Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
апп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
469.97 Кб
Скачать

1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері.

Тақырып №1. Дәлеледі медицинаға негізделген перинатология. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері. Қазақстан Республикасына арналған ДДҰ. Терминология.

Бастапқы бақылауға арналған сұрақтар

  1. Перинаталогия нені зерттейді?

  2. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері.

  3. Антенаталды, интранаталды, ерте неонаталды өлім түсініктері.

  4. «Өлі туу» түсінігі.

  5. Перинаталды өлім. Перинаталды өлім көрсеткішін есептеу.

  6. Нәресте өлімі. Нәресте өлімі көрсеткішін есептеу.

Қорытынды бақылау

  1. Перинаталогия – бұл...

  1. Әйел жыныс жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, оның ауруларын зерттейтін және алдын алу, диагностика, терапия мен қалпына келу ем әдістерін енгізетін клиникалық медицина бөлімі.

  2. Ағзаның өсі мен даму заңдылықтарын, аурулардың туындау механизмдері мен себептерін, оларды алдын алу, диагностикалау, емдеу әдестерін зерттейтін ғылым (грек тілінен pais, ілік септік, paidos - бала, iatreia - емдеу).

  3. Ұрықтандыру, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңмен байланысты әйел адам ағзасында болатын физиологиялық және патологиялық процестерді зерттейтін, сондай-ақ босандыру әдістерін, жүктілік пен босану асқынуларын, ұрық және нәресте ауруларын алдын алу және емдеу әдістерін қарастыратын клиникалық медицина бөлімі.

  4. Акушерия және гинекология тоғысында орналасқан, дәлелді медицинаға негізделген, жүктіліктің перинаталды кезеңін (грек т. peri –айналасында және лат. natus - туу) зерттейтін ғылым.

  5. Тар мағынада – ұрықтың пайда болу және даму заңдылықтары (грек т. embryon ұрық, + logos ғылым) туралы ғылым, кең мағынада – ағзаның жеке дамуы туралы ғылым.

  1. Перинаталды кезең жүктіліктің қай мерзімінен басталады?

  1. 28 апта

  2. 32 апта

  3. 22 апта

  4. 20 апта

  5. 16 апта

  1. Перинаталды кезеңге кіреді:

  1. 2 кезең

  2. 3 кезең

  3. 4 кезең

  4. 5 кезең

  5. 6 кезең

  1. Антенаталды кезең – бұл...

  1. Зигота түзілуден бастап босануға дейінгі ұрықтың құрсақішілік даму кезеңі.

  2. Толғақ басталғаннан босану кезеңінің аяқталуына дейін, яғни бала босану жолдарынан туғанға дейінгі уақыт аралығын қамтитын кезең.

  3. Бала туғаннан кейін басталатын және 4 аптаға дейін немесе 28 күнге дейін созылатын кезең.

  4. Ұрықтың құрсақішілік өмірінің 22 толық аптасынан (154 күннен) басталатын және нәресте туғаннан кейін 7 толық күннен соң аяқталатын кезең.

  5. Нәресте туғаннан бастап 7 тәулікке дейінгі кезең, ұзақтығы – 168 сағат, бұл кезеңде шекаралық жағдайлар байқалады.

  1. Перинаталды өлім көрсеткішіне кіреді:

  1. Жүктіліктің 22 аптасынан бастап босануға дейін өлген ұрық саны

  2. Босану кезінде өлген ұрық саны

  3. Анте- және интранаталды өлгендер

  4. Туғаннан кейін алғашқы 7 тәулік (168 сағат) ішінде өлген нәрестелер

  5. Гестацияның 22 аптасынан кейін туған (салмағы 500 г және одан артық) және туғаннан кейін 7 тәулік ішінде өлген нәрестелер.

  1. Перинаталды өлім көрсеткіші келесідей есептеледі:

  1. (өлі туғандар + туғаннан кейін алғашқы 168 сағат ішінде өлгендер саны)/(өлі және тірі туылғандар саны) * 1000

  2. (интранаталды өлгендер саны)/(өлі туғандар саны) * 1000

  3. (өлі туғандар саны)/(босану саны) * 1000

  4. (туғаннан кейін алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны)/(босану саны) * 1000

  5. (өлі туғандар саны + туғаннан кейін алғашқы 168 сағатта өлгендер саны)/(тірі туғандар саны) * 1000

  1. ДДҰ ұсынған өлі және тірі туудың халықаралық критерийлеріне Қазақстан 1 қаңтарды қай жылынан өтті?

  1. 2005 жылдан

  2. 2006 жылдан

  3. 2007 жылдан

  4. 2008 жылдан

  5. 2009 жылдан

  1. «Өлі туу» түсінігіне жатады:

  1. Анте- және интранатлды өлгендер саны

  2. Тек бсану кезінде өлгендер саны

  3. Жүктіліктің 22 аптасынан және босануға дейін өлгендер саны

  4. Туғаннан кейін алғашқы 7 тәулікте өлген нәрестелер саны

  5. Туғаннан кейін алғашқы 7 тәулікте өлі туған және өлген нәрестелер саны

  1. Өлі туу критерийлерін жатады:

  1. Тыныстың болуы

  2. Жүрек соғысының болуы

  3. Кіндікбау пульсациясының болуы

  4. Ерікті мускулатура қозғлыстарының болуы

  5. Нәрестеде тыныс пен өмірдің кез келген белгілерінің жоқ болуы

  1. Тірі туу – бұл...

  1. Жүктіліктің 22 аптасына дейін эмбрион немесе ұрықтың өлуі.

  2. Жүктілітің мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру өнімінің толық шығуы, ұрықта өмірдің кем дегенде бір белгісі анықталған жағдайда

  3. Жүктіліктің мерзіміне байланыссыз ұрықтандыру өнімінің, оның толық шығарылуына дейін өлуі

  4. Ұрықтандырудан жүктіліктің 22 аптасына дейін жүктіліктің үзілуі

  5. 12 аптадан бастап 22 аптаға дейін жүктіліктің үзілуі

  1. Аймақта есепті жыл бойынша 35 өлі туу жағдайы анықталды, алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны – 15, жалпы алғанда аймақ бойынша балалар саны (тірі және өлі туған) 5000 құрады. Берілген аймақта перинаталды өлім көрсеткіші қандай?

  1. 10 0/00

  2. 15 0/00

  3. 20 0/00

  4. 25 0/00

  5. 30 0/00

  1. Есепті жыл бойынша станционарда өлі туудың 5 жағдайы және алғашқы 7 тәулікте өлген балалардың 5 жағдайы болды, барлық балалар саны (өлі және тірі туған) 3000 құрады. Берілген стационарда перинаталды өлім көрсеткіші қандай?

  1. 1,5 0/00

  2. 2,6 0/00

  3. 3,0 0/00

  4. 3,3 0/00

  5. 4,8 0/00

№1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері.

Тақырып №1. Дәлеледі медицинаға негізделген перинатология. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері. Қазақстан Республикасына арналған ДДҰ. Терминология.

1. 4

2. 3

3. 2

4. 1

5. 5

6. 1

7. 4

8. 1

9. 5

10. 2

11. 1

12. 4

1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері.

2 тақырып. Емдеу және администрациялық процесті ұйымдастыру. МКБ Х бойынша статистика үшін ұсынылған топтастыру типтері.

Бастапқы бақылауға арналған сұрақтар

  1. Емдеу және администрациялық процесті ұйымдастыру.

  2. Аурулардың халықаралық статситикалық жіктелуі Х қаралу (МКБ Х).

  3. МКБ Х бойынша статистика үшін ұсынылған топтастыру типтері.

  4. Аурулардың халықаралық статистикалық жіктелуі қандай принциптерге негізделген?

  5. Физикалық дамуды бағалау қалай жүргізіледі?

  6. Ересектер және балалар үшін қандай денсаулық топтарын бөліп қарастырады?

Қорытынды бақылау

  1. ДДҰ ұсынған клиникалық тәжірибеге арналған басқарманың «Жақсы күтім принциптері» тарауында:

  1. Барлық әйел адамдармен жұмыс істеуде сақталуға міндетті принциптер көрсетілген

  2. Түрлі себептерге байланысты медициналық мекемеге әрбір қаралуды ұйымдастыру принциптері көрсетілген, берілген принциптер әрбір қаралуда қайталанбайды.

  3. Мамандандырылған медициналық қызметкердің әйелдермен және олардың балаларымен байланыс принциптері қарастырылған

  4. Бөлімдер енгізілді – әйелмен қарым-қатынас, емдік және әкімшіліктік процесті ұйымдастыру, санитарлық тәртіп пен қорғаудың жалпы шаралары, дәрігерге қаралуды ұйымдастыру

  5. Барлық аталғандар дұрыс

  1. Емдік және әкімшіліктік процесті ұйымдастыру қарастырады:

  1. Жұмыс орны мен әкімшіліктік сұрақтар

  2. Әкімшіліктік сұрақтар мен жазбаларды жүргізу

  3. Жұмыс орны, әкімшіліктік сұрақтар мен жазбаларды жүргізу

  4. Жұмыс орны, әкімшіліктік сұрақтар, жазбаларды жүргізу мен халықаралық конвенцияларды орындау

  5. Әкімшіліктік сұрақтар, жазбаларды жүргізу мен халықаралық конвенцияларды орындау

  1. Әкімшіліктік сұрақтарға жатады:

  1. Құрал-жабдықтардың, материалдардың, дәрілік препараттар мен вакциналардың есебін міндетті жүргізу

  2. Қажетті құрал-жабдықтар мен материадардың бар болуы мен қызметін тексеру (шығын материалдарының, дәрілік препараттардың, вакциналар мен контрацепциялық заттардың қорын уақытылы толықтыру)

  3. Мекеме қызметкерлерінің кезекшілік графигін және жұмыс тәртібін құрастыру, штаттық кесте жасау

  4. Инструкцияларға сәйкес туу, өлу және басқа көрсеткіштер туралы кезеңді есеп құрастыру

  5. Жоғарыда аталғандардың барлығы

  1. Аталғандардың қайсысының жазбаларды жүргізуге қатысы жоқ?

  1. Үй жағдайында да, медициналық мекеме жағдайында да жүргізілген кез келген зерттеулердің мәліметтері арнайы формаларға енгізілуі қажет.

  2. Таңдалған емдеу әдісі туралы, науқасты басқа мекемеге ауыстыру себептері туралы, сондай-ақ науқасты бақылау процесінде медициналық қызметкермен берілген ары қарайғы ұсыныстар туралы барлық ақпарат тіркелуі қажет

  3. Жүктілердің жеке картасына әйелдің еркінен тыс конфиденциалды ақпаратты енгізуге болмайды

  4. Барлық медициналық және басқа қажетті құжаттарды ережеге сәйкес жүргізу қажет

  5. Медициналық мекеме Емшек Сүтінің Алмастырғыштары Маркетингісінің Халықаралық Кодексі аясында тегін немесе арзан материалдар мен өнімдерді таратуға кедергі жасау қажет және темекі мен темекі тартудан бос аймақ ретінде қарастырылуы қажет

  1. Емдік процесті, нақтылап айтқанда – жұмыс орнын ұйымдастыруда қандай тұжырымдар дұрыс:

  1. Мекеменің жұмыс уақытын нақты көрсету. Науқастарды қабылдаудың нақтыланған тәртібін ұстаныңыз, немесе науқасқа оны басқа уақытқа ауыстырғаныңызды хабарлаңыз

  2. Қабылдауды бастамас бұрын құрал-жабдықтардың өңдеуден өтіп, пайдалануға дайын екеніне, қажетті дәрілік заттар мен шығын материалдарының орындарында жатқанына көз жеткізіңіз

  3. Жұмыс орнын таза ұстаңыз

  4. Әйел адамның шұғыл жағдайлар симптомдарын, емдеуді, дәрігерге келесі қаралудың орны мен уақытын білетініне көз жеткізіңіз. Әйелден алған инструкцияларды көрсетуін немесе түсіндіруін сұраңыз

  5. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық қажетті ақпаратты жауапты тұлғаға жеткізу

  1. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнында жүргізілмейді:

  1. Әйел адамға емханаға ретті түрде келу маңызды екенін түсіндіру

  2. Қауіпсіздің техникасының ережелеріне сәйкес қоқыс пен өткір заттарды эвакуациялау, дезинфекцияға дайындық, құралдар мен материалдарды тазалау мен дезинфекциялау

  3. Киімді ауыстыру, оны санитарлық өңдеуге дайындау

  4. Дәрілік препараттар мен шығын материалдарының қорын уақытында толтыру

  5. Бөлмені ретті тазалауды бақылау мен орындау

  1. Аурулардың халықаралық жіктемесінің Х қайта қаралуы қанша кластан тұрады?

  1. 19

  2. 20

  3. 21

  4. 22

  5. 23

  1. Аурулардың халықаралық жіктемесі қанша жылдан кейін қайтадан қаралады?

  1. 5 жылда 1 рет

  2. 10 жылда 1 рет

  3. 15 жылда 1 рет

  4. 20 жылда 1 рет

  5. 25 жылда 1 рет

  1. Медициналық мекемелерде ауруларды және өлім себептерін кодтау үшін енсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде шығару кезінде диагноздардың келесі типтерін ажыратады:

  1. Негізгі диагноз, оны сипаттау үшін АХЖ Хқайта қарауына сәйкес екі алаң қарастырылған

  2. Асқынулар , оны сипаттау үшін бір алаң қарастырылған

  3. Қосалқы аурулар, оны сипаттау үшін бір алаң қарастырылған

  4. Ережелерге сәйкес патологиялық-анатомиялық диагноз

  5. Негізгі диагноз, асқынулар, қосалқы аурулар, патологиялық-анатомиялық диагноз

  1. ЖИТС сатысындағы АИВ-инфекциядан зардар шеккен 35 жастағы наркоман әйелдің өлімінің себебі – лептоменингит дамуымен қатар жүрген милиарлы туберкулез. Қорытынды клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздарда туберкулез қалай бағаланады?

  1. Негізгі ауру

  2. Қосалқы ауру

  3. Үйлескен ауру

  4. АИВ-инфекцияның асқынуы

  5. АИВ-инфекцияның көрінісі

№1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері.

№2 тақырып. Емдеу және администрациялық процесті ұйымдастыру. МКБ Х бойынша статистика үшін ұсынылған топтастыру типтері.

1. 5

2. 4

3. 5

4. 5

5. 4

6. 1

7. 3

8. 2

9. 5

10. 5

1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері.

3 тақырып. Жүктілік мерзімі (гестациялық жас). Ұрық немесе нәрестенің дене салмағы, жіктелуі.

Бастапқы бақылауға арналған сұрақтар

  1. Соңғы қалыпты менструацияның алғашқы күнін білу арқылы гестациялық жасты қалай есептеуге болады?

  1. Соңғы менстрауцияның алғашқы күнін 1 күн емес, 0 күн деп қарастыру керек

  2. 0-6 күндері «толық нольдық айлық аптаны» құрайды

  3. 7-13 күндері – «тлық бірінші апта», сәйкесінше жүктіліктің 40-аптасы «толық 39 апта» түсінігінің синонимі болып табылады.

  4. Жүктілік мерзімін есептеуде аптамен қатар күндер де ескерілу қажет.

  5. Барлық аталғандар дұрыс

  1. 28-33 мерзіміндегі уақытынан бұрын босану кезінде ұрықтың салмағы қандай болады?

  1. 500-1000 грамм

  2. 1000-1800 грамм

  3. 1900-2500 грамм және одан артық

  4. 4000-4500 грамм

  5. 5000 грамм және одан артық

  1. 02.09.2013 жылы дәрігер қабылдауына менструацияның тоқтауына, лоқсуға, құсуға шағымданатын әйел адам келді. Анамнезінен: бұл жүктілік 2. Алдыңғы жүктілік 5-6 апта мерзімде өздігінен болған түсікпен аяқталды. Соңғы менструацияның күні: 28.07.-01.08.2013 ж. Жүктілік мерзімін анықтаңыз?

  1. 5 апта 1 күн

  2. 4 апта 2 күн

  3. 4 апта 6 күн

  4. 5 апта 2 күн

  5. 5 апта 6 күн

  1. Жүкті А., 20 жаста, 02.09.2014 ж. БМСК дәрігеріне жүгінді, тәулігіне 20-25 ретке дейінгі құсуға шағымданады. Анамнезінен: бұл жүктілік 1. Соңғы етеккір: 07.07.-10.07.2014 ж. Объективті қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, дене салмағын жоғалту 10 кг жетті, жүктінің ағзасында не тамақ, не су тұрмайды. Тері жабындылары мен шырышты қабаттар құрғақ. Дене температурасы 37,3ºС. Пульс-120 рет/мин, АҚ 80/50 мм с.б. Зәрдегі ацетон + + + +, белок – 0,066 г/л. Қан анализінде: жалпы белок – 54 г/л, билирубин – 25 мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Жүктілік 7 апта 2 күн. Жүктілер гепатозы.

  2. Жүктілік 7 апта 2 күн. Жүктілердегі құсу орташа ауырлық дәрежеде.

  3. Жүктілік 7 апта 2 күн. Жүктілердегі құсу ауыр дәрежеде.

  4. Жүктілік 8 апта. Жүктілер гепатозы.

  5. Жүктілік 8 апта. Жүктілердегі құсу ауыр дәрежеде.

  1. Науқас Н., 28 жаста, 9 наурыз күні №3 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігеріне менструацияның жоқтығына, лоқсуға, құсуға шағымданып келді. Соңғы етеккірі: 3.02.-07.02. Объективті қарап тексергенде: қынап пен жатыр мойнының цианозы. Қынаптық зерттеуде жатыр мойнының «жұмсаруы» анықталады. Жатыр консистенциясы жұмсақтау, тауық жұмыртқасына дейін үлкейген, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Науқаста жүктіліктің қандай топтары бар және неғұрлым мүмкін болатын диагноз?

  1. Жүктілік 4 апта, мүмкін белгілер

  2. Жүктілік 4 апта, мүмкін және ықтимал белгілер

  3. Жүктілік 5 апта, ықтимал белгілер

  4. Жүктілік 6 апта, мүмкін және ықтимал белгілер

  5. Жүктілік 6 апта, нақты белгілер

  1. Әйелдер консультациясына акушер-гинекологтың кезекті қабылдауына 28 апта мерзіміндегі 18 жастағы жүкті келді. Бұл 1-жүктілік, іш аумағы мен жатыр түбі биіктігін өлшеу кезінде ұрық гестаицялық жасынан 4 аптаға қалып отырғаны анықталды. Ұрықтың ЖСЖ 110 рет/мин. Берілген жағдайда дәрігердің тактикасы:

  1. Амбулаторлы жағдайда жүктіні медикаментозды емес әдіспен емдеу.

  2. Жүктіні стационарда медикаментозды емдеу.

  3. Стационарға госпитализациялау.

  4. Босануды индукциялау арқылы босандыру.

  5. Кесар тілігі арқылы босандыру.

  1. Әйелдер консультациясына 4-қабылдауға 30 апта мерзімімен 24 жастағы жүкті келді. Бұл 2- жүктілік, іш аумағы мен жатыр түбі биіктігін өлшеу кезінде ұрық гестаицялық жасынан 1-2 аптаға қалып отырғаны анықталды. Ұрықтың ЖСЖ 150 рет/мин. Шағымдары жоқ. Жүктіні қалай жүргіземіз?

  1. Жүктілер патологиясы бөліміне шұғыл госпитализациялау.

  2. Кесар тілігі арқылы шұғыл босандыру.

  3. Босануды индукциялау арқылы шұғыл босандыру.

  4. Стационарда жүктіні медикаментозды емдеу.

  5. Ұрық жағдайын бағалау үшін динамикалық мониторинг.

  1. 26 жастағы бірінші рет босанушыда 2013 жылдың 1-ақпанында салмағы 2500,0 г. тірі ұрық туды. Соңғы етеккірі: 05.05.-11.05.2012 ж. Диагноз қойыңыз:

  1. 37 аптада уақытынан бұрын бір ұрықпен босану.

  2. 38 аптада өздігіненбір ұрықпен босану.

  3. 38 апта 3 күн мерзімінде өздігінен бір ұрықпен босану. Ұрық гипотрофиясы.

  4. 39 апта 3 күн мерзімінде өздігінен бір ұрықпен босану. Ұрық гипотрофиясы.

  5. 40 апта мерзімінде өздігінен бір ұрықпен босану. Ұрық гипотрофиясы.

  1. Жамбаспен келу кезінде табиғи босану жолдары арқылы босану қандай жағдайда мүмкін?

  1. Уақытынан бұрын бір ұрықпен босану

  2. Босануға дейін қағанақ суының кетуі

  3. УДЗ мәліметтері бойынша ұрық денесінің салмағы 2500-4000 г.г.

  4. Мерзімнен асқан жүктілік

  5. УДЗ мәліметтері бойынша ұрықтың салмағы 2400 г.

  1. Гестацялық жасқа сәйкес нәрестелер болады:

  1. Жетілмеген, босану 37 апталық гестациялық жастан ерте болды

  2. Жетілген, 37-42 апталар аралығында туған нәрестелер

  3. Уақытынан асқан, жүктіліктің 42 аптасынан кейін туған нәрестелер

  4. Жетілмеген, жетілген, переношенный

  5. Жетілмеген, жетілген

  1. Ұрықтың болжам салмағын анықтауға арналған қандай формулалар (әдістер) бар?

  1. Жорданиа, Ланковиц, Якубова, Джонсон, Бубличенко, Нуркасымов формулалары

  2. Кюстнер-Чукалов, Альфельд, Довженко, Шредер, Штрассман формулалары

  3. Абуладзе, Гентер, Креде-Лазаревич формулалары

  4. Горвица-Гегар, Снегирёв, Пискачек, Губарев-Гаус, Гентер әдістері

  5. Шульце, Дункан әдістері

  1. Мерзімі жетілген алғаш жүкті Н.-да ұрықтың болжам салмағын Жорданиа формуласы бойынша анықтаңыз. Зерттеу мәліметтері: жүкті салмағы – 80 кг, бойы – 174 см, ІА – 96 см, ЖТБ – 35 см.

  1. 3275 г.

  2. 4000 г.

  3. 3360 г.

  4. 3720 г.

  5. 3850 г.

Қорытынды бақылау.

  1. Қайта босанушы, 29 жаста, 12 сағат босану үстінде , мазасыз. Толғақ жиі, күші жақсы. Екі сағат бұрын қағанақ суы кетіп, ышқыну басталды. Ұрық басы жылжымайды. ІА – 104 см, ЖТБ – 42 см. Жатыр қозған, үзілістерде босаңсымайды, түбі оңға ауытқыған. Ышқыну кезінде кіндік деңгейінде қиғаш орналасқан сақина анықталады. Ұрықтың жүрек соғысы анық, 140 рет/мин. Вастен белгісі оң. PV: жытыр мойнының ашылуы – 9 см, жиектері әжімденген, ісінген, қынапқа қарай бос салбырап тұр. Ұрық қабы жоқ. Ұрық басы жамбасқа тірелген. Жебе тәрізді тігіс сол қиғаш өлшемде, кіші еңбегі оң жақта алдыда. Сипатталған акушерлік патологияны, оның асқынуларын және мүмкін себептерін атаңыз?

  1. Клиникалық тар жамбас, басталған жатыр жыртылуы және қауіпті ұрық жағдай, асинклитикалық тірелу және ұрық басының үлкен өлшемдері.

  2. Клиникалық тар жамбас, жатыр жыртылуының қаупі, ірі ұрық.

  3. Босану әрекетінің әлсіздігі, босанудағы эндометриттің дамуы, қағанақ суының ерте кетуі және жиі қынаптық тексерулер.

  4. Ышқынудың әлсіздігі, қауіпті ұрық жағдайы, босанушы ағзасының күшінің таусылуы.

  5. Артқы асинклитизм, жатыр жыртылуының қаупі, анатомиялық тар жамбас.

  1. Қайта босанушы, 29 жаста, 12 сағат босану үстінде , мазасыз. Толғақ жиі, күші жақсы. Екі сағат бұрын қағанақ суы кетіп, ышқыну басталды. Ұрық басы жылжымайды. ІА – 104 см, ЖТБ – 42 см. Жатыр қозған, үзілістерде босаңсымайды, түбі оңға ауытқыған. Ышқыну кезінде кіндік деңгейінде қиғаш орналасқан сақина анықталады. Ұрықтың жүрек соғысы анық, 140 рет/мин. Вастен белгісі оң. PV: жытыр мойнының ашылуы – 9 см, жиектері әжімденген, ісінген, қынапқа қарай бос салбырап тұр. Ұрық қабы жоқ. Ұрық басы жамбасқа тірелген. Жебе тәрізді тігіс сол қиғаш өлшемде, кіші еңбегі оң жақта алдыда. Жүргізу тактикасын анықтаңыз:

  1. Жергілікті анестезиямен шұғыл түрде кесар тілігін жасау.

  2. Акушерлік қысқыштар салу.

  3. Жалпы анестезиямен шұғыл түрде кесар тілігін жасау.

  4. Ұрықтың вакуум экстракциясы.

  5. Босануды ынталандыру.

  1. Босану әрекетінің үстінде қайта босанушы жетілген жүктілікпен және жамбастың қалыпты өлшемдерімен түсті. ІА – 106 см, ЖТБ – 41 см. Басымен келген, кіші жамбас кіреберісі үстінен қозғалмалы. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 рет/мин. 1 сағаттан соң ашық қағанақ суы кетті және күші жақсы ышқыну басталды. 1 сағат ішінде бастың жылжуы анықталмайды. Вастен белгісі оң. РV: жатыр мойнының ашылуы толық. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жебе тәрізді тігіс жамбастың көлденең өлшемінде, қасағаға қарай ығысқан. Сегізкөз жетімсіз. Дұрыс диагноз қойыңыз:

  1. Жетілген жүктілік. Босанудың 2-кезеңі. Ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас.

  2. Жетілген жүктілік. Босанудың 2-кезеңі. Ірі ұрық. Артқы асинклитизм. Клиникалық тар жамбас.

  3. Жетілген жүктілік. Босанудың 2-кезеңі. Ірі ұрық. Алдыңғы асинклитизм. Клиникалық тар жамбас.

  4. Жетілген жүктілік. Босанудың 2-кезеңі. Ірі ұрық. Ышқынудың әлсіздігі.

  5. Жетілген жүктілік. Босанудың 2-кезеңі. Ірі ұрық. Алдыңғы бастық тірелу. Клиникалық тар жамбас.

  1. Алғаш босанушы, 25 жаста, 01.02.2014 ж.босану үйіну босану әрекеті басталғаннан кейін 2 сағаттан соң түсті. Соңғы 3 күн бойы тамақ қырылдауы мен дене температурасының 37,6ºС дейін көтерілуін белгілейді. Жамбас өлшемдері: 23*25*27*18 см, ІА – 92 см, ЖТБ – 35 см. Соңғы менструация: 05.05.-11.05.2013 ж. Зерттеу кезінде ұрық басының оң жақта мықын сүйегі қырынан жоғары, жамбас ы сол жақта орналасқаны анықталды. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 рет/мин. жатыр араңының ашылуы - 2 см. Ұрық қабы бүтін. Дұрыс диагноз қойыңыз:

  1. Жүктілік 38 апта. Босанудың 1-кезеңі. Ұрықтың көлденең орналасуы. Жалпы біркелкі тарлыған жамбас 1-дәрежелі. ЖРА.

  2. Жүктілік 39 апта. Босанудың 1-кезеңі. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Жалпы біркелкі тарлыған жамбас 2-дәрежелі. ЖРА.

  3. Жүктілік 38 апта. Жалған толғақ. Ұрықтың көлденең орналасуы. Көлденең тарылған жамбас 1-дәрежелі. ЖРА.

  4. Жүктілік 38 апта. Жалған толғақ. Төмен плацентация. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Көлденең тарылған жамбас 1-дәрежелі. ЖРА.

  5. Жүктілік 37 апта. Босанудың 1-кезеңі. Плацентаның жиекті орналасуы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Жалпы біркелкі тарлыған жамбас 1-дәрежелі. ЖРА.

  1. Алғаш босанушы, 25 жаста, 01.02.2014 ж.босану үйіну босану әрекеті басталғаннан кейін 2 сағаттан соң түсті. Соңғы 3 күн бойы тамақ қырылдауы мен дене температурасының 37,6ºС дейін көтерілуін белгілейді. Жамбас өлшемдері: 23*25*27*18 см, ІА – 92 см, ЖТБ – 35 см. Соңғы менструация: 05.05.-11.05.2013 ж. Зерттеу кезінде ұрық басының оң жақта мықын сүйегі қырынан жоғары, жамбас ы сол жақта орналасқаны анықталды. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 рет/мин. жатыр араңының ашылуы - 2 см. Ұрық қабы бүтін. Қандай жүргізу тактикасы неғұрлым дұрыс және неге?

  1. Токолитиктердің үздіксіз инфузиясында ұрықтың сыртқы айналуы және одан кейінгі қынаптық босану, себебі анада инфекциялық асқынулардың даму қаупі өте жоғары.

  2. Жатыр араңының толы ашылуында ұрықтың сыртқы айналуы және одан кейінгі қынаптық босану, себебі анада инфекциялық асқынулардың даму қаупі өте жоғары.

  3. Жатыр араңының толық ашылуында ұрықтың сыртқы-ішкі айналуы және одан кейінгі қынаптық босану, себебі анада инфекциялық асқынулардың даму қаупі өте жоғары.

  4. Шұғыл түрде кесар тілігі операциясымен босандыру, себебі берілген патология кезінде қынаптық босану мүмкін емес және перинаталды мен ана өлімінің жоғары қаупі бар.

  5. Ұрықтың сыртқы айналуы жүзеге аспаса, шұғыл түрде кесар тілігі операциясымен босандыр, себебі ана мен балада инфекциялық асқынулардың даму қаупі өте жоғары.

  1. Алғаш босанушы, 27 жаста, жамбас өлшемдері қалыпты, 39 апта мерзімінде босану үйіне босану әрекеті басталып, қағанақ суы кеткеннен соң 9 сағаттан кейін түсті. Ұрық басы жамбас кіреберісіне тірелген. Қынаптық зерттеу кезінде: жытр араңының ашылуы – 8 см, ұрық қабы жоқ. Түскеннен кейінгі 4 сағатта толғағы күшті, 10 минутта 5, 40 секундтан, ауырсынады, кезеңді түрде ышқыну туындайды. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр араңының ашылуы толық, жатыр мойны ісінген, қынапқа қарай салбырап тұр. Ұрық қабы жоқ. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Басында 3,5-4,0 см көлемінде босану ісігі анықталады, жебе тәрізді тігіс сегізкөзге қарай ығысқан, оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбегі сол жақта, бас сүйектері бір біріне сәл кіріп тұр. Сегізкөз жетімсіз. СD >12 см. Зкзостоздар жоқ. Диагноз қойыңыз және жүргізу тактикасын анықтаңыз:

  1. Жүктілік 39 апта. Босанудың 2 кезеңі. Обструктивті босану. Кесар тілігі.

  2. Жүктілік 39 апта. Босанудың 1 кезеңі. Дискоординациялық босану әрекеті. Ұзақ эпидуральды анестезия.

  3. Жүктілік 39 апта. Босанудың 2 кезеңі. Дискоординациялық босану әрекеті. Кесар тілігі.

  4. Жүктілік 39 апта. Босанудың 2 кезеңі. Обструктивті босану. Вакуум экстракция.

  5. Жүктілік 39 апта. Босанудың 1 кезеңі. Дискоординациялық босану әрекеті. Ұзақ эпидуральды анестезия.

  1. Қайта жүкті, қайта босанушы, 28 жаста. Анамнезінде 2 өздігінен болған түсік. Бсануда – 14 сағат. Жатыр мойнының ашылуы – 6 см. Ұрықтың болжам салмағы 3100 г. Келген бөлігі – жамбас. Сусыз кезең – 10 сағат. КТГ-да – акцелерациялар жоқ, децелерациялар – 2 кеш, базальды ырғақ – 170 рет/мин, вариабельділігі төмен. Толғақтары сирек, қысқа, әлсіз. Келесі акушерлік тактика көрсетілген:

  1. Антибактериалды терапия бастау

  2. Ұрық асфиксиясының профилактикасын өткізу

  3. Босану әрекетін ынталандыруды бастау

  4. Кесар тілігі операциясын жасау

  5. Дәрілік ұйқы беру

  1. Жүкті Т., 33 жаста, жүктілер патологиясы бөліміне келесі диагнозбен түсті: жүктілік 38 апта. Жатырдағы тыртық. Бірінші жүктілік 4 жыл бұрын ұрықтың жедел гипоксиясына байланысты корпоральды кесар тілігі операциясымен аяқталды. Қарап тексергенде – жалпы жағдайы қанағаттанарлық ұрықтың жүрек соғуы анық, ырғақты, 136 рет/мин. Ұрықтың болжам салмағы 3500,0 г. Қынаптық зерттеу кезінде: «жетілген жатыр мойны». Босануды жүргізу жоспарын таңдаңыз және негіздеңіз:

  1. Босануды табиғи босану жолдары арқылы жүргізу, «жетілген жатыр мойны» мен ұрықтың орташа өлшемдері негізінде

  2. Босануды табиғи босану жолдары арқылы жүргізу, жетілген жүктілік пен жатырдағы тыртықтың қалыпты болуы негізінде

  3. Босануды табиғи босану жолдары арқылы жүргізу, босану жолдарының босануға дайын болуы, ана мен ұрықтың қанағаттанарлық жағдайы негізінде

  4. Шұғыл кесар тілігі, жетілген жүктілік пен жатырда корпоральды тыртықтың болуы негізінде

  5. Жоспарлы кесар тілігі, жатырда корпоральды тыртықтың болуы негізінде

  1. Алғаш босанушы, 25 жаста, жүктілігі жетілген, босанудың бірінші кезеңінде. Қағанақ суы кетті. PV: жатыр мойнының ашылуы 5 см, жамбаспен келу, кіші жамбас кіреберісінің үстінен қозғалмалы. Қынапта кіндік бау анықталады. Босандыру әдісін таңдаңыз:

  1. Перинеотомия

  2. Шап бүгілісі арқылы ұрық экстракциясы

  3. Шұғыл кесар тілігі

  4. Акушерлік қысқыштар салу

  5. Кіндік бауды жамбастан жоғары кіргізу

  1. Босану бөліміне жүктілігі жетілген қайта босанушы келесі шағымдармен түсті: ретт і толғақ – 30 секундтан 3 толғақ 10 минутта, күші орташа, күші орташа, және қанағақ суының кетуі. Сыртқы қарап тексеруде ұрықтың қиғаш орналасуы анықталды, басы сол жақта, ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет/мин. қынаптық зерттеу кезінде – жатыр араңының ашылуы 8 см, қағанақ қабы жоқ, ұрықтың келген бөлігі анықталмайды. Дәрігер әрекеті:

  1. Босануды консервативті түрде, табиғи босану жолдары арқылы жүргізу

  2. Толық ашылу кезінде қуыстық қысқыштар салу

  3. Аяқшаға бұру операциясын орындап, жамбастық ұшы арқылы ұрық экстракциясын жүзеге асыру

  4. Ұрық бұзатын операцияны орындау

  5. Кесар тілігі операциясы жолымен босандыру

  1. Жетілмеген ұрық белгілеріне жатады:

  1. Ұзындығы (бойы) 48-54см, дене салмағы 2600-5000 г

  2. Төсі шығыңқы, кіндік сақынасы қасаға мен семсертәрізді өсіндісінің арасында орналасқан, құлақ және мұрын шеміршектері серпімді

  3. Терісі ашық қызғылт, тегіс, айқын тері асты май қабаты, тері қатпарларында ірімшік тәрізді жабынды қалдықтары және иықтары мен арқасының жоғары жағында түкті шаштар, аяқ пен қолдардағы тырнақтар саусақтардың ұштарына дейін жетеді, бастағы шаштардың ұзындығы 2 см

  4. Ұлдарда атабез ұмаға түспеген, қыздарда кіші жыныс еріндері үлкен жыныс еріндерімен жабылмаған

  5. Қозғалыстары белсенді, көзі ашық, айқайы қатты, жақсы емізеді

  1. Мерзімі жетілген алғаш жүкті К.-да ұрықтың болжам салмағын Якубова формуласы бойыша анықтаңыз. Зерттеу мәліметтері: жүкті салмағы – 80кг, бойы – 174 см, ІА – 96 см, ЖТБ – 35 см, ұрық тігінен орналасқан, баспен келу.

  1. 3275 г

  2. 4000 г

  3. 3360 г

  4. 3720 г

  5. 3850 г

№1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері.

№3 тақырып. Жүктілік мерзімі (гестациялық жас). Ұрық немесе нәрестенің дене салмағы, жіктелуі.

Бастапқы деңгей

Қорытынды деңгей

1

5

2

2

2

3

3

2

2

4

3

1

5

2

4

6

3

1

7

5

4

8

2

5

9

3

3

10

4

5

11

1

4

12

3

1

1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері

4 тақырып. Ұрық, жаңа туған бала, нәресте өлімі жағдайларын тіркеуге қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктер.

Бастапқы бақылауға арналған сұрақтар

  1. Негізгі түсініктер: ұрық, жаңа туған бала, нәресте, перинаталды және нәрсете өлімі.

  2. Ұрық, жаңа туған бала, нәресте өлімі жағдайларын тіркеу.

  3. Туу, өлім, перинаталды өлім жағдайларын күәландыратын медициналық документация.

  4. Туу туралы медициналық құжатты толтыру және беру (форма N 103/у-07).

  5. Өлу туралы дәрілік құжатты толтыру мен беру (форма N 106/у-07).

  6. Перинаталды өлім туралы дәрігерлік құжатты толтыру және беру (форма N 106-2/у-07).

Қорытынды бақылау

  1. Әйелдер консультациясына 34 жастағы жүкті келді. Жүктілік мерзімі 34 апта (соңғы менструация бойынша). Шағымдары: бір тәулік ішінде ұрық қозғалыстарының болмауы. Анамнезінде: 1-жүктілік – медаборт 5-6 апта мерзімінде, 2 – 6-7 апта мерзімінде тұрып қалған жүктілік, 3- осы жүктілік. 15 аптада гриппен ауырған. Қарап тексеру кезінде іші жүкті жатыр есебінен ұлғайған, ЖТБ 28 см. Ұрықтың жүрек соғысы анықталмайды. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Жүктілік 28 апта. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы.

  2. Жүктілік 28 апта. Су аздық.

  3. Жүктілік 28 апта. Гестациялық жасы үшін кішкентай ұрық.

  4. Жүктілік 28 апта. Антенаталды ұрық өлімі.

  5. Жүктілік 28 апта. Құрсақ ішілік дамудың артта қалуы.

  1. Жатыр өсуінің тоқтауы, жатыр тонусының төмендеуі, ұрықтың жүрек соғысы мен қозғалысының тоқтауы, сүт бездерінің жұмсаруы қандай жжағдайдың белгілері:

  1. Ұрықтың перинаталды өлімі

  2. Басталған түсік

  3. Ұрықтың антенаталды өлімі

  4. Ұрықтың қауіпті жағдайы

  5. Ұрықтың интранаталды өлімі

  1. Жетілмеген нәрестелердің өлімінің неғұрлым жиі себебі:

  1. Респираторлы дистресс-синдромы

  2. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы

  3. Даму ақаулары

  4. Нәрестелер сарғыштығы

  5. Инфекциялары

  1. Нәрестелер өлімі – бұл...

  1. Өмірінің алғашқы аптасында балалар өлімі

  2. Өмірінің алғашқы айында балалар өлімі

  3. 2 жасқа дейінгі балалар өлімі

  4. Өмірінің бірінші жылында балалар өлімі

  5. Мектепке дейінгі балалар өлімі

  1. Ұрықтың антенатальды өлімі – бұл...

  1. Жүктіліктің ≥ 22 аптасы мен босанудың басталуына дейін ұрық өлімі

  2. Жүктіліктің ≥ 28 аптасы мен босанудың басталуына дейін ұрық өлімі

  3. Жүктіліктің ≥ 22 аптасы мен ұрықтың тууына дейін ұрық өлімі

  4. Жүктіліктің ≥ 28 аптасы мен ұрықтың тууына дейін ұрық өлімі

  5. Жүктіліктің бірінші күнінен және босану басталуына дейін ұрық өлімі

  1. Перинаталды өлімге жатады:

  1. Өмірінің 28 күніне дейін өлгендер мен өлі туғандар

  2. Өмірінің 7 күніне дейін өлгендер мен өлі туғандар

  3. Тек өлі туғандар

  4. Өмірінің 28 күніне дейін өлгендер

  5. Өмірінің 28 күніне дейін өлгендер

  1. Нәрестелер өлімділігінің көрсеткіші – бұл...

  1. 1 жасқа дейін өлгендер санының жалпы тірі туғандардың санына қатынасы, көбейтілген 1000-ға

  2. Жүктіліктің 22 аптасынан туғаннан кейін 7 тәулікке дейін кезеңдегі ұрық пен нәрестелердің өлімін сипаттайтын статистикалық көрсеткіш, 1000 туған балаға есептеледі

  3. Жүктіліктің 22 аптасынан кейін өлген ұрық санының бір жыл ішінде тірі және өлі туған балалардың жалпы санына қатынасы, промиллмен анықталады.

  4. Промиллмен анықталған, өмірінің бірінші айында өлген балалар санының бір жыл ішінде тірі туған балар санына қатынасы

  5. Промилмен анықталған, босану кезінде өлген балалар санының бір жыл ішінде тірі және өлі туған балалардың жалпы санына қатынасы.

  1. Өлі туудың негізгі себептеріне жатады:

  1. Плацента мен кіндік бау жағынан асқынулар, анада болатын жүктілік асқынулары, инфекциялар, ұрықтың туа біткен даму ақаулары, қазіргі жүктілігімен байланыссыз ана жағдайлары

  2. Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар, плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, анада болатын аурулар (грипп, инфекциялық гепатит, жүрек-қан тамырлық аурулар және т.б.), ұрықтың аурулары (құрсақ ішілік пневмония, листериоз, токсоплазмоз, цитомегалия, дамудың туа біткен ақаулары, гемолитикалық ауру және т.б.)

  3. Плацента (ажырау, жолда жату және т.б.), кіндік бау ақаулары, қағанақ суының уақытынан бұрын кетуі, босану әрекетінің әлсіздігі, ұрықтың орналасу ақаулары, босанудағы гипоксия мен асфиксия

  4. Нәрестелердегі респираторлы дистресс-синдромы, дамудың туа біткен ақаулары, құрсақ ішілік инфекциялар

  5. Дамудың туа біткен ақаулары, тыныс жолдарының аурулары (ЖРВИ, пневмония және т.б.), инфекциялар, оқыс жағдайлар.

  1. Жаңа туған бала – бұл...

  1. Зигота кезеңінен бастап туғанға дейін немесе жұмыртқалық қабықтардан шыққанға дейін ағза дамуының кезеңі

  2. Ана құрсағында 8-аптадан туғанға дейін дамитын ағза

  3. Дамудың бастапқы сатысындағы адамағзасы – ұрықтандыру кезеңінен 8 аптаға дейін, барлық жүйелер мен ағзалардың қалыптасуына дейін

  4. Туған сәтінен өмірінің 28-күніне дейінгі бала

  5. Туғаннан бір жасқа дейінгі бала, нәрестелік кезең (туғаннан кейінгі алғашқы 4 апта) және емшектік жасқа (4 аптадан 1 жасқа дейін) бөлінеді.

  1. Перинаталды өлімділік статистикасының өзіндік ерекшеліктері бар:

  1. Мәліметтердің халықаралық бірегейлігі мақсатында, ДДҰ ұсыныстарына сәйкес ұрық және дене салмағы 500 г мен одан артық нәрестелер (немесе, туған кездегі салмағы белгісіз, дене ұзындығы 25 см мен одан артық немесе жүктілік мерзімі 22 апта мен одан артық) өлімінің барлық жағдайлары есепке алынады

  2. Алғашқы 168 сағатта бала өлімінің жағдайында, нәресте өлген денсаулық сақтау ұйымы, немесе үй жағдайында босануда медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер мекемесі өлі ұрықпен босанудан кейін 3 тәуліктен кеш емес уақытта АХАЖ органдарына жеткізу керек.

  3. Өлі ұрық туған жағдайда, нәресте өлген денсаулық сақтау ұйымы, немесе үй жағдайында босануда медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер мекемесі өлі ұрықпен босанудан кейін 3 тәуліктен кеш емес уақытта АХАЖ органдарына жеткізу керек.

  4. Барлық жоғары аталғандар

  5. Дұрыс жауап жоқ

  1. Перинаталды кезеңде өлімді тіркеуді қамтамасыз ету үшін бекітілген «Перинаталды өлім туралы дәрігерлік құжат»:

  1. N 096/у

  2. N 097/у

  3. N 106-2/у-07

  4. N 003/у

  5. N 111/у

  1. Біріншілік медициналық документация – «Өлу туралы дәрігерлік құжаттың» есептік формасы:

  1. N 103/у-07 "

  2. N 106/у-07

  3. N 106-2/у-07

  4. N 111/у

  5. N 113/у

  1. АХАЖ органдарында тууды тіркеу үшін туу фактін күәландыратын медициналық документацияның есептік формасы ұсынылады, «Туу туралы медициналық құжат»:

  1. N 106-2/у-07

  2. N 003/у-1/у

  3. N 103/у-07

  4. N 003/у

  5. N 096/у

  1. Қандай балаға екі құжат толтырылады – «Туу туралы медициналық құжат» пен «перинаталды өлім туралы медициналық құжат»:

  1. Өлі туудың әрбір жағдайында

  2. Тірі туған және өмірінің алғашқы 168 сағатында өлген балаға

  3. Жүктіліктің ерте мерзімдерінде көпұрықты жүктілік кезінде, және ұрық салмағы 1000 г кем емес, ал босану жүктіліктің 28 аптасынан ерте емес уақытта болған ұрықтардың біреуінің антенаталды өлімі (ұрықтың босануға дейін, жүктілік кезінде өлуі) болған жағдайларда

  4. Көпұрықты босану кезінде әрбір өлі туған немесе тірі туған және өмірінің алғашқы 168 сағатында өлген балаға

  5. Барлық аталған жағдайларда

  1. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында өлген нәрестелердің әрбір жағдайы АХАЖ органдарында өлі туу немесе нәресте өлімі сәтінен бастап қандай мерзімде тіркелуі қажет:

  1. Бір күн ішінде

  2. Екі күн ішінде

  3. Үш тәулік ішінде

  4. Төрт тәулік ішінде

  5. Бес тәулік ішінде

№1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері

№4 тақырып бойынша жауап эталондары (№1 бөлім)

1. 4

2. 3

3. 1

4. 4

5. 1

6. 2

7. 1

8. 1

9. 4

10. 4

11. 3

12. 2

13. 3

14. 2

15. 5

1 бөлім. Қазақстан Республикасы үшін ұсынылған тірі туу мен өлі туудың критерийлері

5 тақырып. Перинаталды құжатта өлім себептерін толтыру мен кодтау бойынша АХЖ Х қайта қарауының ұсыныстары.

Бастапқы бақылау

  1. Өлі туған және өмірінің толық 7 тәулігіне дейін өлген нәрестелерді АХАЖ органдарында сот кезегінде тіркеу кіммен және қандай жағдайларда жүзеге асырылады?

  1. Өлі туу немесе өмірінің алғашқы 168 сағатында өлу жағдайлары тіркелген медициналық ұйым

  2. Үй жағдайындағы босану кезінде – босануды қабылдаған немесе нәресте өлімін нақтылаған дәрігердің медициналық ұйымы, және жекетәжірибелі дәрігер

  3. Үй жағдайында босану кезінде өмірінің алғашқы 168 сағатында нәрестенің өлімі кезінде – үй жағдайында нәрестеге медициналық көмек көрсеткен және оның өлімін нақтылаған дәрігердің (фельдшер, акушерка) медициналық ұйым, немесе жекетәжірибелі дәрігер

  4. Соттық-медициналық зерттеу жағдайларында – соттық-медициналық экспертиза бюросы

  5. Медициналық құжатты беру мүмкін емес жағдайларда

  1. Медициналық құжат толтырылуы мүмкін:

  1. Дәрігермен

  2. Акушеркамен

  3. Фельдшермен

  4. Соттық-медициналық экспертпен

  5. Белгілі жағдайларда жоғарыда аталғандардың барлығымен

  1. Медициналық құжат арнайы белгімен беріледі, яғни келесі түрде болады:

  1. «Қорытынды»

  2. «Алдын ала»

  3. «Алдын аланың орнына»

  4. «Қорытындының орнына»

  5. Барлық аталған жауаптар дұрыс

  1. Медициналық құжат толтырылады:

  1. Көк немесе қара түсті қаламсаппен, нақты, түсінікті, қысқартусыз және түзетулерсіз, компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы типографтық әдіспен дайындалған Медициналық құжаттың бланкін толтыруға рұқсат етіледі

  2. Қажетті мәліметтерді толтыру және сәйкес мағыналарың, барлық пунктердің астын сызу, сәйкес ақпараттың жоқтығына байланысты белгілі бір пункттің толтырылуы мүмкін болмаса, «белгісіз», «анықталмаған» жазбалары жазылады немесе сызықша қойылады

  3. Медициналық ұйының толық атауы, оның мекен-жайы мен коды көрсетіледі

  4. Жекетәжірибелі дәрігер өзінің тегін, атын, әкесінің атын, мекен-жайы мен медицицналық қызмет лицензиясының номерін толтырады

  5. Жоғарыда аталғандарды барлығы

  1. Медицицналық құжатты толтыруда қандай жағдай мүмкін емес:

  1. Екіден көп түзетулер енгізудің болуы

  2. «Түзетуге сену» жазбасы бар түзетілген тексттің болуы

  3. «Түзетуге сену» жазбасы бар сызылған текстттің болуы

  4. Медициналық құжатты толтырған азаматтың қолтаңбасының болуы

  5. Медициналық ұйым немесе жекетәжірибелі дәрігердің мөрімен болуы

  6. Медициналық құжатты тіркеуде жүктілік пен босану кезіндегі ана, бала (ұрық) патологиясы туралы клиникалық мәліметтер қандай медициналық документациядан алынады?

  1. N 111/у и N 113/у

  2. N 025/у и N 030/у

  3. N 096/у и N 097/у

  4. N 003/у и N 003/у-1/у

  5. N 003/у и N 066/у

  1. «Принаталды өлу туралы дәрігерлік құжаттың» «в)» пунктінде перинаталды өлімнің қандай себептері толтырылады?

  1. Негізгі ауру немесе өлімнің себебі болған бала (ұрық) жағдайы (бір ауру көрсетіледі)

  2. Баладағы (ұрықтағы) басқа сырқаттар немесе жағдайлар

  3. Баланың (ұрықтың) өліміне алып келген анадағы негізгі ауру немесе жағдай (бала жолдасы жағдайы)

  4. Баланың (ұрықтың) өліміне алып келетін ананың басқа аурулары мен жағдайлары (бала жолдасы жағдайы)

  5. Басқа қосалқы жағдайлар

  1. «Принаталды өлу туралы дәрігерлік құжаттың» «а)» пунктінде перинаталды өлімнің қандай себептері толтырылады?

  1. Негізгі ауру немесе өлімнің себебі болған бала (ұрық) жағдайы (бір ауру көрсетіледі)

  2. Баладағы (ұрықтағы) басқа сырқаттар немесе жағдайлар

  3. Баланың (ұрықтың) өліміне алып келген анадағы негізгі ауру немесе жағдай (бала жолдасы жағдайы)

  4. Баланың (ұрықтың) өліміне алып келетін ананың басқа аурулары мен жағдайлары (бала жолдасы жағдайы)

  5. Басқа қосалқы жағдайлар

  1. Перинаталды өлім туралы дәрігерлік құжат түбіршегіндегі жазбалар:

  1. Құжаттың өзінің жазбаларына толық сәйкес болуы қажет

  2. Нәрестелердің регистрін жасау кезінде өлудің (өлі туудың) себептерін неғұрлым жақсы талдау үшін түбіршекке ана туралы мәліметтер енгізіледі: дәрігер (фельдшер, акушер) қарауының саны, алдағы жүктіліктердің немен аяқталды, босанудың асқынулары, бұл жүктіліктің медициналық және әлеуметтік қауіп факторлары, акушерлік процедуралар

  3. Бала туралы мәліметтер енгізіледі: анасында нешінші бала болып туғаны, тірі туу критерийлерінің болуы, Апгар шкаласы бойынша бағалау, нәрестелік кезеңнің асқынулары, туа біткен ақаулар

  4. Тірі ту жағдайында баланың тууы мен өлуі туралы акттық жазбалардың номері мен күні, және өлі туу жағдайында өлу туралы акттық жазбалардың номері мен күні енгізіледі

  5. Жоғары аталған барлық пункттер енгізіледі

  1. Перинаталды өлім туралы дәрігерлік құжатқа қатысты қандай тұжырым дұрыс емес:

  1. Медицицналық ұйым немесе жеке медициналық тәжірибемен айналысатын физикалық тұлғаның мөрімен заңдастырылады

  2. Құжатты берген медициналық қызметкердің қолтаңбасымен заңдастырылады

  3. Перинаталды өлім туралы дәрігерлік құжатты алушы құжаттың түбіршегіне оны алғанын растайтын қолтаңба қояды

  4. Өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында өлу фактісін дәрігердің (орташа буынды медициналық персоналдың) жеке растауынсыз, сырттай заңдастырылады

  5. «Алдан ала», «алдын аланың орнына», «қорытынды» немесе «қорытындының орнына» жазбасымен АХАЖ органдарына жөнелтіледі

Қорытынды бақылау

  1. Медициналық ұйымның есебін құрастыруда қолданылатын, туу, өлу және перинаталды өлімді күәландыратын медициналық документацияның түбіршектері дәрігерлік құжаттарды беру орны бойынша қандай мерзімге дейін сақталады:

  1. 3 жыл

  2. 5 жыл

  3. 7 жыл

  4. 10 жыл

  5. 15 жыл

  1. Өлу туралы дәрігерлік құжаттың түбіршегіндегі жазбалар құжаттың өзінің жазбаларына толық сәйкес болуы керек. 1 жасқа дейін өлген балар үшін:

  1. 5-пунктте туған күні көрсетіледі

  2. 6-пунктте өлу күні, өмір сүрген айлары мен күндерінің саны

  3. 7-пунктте туу орны мен медициналық ұйымның толық атауы және мекен жайы көрсетіледі

  4. 8-пунктте нәресте анасының толық тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі

  5. Барлық жоғары аталғандар

  1. Өлу туралы дәрігерлік құжаттың 17-пунктінде міндетті түрде көрсетіледі: