Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Өнд ұйым жосп .doc-328434554лекция Өнд ұйым жосп .doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать

Дәріс 4. Ағындық өндірісті ұйымдастыру негіздері

1. Өндірісті ұйымдастыру әдістері: көпшілік, сериялық, жеке дара.

2. Өндірісті ұйымдастыру нысандары: мамандыру, бірлестіру, қиыстыру, шоғырландыру.

3. Өндірісті ұйымдастыру типтерінің ерекшеліктері.

4. Өндірістік ағын

1.Әрбiр кәсiпорын жұмысының негiзiн өндiрiс процесi құрайды. Елiмiздiң экономикасын көтеруде оны интенсификациялау, әрине, маңызды роль ойнайды.Өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарлату, оны интенсификациялау арқылы мүмкiндiк бередi, яғни интенсификациялауға :

  • жұмыс уақытының жоғалуының қысқарту;

  • жұмыс уақытты тығыз пайдалану;

  • еңбек өнiмдiлiгiн көтеру;

  • жаңа техника мен технология енгiзу;

  • өндiрiс процесiн рационалды ұйымдастыру және т.б.

Кез келген, өндiрiстік процесс дегенiмiз – технологиялық, табиғи процестердi және бiр-бiрiмен байланысты еңбек процестерiнiң бiрлiгi.

Еңбек процесi дегенiмiз, еңбек затын, оның формасын, көлемiн, физикалық жағдайын, орналасуының, сыртқы түрiн және тағы басқаларды өзгерту.

Өндiрiс процестерi бiрқатар белгiлермен анықталады:

1) өндiрiстегi белгiленген мақсатына байланысты – негiзгi және қосалқы;

Жұмысы негiзгi өндiрiс мұқтаждарын қамтамасыздандыруға бағытталған процестер – көмекші деп аталады. Олар негiзгi процестердiң үздiксiз, дұрыс өтуiн қамтамасыз етедi.

Көмекші процестер - өндiрiс құралдарын сақтау және жөндеу, сумен, энергиямен, материал-техникамен қамтамасыз ету.

2) Жұмысшының өндiрiс процесiне қатысу дәрежесiне байланысты:

  • қол еңбегi процесi;

  • машиналы-қолды;

  • машиналық ӨП;

  • автоматтандырылған ӨП;

  • аппараттық ӨП.

3) ӨП мазмұны бойынша:

  • механикалық;

  • физико-химиялық;

Механикалық процестер – бұл механикалық әсерiмен еңбек затының формасы, көлемi, физикалық жағдайы, орналасуының өзгеруi (шикiзат немесе өнiмдi өндеу және қайта өндеу), еңбек заты әр түрлi құрал жабдықпен массивтен бөлiнiп, одан ары өнделiп, қайта жасалуға, тасымалдауға, сақтауға жiберу процестерi.

Физико-химиялық процестер – бұл материалдардың физико-механикалық және механикалық қасиеттерi және олардың iшкi құрылымы өзгерiске ұшырайтын процестер (химиялық, жылу, диффузиялық, электрохимиялық және т.б. процестер).

4) Өту жағдайына және ұзақтылығына байланысты ӨП:

  • үздiктi;

  • үздiксiз болады.

Үздiксiз ӨП барысында бiр операция екiншi операциямен тоқтаусыз алмасады. Үздiктi процестер кезеңдiлiкпен және қайталануымен мiнезделедi.

Әрбiр өндiрiс процесс еңбек операцияларынан құралған майда алажаулы процестерден тұрады. Алажаулы процестердi бiрiктiрудiң үш тәсiлi бар:

  • кезектi;

  • параллельдi;

  • параллельдi – кезектi.

Кезектi бiрiктiру тәсiлiнде әрбiр келесi операция алдыңғы операция аяқталған соң өткiзiледi. Бұл жағдайда өндiрiс мақсатын жету уақыты неғурлым ұзақ болады.

Операциялардың параллельдi бiрiгуi – олардың уақыт бойынша толық бiрiгуiн бiлдiредi. Мұндай бiрiктiру операциялар ұзақтылығы бiрдей болып және әрқайсысы бөлек жұмыс орнында атқарылған жағдайда мүмкiн. Сондықтан, майда процестердi параллелдi бiрiктiру шектелген.

Параллельдi-кезектi тәсiл – операцияларды бiрiктiрудiң мұнайгаз өнеркәсiбiнде неғұрлым кеңiнен тараған тәсiлi. Мұнда операциялардың жарым-жартысы кезектi, жарым-жартысы параллелдi атқарылады.

Кез-келген өндiрiс процесс оның орынды, тиiмдi (рационалды) ұйымдастырылуын қажет етедi. Өндiрiс процестердiң ұйымдастырудың негiзгi принциптерi:

  • үздiксiздiк; ырғақтылық; пропорциялылық.

Үздiксiздiк принципi еңбек заты үздiксiз өнделiп, дайын өнiм үздiксiз өндiрiлуiн бiлдiредi. Салада технологиялық тiзбектiң өндiру, өндеу, тасымалдау кезендерiнде өндiрiс процестерi үздiксiздiк принцип бойынша ұйымдастырылған. Яғни, өндiру процесі тоқтаусыз, әрi үзiлiссiз өтедi. ӨП үздiксiздiгi негiзгi қорларды неғұрлым толық пайдалануға және айналым қорының айналу жылдамдығын тездетуге мүмкiндiк бередi.

Ырғақтылық принципi кәсiпорынның берiлген жоспары /графигi/ бойынша бiрқалыпты өнiм шығарып отыруын бiлдiредi. Өндiрiс процестерінiң ырғақтылығы кәсiпорынның барлық цехтары мен бөлiмшелерiнде өндiрiстiң бiрқалыпты жүрiп отыруымен қамтамасыз етiледi.

Өндiрiс процестердiң пропорциялылығы операциялардың ұзақтығы бойынша теңдiгiн немесе олардың еселiгiн, яғни бiр орындалғанда толығымен, аяғына дейiн атқарылуын бiлдiредi.