Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ortodontia_s_otvetami_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454.14 Кб
Скачать

3 Жасар балада ұйықтаған кезінде қолын басының астына қойып, төменгі жаққа басып жататын жағымсыз әдеті пайда болды. Кандай патология қалыптасады деп ойлайсыз:

- жақтың бір жағының жалпаюы

- жақ-бет аймағының бұлшық ет тонусының өзгеруі

- жоғарғы жақтың тарылуы

+ астыңғы жақтың бір жаққа ығысуы

- жоғарғы тіс қатарының тарылуы

?

Баланың антенальды даму кезінде тіс жақ ақауының қалыптасуына әкелетін жағымсыз факторды көрсетіңіз:

+ тұқым қуалау

- анасының аурулары

- ұрықтың дұрыс орналаспауы

- анасының психикалық жарақаты

- анасының тамақтану кестесінің бұзылу

?

Ұзақ мерзім соска- пустышканы сорғанынан дамитын аномалияның беттік белгілерін атаңыз:

- беті симметриялы, мұрын ерін қатпары жазылған, жоғарғы ерін қысқарған, беттің астыңғы 1/3 бөлігі өзгермеген, беттің ортаңғы бөлігі алдыға шығыңқы

- беті симметриялы, мұрын ерін қатпары өзгерессіз, беттің төменгі 1/3 бөлігі қысқарған, астыңғы ерін ішке қарай еніп тұрады аузы жартылай ашық

+ беті симметриялы, мұрын ерін қатпары жазылған, еріндер күшпен түйіседі. Еріннің шырышты қабаты құрғақ, беттің астыңғы 1/3 бөлігі ұзарған

- беті симметриялы, мұрын ерін қатпары айқындалған, жоғарғы ерін, төменгі ерінді жауып тұрады, беттің төменгі 1/3 бөлігі қысқарған, иегі алдыға шығыңғы

- беті симметриялы, мұрын ерін қатпары айқындалған, астыңғы ерін үстіңгіге қарағанда үлкен, беттің төменгі 1/3 бөлігі қысқарған, иегі алдыға шығыңғы

?

Бала 3 жаста, төменгі ерінін соратын әдеті бар. Бұл жағымсыз әдеттен арылу үшін қандай ем тағайындайсыз:

- механикалық әсерлі аппараттар

- функциональды әсерлі аппараттар

- ретенционды аппараттар

+ профилактикалық аппараттар

- хирургиялық әдіс

?

Науқас 14 жаста косметикалық ақауға, үнемі ауызының құрғауына, тамақты тістеу және шайнау қиындығына, сөйлеу кезінде анық сөйлеп алмауына шағымданып келді. Қарау кезінде беттің төменгі бөлігінің ұзаруы, аузы жартылай ашық, иек, мұрын ерін бүктемінің жазықтануы, жақ өсіндісінің қысқаруы төменгі жақ бұрышының үлкеюі. Ауыз қуысында жоғарғы тіс қатарының күрт тарылуы және төменгі жақтың кеңеюі, таңдай күмбезі биік, тіл көлемі ұлғаймаған. Күрек тістердің аймағындағы тік саңылаудың көлемі-5 мм. Берілген аномалияны емдеуге арналған аппаратты тыңдаңыз:

- сырғымалы Энгель доғасы

+ Хербест- Кожакар аппараты

- Брюкль аппараты

- Калвелис пластинкасы

- Катцтың тістесу пластинкасы

?

Науқас 10 жаста. Ауыз қуысында фронтальды тістердің тік тістесу типі бойынша. Бүйір бөліктерде тістер қарама қатынасы бұзылмаған, екі жағында да тіс альвеолярлы ұзару. Берілген аномалияны емдейтін аппарат таңдаңыз:

- жоғарғы жаққа кеңейткіш пластинка

- ылди жазықтығы бар жоғарғы жақ пластинкасы

+ шайнау валигі бар жоғарғы жақ пластинкасы

- төменгі жаққа кеңейткіш пластинкасы

- төменгі жаққа кеңейткіш, шайнау валигі бар пластинка

?

Ортодонтқа 5 жасар баланың анасы ашық тістесу диагнозымен келді. Ортодонттық емнен кейін емдік жаттығулар жүргізілуі тиіс. Берілген жағдайда қай бұлшық ет тобына жаттығу ұсыну тиімді:

- төменгі жақты алдыға жылжытатын

- төменгі жақты көтеретін

- тіл бұлшық етіне

- мимикалық бұлшық ет

+ ауыздың айналма бұлшық етіне

?

Тіс қатарын кеңейту кезінде балаларда жиі кездесетін асқынулар:

- дезокклюзия жағдайы

- тіс қатарының ұлғаюы

+ тік бағыттағы саңылаудың болуы

- фронтальды тістердің жабылуының азаюы

- ауыз маңы және шайнау бұлшық етінің қызметінің бұзылуы

?

Балалардың сүт тістесуінің қалыптасу мезгілінде пайда болған ерте терең тістесу белгілерінің емінің негізгі тактикасы болып табылады:

- тістесудің дезартикуляциясын ескере отырып аппаратты емдеу тағайындау

- вертикальды бағытта тістерді түйістіру коррекциясын жүргізу

- жақ сүйегінің бүйір бөліктерінің өсуін ынталандырады

- жақтардың терең фронтальды тістерінің жабылуын болдыртпау

+ тістердің түйісуін алдыдан артқа бағытта коррекциялау

?

Науқас 4 жаста, алдыңғы тістерінің дұрыс орналаспауына. Сырт қарауда: төменгі ерін жоғарғы ерінді жауып тұрады. Мұрын ерін қатпары тереңдеген, төменгі жақ бұрышы ұлғайған, ауыз қуысында кері күрек тістік жабылу, бүйір тістердің қатынасы Энгель бойынша III класс. Анамнезінен: апасында осындай тістесу болғаны аңықталды. Төмендегі тактикалардың бірін берілген патологияны емдеу үшін таңдаңыз:

+ бүйір және алдыңғы тістерді таңдамалы егеу

- Френкель бойынша III типті қызметті реттейтін аралас аппарат

- түнде иек пращасы

- отоларинголог дәрігерінде санация өту

- функциональды аппарат- Бынин каппасы

?

Сәби кезінде дұрыс емес жасанды тамақтандыруда дамитын аномалияның беттік белгілерін атаңыз:

+ беті симметриялы, мұрын ерін қатпары жазылған, жоғарғы ерін қысқарған, одан жоғарғы күрек тістер көрінеді, беттің ортаңғы бөлігі алдыға шығыңқы, иек артқа ығысқан

- беті симметриялы, мұрын ерін бүктемі айқандалған, беттің төменгі бөлігі қысқарған, төменгі ерін сыртқа айналған, иек бүктемі айқындалған

- беті симметриялы, мұрын ерін бүктемі жазылған, еріндері күшпен түйіседі. Еріннің шырышты қабаты құрғақ, беттің төменгі бөлігі ұзарған

- беті симметриялы, мұрын ерін бүктемі айқандалған, төменгі ерін жоғарғы ерінге қарағанда шығыңқы, беттің төменгі бөлігі қысқарған, иек алдыға шығыңқы

- беті асимметриялы, мұрын ерін бүктемі жазылған, беттің төменгі бөлігі өзгермеген, еріндердің түйісуі дұрыс емес

?

Тұрақты тістесуде тістердің түйісуінің орталық окклюзияда оптимальды сипаттамасын төмендегілерден табыңыз:

- әрбір тісте бір антагонисты бар орталық күрек тістен басқа

- әрбір тісте екі антагонист бар, орталық күрек тістер және төменгі соңғы үлкен азу тістен басқа

- әрбір тісте екі антагонист бар, екінші күрек тістер мен екі молярдан басқа

+ әрбір тісте екі антагонист бар, төменгі орталық күрек тістер және жоғарғы соңғы үлкен азу тістен басқа

- әрбір тісте екі антагонист бар, төменгі күрек тістерден басқа

?

Төменгі жақтың өсуін ынталандыру үшін Френкельдің қызметті реттегіш аппаратының I түрінің конструктивті құрылғысы болып табылады:

+ төменгі ерін пелоттары

- вестибулярлы доға

- ылди жазықтық

- секторальды кескін

- окклюзионды бастырма

?

Жоғарғы фронтальды тістердің вестибулярлы иілуін немесе ығыстыру үшін II типті Френкель қызмет реттегішінің конструктивті құралын атаңыз:

+ мықты 0,7 мм тот баспайтын сымнан жасалған, жоғарғы күрек тестерге лингвальды доға

- таңдайлық доға және жоғарғы сүйір тістерге сымды элемент

- мықты 0,5 мм тот баспайтын сымнан жасалған, жоғарғы күрек тістерге лингвальды доға бүйір қалқаншалар

- төменгі ерін пелоттары және оларды озара және бүйір қалқаншалармен қосатын сымды элемент

- бүйір тістерге пластмассадан окклюзионды бастырма және валик, коффин серіппесі және Адамс кламмерлері

?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]