Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция Өнд ұйым жосп .doc-328434554лекция Өнд ұйым жосп .doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275.97 Кб
Скачать
  1. Өндірісті материалдық техникалық қамтамасыз етудің мәні мен міндеті.

  2. Өндірісті материалдық техникалық жабдықтауды және өткізуді жоспарлауды жақсарту жолдары

  3. Материалдарға қажеттілікті есептеу

1.Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)

Жабдықтау кәсiпорынның өндiрiс құрал-жабдықтарының, материалдардың жарлық түрлерiмен қамтамасыз ету.

МТЖ бөлiмiнiң мiндетiжабдықтау жоспарын жасау, жасалған шарттар бойынша бөлiнген қорларды қамтамасыз ету және бақылау мезгiлiнде iске асыру, жабдықтау ұйымдарының базаларымен оперативтiк байланыс жасау.

Атқару ұйымдарытерриториялық базалар ПТОК - Промышленно-технические отделы комплектования (өнеркәсiптiк-техникалық жабдықтау бөлiмшiлерi), УПТК - Управление промышленно-технической комплектации (өнеркәсiптiк-техникалық жабдықтаудың басқармасы). Базалардың құрамына территориялық материалдық қоймалар кiредi.

МТЖ-дың негiзгi бөлiгiжеткiзiп берушiлерге бекiту. Халық шаруашылығында жеткiзушiлердi бекiтудiң бiрнеше түрi қолданылады. Ең тиiмдi түрi – кәсiпорын-тұтынушыны тiкелей завод-жеткiзушiлерге бекiту.

Тұтынушыларды белгiлi жеткiзушiлерге бекiту туралы наряд-тапсырма-лар алғаннан кейiн өнiм жеткiзу үшiн шаруашылық шарттар жасалады. Шарттарда өнiмнiң аты ГОСТ бойынша, жеткiзiлетiң өнiмнiң саны және түр-түрi ассортиментi, өнiмнiң сату бағасы, сапасы және шарт жағдайының бұзылғандағы санкциясы көрсетiледi.

Материалдық жабдықтаудың екi түрi болады:

  • транзиттiк – жүктердi немесе бағалы материалдарды жөнелтiлген жерден (жеткiзушiлердең) жеткiзiлетiн жерге дейiн (тұтынушыларға) аралық бекеттерде қайта тиемей тасымалдау, яғни тiкелей жеткiзу;

  • қоймалық – көтерме сауда тауар айналымының түрi, мұнда көтерме сауда базасы өз қоймаларына тауарлар әкеледi, мұнда тауарлар топтарың өндеп, сорттап және қоймалардаң тауарларды бөлшек сауда топтарына жөнелтедi. Яғни, тауар сатушыдаң тұтынушыға жету үшiн консигнациялық қоймалардаң өтуге тиiс.

Консигнациялық сауда – тауарлар иесiнiң тапсырмасымен оларды шетелдегi қоймадан сату. Консигнация шарттарында консигнанттың консигнаторға шетелдердiң территориясында сауда жүргiзу құқығың беруi көзделедi.

Консигнатор – жөнелтiлген (отгруженная) тауардың атауы, оның бағасы, төлем мерзiмi, т.б. көрсетiлетiн тиiстi шартпен тәптiштелетiн (регламентируемых) белгiлi бiр талаптар негiзiнде тауар өткiзу мақсаты-мен экспортшыдан (консигнанттан) өз қоймасына тауар алушы делдал.

Қазiргi нарық жағдайында өндiрiстiк запастарының тиiмдi мөлшерiң бiлудiң маңызы өте зор. МГӨ кәсiпорындар өндiрiс процестi үздiксiз және үмiттi өткiзу үшiн материал-техникалық ресурстардың запас мөлшерi жеткi-лiктi болу қажет. МТР жетiспеушiлiк болған жағдайда, ӨП-iнiң бұзылудың ықтималдылық жоғарлайды, ал МТР-дың артық және көп болғаны – қоғам-дық өнiм бөлiгiнiң еңгiзiлмей қалатың жағдайды тұғызады, жәнеде оларды сатып алуға да, сақтауға да ақша қаражаттардың қосымша жоғалтулар пайда болады. Сондықтан, МТР-дың запас мөлшерi оптималды болу керек, яғни ӨП минималды шығындармен өткiзуiне және тиiмдi болғанына жоспарлап жеткiзiледi.