Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Реферат Қадыр Мырзалиев поэзиясы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.29 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазағын құрғатпай, қаламын  тоқтатпай, өлеңмен күнде бетпе-бет  келіп, алысып-жұлысып, ауырып –сырқап  келген ақынның бір де , бірегей  де Кадыр ағамыз дейді. Бір күн  емес, бір жыл емес, ол ғұмыр бойы осы ақындық азабынан құтыла алатын емес. Бұл жеке бас мүдденің азабы емес, ұлтының мақсат-мұраттарын жыр жолымен кестелеп, оның кешегісі мен бүгінгісін образға бөлеп айта алған үлкен жүректі суреткердің азабы. Бұл азап «Ой орманынан » басталып , әрі қарай жалғасып кете береді.

Иә,ақынның жанын ,оның ішкі жан сарайын тек ақын ғана түсіне алатын болса керек. Бұдан  әрі Қадыр Мырзалиев қазақ  әдебиетіндегі қайталанбас құбылыс  екендігі жөніндегі ойын шегелей  жеткізді. Қадыр ақын езіп айтпайды, кесіп айтады. Өңменіңнен өткізіп ,мірдің оғындай қадап айтады. Қадыр Мырзалиев жырлары – ұлттың баға жетпес рухани құндылығы болып табылады. Осы ақиқатты бәріміз де мойындай білуге тиіспіз.

Қадыр Мырзалиевтей жеріне жеткізіп,түбіне түсіре айтқан ақынды есіме түсіре алар емеспін. Бұған  қоса  , таяуда Қадыр ағамыздың шығармаларының жиырма томдығы оқырмандар қолына тимек. Мұның сыртына оның он томдық көркем аудармалар жинағы және бар. Бәрін қосқанда отыз том рухани қазына. Қазақ әдебиетінде , оның арғы –бергі тарихында осыншама мол әдеби еңбек жазып, оны оқырмандардың рухани сұранысына айналдыра білген суреткер табыла қояр ма екен? Осы баға жетпес еңбектерді толық игере алар болса, қазақ қаумының таным-түсінігі , ой деңгейі мен парасаты , жазба әдебиетке деген ықылас –пейілі бүгінгісінен де тереңірек болатынына шек қоя алмаймыз. Әрі мұндай рухани қазынаның қадір –қасиеті бүгінгідей ғаламтор,компьютер дәуірінде одан әрі биіктей бермек.

Әрине ,мәселе санда емес, сапада ғой.Әзірге Қадыр Мырзалиев  жасық дүние жаза қоймағанына  басты төреші қалың оқырман қауымның өздері болмақ. Сондай – ақ бүгінгі күнге дейін «Қадыр мына бір өлеңді нашар жазыпты немесе мына бір өлеңі маған ұнамады » деп пікір айтқандарды да естімеппіз.Ендеше , Қадыр Мырзалиев отыз томдық толық шығармалар жинағы сан мен сапа толық үйлесім тапқан туындылар екеніне талас жоқ.

Халқымыздың жақсылығын айтсақ та, тіпті қай халықтың да болмыс-бітімімен табылатын жаманын  тілге тиек етсек те Қадыр Мырзалиевтің жырларына жүгінеміз. Қазақ ретінде  мақтанғымыз келсек те дәл осылайша тағы да Қадыр ағамызға арқа сүйейміз.Беейнелі айтқанда , Қадыр ағамыз  мен қазақ , ел, халық ұғымдары тұтасып бітісіп кеткендей әсер туады.Қадыр Мырзалиев туындылары әркез қазақ халқының тұтастығы мен ауызбірлігіне үндеп келеді.

Қадыр Мырзалиевті  бүгінгі  алаш поэзиясының абызы десек, шындықтан алшақ болмаймыз.Бүгінгі күнге дейін поэзия абызы шеккен азапты атан түйе тарта алмайды.Ненің азабын тартсаң,соның рақатын көресің деген тәмсіл бар.Ендеше, бұған дейін жыр азабын тартудай-ақ тартып келген Қадыр ақынның оның рахатын көруіне де толық моральдық құқығы бар.

Қадыр Мырзалиев алпысыншы  жылдардың бас кезінде қазақ  әдебиеті мен поэзиясына ешкімге  ұқсамайтын жаңа леп ала келгенін айта келіп, дәл осы кезден қазақ  поэзиясының да жаңа ,соны бір кезеңібасталды деп санауға болатынын ескеру керек.

Қазақстанның халық  жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты Қадыр Мырза-Әлидің шығармашылық жолы бірсарындылық пен таптаурындылықтан  ада. Бұл жол суреткердің ойламаған жерден тосын әдеби тактикалар мен шешімдер қабылдай алумен ерекшеленеді. Обылысындағы «Дарабоз» атты мерекелік шаралар кезінде оның осы қырлары жөнінде де жан-жақты айтылды. Атап айтқанда, Қадекеңнін эссе жанры сипатында жазған туындыларын да жұртшылық өте жақсы қабылдады. Оның айқын айғағы «Иірім» және «Жазмыш» кітаптары. Бұл кітаптар жарық көрген кезде әртүрлі пікірлер айтылды. Соған қарамастан, бұл кітаптар қазақ әдебиетінде эссе жанрында жазылған тұңғыш туындылар болуы арқылы оның тарихына кірмек. Ең бастысы, бұл дүниелер барынша шынайы жазылуымен, әдеби өмірдің ақиқатын барынша шанайы ашып көрсете алуымен құнды болмақ.

Қадекеңнің әдеби үрдістегі  тағы бір тамаша қыры ұшқыр оймен  жазылған, кез келген адамның санасына сәуле түсіре алатын, айқын да айшықты  афоризмдерді. Әрқайсысы сом алтынның сынығындай осы кесек-кесек, қысқа да нұсқа нақылдар бүгінде халықтың аузында жүр. Оның бірқатары кездесулер кезінде де келтірілді. Соның бірі «Мансапқордың кеңсесі биік, еңбекқордың еңсесі биік» делінеді.

«Жаңбырдан соң күлімдейді табиғат

Жақсы баға алған  бала сияқты»

Табиғаттың ар жағында  не жатыр?Тәлім жатыр . Тәрбие жатыр. Шеберлік пе? Шеберлік.

Лириктер – махаббатты , сықақшылар – ішкішті, ал , балалар  ақыны  күшік пен мысықты өлеңдеріне өзек етпесе әдебиеттің есігін ашып, табалдырығын аттай алмайтындай көрінеді. Бірақ оның күшігі басқа күшік. Күшігі шапқылап жүріп, үй күзетеді. Бөтен адамдар келсе, бірден таниды.

Сонда да жасқаншақтап үреді? Сосын ше? Сосын....

Үріп тұрып  жөнімен 

Қызық оның қашқаны,

Қорқып үріп,

Сонымен

Қорқытады ол басқаны

Көктем туралы көп  ақын жырлады. Көпшілігі көктемге өз көзімен сұқтана қарады. Ал. Қадыр  ағаның «көктемі » - басқа көктем. «Жалпақ  дала құрыстаған денесін жазайын  деп күнге жонын тосады. Күміс  бу көктемнің ұшып келген қанатындай жер бауырлап қозғалады. Аспан –ана сияқты , әлсін-әлсін көктем ұлын жаңбырға шомылдырып алады ».

Әр шумағы –тірі организм. Қозғалыс. Қимыл. Динамика. Көктем мерзімі  үш-ақ ай ,мәңгілік емес. Ол табиғаттың белгілі заңы. Бірақ ақын көктемді суреттеу арқылы ойын балалардың инабатты да ибалы әрекетімен түйіндейді.

«Жаз келіп, көктеп жылжып жүре берер 

  Інідей  орын  берген ағасына »

Әр ақын – бір өзінше мемлекет. Әр елдің Әнұраны. Елтаңбасы  бір-біріне ұқсамайды. Салт-дәстүрі  де бөлек.

Қадыр аға – сөз  мерген.

Ащы болса да ашығын айтайық – біздің жалпы, балалар ақынында дімкәс дәстүр бар. Толыққанды теңеу, тосын суретті сөзбен бедерлеу -әр ақынның темірқазығы. Арманы. Ажарлы ой, айшықты теңеулер асау ат сияқты. Ол құрғыр оңайлықпен ұстата ма? Жалын тартып , қалай қарғып мінесің. Ол үшін шабы қызарған шабандоз болу керек.

Қадыр аға қазақ поэзиясының  арғымағын ерте жастан мінген ақын . Он алты салым бәйгеге қоссаң да шашасына шаң жұқтыртпайды. Шаршамайтын  шабандоз.

Қалам ұстап , қағазға  шұқшиған ақын қайла ұстап Қаратауды  қопарған геолог секілді. Жеті қат жер астынан кен іздеген геологтай ой-сананың ой-қырын кезіп , інжу-маржан іздейді. Табады. Таппаса тағы да қу жанын қузап , бұрқыраған ойларды бұрғылай түседі. Геологтар екі грамм алтын алу үшін бір тонна кен қазады. Ақын да сондай . Қадыр ағаның қайласы - қалам . Алтыны – айтар ой.

Жыр әлемін соны соқпақпен  жүріп ашылмаған ойдың алтын  кенін тапса, ол оның қазынасы емес , оқырманның олжасы.

Жақсы өлең мың адамның  бақыты, бір ақынның қайғысы, уайымы. Өйткені бір тамшы терден он тамшы ой тамады.

Тапқырлық. Ұтқырлық. Ұшқырлық. Әдемі әзіл. Қаймақтай тәтті қалжың.Осының бәрі ақынның қанына сіңген қасиет.

Шахмат шеберлерін  «гроссмейстер » дейді. Қарсыласың нені жүріп, нені қоятынын білмейсің.  «Егер  ол олай жүрсе , мен тосқауылды былай қоям » деп алдын-ала екі-үш «тактиканы » ойластырып отырасың. Әйтпесе ұтыласың.Осы тұрғыдан келгенде Қадыр Мырзалиев – сөз гроссмейстері.

Қадыр ағамыз – жолаушылар таситын жүрдек пойыз сияқты. Өзінің «расписаниесі » бар. Уақытылы жүріп, уақытылы тоқтайды. Тіпті тоқтайтын стансасы да күн ілгері белгілі. Пойызға бір жолаушы мінсе, екіншісі түсіп жатпай ма?  Оның жолаушысы  – оқырманы. Ығы - жығы халқы.                Әр кітабы – бір вокзал.

  • Абай атамыз  «Өзін алма, сөзін ал » деген ғой. Неткен даналық!

Сөз –адамның арғы дүниесі, ішкі портреті. Демек, Абай атамыз адамның бергі жағына   - сыртына үңілме, ар  жағына – ішіне үңіл деп отыр.