Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Өнд ұйым жосп .doc-328434554лекция Өнд ұйым жосп .doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать

Дәріс 2. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері

  1. Еңбек бөлінісінің формалары мен оларды жетілдіру жолдары

  2. Еңбек әдістері мен тәсілдері

  3. Еңбек жағдайлары мен режимі

  4. Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды жетілдіру

  5. Кәсiпорындарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекшелiктерi

  1. Еңбек бөлiнiсi - еңбектiң iс-қимылдарының түрлерiн жiктеу.

Еңбек бөлiнiсiнiң 4 түрi бар:

  • мiндеттiлiк;

  • мамандылық;

  • технологиялық;

  • бiрiгулiк.

Мiндеттiлiк – кәсiпорындағы негiзгi көмекшi өндiрiстерде жұмыс iстейтiн жұмысшыларға, инженер-техникалық қызметкерлерге, қызметшiлерге, кiшi қызмет етушiлерге бөлу;

Мамандылық бөлiнiс жұмыстардың әртүрлi күрделi және жәй болуына байланысты;

Технологиялық бөлiнiс - өндiрiс процессiнiң кезеңдерге бөлiнуiмен сипатталады. Мысалы, табиғи газ өндiрiсiнде жұмысшылар газды құрғату, қондырғысын күту, газды және сұйық газды бөлудi күтушiлер болып бөлiнедi. Жұмысшылар атқаратың мiндеттерiне байланысты операторға, слесарға, машинисттерге, электриктерге бөлiнедi.

Еңбек бiрiгуi - әрбiр қызметкердiң кез келген өндiрiстiк бөлiмдердiң арасындағы оптималдық арақатынасты орнату және сақтау. Әрбiр жұмыс орнында еңбектi тиiмдi ұйымдастыру.

  1. Жұмыс орнында еңбектi ұйымдастыру екi түрде жүргiзiледi:

  • бригадалық (ұжымдық);

  • жекелiк.

Соңғы кездерi кешендiк, өтпелiк жаңа түрлерi даму алды.

Мұнай өнеркәсiбiнде кешендiк бригадалар пайда болды, олар әртүрлi жұмысшылардан тұрады. Сонымен қатар бiр түрлi мамандардан құрылған бригадалар өзiне қатысты жұмыстарды да атқарады. Кейбiр бригадаларда бригадалық шаруашылық есебi енгiзiлген. Әрбiр бригада жұмыс ақысы мен қатар материалдың, электроэнергияның да есебiн жүргiзедi.

Өндірістік бригада кәсіпорын басшысының бұйрығы немесе ұйғарымы негізінде құрылады. Өндірістік қызметтің қиындығы, құрамына, жұмыстың еңбек сыйымдылығына ЕҒҰ талабына байланысты белгіленеді.

Көпшiлiк бригадалар шарт бойынша бригадалық мердiгерлiк әдiспен жұмыс iстейдi.

Жұмыс орындарын ұйымдастыру, күту және қызмет ету

Еңбектiң тиiмдiлiгi жұмыскердiң қандай жағдайларда жұмыс iстеуiне байланысты.

  1. Еңбек жағдайлары дегенiмiз - жұмыс орнын тиiмдi ұйымдастыру және қызмет ету, оны қажет өлшеу аспаптарымен және автоматика құралдарымен қамтамасыз ету, жұмыс және демалыс тәртiбiн белгiлеу, ауысымдық жұмысты дұрыс ұйымдастыру, қолайлы жұмыс жағдайын жасау, еңбек тәртiбiн нығайту.

Жұмыс орнын тиiмдi ұйымдастыру үшiн оның жоспарлауын, құралда-рымен жарақтандыруын, оперативтiк қызмет етуiн, ұйымдастыруын, еңбек жағдайларын ескеру қажет. Қызмет ету алқабында қажеттi құралдандыру элементтерiн (құрал жабдықтарды, саймандарды, жиһаздарды және т.б.) ор-наластыру.

Қазiргi уақытта өнеркәсiп салаларында үлгi жобалар жасалады. Жұмыс орнындарын атестациялау жүргiзiледi.

Еңбек жағдайларын жетiлдiру

Адам өндiрiстiк жұмыста ой және дене қауырттылығын сезiп қана қой-майды, сонымен қатар бiрге қоршаған ортаның әсерiне тиедi. Бұлар оның еңбек қабiлеттiлiгiне және көңiл күйлерiне әсер етедi.

Еңбек жағдайларын сипаттайтын факторлар болады. Олар:

  • Еңбек ауырлығы;

  • Санитарлық – гигиеналық;

  • Эстетикалық және эргономикалық факторлар.

  1. Еңбек ауырлығына жұмыс қарқыны, бұлшық күштерiнiң шығыны, жұмыс қалпы, жұмыстың бiрсаздылығы, жүйкелiк-сезiмдiк, жұмыстық шығындары жатады.

Өндiрiсте жұмыскерлердiң ден саулығын арттыруға, шаршағанын азайтуға, еңбекке қабiлеттiлiгiн сақтауға кешендi шаралар жүргiзiледi, аутогендiк шынықтыру, психологиялық жүктi азайту және дем алу бөлмелерiн, бұрыш-тарын ашу.

  1. Санитарлық-гигиеналық факторлар – температура дымқылдылығы, ауаның, бөлменiң тазалығы, жұмыс орнының жарықтылығы, бөлмедегi ды-быс, ырғақтылық арқылы сипатталады.

  2. Эстетикалық факторлар – бөлменiң және құрал жабдықтың бояуы, жұмыс орнының және өнiмнiң сәндi көрсетiлуi, қолайлы арнаулы киiм және т.б.

Еңбектi ғылыми жолмен ұйымдастыру өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың негiзi ретiнде еңбек өнiмдiлiгiң жүйелi түрде арттыра берудiң шарты болып табылады. Ол аса маңызды әлеуметтiк мiндеттердi жеке адамды жан-жақты дамыту, қызметкерлердi еңбекке дұрыс көз қараспен, ұжымдық рұхында тәрбиелеу, олардың ден саулығың нығайта беру мiндеттерiң шешуге көмектеседi.

Материалдық өндiрiстiң әрбiр процессi үш негiзгi элементтiң бiрлiгiнен тұрады:

  • Еңбектiң өзi - яғни адамдардың қажеттi iс-қимылы;

  • Еңбек заттары - яғни адамдардың еңбегiнiң неге бағытталуы. Еңбек заттары немесе адамның әсерi арқылы өзгертiлген түрi болуы мүмкiн;

  • Еңбек құралдары арқылы адамдар өндiрiсте түпкi мақсатқа жету үшiн еңбек заттарына әсер етiп оларды өзгертедi және түрлендiредi.

  1. Қазiрде барлық материалдық өндiрiс салаларында және оған қызмет етуде еңбектi ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) кең қолданылады.

ЕҒҰ – ғылым және озық тәжiрибе жетiстiктерiне негiзделген шаралардың

жүйесi, олар еңбек ресурстарын ең тиiмдi пайдалануға көмектеседi.

Еңбектi ғылыми жолмен ұйымдастыру бiр тұтас өндiрiс процесiнде техника мен адамдарды неғұрлым тиiмдi түрде ұштастыру деген сөз.

Қазiргi жағдайда ЕҒҰ экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге бағытталады.

  • Экономикалық мiндеттер – еңбек бөлiнiсiнiң және бiрiгуiнiң озық түрлерiн енгiзу, еңбек уақытының ысырап болуын болдырмау, еңбек жағдайларын және қызмет етуiн жақсарту негiзiнде жанды еңбектiң пайдалану тиiм-дiлiгiн қамтамасыз ету.

  • Психофизиологиялық мiндеттер жұмысшы күшiнiң ұдайы толық пайдалануы және мiндеттi қызмет ету үшiн еңбекшiлердiң денсаулығын және жұмыс қабiлеттiлiгiн сақтау, өндiрiсте ең қолайлы жағдайларды жасау.

  • Әлеуметтiк мiндеттер – еңбекшiлердiң мәдени және кәсiби тұрақты өсуiне жағдайларды қамтамасыз ету, олардың жан-жақты, сегiз қырлы өсуi, еңбектiң өнебойы қызықтылығын көтеру және оны өмiрдiң ең бiрiншi қажеттiлiгiне айналдыру.

ЕҒҰ-ның кәсiпорындағы маңызды бағыттары

1. Еңбек бөлiсiнiң және бiрiгуiнiң түрлерiн жетiлдiру;

2. Жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қызмет етудi жақсарту;

3. Еңбектiң тәсiлдерiн және әдiстерiн тиiмдiлендiру;

4. Еңбектi нормалауды жетiлдiру;

5. Еңбек жағдайларын жақсарту;

6. Еңбекке дұрыс көз қарасты тәрбиелеу, қалыптастыру.

ЕҒҰ түрлi шараларын жүзеге асыру үшiн өндiрiстiк кәсiпорын құрамында зертханалар, қызметтер, сонымен қатар ЕҒҰ кеңестерi құрылады.

Мұнай өндiру кәсiпорында ЕҒҰ шараларын енгiзу тапсырмаларына төмендегiлер жатады:

  • үлгiлi жобалар арқылы еңбек орындарын ұйымдастырудың салааралық, салалық нормалар және нормативтер;

  • көп агрегатқа қызмет ету;

  • қос мамандық;

  • прогресивтiк, ұжымдық еңбек формалары;

  • еңбектi көптiлеушiлiк процесстерiн механикаландыру.

Сонымен, жұмыста жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін әрбір жұмыс орнында еңбекті ұйымдастыру өте маңызды.

Жұмыс орнына оперативті қызмет ету МГӨ кәспорындарында объектілердің бір-бірімен үлкен қашықтықта болуы, әрі байланыссыздығы және негізгі қамтамасыздандыру базалары мен оперативті басқару ұйымдарынан қашық болуы күрделі жағдайлар туғызады.

Жұмыс орнына оперативті қызметтеу мұндай жағдайда келесі элементтерден құралуы керек:

  1. Оперативтік өндірістік жоспарды ұйымдастыру;

  2. Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру;

  3. Көмекші бөлімдердің қызметімен қамтамасыз ету;

  4. Жұмыс сапасына бақылауды ұйымдастыру;

  5. Дайын өнімді алып, оны тапсыруды бақылау;

  6. Мәдени-тұрмыстық қызмет ету.

Тапсырмаларда шаралардан алынатын экономикалық тиiмдiлiк көрсетiледi.

Жаңа техниканы жасауды және меңгерудi ұйымдастыру

Ғылыми зерттеулердi тапқырлықты, ұтқырлықты және патент жұмысың ұйымдастыру

Қазiргi ғылыми-техникалық прогрестiң кезiнде ғылыми-техникалық идеяның жүзеге асуы – «зерттеу - өндiрiс» циклы аталады. Ол мынандай негiзгi кезеңдердi қамтиды:

  • фундаменталдық зерттеулер;

  • қолданбалық зерттеулер;

  • тәжiрибелiк-конструкциялық жұмыстар;

  • жаңа техниканы шығару;

  • жаңа техниканы пайдалану.

Бiрiншi екi кезең ғылыми-зерттеу шеңберiне жатады, ал кейiнгiлерi – жаңа техниканы жасау, шығару және пайдаланумен байланысты.

  1. Кәсiпорындарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының келесi ерекшелiктерi бар:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстары көбiнесе қолданбалық, тәжiрибелiк, си-патты болады;

  • ғылыми жұмыс салалық немесе аймақтық ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста жүргiзiледi;

  • кәсiпорындарының зертханаларында және цехтарда өндiрiске күн-делiктi қызмет ету, жобалаушыларға, тапқырларға және ұтқырларға көмектесу жұмыстары жүргiзiледi.

Қазiргi мезгiлде жаңа техниканы шығаруда, меңгеруде және өндiрiске енгiзуде тапсырма-нарядтар пайдалану негiзiнде ұйымдастыру және жоспарлау жұмыстарында шаруашылық есеп жүйелерi кеңiнен қолданылады. Осындай шаруашылық шарт күшi бар тапсырмада барлық жұмыстардың көлемi, жұмыстың ақырғы нәтижесi, орындаушылар және кезеңдердiң орындау мерзiмдерi, қаржыландыру көздерi және материалдық көтермелеуi белгiленедi.

Тапқырлықты және ұтқырлықты ұйымдастыру

Техникалық шығармашылыққа – ашылым, жасалым және тапқырлық ұсыныстар жатады.

  • Ашылым – материалдық әлемнiң объективтiк заңдылықтарын, қасиеттерiн және құбылыстарын ашу.

  • Жасалым – тәжiрибеде iске асатың, айтарлықтай жаңа тиiмдi техникалық есептердiң шешiмi.

  • Тапқырлық ұсыныстар – еңбектi, өндiрiс құралдарың тиiмдi пайдалануға бағытталған ұсыныстар.

Ашылым жасаған авторына (иесiне) арнаулы диплом берiледi. Жасалымға авторлық күәлiк немесе патент, ал тапқырлық ұсыныстар иесiне күәлiк берiледi. Жасалым иесiне сұрауы бойынша патентте беруге болады. Бұл жағдайда автор патентiн сатуға немесе басқа оған қызыққан кәсiп-орындарының пайдалануы үшiн белгiлi сыйақыға ұлықсат (лицензия) бере алады. Патент арыз бергеннен бастап 15 жылға берiледi.

Тапқырға халық шаруашылығындағы экономиканың тиiмдiлiгiне байланысты сыйақы төленедi. Ашылымға оң техникалық шешiм және экономикалық тиiмдiлiк алғаннан кейiн дұрыс сұраным (мәлiмдеме) жасау керек.

Дайындалған сұранымдарды тапқырлық және табылым iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитетке жiбередi. Патенттiк ақпарат жұмыстарың үйлестiруiң және салалық патент қорының есебiн патенттiк ақпарат және техника-эко-номикалық зерттеу-ғылыми институтының орталықтары жүргiзедi.

Өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруда ұтқырлық жұмысты ұйымдастырудың маңызы зор. Ұтқырлықты мойындау үшiн автор жазбалы түрде оның мәнiң, қажеттi түсiнiктемелердi, сұлбаларды, эскиздердi көрсетiп арыз бередi. Оны мойындағаны және пайдаланғаны, немесе қабылдамағаны жөнiнде 15 күн iшiнде шешiм алынады. Бұл жұмыстары мен кәсiпорындарында тапқырлықтар және ұтқырлықтар бюросы айналысады.

Кәсiпорындары кәсiпшiлiк ұйымдары мен бiрге перспективалық және күнделiк тематикалық жоспарлар жасайды. Бұдан басқа тапқырлық және ұтқырлық ұсыныстарды еңгiзудiң жоспарлары, олардаң алынатың үнемнiң жоспарлары және осы жұмыстарды қаржыландырудың жоспарлары жасалады.