- •2. Серікестіктер:
- •Дәріс 2. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері
- •Жұмыс орындарын ұйымдастыру, күту және қызмет ету
- •Еңбек жағдайларын жетiлдiру
- •Дәріс 3. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері
- •1.Еңбекті нормалаудың әдістері
- •2. Еңбекті нормалаудың сараптамалық зерттеу әдістерінің маңызы
- •3. Бақылау әдістері арқылы жұмыс уақытын фотографиялау, сәттак бақылау әдісі, хронометраж, фотохронометраж жұмыс уақытының шығындарын зерттеу
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Дәріс 4. Ағындық өндірісті ұйымдастыру негіздері
- •1. Өндірісті ұйымдастыру әдістері: көпшілік, сериялық, жеке дара.
- •2. Өндірісті ұйымдастыру нысандары: мамандыру, бірлестіру, қиыстыру, шоғырландыру.
- •3. Өндірісті ұйымдастыру типтерінің ерекшеліктері.
- •2.Өндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары
- •3.Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •Дәріс 5. Еңбек ақыны ұйымдастыру
- •1. Еңбек ақы және оның түрлері
- •2. Тарифтік жүйе
- •3.Тарифсіздік жүйесі
- •Дәріс 6. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •Кәсiпорындарында техникалық қызмет
- •Жөндеу шаруашылығы: негізгі нысандары мен түрлері.
- •Көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •2.Көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •Дәріс 7. Кәсіпорындардың қызметін жоспарлаудың негіздері
- •3.Жоспар түрлері және олардың тәртібі
- •Дәріс 8 Өндірісті жоспарлау және өнімді өткізу
- •Өндірісті жетілдірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •Капиталдық салымдардың абсолюттік экономикалық тиімділігі.
- •Жұмыс орындарын ұйымдастыру, күту және қызмет ету.
- •Өндірісті материалдық техникалық қамтамасыз етудің мәні мен міндеті.
- •Өндірісті материалдық техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары
- •Материалдарға қажеттілікті есептеу
- •1.Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •Инкотермс - 2000 базистік шарттары
Дәріс 7. Кәсіпорындардың қызметін жоспарлаудың негіздері
1.Кәсіпорынды жоспарлаудың басымдылығы
2.Кәсіпорынды жоспарлаудың әдістері мен принциптері.
3.Жоспарлаудың түрлері
4. Кәсіпорынның жылдық жоспары
1. Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына: кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның даму жоспары жатады. Ағындық және перспективті жоспарлау жүзеге асатын, өмір сүруге қабілетті және ішкі, сыртқы орта өзгерістеріне бейім болуы тиіс. Нарықтық экономикада жоспарлау бұл - әртүрлі экономикалық ұйымдастырушылық, басқарушылық, әлеуметтік және қазіргі заманғы өндірістің даму дәрежесін сипаттайтын көптеген қызметтерді жүзеге асыру негізі болып саналады. Олардың өзара әрекет ету механизмі бір кешенді жоспар немесе оған жетуге сәйкес мақсаттар мен құралдың біртұтас жоспарлы жүйесін талап етеді. Кәсіпорынның перспективті қызмет етуінің әртүрлі экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауда прогрессивті нормативтер, алдыңғы қатарлы стандарттар, ғылыми ережелер және экономикалық мақсаттар жүйесін толық пайдалану қажет. Бұл мақсаттарды келесі түрлерге бөлуге болады:
экономикалық өсім
толық жұмыс бастылық
экономикалық тиімділік
бағаның тұрақты деңгейі
экономикалық еркіндік
табыстардың әділ бөлінуі
2. Жоспарлы шешімдерді қабылдау процесінде пайдаланылатын кең таралған әдістер:
нормативті – нормалар мен технологиялық экономикалық нормативтер негізінде шаруашылық субъектінің ресурстарға қажеттіліктері есептелінеді.
Есептік – аналитикалық – база ретінде қабылданған көрсеткіштердің шамаларын және жоспарлы кезендегі өзгерістерінің индексін талдау негізінде осы көрсеткіштердің жоспарлы шамалары есептелінеді. (эксперттік бағалау әдісі)
Баланстық әдіс – балансты құру жолымен қолда бар қаржылық ресурстар және оған фактілік қажеттіліктер арасындағы байланыстың қамтамасыз етуін білдіреді.
Жоспарлы шешімдерді оптимизациялау әдісі – шешімдердің ішінен оптималдысын таңдау үшін жоспарлы есептеулердің бірнеше нұсқасын құруды білдіреді.
Экономикалық математикалық модельдеу – экономикалық процесті дәл математикалық сипаттау, яғни математикалық символдар мен амалдар (теңдеу, теңсіздік) көлемімен берілген экономикалық құбылыстардың өзгерістерін заңдылықтары мен құрылымын сипаттайтын факторды бағалау.
Жоспарлаудың жүйелілік әдісі – бұл өзара байланысты жұмыстар кешенін жүргізуді жоспарлау.
Бағдарламалық мақсаттық әдіс – бұл бағдарламаны жоспарлау мен басқару әдістерінің жиыны.
Стратегиялық талдау әдістері:
SWOT (кәсіпорынның ішкі ортасын талдау)
S- күшті жақтары, W- әлсіз жақтары , O- мүмкіндіктері, T- кедергілер.
PEST (кәсіпорынның сыртқы орта факторына талдау жасау)
P- саясат, E- экономика, S- социум, T- технология.
SNW –
S- күшті жақ, N- нейтралды жақ, W- әлсіз жақ.
Жоспарлаудың негізгі принциптері:
* директивті – кәсіпорынның барлық жоспарлық көрсеткіштерін белгіленген мерзімде міндетті орындау;
* кешенді – жоспардың барлық бөлімдерін есептегенде кәсіпорынның қызметі мен бөлімдерінің кешенді дамуы;
* жоспардың ғылымилығи – объективті экономикалық заңдарды жоспар-лауды қолдана отырып, жоспар көрсеткіштерін жаңа ғылым мен техникаға қол жеткізуге бағыттау;
* үздіксіздік – жоспарлау перспективалық, ағымдағы және оперативтік жоспарды ұйымдық байланыспен қамтамасыз етеді.
Кез-келген перспективалық жоспар жылдық жоспарды қамтиды. Ал ағымдағы және оперативтік жоспарлар перспективалық жоспарды толықты-рады және нақтылайды;
* жоспардың оңтайлығы – шаруашылық құрылыс заңы өмірінде аз шығын бойынша барлық халық шаруашылық қызуғышылығын жақсы нәти-жеде қамтамасыз етуге қол жеткізу.
