Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФЗТМ АЛМат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315.17 Кб
Скачать

2. Микроөту.

Д.Н. Чарлуковпен анықталғандай, мысты балқымалардың болатпен үйкелісінің шекаралық майлағыш жағдайы кезінде, бөлшектеп өту құбылысы . Мыс балқымасы қатты ерітіндісінің болат бойынша және оның қайта өтуі кезінде үйкеліс коэффициентінің төменделуі мен үйкелу жұптарының тозуының төмендеуіне әкеледі. Бұл құбылыс төмен үйкеліс коэффициентімен, беттік жоғары тазалық классымен және беттердің тоыққа жақын тозудың болмауымен сипатталады. Сипатталған эффект өзара бөлшектеп өту деп аталады. Бұл процесс механизмі, А. Поляковпен зерттелді, оның мәні келесі жұмыстың бірінші кезінде мыс балқымасының беттік жұптары бөлшектеп ерітілуге ұшырайды. Интерогенді құрылымды балқымадан немесе біркелкі қатты ерітіндіден ерекшелеп Zn, Sп,Fe және басқа да игеріленетін элементтер анодты ерітіледі. Үйкеліс беті бұл кезде мыспен байытылады. Глецерин әлсіз қышқыл ретінде әсер етіп , мыстың балқыма бетін улайды. Уланған беттің түзілуін металл емес затпен үйкелу кезінде және де металмен үйкелу кезінде де байқауға болады.

3. Ленталық муфталар мен тежегіштердің кемшіліктері.

Ленталық муфталар мен тежегіштердің кемшіліктері нашар жылу өткізгіштігі болып табылады, ол ішкі ленталық және колодкалық немесе сыртқы қабырғасы бар конустық муфталарда жақсырақ өткізілуі мүмкін. Көрсетілген кемшілікті жою үшін, муфта шкивтері мен тежегіштері муфтаның білігіне белгілі бір бұрышта орналастырылған көлденең қабырғалар көмегімен бөлініп тұрады. Тежегіш немесе муфтаға бір бау қондырылған кезде тозу әркелкі болып, шкивке жасалатын қысым жоғарылауы салдарынан баудың төменгі жағына қарай (4…5 есе) үлкейеді. Бір бауды немесе екі негізді олардың артықтау санына ауыстырған кезде тозу айырмашылығы кемиді.

3 Билет

1. Беттердің жанасуы.

Беттердің жанасу зоналарында кернеу түрінің жағдайы жанасудың пластикалық және серпімді болып ажыратылады.Серпімді жанасудың теориялық деформациясы екі жағдайды қарастырады: біріншісі, алғашқы жанасу бір нүктеде жүзеге асырылады және екіншісі, алғашқы жанасу бір сызық бойымен жүзеге асырылады. Тапсырма мынадай болжамда шешіледі: жанасатын беттер тегіс біртекті болып келеді, жанасатын зонада тек серпімді деформацияның орны болады, жанасу беттеріне қысым күші қалыпты болады және жанасу ауданының өлшемі жанасатын беттердің өлшемдерімен салыстырғанда аз болады. Жүк салмақ түсірілген процесс кезінде пайда болатын жанасудағы үйкелуді ескермейді. Герцтің айтуы бойынша жанасудың ауданы жалпы жағдайда эллипс болып табылады, ауыспалы шектік жағдайда шеңбер немесе жолақ параллельді түзумен шектеледі. Бірінші шектік жағдай сфералық беттермен шектелген екі дене үшін орын алады немесе екі бірдей цилиндр перпендикулярлық өстермен байланысады. Екінші жағдай екі цилиндрлік беттердің жанасуы өстік сызығы параллель болып келген жағдайда жүзеге асырылады.

Машина бөлшектерінің беттерінің сапасы

Бөлшектің бет қабаттарының қасиеттері дайындалған материалдың қасиеттерінен өзгеше болып келеді. Беттік қабаттардың атомы арқылы туатын күштік алаң өте жоғары сіңіру қабілетіне ие болады. Соның арқасында бет ауа, су және басқада органикалық заттардың қосындысымен сіңіру қабаттарында жабулы болады. Сіңірудің арқасында беттік активті заттар (ПАВ) бетте орналасқан атомдардың әлсіреуіне әкеліп соғады. Микрожарықшақтардың арасына өтіп қатты дененің түбіне жарық түсіру үшін және беттік қабаттың қаттылығын азайту үшін БАЗ қысым тудырады (Ребиндер эффектісі). Металл бетінде температураны интенсивті жоғарлатқан кезде окистік қабықша пайда болады. Металл бетіндегі қабат қасиеті өңдеудің түріне байланысты болып келеді. Материалды кескішпен өңдеу кезінде алғашқы беттік шекарасында пластикалық деформациялық зона пайда болады. Бұл бұзылған структуралық қабат ондаған микрометрлік, ал өрескел өңдеуде жүздеген микрометрлік тереңдікке дейін жетеді. Осыған ұқсас құбылыстар ажарлату кезінде де байқалады.

Кедір-бұдырлы беттердің жанасуы

Екі кедір-бұдыр беттердің жанасуы кезінде қалыпты жүк салмақтың әсерінен жанасуға бірінші биіктік жиынтығы шығыңқы жұптар бірнші шығыңқы беттен оған қарама-қарсы екінші шығыңқы беттікі үлкен. Жүк салмақтың артуына қарай барлығы аз биіктік жиынтығына ие дөңестікке қарсы тұратын жанасуға барлық жаңа жұптар қатысатын болады. Жанасуға түсетін шығыңқы беттер алдымен серпімді, жүк салмақ артқанда көптеген сындық шамаларды артатын пластикалық, анығырақ серпімді-пластикалық болып деформацияланады.

Жанасудың реологиялық қасиеттері

Нақты қысым жанасуда аса көп, ол шығыңқы пластикалық деформацияға алып келеді және көптеген жағдайларда жанасу зонасында сырғыштық, сонымен қатар жанасу ерекшелігіне жүк салмақтың түсу уақытына әсер етеді. Жанасудың уақытша тәуелділік деформациясы материалдың қасиетімен және оның гомологиялық температурасы, кедір-бұдырлығы түсірілген жүк салмақпен анықталады. Металдың интенсивтік сырғыштығы 0,4-тен жоғары гомологиялық температурада өтеді, бірақ ол бөлме температурасында болат сияқты материалдар үшін өз орнынын иеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]