- •Қадыр мырзалиев поэзиясы жоспар
- •Қадыр Мырзалиев өмірі мен шығармашылық кезеңдері
- •Қадыр Мырзалиев шығармаларының жанрлық , тақырыптық идеялық ерекшеліктері
- •2.1. Ақын поэзиясындағы әлем әдебиетінің озық үлгілері
- •2.2. Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер :
2.1. Ақын поэзиясындағы әлем әдебиетінің озық үлгілері
Адамды ғалым қылатын жоғары оқу орындары емес. Білімді, білікті болу тек өз қолыңда. Ол үшін, әрине, құдай берген қабілет, жігер-қайрат, ең бастысы – сол білімге деген құштарлық қажет.
Адамзат тарихында кітаптың атқарған қызметін ештеңеге теңестіруге келмейді. Ол ұзақ әңгіме. Жеке тұлғалар да солай. Пушкинді ұлы адам еткен әкесінің өте бай кітапханасы.
Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты – ұлттық тіл.
Адамның жаны болатыны сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айырылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айырылады және құриды.
Алдымен айтып алатын пікір – Қадыр Мырзалиевтың жырларын қайтадан емес, алғаш яғни жаңадан оқығандай әсерге бөлендім. Осыған орай, бір шындықтың бетін аша кеткен жөн: балаға арнап жазу , бағалы туындылар беру – бақыт, қаламгер үшін өлшеусіз бақыт!Өйткені балалар үшін жазу кез келген үлкен қаламгердің де қолынан келе бермейді. «Тәйірі, балалар әдебиеті дегенің екінші сортты, үшінші сортты бұйымдай ғой » дейтіндер әуелі шәкірт құлағына даритын бірдеңені өздері тудырып көрсінші , кәне! Сосын барып сөз зергерлерімен сөйлессінші . «Сойыл күшін соққы көрген біледі ». Тілмен орақ орғанның белі неден ауырсын? В.Белинский айтқан белгілі қағида бойынша , балалар ақыны боп туу керек.
Қадыр Мырзалиев – сондай пернелі перзент. Оның сондықтан да жүз мыңдаған , бәлкім , миллиондаған оқырманы, жанашыры , жеткіншегі бар. Өлеңдерінің тақырып байлығының молдығы сондай , шәкірттер де, оқытушылар да өмірде өзіне керегін оңай –ақ табады. Қадыр Мырзалиевтың мырза-жомарт таланттың таңдаулы туындыларын кішкентайынан құнттап оқып, ғибрат ала білген балалар ана тілінің ақ уызына жарып өсері сөзсіз. Бұған бірнеше көркемдік дәлелдер айта аламыз.
Бірінші дәлел: Тақырып таңдау – талант тындыратын шаруаның басы ғана. Бұл әлі үй-ғимарат орнатуға орын ғана сайлаумен бірдей әрекет. Қауқитып күрке тұрғызу бар да, көргеннің көз жауын алып қызықтырардай сәулетті сәнді сарай орнату бар. Яғни ақын не айтқанымен ғана емес, қалай айтқанымен ақын ғой.Шәкіртке нені айтуды мұғалімнен, педагогтан, тәлімгерден артық кім жақсы біледі? Бірақ кез келген білгір мұғалім көкейіндегісін көрікті етіп ақынша әсем, айшықты жеткізе алмайды....Медальдің екінші бетін де ұмытпаған жөн, қалай айту қолынан біршама келетін ақындардың арасында нені айтуды анығырақ аңғара алмайтындар да аз емес. Ал,Қадыр Мырзалиев қос тізгінді қатар қамтып, қолдан сусытпауға келгенде шымыр ұқыпты, берік!Өзі құралыптастардың қатарында әдеби жаңалықтарды әрдайым қалт жібермей, дер кезінде оқып, оң мен солын өте –мөте жіті қадағалап, өзін өзгелермен, озықтармен салыстыра «өлшеп »отыру да - Қадыр Мырзалиевтің елгезектігі мен ұшқырлығының белгісі ...
Бұл күнде білім іздеп, білгенін үстемелеуші қаламгер ғана табиғи талантын қырнап, ұштайды, тапқырлықтың жаңа жолдарын , тың тәсілдерін таба алады. Ендеше ,гәп талантты тапқырлықта. «Еңбек сүй, сонда ғана санаттағы адам боласың » , осы бір уағызды үйде ата-анасы, мектепте мұғалімдері шәкіртке құдайдың құтты күні құлағының етін жеп айтудан бір жалықпайды, айта-айта , ақылды талапшылықты ақ жем етіп те жібереді. Әрине , жоғарыдағы уағыз жап-жалаңаш ой, жалаң ниет қана.Ал осыны ақылы әлі толыспаған аңғал балаға, шалдуар мінездіге көңілінде ұялатындай көрікті, қызықты етіп айтуға тапқырлық керек. Туралап маңдайдан соқпай, тұспалдап,мысқылдап,жанамалап, жанай жеткізіп, жақсы ғибрат ұқтыру ақын атанғандардың бәрінің қолынан келе бермейді- ақ. Қадыр мәселені басқаша , өзінше шешеді. Іс , жұмыс, еңбек сияқты атауларды аузына алмай-ақ , өлең тілімен үйіреді. «Кімге не артық? »деген өлеңді тұтас оқиық:
Тәкаппарға көз артық -
Көріп тұрып , көрмейді.
Жарымеске сөз артық –
Жөн сөйлеуді білмейді.
Не істесе де, оңдырмас –
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас –
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында , әр уақытта,
Түк істемесе құмартып,
Жалқауларға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да-
Бәрі артық.
Нақылға жақындау соңғы шумақ қалаған ойын қапысыз жеткізген , баланы ойға қалдырады, жалқаулықтан жирендіреді. Ендеше, автор өз міндетін өрнекті кестеледі –шынайы шығарма тудырды. Ештеңе тындырмағанның елге қадірі жоқ – бұл ойды автор «Жау алмаған бұлтыңның несі мықты .... » деп бір-ақ түйеді. Көргенді боп өс, әдепті бол дегісі келсе: «Жаз келіп , көктем жылжып жүре берер , інідей орын берген ағасына » - деп, жарқын ойды жарқ еткізеді.
Поэзиямыздың тұла бойы түгел –тұтастай метафораға толы түрі – жұмбақ; ал жұмбақ шығару –сөзбен әдемі сурет салу . Ақынның алғырының ғана пешенесіне бұйырар бақыт – осы жұмбақ. Бірде-бір жұмбақ жаза алмай кеткен жақсы ақындар да болған. Бұл салада Қадыр анық ақындық өнер танытқан . «Жылға дер ем –ақпайды, жылан дер ем – шақпайды » (Арқан ). Осы екі жолдың , тым құрса , бір сөзін айырбастаңызшы, кәне. Немесе тыныс белгісінің орнын өзгертіңізші , кәне! Мінсіз жұмбақ!
«Көл бетінде керуен жол ». Бұ да керемет! Шешуі – құс жолы. «От қойсаң –жалын шығар » (Газ). Рас, Қадыр Мырзалиев жұмбақ саласында онша дәулетті емес сияқты. Санын айтамыз .....
Екінші дәлел: Жырлардағы жып-жылмағайлық, көз тоқтатар , ой толқытар бедердің жоқтығы жұртты поэзщиядан бездіретінін балалар ақындарының баршасы ескеріп жүр дей аламыз ба...
Дей алмаймыз. Қадыр Мырзалиевтың көптеген қаламдастарынан тағы бір артықшылығы - өлеңдерінің денінде , басым көпшілігінде (мейлі шиыршық атқан шытырман оқиғалы болмаса да ) тартыс бар, жақсылық пен жамандықтың қаржалуы бар –оның жазғандары сонысымен тартымды, сонысымен де қызғылықты. Бұған кез келген өлеңнен уәж табамыз. «Калошым алды өшін ». Бала күні –түні сырғанақ тебе берген соң, калоштың мөрі әбден өшеді. Ақырында төзімді пақыр –калош өз иесін құлатады да, жылатады. Сөйтіп өшін алады. Немесе жидек теруге жалаңаяқ барған баланың екі жол өлеңге сыйған арыз , шағымындағы тартыс сырына құлақ асалық: «Қолым теріп бүлдірген , шөңғе терді аяғым ». Балалар поэзиясында ғана емес,үлкендер өлеңдерінде де бізде күнделікті болмыс- тұрмысымыздағы көз аштырмастай көп кездесетін толассыз қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі әлі күнге жетісе бермейді....Осыдан келіп, оқырмандар шыншылдығы жетіспейді яғни тартыссыз өлең-дүниелері көбінекей күдік тудырмайды, иландырады, таңдандыра тартады.
Үшінші дәлел: Балаларға шығарма жазарда олардың ой-өрісі деңгейін, жас ерекшеліктерін ескеру керек деген қағида -әділ талап . Шын ақын, нағыз балалар ақыны әлгі ақиқаттан айнымайды. Сонымен бірге яғни жас бүлдіршіннің жас ерекшеліктеріне сай жазылған жақсы жырлар оқырмандардың жасын талғамайтыны – тағы да шындық. «Қожасының бұйрығын қалт жібермей қалбақтап, бұлғандатып құйрығын қалады ит жалбақтап ». Ит баласының ел-жұрт жиіркенер бұл қылығы әлем поэзиясында әлімсақтан бері айтылып келеді. Және әлгі сурет әлі тек сұлбасы ғана. Автор жаңа бұрылыс табуы тиіс. Бұрыңғылар да, бүгінгілер де таппағанды тап басып жырлап, бедерлеуі парыз. Қадыр діттеген тапқан да , «ары бардың, адалдық асқақ тұрар шоқтығы. Тегін емес адамның құйрығының жоқтығы ». Балаға да , данаға да ұғынықты ой. Ондай өлеңдерді оқыған сайын « бала өзінше, үлкен өзінше қорытынды жасайды » (А.Барто).
Ендеше, Қадыр Мырзалиев сияқты қаламгерлер – кішкентайлар ғана емес, ата-аналардың да , аға –апалардың да қалаулы ақыны. «Ересектер » үшін ғана жазатындармен салыстырғанда , балалар жазушыларының тағы да бір артықшылығы осында болса керек.Балалар ақындарының шығармашылық бақ-талайы, басымдылығы осында дер едім. Әлбетте, анық көркем туынды жаратқандар ғана бұл бақытқа ие!
Төртінші дәлел. Алпысыншы жылдар басынан бері бізде , балалар поэзиясында танымдық мәні бар, өмір танытарлық өлең-жырлар төбе көрсете бастады. Сондай сөлді өлеңдер жазуға ден қоюшылардың бірі осы -Қадыр Мырзалиев. Әрине , бұл салада да алдымен білімдарлық керек. Бірақ жалғыз жалаң білім жеткіліксіз , ғылыми мағлұматты сылдыр сөздермен сырғыта салу емес, нағыз поэзия кестесіне түскен нәрлілік болса ғана ондай дүние қымбат. Кәдімгі шымшық –бармақтай ғана құс. «Сонда да ол, асылы, мешкейлікке меңзейді. Күнде жеке басының салмағындай жем жейді ». Табиғаттану пәнінің көркемдік дәрістері осындай болса әр кезде. Қадырдың «Алуан-палуан », «Тіл », «Хайуанаттар » топтамалары түгелдей осындай дүниелер.
Мәселен, мандрагора деген өсімдік барын балалар түгілі олардың ата-аналары да біле бермейді. Заттың атын білу жеткіліксіз, оның затын да білген тиімді. Қадыр ақын болса, оқырмандарына белгісіз , бейтаныс заттың, құбылыстың сырын суреттеп ашып беруді мақсат тұтады. Жаңағы мандагора мың жапырағының өзі бір метрге созылатын, қауын иісі бар, жемісі помидордай, ал тамыры болса, адамның тұлға бітіміне ұқсайды екен.
Өзі- адамға азық- қорек. Автордың «Ғажайып ғалам » деп аталатын үлкен топтамасына үңілген оқырман жаратылыс жайынан көп білім алатыны сөзсіз .Мәселен, «Аквариум » сипаттас шоғыр өлеңдерді қазақтың басқа ешбір ақыны әлі жазған жоқ!
Бесінші дәлел:Қадыр Мырзалиев , Мұхтар Әуезов сөзімен айтсақ, «бұрынғының қорынан қарбытып алып » , шұрайлы Һәм шырайлы сөздерді шиеттей балаларға іркілмей ұсынады. Бірнеше ғана мысал келтірсек жетер: «Жедеқабыл » қыс түсті», «Шөпшілердің күнісіп кеткен жейдесін », «Балалық тез өтсе екен; шығар едім ұшпаққа ». «Апай-топай төбелес ». «Титтей балақайлар түсінбей жүрер ме екен », - деп артқа қарайламай , алға көз тігіп, осылай батылдық жасағанда ғана , бүлдіршіндерге ана тіліміздің асылдығын, байлығын, оралымдылығын таныта аламыз.
Алтыншы дәлел: Сонау 1970 жылы жарық көрген таңдамалыны яғни «Күміс қоңырауды» баспаға әзірлегенде , аға ақындар тәрбиесіне сүйеніп , автор едәуір азаптанып, өзінің бала кезінде өрнектеуінің бір қайнауы ішінде кеткен өлеңдерін көп өңдеген түзеткен, біразын түгелдей сызып тастаған. «Қарбыз » деген жырдың алғашқы шумағы бұрын мынандай еді: «Тақырлап мен сенбіде, алдырып ем шашымды, бір досымның мен , міне, қылығына ашындым »Дұрысы – «тақырлатып » болс акерек. Алдыңғы екі жол мен келесі екі жолдың логикалық сабақтастығы күңгірт. Автор осы жәйларды ескерген де: «Шашсыз жүр деп басқалар алдырып ем шашымды. Құрдасымның оспадар қылығына ашындым », - деп жөндеген. Үшінші жолдағы «оспадар » деген жалғыз анықтауыш ойды айқындап ашып берген. «Құрдас » пен «қылық » деген сөздердегі дыбыс үндестігі өлеңге күйлілік бітірді. Автор сөйтіп талай туындысын қайтадан жаңартып жазып шыққан («Доңыз бен сабын », «Бас пен тарақ » т.б.) .мұндай түзетулер таңдамалы жинақтың көркемдік құнын көтере түскен. Көркемдік алты дәлелге қоса үстемелеп айтар ақын тұлғасында айрықша сапа, қасиет бар...
Жетінші дәлел:Қадыр Мырза сонау бастауыш кластарда оқып жүргенінен бастап кітап оқуға құмартқан үздік шәкірт. Қазіргі қазақ қаламгерлері қатарында кітап құмарлар аз емес, алайда солардың арасында аңсаған басылымын қара жердің қай бұрышынан болсын , қанша бағаға болсын іздеп тауып , іздене оқып , ғибратын парықтап, өзі көкейінде қорытқанын көпке жеткізуге құлшынып тұратын Қадырдай ақын-жазушы тым аз. Оның кітапханасы сан-салалы : көркем әдебиет, тарихи, философиялық , ғылыми зерттемелер боп кете береді...Білімдар ақынның сөйлеген сөздерінен де, жазған мақалаларынан да, жаңа кітаптарынан парасаттылық самалы есіп тұрады. Ол білмей сөйлемейді. Сондықтан да оның өзі ұстанған берік тенденциясы, көзқарасында өзіндік принципі айқын , табанды.
Сегізінші дәлел:Әден татитын бір белгі-қасиетін түйіндеп айтуға керек...Қадыр Мырзалиев қалың халыққа қалаулы ғана ақын емес, ол –азамат ақын. Ол –қоғам қайраткері, Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесіне депутат болып екі рет сайланғандығынан ғана емес, халық тағдырына жаны ашып , жан-жүрек қуатымен жәрдемін аямайтындығымен қайраткер. Осы қайраткерлік қаламға да мол қорек береді...
Ал қалам қызметі тұрғысынан Қадыр Мырзалиев – кейінгілерге ұстаз ақын .Қазір үлкендерге де, жас буынға да арнап , көңілден шығар, ұзақ жасар өміршең шығармалар жаратушы жас күштердің ізденгіш, білімдар, тапқыр, азамат ақынды ұстаз тұтатыны заңды құбылыс деп білеміз.
