдар мен ноталардың арнаулы топтамасын қалыптастыру; - қордың есебі мен айналымын ұйымдастыру, тиімді орналастыру; - электронды және карточкалы түрде каталогтарды жүргізу; - студияда күйтабақтардың сандық көшірмесін жасау; - оқырмандарға музыкалық шығармаларды тыңдау және ойнау үшін музыкалық аспаптарды беру қызметін көрсету; - көркем безендірілген кітап көрмелерін өткізу және музыканттармен, сазгерлермен, орындаушылармен кездесу кештерін ұйымдастыру; - Қазақстан кітапханаларына әдістемелік кеңес беру.
Бөлімде: - оқырман залы; - әуен тындауға арналған жеке кабиналар; - сандық дыбыс жазу студиясы; - музыкалық шығармаларды тыңдауға және аспаптарда ойнауға арналған бөлме жұмыс істейді.
ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі ақпараттық ресурстар
Қазақстан кітапханалары
ҚР Ұлттық кітапханасы http://www.nlrk.kz/
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Астана қ. http://nabrk.kz/
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасы http://www.library.kz/
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана http://www.rnpb.kz/
Республикалық Ғылыми-Техникалық Кітапхана http://www.rntb.kz
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ғылыми кітапханасы http://www.vkgu.kz/Library
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы http://www.library.ksu.kz/
Қарағанды Техникалық Университетінің Ғылыми кітапханасы http://www.kstu.kz/
М.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің ғылыми кітапханасы http://lib.tarsu.kz/rus/
ҚР МАМ Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы www.blindlib.kz
Президенттік мәдени орталық кітапханасы www. prezcentreculture.kz
С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы www.spring.freenet.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы www.kaznu.kz
Аймақтық және аудандық кітапханалар
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы www.pushkinlibrary.kz
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап кітапханасы http://www.ounbtaraz.narod.ru
Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы http://www.library.karaganda.kz
Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы http://www.uniorlib.narod.ru
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханасы http://www.kstounb.kz/rus/
Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы http://biblio.al.ru/
С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы http://www.eksi.kz/library
Тараз қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі http://www.tarazinfo.kz/libr/
А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан ОӘҒК http://www.lib.shymkent.kz
Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Орловка ауылдық кітапханасы http://www.eksi.kz/orlovka
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы www.ounbjumabaev.narod.ru
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы www.llk.kz
Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы www.zkolib.kz
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы www.biblioteka.kz
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапханасы www.pavlodarounb.kz
С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы www.nklibrary.freenet.kz
Кітапханалық Ассоциациялар
Қазақстан Республикасының Кітапханалық Ассоциациясы http://www.bark.kz/
Қазақстан Кітапханаларының Ақпараттық Консорциумы rntb.kz
Қырғыз Кітапханашыларының Ассоциациясы win.cango.net.kg
ИФЛА www.ifla.org
Евразия Кітапханалық Ассамблеясы http://bae.rsl.ru/
Ресей Кітапханалық Ассоциациясы (РКА) www.rba.ru
Электронды-ақпараттық консорциум Ассоциациясы www.eikon.osi.ru
ТМД кітапханалары
Беларус Ұлттық кітапханасы http://www.nlb.by
Ресей мемлекеттік кітапханасы www.rsl.ru
Ресей ұлттық кітапханасы http://www.nlr.ru/
М. И. Рудомино атындағы бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеттерінің кітапханасы www.libfl.ru
В. И. Вернадский атындағы Украин ұлттық кітапханасы www.nbuv.gov.ua
Әлем кітапханалары
Австралия Ұлттық кітапханасы www.nla.gov.au
Австрия Ұлттық кітапханасы www.onb.ac.at
Альберт I-нің Бельгиядағы корольдік кітапханасы www.kbr.be
Британ кітапханасы www.bl.uk
Үндістанның ұлттық кітапханасы http://www.nlindia.org/
Ирландияның Ұлттық кітапханасы http://www.nli.ie/en/homepage.aspx
Испанияның Ұлттық кітапханасы www.bne.es
Қытай Ұлттық кітапханасы www.nlc.gov.cn
Неміс Ұлттық кітапханасы www.ddb.de
Польшаның Ұлттық кітапханасы http://www.bn.org.pl/
Конгресс Кітапханасы www.lcweb.loc.gov
Жапонияның Ұлттық Парламенттік кітапханасы www.ndl.go.jp
Кореяның Ұлттық кітапханасы http://www.nl.go.kr/
Түркияның Ұлттық кітапаханасы www.mkutup.gov.tr
Француз Ұлттық кітапханасы www.bnf.fr
Чех Республикасының Ұлттық кітапханасы www.nkp.cz
Швейцарияның Ұлттық кітапханасы www.snl.ch
Швецияның Ұлттық кітапханасы/ Корольдік кітапхана www.kb.se
