Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
41-49_сурактар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.39 Кб
Скачать

41. Тау жыныстарын автомобиль көлігімен тасымалдау

Автомобиль көлiгi күрделі топографиялық, геологиялық және қолайсыз ауа райы жағдайында тиiмдi жұмыс жасауына байланысты карьерлерде кең қолданыс табуда. Оның жұмыс жасау принципi тау-кен жыныстары қоспасын кенжарлардан қабылдау пунктiне дейiн тасымалдап төгу болады.

Карьердегi автомобиль жолдары тұрақты және уақытша болып бөлiнедi. Тұрақты жолдар жер бетiнде, ор жолдарда және үйінділерде болады.

Карьерде автомобильдi тиiмдi пайдалану оның кенжарға келу схемасына және оны экскаваторға қоюға едәуiр байланысты болады (1 сурет). Жұмыс горизонтын ашуға, жұмыс алаңдарының мөлшерiне және экскаватордың жұмыс жағдайына байланысты автосамосвалдың экскаваторға келуi тура, iлмектi және тұйық айналу болуы мүмкін.

1 Сурет - Автосамосвалдың экскаваторға келу схемалары:

а, б – тура; в, г – iлмектi айналу; д, е – тұйық айналу

Автосамосвалды экскаватормен тиеу кезiнде ең аз бұрышпен айналатындай етiп қою керек, сонда экскаватордың өнiмдiлiгi артады.. Тұйық айналып келу схемасы iлмектi айналу мүмкіндiгi болмаған жағдайда қолданылады. Тұйық айналып келу автосамосвалдың өнiмдiлiгiн 10-15% -ке азайтады.

Бiр мезгiлдегi кенжардағы автосамосвалдар санына байланысты оларды тиеуге бiртiндеп немесе қосарлап қояды (2 сурет). Қосарлап қойған кезде экскаватордың өнiмдiлiгiнiң жоғары болуы қамтамасыз етiледi.

Автомобиль көлiгiнiң өнiмдiлiгi оның жүк көтерiмдiлiгiне және жүру жылдамдығына байланысты болады.

42. Автомобиль көлігінің және жолдың технологиялық сипаттамасы

Темiр жол көлiгi рельс жолдарында жүретін пойыз болып саналады. Оның жұмыс жасау принципi думпкармен аршыма тау жыныстарын, пайдалы қазындыны гондолдармен кенжарлардан төгiлетiн жерлерге дейiн электравозды немесе тепловозды қолданып тасымалдау болады. Пойыздағы вагондар саны локомативтiң, жолдың сипаттамасына және жағдайына байланысты табылады.

Темiр жолдар атқаратын қызметiне қарай уақытша және тұрақты болып бөлiнедi. Уақытша жолдарға карьердегi және үйіндідегi жұмыс алаңдарындағы, ал тұрақты жолдарға оржолдардағы, көлiк бермасындағы және карьердiң жер бетiндегi жолдар жатады (1 сурет).

1 Сурет - Карьердегi темiр жолдардың даму схемасы: 1 – уақытша кемер жолдары; 2 – байланыс жолдары; 3 – күрделі және жартылай оржолдар жолдары; 4 – жер бетiндегi жолдар;

5 – магистральды жолдар; 6 – жол айрығы пунктi; 7 – үйінді; 8 –уақытша үйіндінiң жолдары

Уақытша жолдар карьер мен үйіндідегi жұмыс бағыттары өзгерген сайын, мезгiлiмен жылжытылып отырылады.

Темiр жол ұзындығы бойынша екi аралыққа бөлiнедi. Екi аралықты шектейтiн жерлер даралар деп аталады. Оларға станциялар, жол айрығы және күзет орны жатады. Станциялар пойыздарды орналастыру, құрамды қалыптастыру, қарау, ұсақ жөндеу және қарсы келе жатқан пойызды күту жұмыстарын жасау мақсатымен салынады. Жол айрығы қарсы келе жатқан пойызды күтуге арналған. Күзет орнында жол дамуы болмайды

43. Автомобиль көлігін есептеу

44. Тау жыныстарын конвейер көлігімен тасымалдау

Конвейерлiк көлiк жұмсақ тау жыныстарын (Никополь-Марганец бассейнi, КМА), көмiрдi (Екiбастұз), құмды, қиыршық тас карьерлерiнде жүктердi тасымалдау үшiн қолданылады. Iс жүзiнде конвейердi қолданып ұсақталып қопарылған барлық тау жыныстарын тасымалдауға болады.

Конвейер көлiгiнiң артықшылықтары: жүк тасымалдаудың үздiксiздiгi және бiр қалыптылығы; қазу-тиеу және үйiндi құралдарының өнiмдiлiгiн арттырудың мүмкiншiлiгi (темiр жол көлiгiмен салыстырғанда 25-30%-ке); еңбек жағдайын жақсарту және қауiпсiздiгiн жоғарылату мүмкiндiгi; автомат-тандырудың және орталықтан басқарудың қолайлығы; конвейерлiк қондырғының жоғары өнiмдiлiгi және жер бедерi ойлы-қырлы болғанда қолдану мүмкiндiгi.

Конвейер көлiгiн жүк айналымы 20-30 млн.т/жыл және одан да жоғары карьерлерде, қалыңдығы едәуiр жұмсақ тау жыныстарын тасымалдау қашықтығы 2,5-3км, тереңдiгi 150м-ден артық карьерлерде, қопарылған тау жыныстарында және едәуiр жүк тасқыны болған кезде қолданған тиiмдi болады.

Конвейер көлiгiнiң негiзгi кемшiлiктерi: қолайсыз ауа райы жағдайына байланыстылығы (төмен температура, жауын-шашын); тасты тау жыныстарын тасымалданғанда оларды 150-200мм-ге дейiн кесектерге алдын-ала ұсақтаудың қажеттiлiгi; сұрыптап қазудың және тасымалдаудың тиiмдiлiгiнiң аздығы мен едәуiр техникалық қиындығы; бiрыңғай едәуiр жүк тасқынын жасаудың шектелгендiгi.

Құрама көлiктер бiр жүктi әр түрлi көлiктермен, қайсысы нақтылы жағдайда тиiмдi болғанда, жүйелi тасымалдау үшiн қолданылады.

Тасты тау жыныстарын қазатын терең карьерлерде оларды бiр жерге жинауға автосамосвалдарды қолдану тиiмдi, одан әрi тау-кен жыныстары қоспаларын карьерден шығаруға темiр жол, конвейер көлiктерiн немесе скип көтергiшiн қолданған тиiмдi болады.

45. Темір жол көлігін есептеу әдісі

46. Автомобиль көлігін есептеу әдісі

47. Аршыма жыныстарды темір жол көлігімен тасымалдау кезінде үйінділеу жұмыстарын механикаландыру әдістері

48. Аршыма жыныстарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі үйінділеу жұмыстарының технологиясы

Темір жол көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы

Экскаваторлық үйінділерде тау жыныстарын темiр жол құрамынан төккеннен соң үйінді үю үшін механикалық күректер, драглайндер және көпшөмiштi үйінді экскаваторы - абзетцерлер қолданылады.

Механикалық күректердi қолданып үйінділеу технологиясының төмендегiдей ерекшелiктерi бар. Биiктiгi 10-15 м-ден 20-40 м-ге дейiнгi үйінді қабаты екi жартылай қабатқа бөлiнедi. Жоғарғы жартылай қабатта орналасқан темiр жолдан 4-7м төмен жатқан жартылай қабаттың үстінде экскаватор орналасады (19.1 сурет).

Тау жыныстары экскаватор тұрған жерден төмен орналасқан ұзындығы 20-25м, тереңдiгi 0,8-1,0м және сыйымдылығы 200-300м3 қабылдау шұңқырына төгiледi. Осы тау жыныстарды экскаватор ұш бағытта тасымалдап төгедi: экскаватордың жүру жолына қарай алдына, үйіндінiң беткей жағына және биiктiгiн темiр жолдан 0,5-1,0м биiк етiп үйінді толмасын жасай отырып артына төгедi. Биiктеу етiп төгу себебi үйіндінiң шөгуiне байланысты болады, соның арқасында шөгу процесi бiткен кезде үйінді бетiнiң биiктiк белгiсi жаппай бiрдей болатын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]