Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ortodontia_s_otvetami_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
454.14 Кб
Скачать

10 Жасар балада, 1.3 тіс қатарынан тыс, вестибулярлы және шайнау жазықтығынан төмен орналасқан. Тіс қалпының ақауы қандай жазықтық бойында орналасқан:

+ трансверзальды

- вертикальды

- сагитальды

- фронтальды

- горизонтальды

?

Бүйір тістердің бұзылуы немесе жұлынуы нәтижесінде дамитын ақаулардың ауыз ішілік белгілерін ата:

- бүйір бөліміндегі тіс альвеолярлы ұзару, төменгі күрек тістер жоғарғаларын жауып тұрады. Жоғарғы жақтың алдыңғы бөліміндегі тістердің үйіліп орналасуы

- жоғарға жақтың алдыңғы бөлігінің тіс альвеолярлы қысқаруы. Күрек тістер арасындағы вертикальды саңылау 5 мм төменгі жақта тремалар мен диастемалар

+ төменгі және жоғарғы жақтың бүйір бөлімдерінің тіс альвеолярлы қысқару. Жоғарғы күрек тістер төменгілерін 1/3 пен артаған жауып жатады. Төменгі тістер таңдайдың шырышты қабатын зақымдайды

- алдыңғы аймақта тіс альвеолярлы қысқару, жоғарғы күрек тістер төменгілерін 1/3 жабады. Төменгі тістер үйіліп орналасқан. Күрек тістер арасындағы сагитальды саңылау 2 мм

- тіс альвеолярлы қысқару және ұзару бар бөлімдерде байқалмайды. Орталық күрек тістін сызық оңға ығасқан тістесудің ажырауы жоқ

?

Баланы қараған кезінде, жоғарғы жақтың пішінінің өзгеруінің ерте белгілеріне, тіс альвеолярлы ақаулардың келесідей симптомдарды жатқызу қажет:

+ тістердің вестибулярлы орналасуы

- альвеолярлы протрузия

- альвеолярлы өсіндінің пішінінің өзгеруі

- терең таңдай

- жоғарғы жақтың тарылуы

?

Бала 14 жаста. Шағымдары: косметикалық ақауға, ұртың шырышты қабаты тістеуі, СТЖБ аймағындағы ауыр сынуға. Беттік белгілер: беттің ассиметриясы, бет конфигурация сынып өзгеруі, иектің еріндердің ортаңғы сызығы бағаталда аға суы; иектің қисаюы. Патологияның дамуының мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:

+ ұртты қолмен тіреуі

- төменгі ерінді сору

- иекті қолмен тіреу

- жоғарғы ерінді сору

- алдыңғы тістердің асқанған тіс жегісі

?

Балаға 6 жас. Анасы баласында тістер қатарына салып ұртын сору әдетінің пайда болуына шағымдана келді. Баланың жақ- бет аймағында қандай қызметтік бұзылыстар симптомына алып келуі мүмкін:

- асты үзіп алудың бұзылысы

+ шайнау тиімділігінің бұзылысы

- сору қызметінің бұзылысы

- жұтыну қызметінің бұзылысы

- тыныс алу қызметінің бұзылысы

?

Омыраудағы балаларда ұйықтағанда биік жастану неге әкеледі?

+ төменгі жақтың артқа ығысуына және жақтың алдыға өсуін тежейді

- жақтар қатынасының өсуі мен дамуына әсер етпейді

- төменгі жақтың алдыға ығысуына және жақтың өсуін белсендендіреді

- жақтардың деформациясына әкеледі

- ашық тістесудің дамуына әкеледі

?

Науқас 12 жаста. Алдыңғы бөлімінде тістердің түйіспеуіне шағымданып, клиникаға қаралды. Анамнезінен: 10 айға дейін омыраумен емізілген, ұзақ уақыт төменгі ернін тістеп жүрген. Қарау кезінде бет конфигурациясының бұзылуы анықталды: беттің төменгі үштен бірінің ұзаруы, мұрын ерін және иек қатпарының тегістелуі, еріндерінің түйіспеуі. Жоғарғы жақ алдыңғы бөлімі ұзарған, төменгісі біраз жалпайған, альвеоляры өсінділері жоғарғы жақта аса дамыған. Аталған патологияда тіс жақ жүйесінің қай қызметі бұзылған:

- тыныс алу

- жұтыну

- сөйлеу

- шайнау

+ тістеу

?

Науқас 11 жаста. Диагнозы: 2.1 тістің таңдайда орналасуы, ол антогонист тістермен тежеледі. 3 ай мерзіміндей секторалды қимасы, винты бар, бүйір тістерді ажырататын пластинканы қолданған. Ортодонтиялық аппараттың қандай бөлігі тістердің ажырауын қамтамасыз етеді:

- секторалды қима

- итергіш кламмер

- тірек- ұстауыш кламмер

+ окклюзионды бастырма

- ортодонтиялық винт

?

Жоғарғы жақтың өсуін жақсартатын III типтегі Френкльдің қызметін реттегішінің құрылымдық бөлшегі болып табылады:

- винт түріндегі белсенді элемент, вестибулярлы доға және аппараттың фунциональды бөлшектері

- тіреп- ұстайтын кламмерлі және белсенді доғасы бар пластмассалы базисті аппарат

- жоғарғы жақтың бүйір тістеріне жасалған шайнау валигі тәрізді окклюзионды бастырма

+ тістерге және жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісіне жанаспайтын бүйір қалқандар

- жоғарғы тіс антогонистеріне 45 градуспен жасалған бүйір бөліміндегі қиғаш жазықтықтар

?

Науқас 10 жаста. 5 ай бойы 1.2 тістің таңдайлық орналасуы бойынша емделген. Тіс кері күрек тістік жабылуда. Секторальды қимасы бар кеңейіткіш пластинка қойылған. Бірақ тіс бұрынғы қалпында қалған. Себебін көрсетіңіз:

- аппарат дұрыс таңдалмаған

- ретенционды кезеңнің болмауы

- емнің уақытының қысқа болуы

+ тістесуі ажыратылмаған

- баланың тым кеш жасы

?

Науқас 8 жаста, прогениялық тістесудің себебінен дәрігер-ортодонттық емін алуда. Жарты жыл бұрын Брюкль аппараты қойылған. Бір ай бойы алдыңғы тістер арасында вертикальды саңылаудың пайда болуы байқалған. Объективті: алдыңғы тістер арасында вертикальды саңлау- 3 мм. Бүйір бөліміндегі тістесу кілті қалпына келтірілген. Осы науқасты емдеуде дәрігердің жіберген қателігін көрсетіңіз:

+ аппараттың қисаю жазықтығының сәйкес болмауы

- аппаратты ұзақ мерзімде қолдану

- аппарат дұрыс таңдалмаған

- аппараттың тым жиі белсендендірілуі

- вертикальды саңылаудың болуы-қалыпты жағдай

?

Тіс қатарларының таралуының ерте клиникалық симптомдары атаңыз:

- алдыңғы бөлімнің жалпаюы

- тіс қатарының енінің тарылуы

- алдыңғы бөлімнің ұлғаюы

+ тістердің тығыз орналасуы

- тіс қатарының алдыңғы кесіндісінің кішіреюі

?

Науқас 9 жаста. Объективті: иектің азғана алдыға шығуы, беттің төменгі 1/3 бөлігі өзгермеген. Ауыз қуысында: жоғарға тіс доғасының өзгеруі, алдыңғы бөлімінде тістердің үйіліп орналасуы. Күрек тістік жабылуы аздаған. Нақты диагноз қою үшін қандай функционалды сынаманы жүргізу қажеттігін көрсетіңіз:

- Эшлер-Битнер сынамасы

- Хорошилкина сынамасы

- Малыгина сынамасы

+ Ильина- Маркосянның сынамасы

- Шварц сынамасы

?

Жоғарғы ернін тістелеу- жаман әдеті нәтижесінде дамитын ақаудың ауыз ішілік белгілерін атаңыз:

+ төменгі тіс қатары жоғарғыдан ұзын, төменгі күрек тістер жоғарғыларын жауып тұрады, сагитальды саңылау 1-2 мм

- жоғарғы және төменгі жақтың тіс қатарлары шамамен бірдей, алдыңғы бөлімінде вертикальды саңлау 2-3 мм, төменгі жақтағы диастемалар, тремалар

- жоғарғы және төменгі жақтардың тіс қатарларының пішіні бірдей, жоғарғы күрек тістер төменгілерін 1/3 жабады, бүйір бөлігінде вертикальды саңылау 2 мм-ге дейін

- жоғарғы тіс қатары төменгісіне қарағанда қысқа, жоғарғы алдыңғы тістер ерінді тістеп тұрады, ұзарған, сагиталды саңылау 3-4 мм

- жоғарғы және төменгі жақтардың тіс қатарлары бірдей. Алдыңғы бөлімде жоғарғы жақтың тістері төменгі тістерді жауып тұрады, бүйір бөлімде төменгі жақтың тістері жоғарғыларын жауап тұрады, тістесудің ажырауы жоқ

?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]