Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Өнд ұйым жосп .doc-328434554лекция Өнд ұйым жосп .doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать

2.Өндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары

Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы жүргiзудi сипаттайды.

Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:

  • көпшiлiк /потокты/;

  • сериялық /группалық/;

  • жеке дара жүргiзу әдiстерi жатады.

Өндiрiстi ұйымдастырудың ағындық әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi.

Өндiрiстi ұйымдастырудың сериялы әдiсi өндiрiстiң өнiмнiң бiр түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен /кiшкене-кiшкене бөлiктермен/ шығарумен мiнезделедi. Потокты әдiспен ұйымдастырылған кәсiпорындардың жеке учаскiлерiнде қолдануға болады.

Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен және бөлек бiрлiктермен /жеке дара жоба бойынша/ шығарылуын мiнездейдi. Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi өндiрiспен байланысты.

Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл:

  • мамандандыру /специализация/;

  • бiрлестiру /кооперация/;

  • қиыстыру/комбинирлеу/;

  • шоғырландыру /концентрация/.

Мамандандыру формасы кәсiпорын артынан өнiмнiң белгiлi бiр түрiн, номенклатурасын бекiту, яғни өнiмнiң белгiлi бiр түрiне мамандандыру.

Кәсiпорындардың мамандандырылуы олардың өндiрiстерiн бiрлестiру қажет етедi, яғни өнiмнiң белгiлi түрiн өндiру, шығару бағытында бiрлесе /бiрiгiп/ жұмыс iстеу.

Кәсiпорындардың мамандандырылуымен бiрлестiрiлуi өндiрiс iшiнде, яғни цех, учаскi, жұмыс орындарында еңбек бөлiнуiмен /мамандандырылуымен/ толықтырылады.

Өнеркәсiпте келесiдей мамандандыру түрлерi бар:

  • технологиялық – дайын өнiмнiң жеке түрлерiн атқару;

  • заттық - дайын өнiмнiң жеке түрлерiн шығару;

  • бөлшектiк – жеке бөлшектердi дайындау;

Өндiрiс ұйымдастырудың негiзгi формаларының бiрi – қиыстыру.

Ұйымдастырудың бұл формасында бiр-бiрiне көмекшi роль ойнайтын салалар бiр кәсiпорында бiрiгедi. Шикiзат /мұнай/ мұнай өндеу зауытта немесе мұнай химиялық зауытта, әртүрлi сатыда бiрiнен соң бiрi, яғни кезекпен өнделедi.

Ұйымдастырудың тағы бiр формасы – шоғырландыру. Бұл ұйымдастырудың формасы өнiм өндiрiсiн неғурлым iрi кәсiпорындарында топтаумен мiнезделедi.

Шоғырландырудың артықшылығы:

  • орнатылған қуаттын бiр өлшемiнiң азаюы;

  • күрделi қаржылар үлесiнiң қысқаруы;

  • құрал-жабдықты пайдаланудың жақсаруы;

  • өндiрудiң технологиясын ұйымдастыруды жетiлдiру;

  • материалдарды, шикiзатты және отынды тиiмдi пайдалануы;

  • өндiрiстi басқаруға және оған қызмет етуге байланысты шығындар-дың қысқартылуы;

  • ұжымның әлеуметтiк даму мәселелерiн табысты шешудiң мүмкiндiгi.

3.Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi

Өндiрiс-тiң типi

Технологиялық ерекшелiктерi

Шығару-дың сипаты

Қайталануы

Процессті басқару мәселелерi

Көпшiлiк

Бұйым толық техноло-гиялық циклын өтедi, құрал-жабдықтың өзгеруi (ауысуы) аз болады, жоғары мамандандырылған еңбектi талап етпейдi.

Тұрақты және үздiк-сiз өнiм шығару

Қатаң белгiлен-ген но-менкла-тура (өнiмнiң түрi)

Өндiрiстік циклда тәртiп сақталады,

ұсақ кемшiлiк-терi тез жойы-лады, ӨП тал-дау, тепе-теңдiгiнiң жолын оңай есептеуi

Сериялық

Әртүрлi бұйымдарға технологияның айыр-машылығы, өнiмнiң жылдам өзгеруi, әмбе-баптылық және өзге-рiстiлiк

Бұйымның көп номен-клатурасы-ның шыға-рудың тұ-рақтылығы

Шығару-дың бекi-тiлген реттелген партия-лары

Тапсырыс бойынша жос-парлау, тұты-нушыға және сұранысқа не-гiзделуi, бұйым шыға-руға минимум уақыт кетiру, өзiндiк құнын төмендету

Жеке даралық

Өнiм өте ерекше және күрделi, сұраныс аз, жобалық тапсырыс жасауға бағытталған өндiрiс, негiзгi шы-ғындарды жоғары ма-мандандырылған ең-бек және қымбат материалдарды талап етедi

Даналық, жобалан-ған бұйым дайын бол-ған соң

Сирек

Негiзгi мақсаты-өнiм шығару про-цесс уақытын қысқарту, өндiрiс ке-зеңдiлiктерiң келiстiру