Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aijk4110 atkarush l k is zhurgizu kuk g -sillabus .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.98 Кб
Скачать

Ф-ӘД-001/026

Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті «құқықтану» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Факультет деканы э.ғ.д., профессор

____________ С.С.Ыдырыс

«____»______________2015

AIJK4110 «АТҚАРУШЫ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ» пәнінің

Силлабусы

Мамандық аты, шифры: 5В030100 - Құқықтану

Оқу формасы: күндізгі ______________________

Курс: ІV______________________________

5-сем

- сем

Барлығы:

Кредит/ЕСТS саны

2

-

2

Сағат саны

-

-

-

Лекция:

Практикалық

15

-

15

Семинар:

15

-

15

Лабораториялық

-

-

-

ОБСӨЖ:

15

-

15

СӨЖ:

15

-

15

Аралық бақылау (АБ)

2

-

2

Қорытынды бақылау:

емтихан

-

емтихан

Силлабусты құрастырған: Тұрлыбеков Қайратбек Аманжолұлы– аға оқытушы

Мекен жайы, тел. және е-mail: № 1 ғимарат, тел:сот:87013750032, kayrat_13.04@mail.ru

Кафедрадағы жұмыс уақыты: 08.30-17.30

СӨЖ қабылдау күндері, уақыты және қабылдау орны: Бейсенбі, сағат 14.00-15.00, 434 ауд.

Түркістан 2015

Cиллабус ҚР БҒМ министрлігі «____» _________ ж. № ___ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ «____» _________ ж. № ___ бұйрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.

Силлабус кафедраның «____» _________ 2015 ж.(хаттама № __) мәжілісінде талқыланды.

Кафедра менгерушісі __________ з.ғ.к., (PhD) профессор Қ.Т.Битемиров

Силлабус факультет «___» __________2015ж (хаттама №__) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, э.ғ.к., доцент м.а. ____________ Ұ.Маханбетова

  1. КІРІСПЕ

Пәннің сипаттамасы: болашақ заңгерлерді кәсіби маман ретінде дайындау мақсатында, бұл сот және басқа субъектілер арасындағы атқарушылық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын атқарушылық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығын меңгертуге бағытталады.

Пәннің мақсаты: Пәнді оқудың мақсаты азаматтық істер бойынша сот шешімдерін жүзеге асыруда атқарушылық құжаттарды атқаруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды біліу. Бұл қоғамдық қатынастар бірінші, атқару құжаттарын қадағалау сатыларындағы сот орындаушылар, соттың заңды күшіне енген актілерін іс жүргізумен, сондай-ақ сот актілерін және өзге органдардың актілерін орындаумен байланысты пайда болуымен негізделеді. «Атқарушылық іс жүргізу құқығы» курсын оқытудың мақсаты-азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру аясында студенттерге процессуалдық білімді қалыптастыру, субъективтік құқықтарды қорғаудың әртүрлі нысанын реттейтін құқық нормаларын, атап айтқанда, соттардың, аралық соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, құқық нормаларын, олардың іс жүзінде тиісті органдардың қолдануымен тығыз байланысын студенттердің меңгеруі.

Пәннің міндеттері:

а) құқықтың қажетті дерек көздерімен танысу: Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасының АІЖК-мен, «ҚР Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығымен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы», Қазақстан Республикасы Конституциялық заңымен; б) Маңызды нормативтік актілерді (жоғарыда көрсетілген) жете меңгеру және олармен жұмыс істей білу; в) азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын білу және олардың мазмұнын нақты мәселелерді шешкен қолдана білу; г) сот практикасында теоретикалық ережелерді қолдану және атқарушылық істер бойынша іс жүргізу құжаттарын жасау дағдысын қолдана білу; д) іс жүргізудің әрбір субъектісінің алатын орны, процессуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері, қызметі туралы анық түсінік беру.

Құзыреттер және пәнді меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар

ЖҚ-1 Ойлау мәдениеті қалыптасқан, ақпаратты қабылдап, сараптай білуге, мақсат қойып және оған қол жеткізудің жолын таңдай білуге қабілетті

ЖҚ-2 Дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке маңызды философиялық мәселелерді сараптай білуге қабілетті

КҚ-45 Кәсіби қызметінде нормативтік-құқықтық актілерді қолдануға, материалдық және процессуалдық құқықтың нормаларын жүзеге асыруға қабілетті;

КҚ-46 Фактілер мен мән-жайларды заң жүзінде дұрыс саралауға қабілетті;

Бакалавр:

Білімі: Адамзат құндылығы, құқықтық және демократиялық құндылық, қазіргі замандағы экономикалық және саяси қатынастар жағдайы; нарықтық қатынастар, ондағы заңгердің білімділігінің кәсіби міндеттерінің функциялары, осы пәннің нормативті құқықтылығы салауатты өмір салтының сақталуы туралы.

Білігі: Атқарушылық іс жүргізу құқығы пәні бойынша алған білімін шығармашылық тұрғыда қолдануды; алған білімін нақты ұсыныстармен ұштастыруды; өзінің кәсіби мамандығын жетілдіріп, сол бойынша жаңа ұсыныстар жасауды оны ақпарат арқылы жариялай отырып қорытындылауды, кәсіби қызметі бойынша сұрақтарды оңтайлы шеше білуді және қорытынды шығара білуді, заң ұғымдары мен категорияларды еркін пайдалана білуді және оны өзінің аналитикалық ойлау қабілетін арттыра білуді, жауапкершілік және ұйымдастыру қасиеттерінің еркін меңгеруі.

Құзыреттері: Қазақстан Республикасының ата заңының негізін толық біле отырып ҚР заңдары негізінде (азаматтық құқық т.б) жеке тұлғалардың және басқа азаматтық қатынасқа түсетін субьектілердің құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін олардың құқықтарын заңды қорғау түрлері мен механизмдерін, жалпы білім жүйесіндегі басқа пәндермен байланыса отырып пәннәң әлеуметтік ролін арттыруда, нақты тәжірибелі жағдайларда шарттық құқық нормалары мен теорияларын қолдануды; заңды техниканы, анықталмаған болжамдарды көрсете білуді.

Пререквизиттер: Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеру қажет: Азаматтық іс жүргізу құқығын.

Постреквеситтер: Пәнді меңгеру нәтижесіндегі алған білім: Азаматтық құқық (жалпы-ерекше) бөлімі, Отбасы құқығы, Еңбек құқығын, Әкімшілік құқығы, Тұрғын үй құқығы, Кәсіпкерлік құқық, Прокурорлық қадағалау курстарын игеруге қажет.

Қысқартылған сөздер

АІЖ- Атқарушылық іс жүргізу

ҚР-Қазақстан Республикасы

СӨЖ-студенттің орындайтын өзіндік жұмысы

ОБСӨЖ-оқытушы басшылығымен орындалатын СӨЖ