Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФЗТМ АЛМат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315.17 Кб
Скачать

2. Беттер қасиеттерінің өзгерісі.

Атап айтылғандай, жанасудискреттігіне байланысты және бөлек жанасатын шығындар қаттылығының біркелкі емес болуынан тангенциалды орын ауыстыру кезінде жарықтардың пайда болуына әкелетін өзара ендіру өтеді. Материалдық өзгеруі жүретін аймақтық тереңдігі деформация түрі мен жылулық әсер интенсивтілігіне байланысты болады. Барлық жағдайларда деформация кезінде материал және оның қаттылығы нығыздалған металдық қаттылығына сәйкес болатын шамаға дейін өседі.Тозу бөлшектерісіз қайта жырылу кезінде алдымен беттердің көлденең тегістелуі және жолдың құрылымының пайда болуы өтеді(3 а ,б-сурет),сонан соң барлық сырғанау жазықтарын пайдаланған соң, металл күйіне өтіп, нәзік болып бұзылады(4- суретте). Үйкеліс күші әсерінен пайда болған созылатын кернеулілік беттегі микрожарықтардың пайда болуына әкеледі, ал олар біртіндеп үлкейтіп, тозу бөлшектерін түзеді.

Жанасу (түйіспе) температурасы көтерілгенде болатын өзгерістер

Егер жанасу температурасы үйкелу немесе жұмыс жағдайларына байланысты қайтарылу температурасынан жоғары болса,беттік қабаттар жоғапы пластикалық қасиетке ие болады. Жырғыш элементтердің әсерінен беттік қабат қызады, жұқа беттік қабатта деформация локализацияланады да бет тегістеледі. Мұндай түрдегі көп өзгерістерді Б.И. Костецкий көп металлдарда байқаған. Осыған қарамастан өзгерістін екі түрін бөледі.

Бірінші түрде беттен қабаттарды тұрақты жұмсару күйіне әкелуге негізделген. Ол температуралық режим үйкеліс беттерінің жұмыс кезінде салыстырмалы тұрақты болған жағдайда пайда болады. Бұл кезде шамалы тереңдікке материал қыза бастайды, кейбір жағдайларда бөлек құрамдастардың квагуляциясына әкеледі. Мұндай процессті В.В. Чернышев сақиналы үлгілердің үздіксіз жанасу кезінде болатын құрғақ үйкелісі кезінде байқалады.

Өзгерістің екінші түрі беттік қабатты шынықтыруға негізделген. Ол температура алдымен бөлек жарқырағыштармен артып және құрайтын балқымаларды ерітуге жеткілікті температура болғанда мүмкін. Келесі сырғанау кезінде процесс қайталануы мүмкін.

Беттік қабаттар өзгерісіне температуралық градиенттің әсері.

Үйкеліс кезіндегі беттік қабаттар өзгерісіне үйкелгенде пайда болатын температуралық градиентті қолданған ыңғайлы,ол механикалық қасиеттер грандиентіне диффузионды процесстерге әкелкді. И.А. Одинг температулар концентрациясы градиентінен диффузия жылдамдығын серпімді диффузия арқылы келесі түрде өрнектейді;

, ( 1.4 )\

мұңда Dс- диффузия коэффициенті,

С- концентрация,

 - деформация,

- температура,

Dе және D - пропорционалдық коэффициенттер.

Денедегі температуралық градиент беттік қабаттағы, суу кезіндегі, созылудың қалдық кернеулігін туғызады, ал мартенситті түрлендірулер кезінде осы кернеуліктерде сығылу кернеулігі салынадыда жалпы кернеулік төмендейді. Алайда әсер ететін кернеуліктер үйкелу беті жанылдағы материалдың біртіндеп бұзылуына және оның ультракүлгінмикрожарықтардың пайда болу нәтижесінде шаршау бұзылуына әкелуі мүмкін.

Беттік қабаттар өзгерісіне кернеулі күйдің әсері.

Сығатын кернеу мен үйкеліс күшінің әсерінен кернеуленген көлемде материалдың механикалық қасиеттерімен қатар олардың құрылымы мен қоршаған орта әсерімен жүретің үрдістердің сипаты өзгеруі мүмкін. Б.Д. Грозин зерттеулерінің маңызы зор.Ол біркелкісіз кернеулі күйден көлемнің әсерімен өте сезімтал денелерде аса жоғары пластикалық қасиет көрсететінің атап айтты. Мұңдай кернеулік үйкеліс кезінде пайда болды.

Б.Д. Грозин айтқандай, массивті қатты денелердің азғантай аудандарында пластикалық диффузия жанасу көлемдерінің шығындарының биіктігі мен диаметрінен және қатты денелер бетіндегі реалды шығындарының барлық жақты сығылу сипатына жақын болуына тәуелді болады. Пластикалық деффузия әсерәнен материалды құрылымдық өзгерістер пайда болады. Белгілі болғандай, пластикалық деффузияға ұшыраған материал жеңін тотығады.

Қоршаған ортаның химиялық әсерінен пайда болған өзгерістер.

Әдетте жанасудың қызуы аса жеңілденген жоғары температура мен металдың платикалық ағынды деффузианды үрдістерімен қатар өтеді. Деффузия қарапаым жағдайларда білінеді, егер металл үйкеліс процесі кезінде тез және пластикалық ағын көп рет қайталанатын болса бұл процестің өту сипаты температура өсуімен туындайтын өзгерістердің сипатынан айрықшаланбайды. Салыстырмалы қалыпты жоғары температурада қанығу өнімдері химиялық қосылыстар түзеді, олар біртіндеп беттік қабатты толығымен қашықтырады да оны қатты күйге әкеледі (5- сурет). Бұдан кейін пайда болған қабыршақтың интенсивті бұзылуы жүреді, ол жаңа пайда болған металдың қабаттарын жанартады да цикл қайталанады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]